1-вариант география



бет81/86
Дата31.10.2022
өлшемі4,36 Mb.
#46393
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
0000c21b-5f1ff089

94-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Жер бетінің табиғаты, халқы және оның шаруашылық әрекеті туралы ғылым:
A) топография
B) география
C) геология
D) картография
E) гидрология

2. Елді мекендердің негізгі түрлері.
A) ауылдық.
B) қалалық және селолық.
C) мегополистік және агломерациялық.
D) қалалық және урбанизациялық.
E) селолық.

3. Б‰кіл жер шары беті кµлемі (млн. км2)
A) 750
B) 420
C) 640
D) 510
E) 482

4. Тянь-Шань тауларын зерттеген саяхатшы :
A) А.И. Бутаков
B) Н.А. Северцов
C) П.П. Семенов
D) Г.Н. Потанин
E) И.В.Мушкетов

5. Қазақстанның қара металлургия орталықтары:
A) Шымкент,Тараз
B) Қостанай, Көкшетау
C) Талдықорған, Жезді
D) Ақсу, Теміртау
E) Кентау, Ақтау

6. Құрлықтағы мұздың жиынтығы ...
A) Айсберг.
B) Мұздық.
C) Морена.
D) Жамылғы қарлар.
E) Фирн.

7. Үндістер ... байырғы халықтары.
A) Антарктиданың
B) Азияның
C) Европаның
D) Австралияның
E) Американың

8. Ауданы бойынша ең кіші материкті атаңыз.
A) Солтүстік Америка.
B) Еуразия.
C) Африка.
D) Оңтүстік Америка.
E) Австралия.

9. Бурабай курорты орналасқан тау.
A) Маңғыстау.
B) Мұғалжар.
C) Қарқаралы.
D) Көкшетау.
E) Баянауыл.

10. Қазақстанның ежелгі қалалары.
A) Түркістан, Тараз.
B) Екібастұз, Балқаш.
C) Теміртау, Рудный.
D) Шымкент, Астана.
E) Павлодар, Өскемен.

11. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сала:
A) Мұнай.
B) Химия.
C) Көмір.
D) Тау-кен.
E) Тамақ.

12. Биенің сүті:
A) Қымыз.
B) Айран.
C) Шұбат.
D) Қымыран.
E) Ірімшік.

13. Христиан дінін ұстаушылар.
A) АҚШ, Қытай.
B) Жапония, Италия.
C) Иран, Ирак.
D) Польша, Германия.
E) Израиль, Үндістан.

14. Трансамазонка тас жолы материктің қай тұстарын қосады:
A) Оңтүстік пен Батыс.
B) Солтүстік шығыс пен Оңтүстік.
C) Оңтүстік шығыс пен Батыс.
D) Солтүстік пен Оңтүстік.
E) Батыс пен Шығыс.

15. Оңтүстiк Қазақстанның вегитациялық кезеңiн анықта:
A) 180-185 күн.
B) 130-135 күн.
C) 200-250 күн.
D) 150-160 күн.
E) 135-150 күн.

16. Каспий теңiзi алабының өзендерi:
A) Жайық, Жем, Сағыз.
B) Ойыл, Сағыз, Қаратал.
C) Қаратал, Ақсу, Ойыл.
D) Шу, Сарысу, Торғай.
E) Лепсi, Талас, Арыс .

17. Астық тұқымдас өсімдіктер басым табиғат зонасы:
A) Жартылай шөл.
B) Шөлейт.
C) Дала.
D) Орман.
E) Орманды дала.

18. Өндірістің өнім шығаруға бөлетін шығыны (теңгемен есептегенде) ... деп аталады.
A) мамандану
B) өзіндік құн
C) кіріктіру (интеграция)
D) жеке бір салаға мамандану
E) ұлттық табыс

19. Су энергетикалық қоры жеткілікті аудандар .
A) Солтүстік және Шығыс Қазақстан.
B) Орталық және Батыс Қазақстан.
C) Шығыс және Оңтүстік Қазақстан.
D) Оңтүстік және Орталық Қазақстан.
E) Солтүстік және Оңтүстікте.

20. Атырау химия зауыты шығаратын өнім:
A) Тыңайтқыш.
B) Полиэтилен.
C) Фосфор.
D) Тіс пастасы.
E) Шайыр.

21. Орталық экономикалық аудандағы үш өнеркәсіп торабы:
A) Теміртау, Шахта, Кеңгір.
B) Қоңырат, Саяқ, Шахта.
C) Қарағанды, Атасу, Кеңгір.
D) Саяқ, Балқаш, Атасу.
E) Теміртау, Балқаш, Жезқазған.

22. Табиғи газ өндіруден алдыңғы орында:
A) Өзбекстан.
B) Ресей.
C) Канада.
D) Индонезия.
E) Ұлыбритания.

23. Африканың солтүстігінде қай дін басым:
A) Проваславия.
B) Христиан.
C) Будда.
D) Ислам.
E) Индуизм.

24. Батыс Сібірдің ең басты байлығы:
A) Мұнай.
B) Тас көмір.
C) Ас тұзы.
D) Хромиттер.
E) Анатиттер.

25. Бос тау жыныстарынан адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен жасаған төбелер:
A) Террикон.
B) Карьер.
C) Қырат.
D) Таулар.
E) Төбелер.

26. Географиялық қабықтың дамуындағы ең ұзақ алғашқы кезең:
A) Антропогендік.
B) Палеогендік.
C) Неогендік.
D) Органогендікке дейінгі.
E) Биогендікке дейінгі.

27. Дала зонасы Қазақстан аумағының ... алып жатыр.
A) 15 %
B) 36 %
C) 26 %
D) 46 %
E) 16 %

28. Батыс аудандары арқылы өтетін темір жол -
A) ТрансҚазақстан.
B) Түркістан-Сібір.
C) Орынбор-Ташкент.
D) Орта Сібір.
E) Оңтүстік Сібір.

29. Абсолюттік монархиялы ел:
A) Иран.
B) Мавритания.
C) Сауд Аравиясы.
D) Монғолия.
E) Ұлыбритания.

30. Луара өзені … территориясынан ағып өтеді.
A) Бельгия
B) Австрия
C) Италия
D) Франция
E) Дания



95-вариант
ГЕОГРАФИЯ

1. Жер бетіндегі кез келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік айырмасы:
A) Жер бедері
B) Салыстырмалы биіктік
C) Абсолюттік биіктік
D) Жазықтықтар
E) Горизонтальдар

2. Мұхиттық аралдардың халқын зерттеген ғалым
A) Ф.Нансен
B) Р.Амундсен
C) Р.Пири
D) Н.Пржевальский
E) Н.Миклухо-Маклай

3. Температуралары бірдей барлық нүктелерді қосатын қисық сызықтар :
A) изобара
B) горизонталь
C) изосызық
D) изотерма
E) бергштрих

4. Жезқазѓандаѓы мыс кенін ашқан
A) Л.Берг
B) Қ.Сәтбаев
C) Ш.Уәлиханов
D) П.Семенов
E) И.Мушкетов

5. Алюминий зауыты бар қала :
A) Жезқазған
B) Ақтау
C) Павлодар
D) Зырян
E) Көкшетау

6. Жер бетіндегі ең үлкен ойпат:
A) Батыс-Сібір.
B) Мексика.
C) Амазонка.
D) Шығыс-Еуропа.
E) Каспий.

7. Африка қанша мұхитпен шектеседі?
A) 1
B) 5
C) 4
D) 2
E) 3

8. Қаратопырақ Қазақстанның …
A) батыс бөлігінде.
B) оңтүстік бөлігінде.
C) орталық бөлігінде.
D) шығыс бөлігінде.
E) солтүстік бөлігінде.

9. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі өзендері:
A) Ертіс, Тобыл, Есіл.
B) Сырдария, Арыс, Шу.
C) Жем, Жайық, Сағыз.
D) Іле, Қаратал, Арыс.
E) Ойыл, Нұра, Жетісу.

10. Қазақстандағы миллионер-қала.
A) Қарағанды.
B) Астана.
C) Орал.
D) Алматы.
E) Тараз.

11. Отын өнеркәсібі құрамына кіретін:
A) Көмір, мұнай және газ.
B) Мұнай, фосфорит, көмір.
C) Көмір, темір рудалар, газ өндіру.
D) Тұз, мұнай, көмір.
E) Шымтезек, асбест, газ.

12. Еліміздегі ірі кондитер фабрикалары ... қалаларында орналасқан.
A) Ақтау, Атырау
B) Алматы, Қарағанды
C) Қызылорда, Талдықорған
D) Тараз, Қостанай
E) Балқаш, Жезқазған

13. Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі – бұл:
A) Энергетикалық проблема.
B) Шикізат проблемасы.
C) Соғыс-бейбітшілік проблемасы.
D) Азық-түлік проблемасы.
E) Экологиялық проблема.

14. Қырғызстанның астанасы:
A) Пекин.
B) Душанбе.
C) Бішкек.
D) Улан-Батор.
E) Тегеран.

15. Қылқан жапырақты, ірі жыртқыштар мен жұп тұяқтылар кездесетін табиғат зонасы:
A) Аралас орман.
B) Тайга.
C) Орманды тундра.
D) Тундра.
E) Дала.

16. Балқаш көлінің ең терең жері.
A) 26 метр.
B) 18 метр.
C) 32 метр.
D) 50 метр.
E) 16 метр.

17. Марқакөл қорығы ұйымдастырылған жыл.
A) 1974 жыл.
B) 1975 жыл.
C) 1977 жыл.
D) 1973 жыл.
E) 1976 жыл.

18. Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі негізі қалыптасқан кезең:
A) I дүниежүзілік соғыс кезінде.
B) Азамат соғысы кезінде.
C) II дүниежүзілік соғыс кезінде.
D) Алғашқы бесжылдық кезінде.
E) Қазан төңкерісі кезінде.

19. Оңтүстіктегі тау зонасында өсірілетін қой тұқымдары:
A) Биязы, жартылай биязы жүнді.
B) Еділбай қойы.
C) Қаракөл
D) Арқар-меринос.
E) Қылшық жүнді.

20. Батыс Қазақстанды Солтүстік Кавказдың аудандарымен байланыстыратын жол.
A) Мақат-Бейнеу.
B) Ақтау-Жаңа Өзен.
C) Орынбор-Ташкент.
D) Орал-Соль-Илецк.
E) Атырау-Астрахань.

21. Семей, Өскемен, Зыряндағы ЖЭС-ның отын көзі:
A) Қарағандыдан.
B) Кендірліктен.
C) Зайсаннан.
D) Шудан.
E) Екібастұздан.

22. Дүние жүзіндегі ең биікте орналасқан елдер.
A) Ауғанстан, Беларусь.
B) Перу, Боливия.
C) Эквадор, Австралия.
D) Эфиопия, Қазақстан.
E) Мексика, Тәжікстан.

23. Батыс Еyропаның ең «ұзын» елі:
A) Франция.
B) Финляндия.
C) Италия.
D) Норвегия.
E) Швеция.

24. Асуан су қоймасы (плотина) салынған мемлекет:
A) Гвинея-Бисау.
B) Кения.
C) Конго.
D) Египет.
E) Лесото.

25. Атмосферада бұл қабаттың биіктігі 50-55 шақырым.
A) Мезосфера.
B) Стратосфера.
C) Тропосфера.
D) Термосфера.
E) Ионосфера.

26. Аталғандардың ішіндегі ұлттық дін -
A) синтоизм, конфуциан, индуизм.
B) ислам, христиан.
C) будда, ислам.
D) христиан, ислам, синтоизм.
E) будда, индуизм, ламаизм.

27. Әр түрлі ауа массаларының аралығындағы өтпелі аймақтар.
A) Антициклон.
B) Ауа массалары.
C) Атмосфералық фронт.
D) Ылғалдану коэффициенті.
E) Циклон.

28. Химиялық жолмен алынатын синтетикалық материалдар:
A) Тыңайтқыштар.
B) Улы химикаттар.
C) Газ.
D) Полимерлер.
E) Кокс.

29. Термалды суды кең көлемде пайдаланатын ел:
A) Исландия.
B) Франция.
C) Финляндия.
D) Швейцария.
E) Бразилия.

30. Үлкен Тұзды көл орналасқан мемлекет:
A) Мексика.
B) Никарагуа.
C) АҚШ
D) Панама.
E) Канада.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет