1 вариант каз



бет1/3
Дата06.02.2023
өлшемі76,78 Kb.
#65430
  1   2   3
Байланысты:
1 вариант каз. (1)


1 вариант каз.

  1. Ер кісі 45 жаста, 2 апта бұрын пайда болған, физикалық жүктемеде пайда болатын, 1-2 мин созылатын және спонтанды жойылатын төс артындағы ауру сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келді. Күніне 1 қорап шылым тартады. Объективті: ДСИ (ИМТ) – 32, АҚҚ 135/65 мм с.б. ЖСЖ 75 мин, жүрек тондары анық, ретті. Диагностикасында бірінші кезекте қандай зерттеу жүргізу керек?

+A. Электрокардиография
B. Эхокардиография
C. Кеуде торының P-графиясы
D. Ұйқы артериясының допплер-сонографиясы
E. Эргометринмен сынама

  1. Сізге 2 ай аралығында болған қызбаға және осы уақыт аралығында дене салмағының 6 кг-ға төмендегеніне, анық байқалатын шаршағыштыққа, түнгі уақытта тершеңдіктің болуына (тексеріп көрген кезде бұғанаасты мен бұлшықетасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады) шағымданып науқас келді, диспансерлік есепте тұрады. Ең алдымен төменде көрсетілген аурулардың қайсысын болжауға болады?

A. Бруцеллез
B. Сепсис
+C. Туберкулез
D. АИТ-жұқпа
E. Лимфагрануломатоз

  1. 15 жасар жасөспірім лакунарлық ангинамен ауырғаннан кейінгі 2 аптадан соң ірі буындардағы ауыру сезіміне, ауруға, тізе буындары қозғалысының шектелуі мен ісінуіне шағымданады. Ауыру өте қатты болған. Кетанолды бұлшықет арқылы енгізу ауыруды баспаған. Температура – 37,5°. Жалпы қан анализі: Л – 9×109/л, Hb – 123 г/л, ЭТЖ – сағ. 25 мм. ЭКГ – синустық тахикардия. P-графия ОГК – ерекшеліксіз. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу міндетті түрде жүргізілуі керек?

A. ревматоидтық фактор
B. антинуклеарлық антидене
C. LE-жасуша
D. В19 парвовирусына антидене
+E. стрептококқа қарсы антидене




  1. Жаңа туған балаға 10 күн. Анасында шағымдар жоқ. Педиатр қарау кезінде – өкпедегі тыныс әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек тондары ырғақты, тұрпайы систолалық шу бүкіл жүрек аймағында естіледі, punt.max. төстің сол жағы 3-4 қабырға аралығында. Гемодинамика бұзылу белгілері жоқ. Қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?

A. фиброэластоз
B. ТЖА – жүрекше аралық пердесінің ақауы
+C. ТЖА – қарынша аралық пердесінің ақауы
D. ТЖА – ашық артериялық өзек
E. ТЖА – магистралды тамырлардың транспозициясы

  1. 20 жастағы студентте, алдын-ала флюорографиялық тексеру кезінде оң жақ өкпенің S1-де жиектері анық емес кіші және орта қарқындылықтағы ошақтар анықталған. Қиын қақырықпен жиі жөтелу мазалайды. Анамнезінен: 5 жыл бойы темекі шегеді. Өткен жылғы өткен флюорографиялық тексеруі патологиялық өзгеріссіз. Қақырықта ешқандай МБТ табылмады. Қандай болжам диагноз БАРЫНША ықтимал?

A. Ошақты пневмония
B. Созылмалы бронхит
C. Ошақты өкпе туберкулезі
D. Перифериялық өкпе рагі
+E. Бронхолобулярлы инфильтрат

  1. Ер адам 44 жаста, 5 жылдай уақыт АҚҚ 150-160/90-95 мм.с.б. дейін жоғарлайды. Қант диабеті 2 типті, диабетон қабылдайды. Объективті: сол жақ шекарасы сол жақ бұғана ортаңғы сызығымен. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ритмді.ЖСЖ – 80 рет мин. АҚҚ – 160/94 мм.с.б. Сарысудағы холестерин – 6,0 ммоль/л, сарысудағы креатинин – 75 мкм/л, қандағы қант – 5,4 ммоль/л. Микроальбуминурия 100 мг тәулігіне. Қандай гипотензивті препарат ең таңдаулы болып табылады?

A. каптотрил
B. бисопролол
C. гидрохлортиазид
+D. нифедипин
E. валсартан

  1. Әйел адам 33 жаста, массивті ісінуге шағымданып келді. Науқастың сөзі бойынша ұзақ уақыт ауырады, жағдайы ЖРА-дан (ОРЗ) кейін нашарлап, өршумен ісінулер пайда болды, диурез төмендеді. Anti-HCV IgM, IgG –теріс, ПЦР HCV РНК – оң. РФ – оң, АНА – теріс. Зәрде: тәуліктік протеинурия 5 г күніне, қанда: жалпы белок 52 г/л, альбумин – 23 г/л, холестерин 7,5 ммоль/л. Қандай болжам диагноз БАРЫНША дұрыс?

+A. Созылмалы гломерулонефрит, HCV байланысқан
B. Жедел гломерулонефрит
C. Геморрагиялық васкулит бүйрек зақымдануымен бірге
D. Жүйелі қызыл жегі, люпус нефрит
E. IgA-нефропатия

  1. Әйел 32 жаста, дене қызуының 38,5°С дейін жоғарлауына, аз бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, аздаған ентігуге шағымданып келді. 10 күннен бері ауырады, ауру қызбамен, тамағындағы ауру сезімімен, құрғақ жөтелмен жедел басталған, 3 күн бұрын жағдайы ауырлап, ентігу пайда болған. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.с.б, ЖСЖ 95 рет мин, ТЖ - 21 рет мин, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс фонында крепитация естіледі, ортаңғы және жоғарғы бөлімінде – бронхиальды тыныс. Пульсоксиметрия – 95%. ЖҚА: Л – 11х109/л, Эр – 3,2х109/л, Нв – 123 г/л, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Өкпенің Р-графиясы – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде орташа интенсивті инфильтратты көлеңке. Қандай тактика БАРЫНША тиімді?

A. пефлоксацинмен амбулаторлы емдеу
+B. амоксициллинмен амбулаторлы емдеу
C. күндізгі стационар жағдайында цефтриаксонмен емдеу
D. терапевтік бөлімге госпитализациялау, ровамицин
E. РИТБ (ОРИТ) госпитализациялау, ципрофлоксацин

  1. 42 жастағы ер кісіні 2 жыл көлемінде тез жүргенде пайда болатын, сол қол мен жауырынға берілетін, тыныштықта басылатын төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды. Жағдайының нашарлауын түнгі кезекшілік пен шаршаумен байланыстырады. Объективті: АҚҚ 140/80 мм.с.б. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСД–72 рет мин. Велоэргометриялық сынама физикалық жүктемеге төзімділіктің жоғары екенін көрсетті. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

A. Үдемелі стенокардия
B. Тұрақты күштемелі стенокардия ФК II
C. Тұрақты күштемелі стенокардия ФК III
D. Алғаш пайда болған стенокардия
+E. Тұрақты күштемелі стенокардия ФК I

  1. 14 жастағы ер бала олимпиялық резерв мектебінде оқиды. Шағымдары: әлсіздік, басы айналуы, тәбетінің төмендеуі. Үйреншікті спорттық жүктемелерді көтере алмай бастады. Әлсіздікті және шаршағыштықты ет тағамдарын жегісі келмейді деп түсіндіреді. Қарау кезінде терісі, алақандары және шырыш қабаттары бозғылт. Тілі бозғылт, бүртіктері тегістелген. Тынысы везикулярлы, систолалық шу жүрек ұшында, ЖЖ 92 минутында, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырады, бауыры +1 см қабырға доғасының астынан. ЖҚА: эритроциттер 3,58х1012/л, HB - 89 г/л, Ht 30 %, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Жағдайдың себебін анықтауда қандай зерттеу БАРЫНША мәліметті?

A. тыныстық тест
+B. биопсиямен ЭФГДС
C. құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ
D. жалпы белок, АЛТ, АСТ, СРБ
E. стернальды пункция

  1. 59 жастағы әйел ұстамалы жөтелге және 1 ай бойы ентігуге шағымданады. Жөтел өнімсіз, түнгі уақытта және баспалдақпен көтерілгенде күшейеді. 8 апта бұрын температура, тамағында ауырсыну және мұрнының бітелуі болған. 10 жыл бойы артериялық гипертензия. 16 жыл бойы күнделікті жарты қорап темекі шегеді. PS 78/мин, ТЖ 18/мин, АҚҚ 145/95 мм.с.б. Пульсоксиметрия 96%. Дем шығару соңында аускультативті-диффузды сырылдар. Спирометрия: FVC 65% және FEV 60%. Қандай диагноз ең ықтимал болуы мүмкін?

A. ауруханадан тыс пневмония
+ B. бронх демікпесі
C. созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
D. alpha 1-антитрипсин тапшылығы
E. гастроэзофагеальды ауру

  1. 12 жастағы бала. Шағымдары: қыжыл, кышқыл мен ауамен кекіру, төс артында ауырсыну. Қыжыл тамақтан соң, еңкейгенде, жатканда және физкультура сабақтан соң күшейеді. Объективті түрде: тілі ақшыл өңезделген, төменгі 2/2 азу тістердің кариесі. Пальпация кезінде ішінің эпигастрий аймағында шамалы ауырсынуы. ЭФГДС – өңештің төменгі үштен бір бөлігінде шырыш қабатының айқын гиперемиясы және борпылдақтығы, бірлі-жарым эрозиялар, зонд тиіскен жерінде (контакттілі) қанағыштығы. Уреазалық тест теріс. Бірінші таңдау препараты:

A. алмагель
+ B. омепразол
C. домперидон
D. фамотидин
E. сукральфат

  1. 70 жастағы еркек соңғы 6 айда аяқтарының шаншуына, тырысуға және ауырсынуға байланысты дәрігерге келді. Симптомдар 500 м артық жүргенде күшейіп, тыныштықта басылады. Анамнезінде 2 типті қант диабеті. 50 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Алкоголь ішпейді. Метформин қабылдайды. Балтыр аймағындағы дене температурасының төмендеуі. Осы науқасты емдеу кезінде қандай шара ұтымды?

A. компрессионды шұлықтар кию
+ B. антиагреганттар тағайындау
C. эндартерэктомия
D. шунттау операциясы
E. Эндокөктамырлық термиялық абляция

  1. 58 жастағы әйел сол тізе буынынының соңғы 3 ай бойы ауырсынуына таңғы уақытта 10-15 минут құрысуына шағымданып келді. Ауырсыну тұрып жұмыс істеу кезінде, баспалдақпен көтерілгенде күшейеді. Ибупрофен қабылдаған. Анамнезінде - артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия. ДСИ – 31.8 кг/м2. Қарау тексеру кезінде – буынды пальпациялауда ауырады, толық бүккенде және жазғанда крепитация. Несеп қышқылы 8,0 мг/дл. ЭТЖ 15 мм/сағ. Сол тізені визуализациялауда не

A. УДЗ - де синовиальді және шеміршек ұлпасының кальцификациясы
B. УДЗде буында сұйықтық
+C. Рентгенограммада буын кеңістігінің тарылуы бар остеофиттер
D. Рентгенограммада шеткі эрозиялар және мөлдір емес периартикулярлы жұмсақ тіндер
E. Рентгенограммада сүйектердің склероздық зақымдануы

  1. 48 жастағы ер адам дәрігердің қабылдауына келді. Күйзелістен кейін, 4 сағат бұрын жіті бас ауруы күшейіп, құлағында шу пайда болды. Қарап тексергенде: беті гиперемияланған,ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ 160/100 мм.с.б., жүрек тондары анық,ритмді. ЖСЖ-70 рет мин. Аортада 2 тонның акценті. Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты тағайындау БАРЫНША маңызды ?

A. Валсартал
B. Небетолол
+ C. Каптоприл
D. Бисопролол
E. Нитроглицерин

  1. Әйел 47 жаста, 2 апта бойы қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықты жөтел және түнгі уақыттағы ұстамалы құрғақ жөтел, дене қызуының 38°С дейін жоғарлауы мазалайды. Қарап тексергенде: ТЖ- 22 рет мин, өкпесінде қатаң тыныс, шашыранды шулы сырылдар. Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі анықталады. Қандай тактика БАРЫНША тиімді?

A. пефлоксацинмен амбулаторлы емдеу
+ B. рокситромицинмен амбулаторлы емдеу
C. күндізгі стационар жағдайында цефтриаксонмен емдеу
D. терапевтік бөлімге госпитализациялау, ровамицин
E. терапевтік бөлімге госпитализациялау, левофлоксацин

  1. 27 жастағы әйел жүктіліктің 6-7 аптасында жасанды жолмен түсік жасату мақсатында келді. Екі апта бұрын ЖРВИ, ауыр ағымымен амбулаторлы ем қабылдаған. Әйел ҚР азаматшасы және тұрақыты жұмысы бар. Оған қандай құжат берілу қажет?

+A. Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы қағазы
B. Талап етілмейтін уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы қағазы
C. Медико-қоғамдық эксперттік комиссия қорытындысы
D. Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы
E. Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама

  1. 25 жастағы қыз бала айқын ентігуге,әлсіздікке,аз физикалық жүктемеде болатын ентігуге,тобықтың ісінуіне,жүрек қағуына шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті: бозарған, тобығында ісіну. Аускультацияда: өкпесінде – төменгі бөлігінде крепитация, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында басқа жерге таралмайтын систолалық шу естіледі. ЖСЖ 110 рет мин, АҚҚ 100/70 мм.с.б. ЭКГ (фото). Қан анализінде – ЭТЖ – 25 мм/сағ. Қандай диагноз?

A. ЖРЛ (ОРЛ), ревмокардит, ҚЖ 1
+B. жедел миокардит, ҚЖ2А
C. дилятационды кардиомиопатия, ҚЖ2А
D. рестриктивті кардиомиопатия, ҚЖ 1
E. созылмалы миокардит, асқынуы

  1. Ер кісі 40 жаста, әлеуметтік жағдайы жақсы, бүйректік коликаны еске түсіретін, көп уақыт болған ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Бел аймағындағы ауру сезімі 4-аптаға жуық созылған. Қарап тексеру кезінде, УДЗ және рентгенографияны қосқанда бүйрек жағынан патология анықталған жоқ. Тағайындаған спазмолитиктерден эффект болған жоқ. Науқас өзінің болашағына алаңдаулы, ұйқысы нашар, таңертең өзін нашар сезінеді, кешке ештеңе мазаламайды. Дәрігерлер оның ауруына көңіл бөлмейді деп есептейді. Төменде аталған қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?

A. Фобиялық синдром
B. Шизофрения
C. Неврастения
+D. Маскалық депрессия
E. Анықталмаған мүше патологиясы

  1. 65 жастағы әйел адамда АҚҚ 195/110 мм.с.б.б. дейін көтеріліп кенеттен сөйлеу қабілеті бұзылды. Неврологиялық статусы: есі анық, қарашықтары D=S, мұрын еріндік қатпары тегістелген, моторлы афазия, оң жақты гемипарез, бұлшықеттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылаған, Бабинский симптом оң. Бұл симптомдар б тәуліктен аса сақталған. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?

+A. ишемиялық инсульт
B. Жедел гипертониялық энцефалопатия
C. Транзиторлы ишемиялық атака
D. Серозды менингит
E. Энцефалит

  1. Жалпы тәжірбиелік дәрігер үйге жаңа туған нәрестелерге патронаж жасауда. Дәрігер нәрестені ішімен жатқызғанда, рефлекторлы басын жанына бұрды. Бұл рефлекс өмірінің алғашқы сағаттарынан бастап айқын. Бұл рефлекс қалай аталады?

А. Рефлекс Моро.
+B. Қорғаныштық рефлексі.
C. Еңбектеу рефлексі.
D. Хоботкалық рефлекс.
E. Ұстау рефлексі.

  1. Ер кісі 64 жаста, денесінің оң жақ бүйір беткейінде түзілімнің пайда болуына шағымданады. Анамнезінде түзілімнің 4 ай бұрын байқаған. Дәрігер қарап тексергенде жұмсақ-эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, өлшемі 2,5х3,0 см, тері асты шелінің деңгейінде анық шекарасымен түзілім анықтады.Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тактикаңыз?

A. Динамикада бақылауды ұсыну
B. Түзілімге пункция жасау
+C. Алып тастау және гистологияға жолдау
D. сорып алу терапиясын тағайындау
E. Қыздыратын компресс ұсыну

  1. 17 жастағы қызда жоғары температурамен тұмау. Қарап тексергенде мазасыз, қозған, назары басқа жақта. Қоршаған ортаға ориентациясы өзгерген, өзінің қайда отырғанын білмейді. Жиі орнынан ыршып тұрып жастықтың астынан, кереуеттің астынан бір затты іздейді, төсек орынды ақтарып, қолымен керегені ұстап жәндіктерді ұстап алуға тырысады. Кей уақытта қорқып айналасына қарайды, өзімен өзі сөйлейді. Қандай тактика БАРЫНША маңызды?

А. осельтамавирмен емді бастау
B. детоксикационды терапия бастау
C. транквилизаторлардан бастау
D. психдиспансерге госпитализациялау
+E. инфекциялық ауруханаға госпитализациялау

  1. 17 жастағы жасөспірім оңға қарағанда қосарлануға, аяқтарындағы әлсіздікке, жүріс барысында шайқалуға, үздіксіз зәр тұрып қалуына шағымданады. Ай бұрын стресстен кейін аяғындағы әлсіздікке, жүрісінің шайқалуын байқаған. Неврогогиялық статус: оң көзінің жеңіл қылилығы, оңға қарағанда диплопия, скандирленген сөйлеу, төменгі спастикалық парапарез, кеуде рефлексі теріс, Ромберг қалпы тұрақсыз. Көз түбінде: көру нервінің бозаруы. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?

+A. шашыранды склероз
B. бүйірлік амиотрофиялық склероз
C. жедел шашыранды энцефаломиелит
D. сирингомиелия
E. полиомиелит

  1. 23 жасар еркек дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, бас айналу жүрек айнумен бірге, эмоционалды тұрақсыздыққа, кейде галлюцинациялардың болуына шағымданады. Осы жағдай 3 күн бойы мазалайды. Объективті: аяқ-қолдарындағы гиперкинездер, қауысу қитарлық, диплопия, гипергидроз, бұлшықет тонусының төмендеуімен жүретін жеңіл пирамидті жеткіліксіздік. Анамнезінде жиі баспа ауруы. Қай алдын-ала диагноз ең мүмкін болып табылады?

A. нейросифилис
B. нейробруцеллез
C. Гентингтон хореясы
+D. нейроревматизм
E. шашыранды склероз

  1. Жалпы тәжірбиелік дәрігер үйге шақырылды. 2 жастағы балада дене қызуының 39° дейін көтерілуімен вирусты инфекцияның клиникасы. Анасының айтуы бойынша бала жоғары температурада аяқ астынан «керілген», қолдарының бұлшық еттері кернелген, сосын «ілінген қамшы тәрізді», аузынан сілекей бөлінген, сосын ұйықтап қалған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A. Эпилептикалық талмалар
B. Нейролептикалық синдром.
C. Невроз тәрізді синдром.
D. Бас ішілік гипертензия.
+E. Фебрильды тырысулар.

  1. 15 жастағы қыз терапевт дәрігерге келді. Ол өзінде бір мәселенің бар екенін айтты - әдеттегідей емес көп және тез тамақ ішетінін, бұл жағдайды бақылай алмайтынын және жалғыздықта тамақтанады. Осындай «ашқарақтық ұстамадан» кейін көп мөлшерде іш айдайтын затты ішеді. Төменде аталған симптомдардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

+A. Булимия
B. импульсті бақылаудың бұзылысы
C. Анорексия
D. жабысқақ ойлар
E. артық бағаланған идея

  1. 37 жастағы әйел. Білек буындарының ісінуі мен ауыру сезіміне, қолында болатын әлсіздік пен қатты ауыру сезіміне, саусақтарын қыса алмау және затты ұстап тұра алмауға, кешкі уақытта болатын субфебрилитетке, тізе буындарындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданады. Хирургтың буын ішіне дипроспан салуы бірден дерлік ауыру сезімін жеңілдетті. Келесі күні әйелдің буыны қатты ісініп, қызарған. Дене температурасы көтеріліп, маза бермейтін ауыру сезімі пайда болған. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

A. Ревматоидтық артрит кезіндегі псевдосептикалық артрит
B. Жедел подагралық артрит
C. Жедел стрептококктан кейінгі артрит
+D. Стафилакокктың әсерінен пайда болған жедел іріңді артрит
E. Дипроспанды қабылдағаннан пайда болған бруцеллездік артрит

  1. 72 жасар еркек саябақта отырғышта табылған. Есін жоғалтпаған. Жедел жәрдем дәрігері қарап тексергенде оң қолындағы қозғалыстың бұзылысы мен сөйлеудің қиындауы – кенеттен басының айналғандығы болғанын түсінуге болатын бөлек сөздер айтқаны анықталды. Құспаған. Қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде: есі сақталған, әлсіз, апатиялы. Сөйлеспейді. Қарап тексергенге наразылық кейпімен қарайды. Пульсі аритмиялы, 104 рет минутына, жүрек тондары тұйық, АҚҚ 150/100 мм сын.бағ. Ауызының оң бұрышы төмендеген. Оң қолы қозғалмайды. Оң табаны сыртқа қараған. Сіңірлік рефлекстер оң жағында сол жағына қарағанда жоғары. Оң жақта Бабинский рефлексі оң. Келесі диагностикалық кезеңде қандай зерттеу жүргізілуі тиіс?

A. Электроэнцефалография
B. электрокардиография
C. жалпы қан анализі
D. қанның биохимиялық анализі
+E. магнитті-резонансты томография

  1. 8-айлық балада іштің ауруы, құсу, нәжістің болмауы шағымдары. 12 сағат бұрын баланы мантымен тамақтандырған. Пальпацияда ішінде оң жақ мықын аймағында тығыз өсінді анықталады. Аурудың БАРЫНША мүмкін себебі қандай?

A. жіңішке ішекпен жіңішке ішектің инвагинациясы
B. Вильмса ісігі
C. энтеровирусты инфекция
+D. жіңішке ішекпен тоқ ішектің инвагинациясы
E. тағамдық улану

  1. Ер кісі 45 жаста, жүрген кезде пайда болатын сол жақ табанындағы және балтырындағы ауру сезіміне шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. Бастапқыда 500 - 600 м тоқтаусыз жүре алатын еді, соңғы уақытта 50 - 60 м аспайтын болды. Күніне 30 данаға дейін шылым шегеді. Сол жақ табанын және балтырыдың тері жабындысы бозғылт, сипап қарағанда аяқтың оң жақ симметриялық аймақтарымен салыстарғанда суық. Артериальды пульсация сол жақ табанда жоқ, оң жақта – табанның сыртқы бетінде әлсіреген. Екі жақта да сан және тізе асты артерияларында артериальды пульсация анықталады. Сіздің диагнозыңыз?

+A. облитирлеуші эндоартериит
B. облитирлеуші атеросклероз
C. Лериша синдромы
D. Рейно ауруы
E. тізе асты артериясының тромбозы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет