1 вариант каз



бет2/3
Дата06.02.2023
өлшемі76,78 Kb.
#65430
1   2   3
Байланысты:
1 вариант каз. (1)

2 вариант каз.

  1. Ұзақ уақыт бойы бодибилдингпен айналысатын және жиі әртүрлі сусындарды ішетін 26 жастағы ер кісіде төс артындағы қатты ауру сезімі пайда болған. Анамнезінде наркотик және алкоголь қабылдағанды теріске шығарады, шылым шекпейді. ЭКГ – 5 кеуделік тіркемелерде ST сегментінің жоғарлауы анықталды. Қандай затты қабылдау осы жағдайға БАРЫНША себеп болып табылады?

+A. Стимуляторларды
B. Тыныштандыратын заттар
C. Галлюциногенді
D. Фенциклидин
E. Алкогольді

  1. 30 жастағы ер адам. Тізе буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне, ірі буындардағы ауыспалы ауыру сезіміне шағымдармен дәрігерге қаралған. Ауырғанына 2 ай болды деп есептейді. Анамнезінде: «Жильбер синдромы», «геморрагиялық васкулит, дисциркуляторлық энцефалопатия. Буындардың Р-графиясында патология табылмаған. Қанның жалпы анализі: лейкопения, лимфоцитоз, СОЭ - 12 мм/ч. Биохимия: глюкоза – 5,4 ммоль/л, АЛТ – 42 МЕ/мл, АСТ 22 МЕ/мл, билирубин 24 мкмоль/л. РФ - оң, АНА - теріс. Науқасқа төменде көрсетілген анализдердің қайсысын міндетті түрде жасау керек?

A. С және В гепатит маркерлеріне иммуноферментті анализ
B. В19 парвовирусына антидене IgM иммуноферментті анализ
+C. Антистрептолизин-О
D. Антицитруллиндік антидене
E. Екі спиралды ДНК-ға антидене

  1. Бала 6 жаста, 2 ТЕ-мен туберкулинді Манту сынамасын жасады, нәтижесі – папула өлшемі 15 мм, Диаскинтест оң. Толық тексеріп болған соң «Гиперергиялық реакция» диагнозы қойылды. Бала жиі суық тиюмен және бронхитпен ауырады. Сіздің БАРЫНША бағытталған тактикаңыз?

A. Этамбутол мен рифампицинмен 2 ай химиопрафилактика өткізу
B. Изониазид пен этамбутолмен 2 ай химиопрофилактика өткізу
C. 1 категория бойынша ем жүргізу
D. Изониазидпен 3 ай химиопрофилактика өткізу
+E. Изониазидпен 6 ай химиопрофилактика өткізу

  1. Үйге жалпы тәжірбиелік дәрігер шақырылды. 25 жастағы ер кісіде базардан сатып алынған балықты жегеннен кейін 16 сағаттан соң жүрек айну, құсу, әлсіздік, селсоқтық, көзіне екі еселеніп көріну пайда болды. Объективті: бұлшық ет тонусы төмен, анизокория, сіңірлік рефлексі мен жұту әлсіз. Сіздің болжам диагнозыңыз?

+A. Ботулизм.
B. Жедел энцефалит.
C. Тағамдық токсикоинфекция.
D. Сальмонеллёз.
E. Жедел менингит.

  1. Әйел адам, гестация кезеңі 27-28 апта. Дене қызуының жоғарылауына, құрғақ жөтелге, кеуде торшасындағы ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Қалада грипп пен ЖРВИ-мен аурушылдықтың жоғарылауы анықталған. Температура 39,40С, аңқасының шырышты қабаты айқын гиперемияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршіктенген. Көз склераларының қан тамырлары инъекцияланған. Өкпесіндегі тынысы қатайған, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ТСЖ 130 рет/мин., ҚҚ 90/60 мм с.б., ТАЖ – 32. Жалпы қан анализінде: эр. – 3,2х1012/л, Нв – 115 г/л, лейк. – 3,2x109/л, э. – 3%, т/я – 15%, с/я – 60%, м – 7%, л – 15%, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Қандай тактика маңызды?

A. амбулаторлы ем, негізгі препарат азитромицин
B. күндізгі стационар жағдайындағы ем, детоксикационды терапи
C. терапевтик бөлімшесіне жоспарлы госпитализациялау, ацикловир
+D. жедел госпитализациялау, негізгі препарат осельтамавир
E. жедел госпитализациялау, негізгі препарат цефтриаксон

  1. 54 жасар әйел оң аяғына берілетін беліндегі ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауру сезімі ауыр көтергеннен кейін пайда болып, қозғалыс кезінде және бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді. Оң жақ аяған жамбас сан және тізе буындарында бүгіп, сол жағында жатқанда жеңілдік алып келеді. Объективті: арқасы аздап бүгілген қалыпта фиксацияланған, ауру жағына еңкейсе ауырады, паравертебралды бұлшықеттердің айқын кернелуі. Ауру сезімі оң аяғының артқы бетінде табанның 5 саусағына дейін орналасқан. Табанның сыртқы бетінде де сезімталдық төмендеген. Ласег симптомы оң жақта оң, Ахилл рефлексі оң жағынан жоқ. Омыртқа бағанының қай бөлігінде патология орналасқан?

+A. L5-S1
B. L1-L2
C. Th 12- L1
D. L3-L4
E. L2-L3

  1. 18 жасар жігіт, кенеттен азғантай уақытқа есінен танған. Қарап тексергенде: есі – қатаң, бас ауру, құсу, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомдары оң. Брадикардия, Дене қызуының 38° дейін жоғарлауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз. Науқасқа пункция жасалынды. Жұлын сұйықтығы қызыл немесе сарғыш түске боялған. Диагнозды нақтылау үшін кандай диагностикалық зерттеу тағайындау қажет?

A. эхо-энцефалография
B. реоэнцефалография
C. электроэнцефалография
+D. бас миының КТ
E. коагулограмма

  1. Участкелік дәрігер 8 айлық баланы қарады. Шешесінің шағымы дене қызуының 39С дейін жоғарылауына, енжарлыққа, емшектен бас тартуға, құсуға. Бүгін, ауруының 4-ші күні сарғаю пайда болды, бала өте мазасыз, тырыспа пайда болды, «кофе қоюы» сияқты құсу пайда болды. Анамнезінен белгілі: 3 ай алдын балаға қан құйылған. Биохимиялық анализінде: Жалпы билирубин 165 мкмоль/л, тікелей фракциясы 144 мкмоль/л, АЛТ 5,8 мкмоль/л, АСТ 3,7 мкмоль/л, тимол сынамасы 12 бірлік. Аурудың этиологиясын анықтау үшін жасалынатын зерттеу қандай?

A. нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеру
B. люмбальды пункция
+C. гепатит В және С маркерлеріне диагностика
D. қанды тазалыққа тексеру
E. қанның жуан тамшысы

  1. Жаңа туған нәрестенің әкесі фиброзды-кавернозды туберкулезбен ауырады. Ауру әкесімен қарым қатынас болмауы керек, бірақ рұқсат етіледі:

A. егер балаға БЦЖ екпе жасалған болса босану үйінен шыққан соң
B. емшек еметін балаға қарым қатынаста болу қауіпті емес
+C. БЦЖ екпе жасалғаннан кейін 6-8 аптадан кейін
D. БЦЖ екпе жасалғаннан кейін 9-10 аптадан кейін
E. ауру әкесі толық емделгеннен соң

  1. Әйел адам 32 жаста, жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында қаралады. 28 аптада терінің қышуына байланысты ұйқының бұзылуына, әлсіздікке, лоқсуға шағымданып келді. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ-56 Ед/л, АСТ-42 Ед/л, жалпы билирубин-12,4 ммоль/л, СФ-480 Ед/л. Маркерлер диагностикасы: HBsAg – теріс., a-HBs - оң, a-HВcore IgG-теріс, HBeAg - теріс, a-HBe- теріс, anti-HCV IgM - теріс, anti-HCV IgG – теріс. Қандай диагноз?

A. созылмалы вирусты гепатит
B. жүктілік гепатозы
C. бұл кезеңдегі жүктілікке қалыпты жағдай
D. созылмалы холециститтің өршуі
+E. жүктілік холестазы

  1. Ер бала 19 жаста, дәрігерге мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына, ауырсынуына, дене температурасының 38°С дейін жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде лимфа түйіндерінің бетіндегі тері жабындысы гиперемияланған. Пальпациялағанда лимфа түйіндері эластикалы, қозғалмалы,бір бірімен жабыспаған, ауру сезімімен. Кеуде қуысының рентгенограммасында түбірінде петрификаттар. Төменде аталған қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәліметті?

    1. лимфа түйіндерінің рентгенографиясы

    2. туберкулинодиагностика

    3. +лимфа түйіндерінің биопсиясы

    4. сүйек кемігінің трепанобиопсиясы

    5. Кеуде қуысы мүшелерінің КТ

  1. 45 жастағы ер адам. Сол жақтағы тізе буындарының ауыруы мен ісінуіне, басқа да ірі буындардағы ауыспалы сипаттағы ауыру сезіміне, бұлшықеттегі ауыруға, бас ауыруына, салмағының 5 кг-ға төмендеуіне, кешкі уақыттарда дене температурасының 37,5°- ға дейін көтерілуіне шағымданады. Кей кездерде дене температурасы бірнеше күн бойына 38,5°-ға дейін көтеріледі. Бұл сипмтомдардың барлығы 6 ай бұрынғы салқын тиюден кейін пайда болған. Анамнезінде – қолдан сатып алынған сүт өнімдерін көп пайдаланған. Объективті: алақан мен табанның гипергидрозы, тізе буындарының симметриялы емес ісінуі, локалды температура, положительный симптом баллотирования наколенника. Қанның жалпы анализі: Эр – 3,2, Нб – 110 г/л, Л-4,9х109/л, Нф – 68%, Лф – 38%, СОЭ 29 мм/ч, РФ – 22 МЕ/мл, СРБ - +++, PX – теріс, РА – теріс. Қандай зерттеу диагнозды нақты анықтауға көмектеседі?

A. Антицитруллиндік антидене
+B. Бруцеллездік антигендерге антиденеге ИФА
C. Қандағы зәр қышқылын зерттеу
D. Тізе буындарының рентгенографиясы
E. Манту сынамасы және кеуде қуысы органдарының Р-суреті

  1. Әйел 38 жаста, дәрігерге түнде арқасының ауруымен, шаршағыштыққа шағымданып келді. Ауру сезімі жүктемеде күшейеді. Қарап тексергенде арқа бұлшықетінің ригидтілігімен мәжбүрлі қалыпта. Кеуде бөлімін пальпациялағанда ауру сезімі кеуде торына және ішіне беріледі. Аталған зерттеулердің қайсысы диагнозды нақтылауда БАРЫНША маңызды болып табылады?

A. екі проекцияда шолу рентгенограммасы
B. Артроскопия
C. бруцеллезге қарсы антиденеге ИФА
+D. компьютерлік томография
E. МРТ

  1. Әйел 27 жаста, жүктіліктің үзілу қаупі дамуы кезінде дюфастон (дидрогестерон) тағайындалған. Дюфастонды қабылдаудан 2 аптадан кейін тері қышуы, трансаминазалар көрсеткіштерінің жоғарылауы (АЛТ – 885 ед/л, АСТ – 447 ед/л) байқалған. Препаратты тоқтатқаннан кейін көрсеткіштер төмендеген. Дені сау бала туылады. Босанудан кейінгі кезеңде контрацепция бойынша қандай ұсыныстар дұрыс?

+A. контрацепция барьерлі заттармен
B. контрацепция дезагистрел
C. контрацепция левоноргистрел
D. контрацепция депо-провера
E. контрацепция мини-пили

  1. Емханаға әлеуметтік жағдайы жақсы отбасының 6 жастағы баласы бала мектепке тіркеу үшін жүгінді. Бұған дейін бала мектепке дейінгі мекемелерге бармаған. 3 жасында жедел пневмонияны асқынусыз, 5 жасында - жедел ішектік инфекциясын өткерген. Зерттеу кезінде нейропсихологиялық және физикалық даму жасына сәйкес келеді.Кестеге сәйкес вакцинацияланған. Мектепке қандай алғашқы медициналық анықтама тапсырылу қажет?

+A. ф. 026/у
B. ф.030/у
C. ф. 076/у
D. ф. 080/у
E. ф. 063/у

  1. Жасөспірім-қыз, 16 жаста, себореямен зардап шегеді, акне, аяқтарында,қолдарында, ішінің алдыңғы бетінде түктенуі жоғары. АҚҚ-111/74 мм.с.б., салмағы 45 кг, бойы 152 см, ДСИ-19,5. Осы жағдайға гормональды контрацептің құрамындағы қандай гестагенды компонент БАРЫНША бейімдейді?

    1. левоноргестрел

    2. +дроспиренон

    3. дезогестрел

    4. гестоден

    5. норгестимат

  1. Әйел 28 жаста. Бір ай бұрын мерзімімен, бойы 51 см, салмағы 3300 г дені сау баланы босанды. Шағымдары болған жоқ, лактация жақсы, бала толықтай омыраумен тамақтанады. Қарау кезінде шырышты қабаттары бозғылт,тырнақтары қабыршықтанған, шаштары жұқа және жиі түсетін болған. Тамақтануы жақсы, ешқандай қосымша препараттар (поливитаминдер және т.б) қабылдамайды. Жүктілік кезінде "Прегнавит" қабылдаған, бірақ туғаннан кейін витаминдер мен микроэлементтердің қажеті жоқ деп санаған. Қанда - гемоглобин 106 г/л, ТК - 0,7.Босанған әйелге тәулігіне 60 мг аз емес темірді қанша уақытқа қабылдау ұсынылады?

+A. босанғаннан соң алты ай бойы
B. босанғаннан соң үш ай бойы
C. босанғаннан соң алғашқы ай бойы
D. алғашқы қосымша (прикорма) енгізгенге дейін
E. босанғаннан кейін 12 айдан аз емес уақыт

  1. Әйел 55 жаста, бірнеше апта бұрын пайда болған, жұмыс күнінің соңында пайда болатын бас ауруына шағымданып келді. Дәрігерге дейінгі медбикенің қарауда АҚҚ өлшегенде - 145/95 мм с.б. ДСИ (ИМТ) - 30, зиянды әдеттері жоқ, тұқымқуалаушылық анықталмаған. Келесі этапта қандай зеріттеулер жүргізілу қажет?

A. Кеуде торының Р-графиясы
B. Эхокардиография
C. Электрокардиография
D. Ұйқы артериясының допплер-сонографиясы
+E. 6 сағаттан кем емес уақыттан кейін АҚҚ қайталап өлшеу немесе АҚҚ тәуліктік мониторлеу

  1. Науқас 74 жаста, пневмонияға байланысты антибактериальды терапия алды. Динамикада жағдайы жақсармады, әлсіздік, кеудедегі ауру сезімі өрістеп, арықтап кетті. Контрольдік компьютерлі томографияда - анық емес шекарасымен, айқын тығыздықта, ошақ көлемі бірнеше мөлшерге ұлғайған. Қақырықты зерттеуде қандай қорытынды БАРЫНША анықталуы мүмкін?

A. Грам-теріс қышқылға тұрақты бациллалар
B. Нейтрофильді цитоз
+C. Атипті клеткалар
D. Саңыруқұлақты мицеллия
E. Гантель тәрізді денешіктер

  1. Әйел 65 жаста. Ішінің ұлғаюына, селсоқтыққа, әлсіздікке шағымданып келді. УДЗ құрсақ қуысында 1,5 л бос сұйықтық анықталды. Бауыр мен көкбауырдың өлшемдері қалыпты, v.portae диаметрі – 1,0 см. Онкомаркерлер – ОММА (СА-125) бірден жоғарлаған, альфа-фетопротеин – 3 есе жоғарлаған. Қандай болжам диагноз БАРЫНША ықтимал?

A. гепатоцеллюлярлы карцинома
B. ұйқы безінің обыры (рак)
+C. жұмыртқаның обыры (рак яичников)
D. эндометриоидтің кистасы
E. эндометриоз

  1. Жасөспірім-қыз, 18 жастан бастап белсенді сексуалды өмір сүреді және жиі сексуалдық партнерін ауыстырады.Оған қандай контрацепция БАРЫНША қажет?

A. Биологиялық әдіс
+B. Презерватив
C. Комбинирленген оральды контрацептивтер
D. Жатырішілік серіппе (спираль)
E. Диафрагма

  1. Әйел 45 жаста. Күйеуге шықпаған, анамнезінде 3 жүктілік, барлығында – жасанды түсік жасатқан. 28 жылдан астам шылым шегеді. Өту керек скринингтерді өтпеген. Сүт безін пальпациялағанда сыртқы жоғарғы квадратта үлкен емес тығыздалу анықталды. Ары қарайға тактикаңыз қандай?

A. гинекологтың консультациясына жолдау
B. маммологтың консультациясына жолдау
C. кеуде қуысы мүшелерінің КТ
+D. маммография жасау
E. тығыздалған аймақтан биопсия алу

  1. Әйел 22 жаста, жақында ғана тұрақты жыныстық қатынаста болатын өмір бастады. Жыныстық қатынас кезінде жағымсыз әсер мен ақшыл аз мөлшерде бөліністің болатынына шағымданып келді. Жыныстық жолмен берілетін ауруларға зерттеу кезінде Chlamydia trachomatis IgM антидене анықталды. Цервикальды каналдан алынған материялды ПЦР жасағанда Chlamydia trachomatis нақтыланды. Оның жыныстық партнерінде - ИФА бойынша Chlamydia trachomatis қарсы антиденеге теріс нәтиже берді. Қандай тактика БАРЫНША тиімді?

A. тек әйелді емдеу, азитромицинмен курс
+B. әйелін де, күйеуін де емдеу, азитромицинмен курс
C. әйелін де, күйеуін де емдеу, левофлоксацин
D. әйелін емдеу, ровамицинмен курс, оның партнеріне 3 айдан соң ИФА қайталау
E. клиндамицинмен курс, оның партнерін ПЦР әдісімен тексеру

  1. Әйел 25 жаста, баласын аралас тамақтандырады, біріншісін босанғанына 6 ай болған соң келесі 2 жылға сенімді контрацепция қалайды. Анамнезінде: созылмалы сальпингоофорит. Осы жағдайда қандай контрацепция әдісін қолдануға болады?

A. лактационды аменорея
+B. тек прогестинды контрацептивтер
C. жатырішілік контрацепция
D. өз еркімен хирургиялық стерилизация
E. комбинацияланған оральды контрацептивтер

  1. Әйел 29 жаста, емізеді, екінші баласын босанғаннан кейін 6 айдан соң сенімді, ұзақ уақыттық контрацепцияны қалайды. Анамнезінде: созылмалы гастрит. Осы жағдайда қандай контрацепция әдісін қолдануға болады?

+A. барьерлі әдіс
B. жатырішілік контрацепция
C. жиі прогестинды контрацептивтер
D. комбинацияланған оральды контрацептивтер
E. лактационды аменорея

  1. Емханаға 3 айлық бала біріншілік қарауға келді, санның тері қатпарларының ассиметриясы және сол жақ санның әкетуі шектелу симптомы анықталды. Басқа өзгерістер анықталмады. Осы баланы жүргізуде қандай тактика БАРЫНША дұрыс?

A. 3 айдан кейін қайталап қараумен бақылау
B. невропатолог кеңесін тағайындау
+C. жамбас-сан буынының рентгенографиясын тағайындау
D. жамбас-сан буынының КТ тағайындау
E. ЕФК және жалпы массаж тағайындау

  1. 9 айлық қыз. Анасының шағымдары: дене қызуының 38,7°С дейін көтерілуі, емшектен бас тарту, емгеннен соң құсу. Антенаталды және постнаталды анамнез ерекшеліксіз. Егулер уақытында, реакциялар болған жоқ. Қарау кезінде жоғарғы тыныс жолдары жағынан қабыну белгілері жоқ. Терісі бозарған, сұрғылт реңмен, еріндері құрғақ. Өкпеде тыныс қатаңдау, ТЖ 35 минутына. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖЖ 142 минутына. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырады, бала жылай бастайды. Кіші дәреті сирек. Дизурия. Үлкен дәреті сұйық. БАРЫНША ықтимал диагноз:

A. ауруханадан тыс пневмония
B. жедел ішек инфекциясы
+C. несеп жолының инфекциясы
D. вирустық менингит
E. жедел іріңді отит

  1. Мектепте төменгі сыныптағы балаларды алдын-ала қарау жүргізілді. Зерттелгендердің арасында оқу жылында 7 рет ЖРВИ және ЖРА ауырған 7 жастағы бала анықталды. Зерттеу кезінде нейропсихологиялық және физикалық даму жасына сәйкес келеді. ЛОР мүшелерің қарау кезінде патология анықталған жоқ,ортаңғы мойын лимфа түйіндері аздап ұлғайған, ауру сезімінсіз. Бұл баланы қандай денсаулық тобына жатқызуға болады?

    1. +2 топ

    2. 1 топ

    3. 3 топ

    4. 4 топ

    5. 5 топ

  1. Мектепте төменгі сыныптағы балаларды алдын-ала қарау жүргізілді. 25 бала тексерілді. Скриннинг нәтижелері қандай медициналық үлгідегі құжатқа енгізілуі керек?

    1. ү.030/у

    2. ү. 076/у

    3. ү. 080/у

    4. +ү. 026/у

    5. ү. 112/у

  1. Ер кісі 25 жаста, алғаш анықталған оң жақ өкпенің S1 инфильтративті туберкулезі, ТМБ+ диагозы бойынша 2 ай стационарда төрт ТҚП интенсивті фазалық ем алды. Ары қарай науқас 4 ай қолдаушы фазаны жалғастыру керек. Науқас емдеу нұсқасын сақтаған жоқ. Бактерия бөліну тоқтады. Рентгенограммада – оң жақта S1 анық, дөңгелек, гомогенді көлеңке, d – 3 см.Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

A. Склероздалған ошақ
B. перифериялық рак
C. кистамен толған
D. эхинококк
E+. туберкулема

  1. Науқас екі жыл бұрын калькулезды холециститке байланысты холецистэктомия жасаған . 6 айдан кейін оң қабырға астында ауру сезімі және зәрінің қанық түстенуі пайда болды. Биохимиялық қан анализінде – жалпы билирубин 120 мкмоль/л, байланысқан 87 мкмоль/л. Осы жағдайда аталған диагностикалық әдістердің қайсысы БАРЫНША мәліметті болып табылады?

A. құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ
B. бауырдың сцинтиграфиясы
C+. эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография
D. ішкі холангиография
E. құрсақ қуысының диагностикалық лапароскопиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет