Админист
рация
Каталогпен жұмыс
істеу
Жаңа полис түрін қосу
Жаңа каталогты қосу
Каталогты түзету
Каталогты өшіру
Акцияларды өңдеу
Жазбаны өшіру
Акциямен жұмыс
Қонақ кітапшасымен
жұмыс істеу
Сатып алушылар туралы
мәліметтер
Тауар мен жұмыс істеу
Администратор поролін
өзгерту
Полисті түзету
Полисті жою
48
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тіркелушілерді белсенді немесе
әрекетсіз ете алады. Әр қолданушымен байланыс орнатып, басқара алады.
Келесі мүмкіндіктерінің бірі «тауармен толық жұмыс істеу»
қабілеттілігі. Ондағы жаңа полистің түрін қосу, оны толық сипаттау, әр
жағдайға анықтама беру. Сақтандыру суммасына және ұшыраған оқиғаға
байланысты қорытынды ақша көлемін есептеу схемасы. Полисті түзету, яғни
полистің сипаттамасын, ондағы суреттерді, полистің құнын өзгертіп, нарық
ағымына сәйкес жаңартып отырады. Сонымен қатар полисті жою
мүмкіншілігі бар. Яғни ол уақытша полисті әрекетсіз ету немесе толығымен
жоя алады.
2.9 сурет - Қолданушы сұлба
«Каталогпен жұмыс». Яғни администратор интернет сақтандыру
жүйесінің негізі болып табылатын каталогты жүйеге келтіріп, өзгертіп, полис
түрінде ұсынады. Бұл дегеніміз программисттің мүмкіншіліктерінің бір
бөлігіне ие деген сөзді білдіреді. Оны түзету, жөндеу жүйенің
артықшылықтары мен ерекше мүмкіндіктерін қолдану арқылы іске
асырылады.
«Сатып алушылар туралы мәліметтер» бөліміне келетін болсақ, яғни
тұтынушы өзіне қажетті полисті таңдағаннан кейін өзі жайлы енгізілген бүкіл
мәліметтер мен қажетті адрестер және де төленген ақшаның жету жайлы
ақпаратын көріп, өңдей алады.
Қолданушы
Дүкен туралы
мәлімет
Іздеу
Акциялар
Прайс лист
Қонақ
кітапшасы
Полиске
тапсырыс
Каталог
Интернет
Операциялық жүйе
Мәліметтер базасы
Полис өнімдері
Полисі
Тапсырысты әзірлеу
49
«Қонақ кітапшасымен жұмыс» істеудің негізгі мәні қонақтардың веб
сайтта болған толық уақыты мен істеген іс-әрекеттерін тану болып табылады.
Осыған қарап тұтынушылардың қызығушылығын анықтауға болады.
Интернет бизнес дәстүрлі бизнес секілді маркетингтік іс-әрекеттер,
амалдар болады. Солардың бірі әр мезгілде түрлі «акциялар» ұйымдастыру.
Акцияларды құруға, өзгертуге, уақытпен шектеуге және тағы басқа амалдарға
қол жетімді. Ол акцияға қатысушы тұтынушының саны, қаржы көлемі және
уақытын басқарып отырады.
Ал енді «сатып алушылар туралы мәліметті басқаруға» келетін болсақ
ол полисті толтырған кездегі мәліметтерге, ақша төлеу түріне, банктық есеп
номеріне және полис түріне толығымен қол жетімді. Тұтынушыны полиспен
қамтамасыз еткенге дейінгі және қамтамасыз еткеннен кейінгі статустарға
толық жауапты. «Өңделуде» , «Қайтарылды», «Полис жеткізілді» статустары
қойылады.
Тұтынушы ең алдымен жеке компьютер, ұялы телефон немесе жеке
қалта компьютерін қолдану арқылы веб-сайтқа кіреді. Ең алдымен өзіне
қажетті полис түрін таңдайды. Оның ішінде өзіне тиімді нұсқасын көрсетеді.
Сипаттамалары мен міндеттемелерімен толық танысып, көңілі толса тапсырыс
береді. «Тапсырыс беру» кезінде ең алдымен өзі күнделікті қолданатын
электронды адресін енгізеді, келесі кезекте өзі жайында толық мәлімет
байланыс номерлері және де сақтандыру құнын енгізеді. Тапсырыстың соңғы
кезеңінде төлеу тәсілін таңдау арқылы сақтандыру құнын біледі.
Сенімділік болу мақсатында «компания жайлы толық мәлімет» ала
алады. Онда компанияның тарихы, байланыс номерлері, картадағы орны
бейнеленген. Тұтынушыға қолайлы болу мақсатында іздеу компоненті
қосылған. Акциялармен толық танысып, тапсырыс әзірлеуге мүмкіндігі бар.
Бұл интернет жүйесінде қонақ ретінде кірген тұтынушы сайтқа тікелей
тіркелуге немесе тапсырыс әзірлеу барысында жүйеде автомтты түрде
тіркеліне алады. Тіркелу жайлы жалпы мәлімет қолданушының жеке
электрондық почтасына жіберіледі. Тіркелінген немесе қонақ күйдегі
тұтынушыларға ерекше жасырын болған бөлімдері жоқ. Түсінбеген
мәліметтерді толық білу үшін менеджерлер бөліміне қоңырау шалып немесе
«сұрақ-жауап бөліміндегі» форманы толтыру арқылы сұрақ қоюға болады.
Егер тұтынушы өзіне қолайсыз сәтте мысалы, жұмыс орнында жүйеге кіріп,
мәліметтермен толық танысып түсінбеген жағдайда «кері қоңырау шалу»
батырмасы арқылы тапсырыс бере алады. Осылайша біз өз интернет
тұтынушыларымызға қолайлы түрде дизайн және әр компоненттерін ыңғайлы
орындарға қойдық.
Локалді компьютерде интернет сақтандыру сайтын пайдалану үшін кез
келген броузер (Microsoft - Internet Explorer ver 5.0 корпорациясының
броузерінің болуы ұсынылады) және Web-сервер (Apache ұсынылады) болуы
қажет. Ол Windows XP дистрибутивіне кіреді. Windows 95 дистрибутивіне, осы
интернет сақтандыру сайтын пайдалану мақсатына келмейтін, Internet Explorer
3.0 версиясы кіреді.
50
Компьютердің техникалық мәліметтері маңызды атрибуттар болып
табылады. Осы интернет дүкенін пайдалануға қарастырылған ең төменгі талап,
800x600/CDRom/ аз емес рұқсатымен Р 100/ram32 Mb/video 1 Mb/ SVGA
монитор болып табылады. Міндетті параметрлер – бағдарламалық қамтамасыз
етудің болуы. Internet Explorer 4.0 версиядан төмен емес.
Web - торапты қосу үшін локалдық сервер Denwer ді іске қосу қажет.
Web-броузерді (IE) қосыңыз және адрестік жолға http://localhost/denwer.kz
жазыңыз.
|