1 web-сайттың қазіргі заманғы қоғамдағы ролі



Pdf көрінісі
бет13/26
Дата28.11.2023
өлшемі3,79 Mb.
#131058
түріДипломная работа
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Sadyrbekov AUES (1)

PhpMyAdmin 
PhpMyAdmin 
PHP 
тілінде 
жазылған 
және 
MySQL 
ДҚБЖ 
администрациялау үшін арналған веб-интерфейс түріндегі ашық кодты веб-
қосымша бағдарламасы.
PhpMyAdmin браузер арқылы MySQL серверін администрациялауды 
ұйымдастырады, SQL командаларын орындауға және кестелер мен деректер 
қорының құрамын мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама веб-қараушылардың 
арасында өте әйгілі, себебі ол MySQL ДҚБЖ-ін SQL командаларын енгізбей-
ақ басқаруға мүмкіндік береді. 
Бүгінгі күні PhpMyAdmin практикада кең қолданылады. Оның себебі, 
құраушылар өз нөмірін MySQL ДҚБЖ-дегі жаңартуларды ескере отырып, 
интенсивті түрде дамытуда.
Провайдерлердің басым көпшілігі бұл қосымша программаны өздерінің 
пайдаланушыларына 
бөлінген 
деректер 
қорын 
администрациялау 
мүмкіндігінің құралдар панелі ретінде қолданылады.
Бұл қосымша программаны ойлап тапқан неміс құраушысы – Тобиас 
Ратшиллер (Tobias Ratshiller). Бұл жоба қазіргі кезде 50-ден астам тілде 
жұмыс істейді. 
2.2.3 MySQL деректер қорының сервері 
MySQL – үлестірілген мәліметтер қорының жылдам және мықты 
басқару жүйесі. Ол ақпаратты тиімді түрде сақтауға, іздеуге, сұрыптауға және 
таңдауға мүмкіндік береді. 
Артықшылықтары: 
-
Web- қосымшаларының файлдық нұсқаларына қарағанда кодтың әлде 
қайда кішігірім болуы (2-3 есе). Оның құрастыру уақытысын үнемдеп, өңдеу 
үрдісін жеңілдетеді; 
-
С тілінде жазылғандықтан МҚБЖ сұраныс процедураларының 
жоғары жылдамдығымен орындалуы. 
Кемшіліктері: 
-
қосымшаның web-сервердің және мәліметтер серверінің жұмыс істеу 
тиімділігіне тәуелділігі. Екі сервердің бірі істен шығатындығы, біреуін 
қолданғанға қарағанда мүмкіндігі жоғары; 
-
МҚБЖ қолданғанға қарағанда файлдық жүйемен жұмыс істеу әлде 
қайда жылдам іске асады. Мысалы, сұранысты жылдам өңдейтін әйгілі Google 
іздеу жүйесі файлдық жүйеге негізделген және мәліметтер қорын 
қолданбайды. 
МҚБЖ- сін қолдану 2 себепке байланысты: интернетте ақпарат пассивті 
түрде берілуі мүмкін (қолдаушы тек оқи алады) және активті түрде- 
қолданушы ақпаратты енгізіп, өңдей алады. Бұл қонақ кітапшасы, форумдар, 
чаттар, блогтар, wiki-жобалар, контентті басқару жүйесі және т.б. 


37 
Аталған жағдайда МҚБЖ-ны қолдану ерекшелігі айқын: ақпаратпен 
байланысты барлық іздеу, жазу операцияларын SQL сервер өзіне жүктейді, 
программист тек web-қосымшаның логикасын қадағалайды. MySQL 
мәліметтерге қатынау құқығын қадағалап отырады, бір уақытта құқығы бар 
қолданушылар мәліметпен жұмыс істей алады [18]. 
Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL – қолданушыға мәліметтердің жалпы 
құрылысын өзгертуге және мәліметтер базасының элементтері арасындағы 
қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 
Мәліметтерді оқу. SQL – қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер 
базасында бар мәліметтерді оқуға және оларды қолдануға мүмкіндік береді. 
Мәліметтерді өңдеу. SQL – қолданушыға немесе қосымшаға мәліметтер 
базасын өзгертуге, яғни жаңа мәліметтерді қосуға, сонымен қоса бұрыннан 
бар мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға мүмкіндік береді. 
Қатынасты басқару. SQL-дің көмегімен қолданушыға мәліметтерді 
оқуда және өзгертуде мүмкіндіктерін шектей отырып санкцияланған 
қатынастан қорғау. 
Мәліметтерді бірлесе отырып қолдану. SQL – қолданушылар арасында 
мәліметтерді бірлесе отырып пайдалануды қамтамасыз етеді. Олар бір-біріне 
кедергі келтірмес үшін параллельді түрде жұмыс істейді.
Мәліметтердің тұтастығы. SQL – мәліметтер базасының тұтастығын 
қамтамасыз ете отырып, келіспеген өзгертуден және жүйенің бас тартуынан 
қорғайды. Сондықтан SQL ДҚБЖ-мен қатынасуда ең мықта тіл болып 
табылады.
Екіншіден, SQL – бұл COBOL, FORTRAN немес С типіндегі толық 
емес компьютерлік тіл. SQL-де шарттарды тексеретін IF
операторы,
тасмалдауды ұйымдастыратын GOTО және циклдарды құратын DO немесе 
FOR операторы жоқ. SQL мәліметтер базасы тілінің астары болып табылады. 
Оның құрамына 30-ға жуық мәліметтер қорын басқаратын операторлар кіреді. 
SQL операторы базалық тілге қосымша болады. Мысалы, COBOL, FORTRAN 
немесе С және мәліметтер базасына қатынас жасауға мүмкіндік береді. 
Онымен қоса С сияқты мұндай тілдерден SQL операторын ДҚБЖ-ға анық 
түрде жіберуге болады. Ол функцияларды шақыру интерфейімен іске асады. 
Қорыта келсек, SQL – бұл С немес Pascal сияқты тілдермен 
салыстырғанда әлсіз жүйеленген тіл болып есептелінеді. SQL-дің операторы 
ағылшын сөйлемдерін елестетеді және оператордың мәніне әсер етпейтін 
сөздерден тұрады. Бірақ бұл сөздер оның оқылуын жеңілдетеді. SQL-де 
логикасы жоқ сөздер тіптен кездеспейді. Онымен қоса SQL операторларын 
жасамайтын арнайы ережелер тобы кездеседі. Олар дұрыс болғанымен 
ешқандай мәні жоқ. 
Өзінің нақты аты болмаса, SQL – реляциондық мәліметтер базасымен 
жұмыс істейтін жалғыз стандартты тіл болып есептелінеді. SQL – бұл 
айтарлықтай мықты және оқуға оңай тіл. 
SQL тілінің таралуының жылдам өсуі қазіргі компьютер өндірісінің
ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда


38 
МББЖ 
МБ 
SQL 
өтініштері 
Мәліметтер 
SQL мәліметтер базасының бірден бір жалғыз әрі негізгі тілі болып
қалыптасты. Бүгінгі күнде SQL персоналды компьютерде үлкен ЭЕМ-
дерде жұмыс істейтін жүзден астам МББЖ-нің қолдануына мүмкіндік
жасап отыр. SQL компьютердің МБ-дағы мәліметтерді өңдеу және оқу 
үшін арналған құрал- сайман. SQL – МБ-ның реляциялық түрімен жұмыс
істейді. 2.3-суретте SQL жұмысының схeмасы келтірілген. 
2.3 сурет - SQL жұмысының схeмасы 
Осы схемаға сәйкес есептеу жүйесінде маңызды ақпаратты сақтайтын
МБ бар. Егер есептеу жүйесі бизнес төңірегіне таяу болса, онда МБ-да
еңбек ақы, сату көлемі, шығарылатын бөлім және басқадай бағалы заттар
туралы ақпарат сақталуы мүмкін. Егер тұтынушы МБ-нан мәліметтерді 
оқығысы келсе, онда ол SQL көмегімен МББЖ-ге өтініш жібереді. 
Мәліметтерге өтініш жіберу және нәтиже алу процесстері МБ-на өтініш
беру деп аталады. Сондықтан, SQL – құрылымдық өтініш тілі деп аталады.
SQL қызметтері: 
1)
Мәліметтерді ұйымдастыру. SQL – тұтынушыға мәліметтерді
көрсету құрылымын өзгертуге және МБ элементтері арасындағы 
қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді; 
2)
Мәліметтерді оқу. SQL – тұтынушыға МБ-дағы мәліметтерді оқуға
және оларды пайдалануға мүмкіндік береді; 
3)
Мәліметтерді өңдеу. SQL – тұтынушыға МБ-ны өзгертуге мүмкіндік
береді. SQL өтініштері арқылы оған (МБ-на) жаңа мәліметтерді қосуға, бар
мәліметтерді жаңартуға немесе жоюға болады; 
4)
Қол жеткізуді басқару. SQL көмегі арқылы тұтынушының
мәліметтерді оқу және өзгерту мүмкіндіктерін шектеуге және оларды
рұқсат етілмеген жағдайда қол жеткізу мүмкіндіктеріне қорғауға болады; 
5)
Мәліметтерді бірлесе пайдалану. SQL – бір-біріне кедергі жасамау
үшін, бір мезгілде (параллель түрде) жұмыс істеген тұтынушылардың
мәліметтерді бірлесе пайдалануын ұйымдастыру; 
6)
Мәліметтердің бүтіндігі. SQL – МБ-ын бүтіндігін сақтай отырып, 
келісілмеген өзгертулерден немесе жүйенің істен шығуынан туындайтын
мәліметтердің бұзылуынан сақтайды.
Осылайша, SQL МББЖ-ге әсер ете алатын жеткілікті әрі қуатты тіл. 
SQL МББЖ-ның ажырамас бөлігі, әрі ол тұтынушымен МББЖ арасын


39 
байланыстыратын құрал-сайман. 2.4-суретте SQL-дің құрылымдық схемасы 
көрсетілген. 
Мұндағы 1 – пішін генераторы, 2 – есептеу генераторы, 3 – 
интерактивті өтініштер құрайтын модуль, 4 – қолданбалы программа, 5 – 
клиенттік қолданбалы программа. 
МБ-ның ядросы МББЖ-ның жүрегі тәріздес болып табылады. Ядро
дискіден мәліметтерді физикалық түрде оқылуына және мәліметтерді
дискіге жазылуына, және мәліметтерді физикалық құрылымдауға жауап
береді. Одан басқа ядро басқа есептеу жүйесінің және тұтынушылар
қосымшасынан МББЖ-нің басқа бөліктерін (генератор, т.б.) туындайтын SQL 
өтініштерін қабылдайды.
2.4 сурет - Құрылымдық схема 
2.4 - суретте көрсетілгендей SQL көп қызметтер атқарады: 
1) SQL интерактивті өтініштер тілі. Тұтынушылар экранда мәліметтерді 
көрсетуге арналған және оқуға арналған интерактивті бағдарламаларға SQL 
бұйрықтарын енгізеді. Бұл арнайы өтініштерді орындайтын ыңғайлы тәсіл. 
2) SQL – МБ-ны бағдарламалайтын тіл. МБ-ға қол жеткізу үшін
бағдарламашы өз бағдарламаларында SQL бұйрықтарын орындайды. Бұл 
тұтынушылар жазған бағдарламаларында да, мәліметтердің қызмет 
бағдарламаларында да қолданылады. 
3) SQL – МБ-н басқаратын тіл. Мини компьютерде де, үлкен ЭЕМ-де 
де МБ-н басқарушы мәліметтерге қол жеткізуді басқару үшін және МБ-ның 
құрылымын анықтау үшін SQL тілін қолданады. 
4) SQL – клиент-сервер қосымшасын жасайтын тіл. Персоналды 
компьютер бағдарламаларында SQL бірлесе пайдаланылатын мәліметтер 
сақтайтын МБ-ның серверімен бірге локальді, жергілікті торап арқылы 
байланыс ұйымдастыру үшін қолданылады. 
Басқа 
МББЖ-ге 





МБ ядросы 
МБ 
шлюзі 
МБ 
Басқа 
комп 
жүйелерге 


40 
5) SQL – мәліметтер базасын орналастыратын тіл. Орналастырылған 
МБ-н басқару жүйелерінде SQL арқылы өзара әсерлесетін бірнеше есептеу 
жүйелеріне мәліметтерді орналастыру көмектеседі. Әрбір жүйенің 
бағдарламамен қамтылуы мәліметтерге қол жеткізуге өтініштер жібере 
отырып, SQL-ді қолдану арқылы басқа жүйелермен байланыс жасау. 
6) SQL МБ-ның шлюз тәріздес тілі. Әртүрлі МББЖ бар есептеу
тораптарында біртүрлі МББЖ-мен екінші түрлі МББЖ-мен байланыстыруға
мүмкіндік беретін шлюзді бағдарламаларда SQL тілі қолданылады. 
Сондықтан, SQL адамдарға, бағдарлама және ЕЖ-де реляциялық МБ-ға 
ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін пайдалы әрі қуатты құрал-сайман.
SQL ерекшеліктері: 
-
нақты МББЖ-ден тәуелсіздігі; 
-
бір есептеу жүйесінен екіншіге ауыстыру мүмкіндігі; 
-
стандарттың бар болуы; 
-
реляциялық негіз; 
-
арнайы интерактивті өтініштер орындау мүмкіндігі; 
-
бағдарламалы түрде МБ-на қол жеткізуді қамтамасыз ету; 
-
мәліметтерді әр түрде көрсету мүмкіндігі; 
-
МБ-ның жұмыс істеуге арналған толық мәнді тіл; 
-
мәліметтерді динамикалық түрде анықтау мүмкіндігі; 
-
клиент-сервер архитектурасын қолдану мүмкіндігі. 
SQL тілінің таралуының жылдам өсуі қазіргі компьютер өндірісінің ең 
маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы бірнеше жылда SQL 
мәліметтер базасының бірден бір негізгі, әрі жалғыз тіл болып қалыптасты. 
Бүгінгі күнде SQL персоналды компьютерде де, үлкен ЭЕМ-де де жұмыс 
істейтін жүзден астам МББЖ-дің қолдауға мүмкіндік жасап отыр. SQL 
компоненттерінің мәліметтер базасындағы мәліметтерді өңдеу және оқу үшін 
арналған құрал-сайман. 
 
2.2.4 AJAX тілінің негіздері 
Қазіргі уақытта web- жобаларды жасау күннен күнге күрделене түсуде, 
осыған орай олардың іске асуы баяулауда. Және құрастырудың өзі көп 
уақытты алады. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: 
1)
Шаблондар. Қазіргі кезде web-қосымшларын құруда клиенттік және 
серверлік бөлімдерін бөліктеуге ұмтылады, сол себепті шаблондарды бірге 
қолданады. Түрлі технологияларды бір-бірімен байланыстыра пайдалану 
құрастырушының уақытын қымбатқа түсіреді. Мысалы, барлық форматау 
стильдері CSS-қа немесе XSL-ға жазылады, HTML немесе XML мәліметтері 
басқа бөлімдерде сақталады, серверлік өңдеулер үшіншісінде, мәліметтер 
қоры тағы біреуінде. Егер 5-6 жыл бұрын аталғанның барлығы бір файлда 
ұйымдастырылған болса, қазір бұл сирек кездеседі. 
2)
Бұдан 
да 
күрделі 
жобаларды 
құрастыруда 
кодтың 
құрылымданғандығы мен оқуға ыңғайлылығы талап етіледі. Программалық 
кодты беттеушінің, яғни дизайнердің кодымен араластыру қажет емес. Екі 


41 
маманның жұмысын бөліктеу қажеттілігі туындайды. Сол кезде жоба 
сапалығы жоғарылай түседі. 
3)
AJAX (Asynchronous JavaScript and XML- асинхронды JavaScript және 
XML) 
– 
web-қосымшаларының 
қолданушылар 
интерфейсінің 
интерактивтілігін ұйымдастыру әдісі. Ол браузер мен web- сервер арасында 
«фондық» режимде мәлімет алмасуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, 
мәліметтері жаңартылған web-бет толығымен қайта жүктелмейді де, web-
қосымша жылдам және ыңғайлырақ болады. AJAX – DHTML 
концепсиясының бір компоненті. 
Артықшылықтары: 
- трафиктің үнемдеуі. Бетті толығымен қайта жүктеудің орнына, тек 
өзгерген бөлікті жүктеу web-қосымшамен жұмыс істеу кезіндегі трафикті 
үнемдеуге AJAX елеулі септігін тигізуде; 
- серверге түсетін жүктеме азаяды. Мысалы, Gmail-да оқылған 
хаттарды белгілегенде, сервер тек мәліметтер қорына өзгертулер енгізіп, 
клиенттік скриптке операция сәтті орындалғандығы туралы мәлімет 
жіберіледі. Бет қайта жүктеліп клиентке берілмейді; 
- Интерфейс шапшаңдығының (реакция) жылдамдауы. Тек өзгерген 
бөлікті ғана жүктеу керек болғандықтан, қолданушы өзінің әрекеттерінің 
нәтижесін бірден көреді. 
Кемшіліктері: 
- браузердің стандартты құралдарымен интегрирленуі. Динамикалық 
құрылатын беттер браузер кірген беттер тізімінде көрінбейді, сол себепті 
кірген беттерді қайта көруге мүмкіндік беретін «Артқа» батырмасы жұмыс 
істемейді. Бірақ бұл мәселені шешетін скриптер бар. Тұрақты URL-да беттің 
контенті керекті немесе ұнаған материал жаңарып отыратындықтан 
сақталынбайды. Бұл мәселелерді фрагмент идентификаторын динамикалық 
өзгертуі арқылы шешуге болады(#-дан кейінгі URL бөлігі); 
- динамикалық жүктелетін құрылым іздеу машиналарына қол жетімсіз. 
Іздеу 
машиналары 
JavaScript-ті 
орындай 
алмайды, 
сондықтан 
құрастырушылар сайт құрамына қол жеткізетіндей альтернативті жолдарды 
ескеру керек; 
- сайт 
статистикасын жүргізудің ескі әдістері актуалдылығы 
төмендеуде. Көптеген статистиканы қызметтері AJAX-ты қолданатын 
беттерді жүрмейді; 
- браузерде әрқашан JavaScript қосулы болуы міндетті. 
Бұл технологиялардың пайда болуы мен дамуы ұйымдастырылған және 
басқаруға ыңғайлы, икемді жүйелердің шығуына септігін тигізбей қоймады. 
Бірнеше тілдерді, қызметтерді ортақ пайдаланып, дайын шаблондарға 
кигізілетін сайттардың дамуы арта түсуде. Әрбір пайда болған жаңа шешім 
жоғарыда айтылған технологиялар негізінде жасалады. 


42 
2.2.5 Content Management System (CMS) жүйесі 
CMS – бұл контентті құруды, басқару мен өңдеуді ұйымдастыратын 
және қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе немесе компьютерлік бағдарлама.
CMS жүйесінде екі қор бар. Біріншісінде (реляционды МҚБЖ) сайтта 
көрсетілген барлық мәліметтер сақталады. Екіншісінде (файлдық жүйе) 
көрсетілім элементтері – шаблондар, графикалық суреттер және т.с.с. 
сақталады. 
Қолданушыларға көрінетін сайттың сыртқы түрінен басқа екі арнайы 
жұмыс орны ұйымдастырылған.
Бірінші жұмыс орны – сайт өңдеушісі үшін арналған. Оның көмегімен 
сайт құрылымын, контент құрылымын береді, сайттың сыртқы түрін 
анықтайды, ақпарат бейнелеу шаблонын жөндейді. Бұл құрал әдетте толық 
автоматтандырылмайды. Сайтты жөндеу үшін өңдеушілер жиірек CMS 
құралдары арқылы жұмыс жасайды, ақпарат тікелей орналастырылады. 
Екінші жұмыс орны – сайт басшыларына арналған. Ол ұйым немесе 
компания қызметкерлеріне өз бетінше өңдеушілер қыhзметінсіз сайтқа 
ақпарат тапсыруға мүмкіндік береді. Тұтынушы менеджері тек арнайы жұмыс 
орны арқылы жұмыс жасай алады. 
CMS техникалық мамандар түрінде ешбір делдалсыз, ақпаратты 
қамтитын, ақпаратты қызметкер жариялайды – ақпаратты оперативті 
жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар CMS негізінде түрлі қызметтер – 
функционалды жүзеге асырылған, яғни қажет етілген функциялар CMS-та 
жүзеге асырылған және жедел қолданысқа беріледі. CMS негізінде сайт 
құруды бірнеше рет тексеруден өткен дайын модульдер пайдаланылады, 
сайттың сыртқы түрі статикалық сайттар жағдайына қарағанда, кішігірім 
шығындармен алмасады.
CMS өңдеушілері сайт құруда ақпаратты кез келген маман жүзеге асыра 
алады деген тұжырым айтса, онда арнайы визуалды өңдеу құралдарын 
пайдалана отырып, кеңсе құжаттарын ақпаратты импорттауға арналған web-
интерфейс бар екені анық. 
Сонымен қатар CMS – қосымшалар нарығында ең бақталастардың бірі. 
Әлемде мұндай қосымшалардың бірнеше мыңға жуық түрлері бар.
Бірнеше жылда web-қорлар, контентті басқару жүйелері айтарлықтай 
жетілдірілді. CMS-ты пайдалануына қарай бөлінуі: 
- порталдар – жаңалықтар мен мақалаларды жариялаудың жолын 
жайдақтататын ақпараттық қорлар үшін пайдаланылады. Құрамына дербес 
модульді CMS типтерін құрайды. Бұл кластың ең әйгілі типтері – XOOPS,
Xnuke, Xaraya, ВебZE және т.б; 
- қозғалтқыштар (SQL-сыз) - бұл CMS өңдеуде тармақтары әлсіз 
дамыған, сондықтан ақпарат құжаттарын сақтау негізінде мәлімет кестесі 
орнына түрлі мәселелер байланысқан. Бұл CMS-тың артықшылығы – контент 
модификациясы мен тегін хостингте орналасу мүмкіндігінің бар болуы. Бұл 
идеяның бірнеше тараулары бар: Cute News, Deelight CMS, Progressive, 
SAPID; 


43 
- блог. Weblog ағылшын сөзінен тараған. Орысша термині – «желілік 
күнделік» - бұл автордың жеке мақалалары орналасатын сайт. Әдетте 
мақалалар ретінде сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Бұл категорияға келесі 
CMS-тарды жатқызуға болады: bBlog, CMS MyPUPBlog, Nucleus, plog, 
pMachineFree, WordPress; 
- форумдар – бұл сайтта пікір алмасу құралы. Форумда хаттар 
пошталық хаттар сияқты өз авторы мен мазмұны бар. Бірақ хат жіберу үшін 
арнайы прогрмма қажет емес – жай ғана сайтта сәйкес форманы толтыру 
қажет. Форумның принциптік қасиеті, онда хаттар өзара байланысқан 
тредтерге (thread - жіп) біріктірілген. Форумға жауап берген жағдайда сіздің 
жауабыңыз алдыңғы шығыс хатқа байланысқан болады; 
- хостингтің Админ панелі. Бұл класқа Control PANEL (С-панель), 
Direct Admin өнімдері жатады. 
Объектілі-бағытталған мәліметтер үлгісінде негізделген жүйелер 
функционалды, иекмді болып келеді, бірақ ол күрделі.
CMS-та мәліметтер қорының желілік түрі – графтар теориясына 
сүйенеді: ақпарат құрылымы өзара байланысқан, белгіленген түйіндер түрінде 
көрсетіледі. Жүйе фундаменті ретінде мәліметтер сипатының желілік үлгісі 
көрсетілген желілік жүйесі ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі реляционды 
МҚБЖ қызмет ете алады. Реляционды кестелерде түйіндер, олардың 
атрибуттары және өзара байланыстары жайлы ақпарат сақталады. Атрибуттың 
байланыстан айырмашылығы, атрибутта – өз мәні, ал байланыста – басқа 
түйінге сілтеме сақталады. Бағытталған графтан мәліметтерді бөлу үшін 
әдетте түйіндер тізімін құрау, түйіндер атрибуттарын бас атрибут түйіні 
бойымен анықтау сияқты өңдеудің рекурсивті процедуралары пайдаланады.
Модульдер тәуелсіз және берілген типтің құжаттарымен жұмысына 
толығымен жауап береді. Модульді CMS-жүйелерінің ортақ кемшілігі, ол – 
мазмұнының модуль негізінде қатаң белгіленген құрылымды қамтуы. CMS – 
бұл хостинг-аймақта орнатылатын және екі негізгі функция атқаратын 
программа болып табылатындықтан, оның басты функциясы – мәліметтер 
қорында сақталатын, алдын ала анықталған контентпен, дизайнмен, яғни 
мәтіндермен, 
суреттермен, 
кестелермен 
және 
т.б. 
материалдарды 
құрылымдап, қолданушыларға сайт беттерін көрсету (2.5-сурет).


44 
2.5 cурет - CMS жүйесінің жұмыс істеу принципі 
Мынаны ескерген жөн, мұндай түрде сайт беттері болмайды. Жеке 
шаблондар және түрлі материалдар жиыны – мәтін, суреттер, мұрағатталған 
файлдар, MSOffice/PDF құжаттары және т.б. материалдарды құрайды. CMS 
қолданушы сұраныс жіберген жағдайда web-бет құрастырылады. Сонымен 
жағдайдан тәуелсіз, қолданушыға ешкім көрмейтін, қандай да бір уникалды 
ақпарат көрсетіледі.
Тағы бір функциясы – сайт басшысына ешбір арнайы тәжірибелерсіз 
сайтты басқаруға көмектесуге болады. 
 
2.2.7 Drupal қолдану ортасы 
CMS 
қолданушыларын 
түрлі 
топтарға 
жатқызуға 
болады. 
Қолданушылар тобы қолданушыға тиесілі құқықтарды анықтайды. Кез келген 
CMS жүйесін орнатуда бір қолданушы құрылады, ол суперадминистратор 
болып табылады. Оған «Admin» аты және орнату кезінде көрсетілген 
парольге иеленеді. 
Әрбір CMS жүйесінде қолданушылардың орнатылған тобы бар. Бұл 
келесідей топтар: 
- Super Administrator; 
- Administrator; 
- Manager; 
- Auditor; 
- Editor; 
- Publisher. 


45 
Administrator тобы Super Administrator-ға қарағанда бірнеше 
қысқартылған құқыққа ие. Бұл топқа жататын қолданушылар келесі 
құқықтарға ие: 
- Super Administrator тобының қолданушыларын қосуға және өзгертуге; 
- Global Congiguration Settings – глобальді өңдеу бөліміне кіруге; 
- массалы e-mail хаттарды жіберуге; 
- шаблонды қосуға немесе өзгертуге; 
- тілдік файлдарды қосуға/өзгертуге тыйым салынады. 
Manager тобы бойынша контентті басқару үшін құрылған. Бұл топтың 
қолданушылары сайттың админ панелінде тіркелуіне болады, бірақ: 
- басқа қолданушыларды өзгерту; 
- модульдерді орнатуға; 
- компоненттерді орнатуға; 
- супер 
администратормен көрсетілген кейбір компоненттерге 
қатынауға тыйым салынады; 
- Registered тобының қолданушылары сайтқа логин пішіні көмегімен 
кіре алады, сонымен қатар сайтқа құрылған қосымша ақпаратқа қатынай 
алады; 
- Author тобының қолданушылары өздері қосқан сайттағы контент 
ақпаратты өзгерте алады; 
- Editor тобы қолданушыларға кез келген қолданушымен құрылған 
контент ақпаратты қосуға немесе өзгертуге мүмкіндік алады; 
- Publisher тобы – кез келген контент ақпаратты жариялауға, өңдеуге 
немесе қосуға мүмкіндігі бар [13]. 
Қазіргі заманғы сапалы CMS жүйесі келесі сипаттамаларды қамтуы 
қажет: 
1) Қарапайым инсталляция. CMS-тың алғашқы эксплуатация кезеңі – 
орнату (инсталляция) кезеңі. Үдеріс максималды түрде құжатталған, 
қарапайым болу керек – мәліметтер базасын құруды немесе конфигурациялық 
құжаттарды басқарудан бастамау қажет. Бұл орнату скриптінің көмегімен 
орындалатын қарапайым процедура болу керек. 
2) Жылдам бастау. CMS жүйесін оны қолданушы пайдалана бастаған 
сәттен максималды үйрену қажет. Орнату тапсырмалары біртіндеп 
күрделенуі, қарапайым үдерістен күрделі үдеріске өтуі қажет. Сосын бірнеше 
css стильдерін қосу мүмкіндігі (нұсқа ретінде – шаблонды таңдау), және жаңа 
құжатты басқа сілтемелер мен web-беттермен байланыстыру керек. Әрі қарай 
шолу жүйесінің орнатылуы және барлық мүмкін қызметтердің қосылуы, 
функционалды блоктардың іске асуы орындалады. 
3) Сапалы құжаттау. Егер CMS жүйесін орнатуда қандай да бір 
қиындықтар туындаса, құжаттаманы оқыған абзал. 
4) Администрациялауды бөлу және құрамын басқару.Барлық ашық 
CMS жүйелері «администратор» және «қолданушы» деген түсініктерді 
айырады, бірақ қолданушы құрамды басқару және администрлеу тәртібі 
арасында өзгертулер енгізу үшін ауысу міндетті емес. CMS жүйелерінің 98% 


46 
қолданушылар – бұл өз сайтының өз жүйесін емес, құрамын басқаратын 
тұлғалар. Ал қалған 2% қолданушылар үшін әлі оңтайландырылған жүйе 
жасалынбаған. 
5) Бірегейлігі. Кез келген сайт үшін бірден алынған контентті басқару 
жүйесі сәйкес келе бермейді. Өкінішке орай барлық «қозғалтқыштар» бір 
жүйелік түрде өңделген. Жүйелер тек функционалдығымен ерекшеленуі 
мүмкін, алайда жиірек бір программалық пакет екіншісіне қатты ұқсауы 
мүмкін. 
CMS бұл жай ғана функциялар жиыны болғандықтан, оның сыртқы түрі 
әр жағдайда белгілі шаблонға сәйкес өзгеруі тиіс. CMS жүйесі кез келген 
шаблон түрімен, санымен жұмыс жасай білу қажет, ал бұл шаблондардың 
құрылымы мүмкіндігі бойынша қатаң және шектелмеген болу қажет. 
6) Қолдану икемділігі. Кеңейтілуі. CMS жүйесінің қолдану икемділігі 
әр қолданушы үшін қарапайым болу қажет. Яғни универсалды өнім барлық 
өзінің қызметімен бірдей жұмыс жасай білу қажет. 
7) Мәліметтер құрылымы. CMS жүйесі қамтылған сайтта түрлі типті 
құжаттар көрсетілуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, сайттың түрлі беттері 
құрамы бойынша ғана емес, дизайн, жіне құрылымы бойынша да түрлі болуы 
мүмкін. 
8) Қауіпсіздігі. Мұнда SQL-injection, XSS-скриптинг бойынша 
жіберілетін параметрлердің беріктілігі кіреді. Мәліметтердің резервті 
көшірілуі, және қалыпқа келтірілуін жүзеге асыру мүмкіндігі міндетті түрде 
бар. 
Бүгінгі күні кез келген сайт авторын қанағаттандыратын 800-ден астам 
модульдер мен компоненттерді табуға болады. Берілген жүйелер кішігірім 
сайттарға ғана емес, корпортивті сайттар мен ақпараттық жобалар үшін өте 
ыңғайлы. 
Интернет желісін бизнес жүргізу құралы ретінде пайдалану web-
сайттарды құруға және интернет-сайттарды өңдеу кезінде жобаларды басқару 
технологияларын қолдануға жаңа талаптарды шығарды. Осылайша, өмірге 
жобаларды басқару әдістемесінің жаңа облысы – web-жобаларды басқару 
келді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет