1-вариант география



бет65/86
Дата31.10.2022
өлшемі4,36 Mb.
#46393
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86
Байланысты:
0000c21b-5f1ff089

71-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Құрлыққа еніп жатқан мұхиттың бөлігі :
A) бұғаз
B) түбек
C) шығанақ
D) теңіз
E) Арал

2. Өзара байланысты бірнеше компоненттерді немесе құбылыстарды көрсететін :
A) саяси карта
B) топрақ картасы
C) жалпыгеографиялық карта
D) комплексті карта
E) тақырыптық карта

3. Мұнайды игеруге қатысатын шетел компаниясы:
A) Ауди
B) Нестле
C) Филлипс
D) Фиат
E) Шеврон

4. Гималай тауының биік нүктесі:
A) Джомолунгма
B) Аконкагуа
C) Винсон тауы
D) Мак- Кинли
E) Монблан

5. Кез- келген нүктенің меридианнан қашықтығы
A) географиялық бойлық
B) параллель
C) меридиан
D) градус торы
E) географиялық ендік

6. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы.
A) 2200 км.
B) 1000 км.
C) 1600 км.
D) 3200 км.
E) 900 км.

7. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі өзендері:
A) Сырдария, Арыс, Шу.
B) Ертіс, Тобыл, Есіл.
C) Ойыл, Нұра, Жетісу.
D) Жем, Жайық, Сағыз.
E) Іле, Қаратал, Арыс.

8. Нәсілдік белгілер ... берілуіне байланысты.
A) табиғат жағдайына
B) климатқа
C) күн радиациясына
D) ата-анасынан ұрпақтарына
E) әлеуметтік жағдайына

9. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты:
A) Етті-жүнді.
B) Сүтті-етті.
C) Сүтті.
D) Етті, сүтті-етті.
E) Етті-сүтті, мүйізді ірі қара.

10. Оңтүстік-Батыс Азия халқының көпшілігі ұстайтын дін:
A) Синтаизм.
B) Христиан.
C) Христиан.
D) Ислам.
E) Индуизм.

11. Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекеттің астанасы:
A) Каракас.
B) Тегусигальпа.
C) Бразилиа.
D) Рио-де-Жанейро.
E) Буэнос-Айрес.

12. Бекіре балығы уылдырығын шашатын өзен.
A) Жайық.
B) Ертіс.
C) Тобыл.
D) Есіл.
E) Ембі.

13. Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі – бұл:
A) Азық-түлік проблемасы.
B) Экологиялық проблема.
C) Энергетикалық проблема.
D) Соғыс-бейбітшілік проблемасы.
E) Шикізат проблемасы.

14. Қара металлургияның негізгі шикізаты -
A) Болат.
B) Темір кені.
C) Қорғасын.
D) Қорытпалар.
E) Шойын.

15. ... туристерді ең көп қабылдайды.
A) Испания, Франция, Италия
B) Венесуэла, Колумбия, Эквадор
C) Лаос, Түркия, Албания
D) Бутан, Мьянма, Болгария
E) Үндістан, Ливия, Монғолия

16. Бірдей қысымы бар жерлерді қосатын сызықтар.
A) Горизонталь.
B) Сызықтар
C) Изобара.
D) Изотерма.
E) Циркуляция.

17. Алматы қорығы орналасқан тау.
A) Іле Алатауы.
B) Маңғыстау.
C) Жоңғар Алатауы.
D) Қаратау.
E) Талас Алатауы.

18. Кәсіптік маңызы балықтар; бекіре, қызыл балық, мөңке (қара балық) ... өмір сүреді :
A) Жемде.
B) Електе.
C) Жайықта.
D) Кiшi өзенде.
E) Үлкен өзенде.

19. Көліктің маусымдық түрі.
A) Теміржол.
B) Электронды.
C) Автомобиль.
D) Өзен.
E) Құбыр.

20. Химия өнеркәсібі үшін құндылығы зор өсімдіктер:
A) Эфедра, дермене.
B) Бидай, терек.
C) Сұлы, қарағаш.
D) Түймедағы, қияр.
E) Қызан, картоп.

21. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық-
A) Гудрон.
B) Керосин.
C) Дизель майы.
D) Қара май.
E) Мазут.

22. Халық тығыздығы өте жоғары облыстар:
A) Алматы, Қарағанды.
B) Ақтөбе, Қызылорда.
C) Ақмола, Маңғыстау.
D) Солтүстік Қазақстан, Атырау.
E) Оңтүстік Қазақстан.

23. Табиғат ресурстарының барлық түрлері бар елдер:
A) Индонезия, ОАР.
B) Қытай, Ресей.
C) Бутан, Бразилия.
D) Монғолия, Непал.
E) Канада, Кувейт.

24. Кофе экспорттаушы ел:
A) Египет.
B) Эфиопия.
C) Ботсвана.
D) Зимбабве.
E) Алжир.

25. Атлас тауларының солтүстік бөлігінің төменгі белдеуін ... табиғат зонасы алып жатыр.
A) тропикалық шөлейт
B) альпілік шалғындар
C) биік таулы
D) антропегендік
E) субтропиктегі мәңгі жасыл жерорта теңіздік табиғи өсімдіктер

26. Дала зонасы Қазақстан аумағының ... алып жатыр.
A) 15 %
B) 16 %
C) 36 %
D) 26 %
E) 46 %

27. Конденсация:
A) Судың қатты күйге айналуы.
B) Судың қатты күйден буға айналуы.
C) Су буының сұйық күйге айналуы.
D) Мұндай ұғым жоқ.
E) Судың сұйық күйден буға айналуы.

28. Хромит, фосфорит, никель рудаларын өндіру және өңдеу өнеркәсіп торабы:
A) Орал.
B) Ембі.
C) Маңғыстау.
D) Ақтөбе.
E) Петропавл.

29. Эфиопия таулы қыратында өмір сүруге және егіншілікке қолайлы белдеуі:
A) 200 м - 1000 м.
B) 1800 м - 2400 м.
C) 1700 м - 1800 м.
D) 1000 м - 1700 м.
E) 2400 м - 3000 м.

30. АҚШ-тың негізгі космодромы орналасқан штат:
A) Мен.
B) Аляска.
C) Техас.
D) Калифорния.
E) Флорида.



72-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Жердегі белгілі бір зат пен солтүстік бағыт арасындағы бұрыш :
A) азимут
B) рулетка
C) нивелир
D) полюс
E) масштаб

2. Қарағай, шырша, майқарағай өсетін табиғат зона :
A) аралас ормандар
B) тайга
C) тундра
D) орманды тундра
E) арктикалық шөлдер

3. Айсбергтер пайда болатын аймақтар :
A) Гренландия, Корея түбегі
B) Антарктида, Отты жер аралы
C) Антарктида, Үндістан түбегі
D) Антарктида, Гренландия
E) Гренландия, Арабия түбегі

4. Н.А. Северцовтың еңбегі :
A) «Түркістан өлкесіне саяхат»
B) «Түркістан»
C) «Арал теңізі»
D) «Жоңғария очерктері»
E) «Орталық Азия»

5. Материктік жер қыртысыныњ қалыњдыѓы
A) 10-12 км
B) 30-80 км
C) 10-50 км
D) 5-6 км
E) 20-30 км

6. Халқының саны жөнінен алдыңғы орындағы мемлекет:
A) Үндістан.
B) Жапония.
C) Пәкістан.
D) Бангладеш.
E) Қытай.

7. Топырақ деп ... айтамыз.
A) шөлдегі батпақты жерлерді
B) құммен араласқан өсімдікті
C) шаң - тозаңды, батпақты
D) жердің беткі, жұқа, құнарлы қабатын
E) таулардың үгілуін

8. Қалдық қалдырмайтын өнеркәсіп саласы.
A) Металлургия.
B) Ағаш өңдеу.
C) Химия.
D) Тамақ.
E) Жеңіл.

9. Мемлекет басшысы король, император, т.с.с болып келетін басқару түрі.
A) Республика.
B) Федерация.
C) Монархия.
D) Әмірлік.
E) Теократия.

10. Сағасы жоқ (құмға сіңіп кететін) өзен.
A) Іле.
B) Тобыл.
C) Қаратал.
D) Шу.
E) Жайық.

11. Олимпиада ойындарының отаны:
A) Италия.
B) Дания.
C) Португалия.
D) Испания.
E) Греция.

12. Республикадағы балық зауыты … орналасқан.
A) Атырау, Балқашта
B) Ақтау, Оралда
C) Арал, Ақтауда
D) Атырау, Қоңыратта
E) Петропавл, Балқашта

13. Қытай тілінен аударғанда «Тянь-Шань» тауының мағынасы.
A) Әлем шатыры.
B) Тәңір шыңы.
C) Алтын таулар.
D) Мыс таулар.
E) Қарлар мекені.

14. Қазақстандық Алтайдағы ірі су қойма.
A) Бұқтырма.
B) Сергеев.
C) Қапшағай.
D) Кеңгір.
E) Вячеслав.

15. Шығыс Қазақстандағы қорық.
A) Алматы
B) Ақсу-Жабағылы
C) Үстірт
D) Қорғалжын
E) Марқакөл

16. Барлық көлік түрлерінің жиынтығы:
A) Мәдениет.
B) Көлік кешені.
C) Өнеркәсіп.
D) Байланыс.
E) Ауыл шаруашылығы.

17. Үндістан Қазақстанға ... береді.
A) мұнай және газ
B) автомашиналар
C) шәй, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті заттар
D) пайдалы қазбалар
E) тоқыма бұйымдарына арналған құрал-жабдықтар

18. Қазақстанда медициналық прибор және рентген аппаратурасын шығаратын завод ... қаласында орналасқан.
A) Ақтөбе
B) Астана
C) Атырау
D) Қарағанды
E) Ақтау

19. Урбандалу - бұл
A) экономикалық даму деңгейінің теңесу процесі
B) елдің немесе регионның тұрғындар санының өсуі
C) ауылдан қалаға қоныс аудару миграциясы
D) қала халқының өсу процесі
E) сыртқы миграция

20. Кофе экспорттаушы ел:
A) Эфиопия.
B) Египет.
C) Ботсвана.
D) Зимбабве.
E) Алжир.

21. Қарақұмық жармасын шығаратын зауыт:
A) Семейде.
B) Текеліде.
C) Өскеменде.
D) Аягөзде.
E) Алматыда.

22. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел.
A) Сайқан.
B) Арыстанды-Қарабас.
C) Муссон.
D) Ебі.
E) Бриз.

23. ЖЭС жұмыстарына байланысты проблемалардың бірі:
A) Отын ресурстарының терең орналасуы.
B) Ауаның ластануы.
C) Отын ресурстарының жеткізу кезіндегі қиындықтар.
D) Отын ресурстарының біркелкі бөлінбеуі.
E) Электр энергиясын тасмалдау.

24. Табиғат ресурстарының көптүрлілігі тән елдер:
A) Австрия, Австралия.
B) Жапония, АҚШ.
C) Ресей, Қытай.
D) Норвегия, Финляндия.
E) Оман, Сауд Аравиясы.

25. Қала халқының үлес салмағы ... көрсеткіші
A) жастардың
B) еңбек тиімділігінің
C) өндіріс құралдарының
D) ұлттық құрамының
E) индустрияландырудың

26. Латын Америкасындағы "жасыл революцияның " негізін салушы:
A) Аргентина.
B) Мексика.
C) Бразилия.
D) Эквадор.
E) Перу.

27. Жер көлемі 2,7 млн. ш.ш., халық саны 16,5 млн. адам болғандағы халықтың орналасуының орташа тығыздығы.
A) 1 ш.ш-ға – 7,8 адам.
B) 1 ш.ш-ға – 0,8 адам.
C) 1 ш.ш-ға – 6 адам.
D) 1 ш.ш-ға – 3 адам.
E) 1 ш.ш-ға – 0,1 адам.

28. Географиялық қабықтың дамуындағы ең ұзақ алғашқы кезең:
A) Антропогендік.
B) Органогендікке дейінгі.
C) Неогендік.
D) Биогендікке дейінгі.
E) Палеогендік.

29. Егер таудың етегінде атмосфералық қысым 760 мм, басында – 460 мм сынап бағанасына тең болса, таудың биіктігін анықтаңыз:
A) 1000 м.
B) 4000 м.
C) 500 м.
D) 2000 м.
E) 3000 м.

30. Эфиопия таулы қыратында өмір сүруге және егіншілікке қолайлы белдеуі:
A) 1000 м - 1700 м.
B) 200 м - 1000 м.
C) 1700 м - 1800 м.
D) 1800 м - 2400 м.
E) 2400 м - 3000 м.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет