26
- HTML-код мәтінді логикалық тұрғыда жазады, яғни web-беттің
құрылымын береді: абзацтардың, графикалық суреттердің, жолдар мен
ұяшықтардың орналасуы мен кезегі;
- CSS стильдер кестесі мәтіндерді физикалық тұрғыда орналастырады,
яғни web-беттің көрінісін береді: абзац мәтәндері қандай қаріппен
терілетіндігі, атаулары қандай түспен көрінетіндігі, кестелердің қалыңдығын
және т.б.
Сонымен қатар, стильдерімен толтырылмаған HTML бет оқылуға
ыңғайлы. Себебі, HTML бетте бір уақытта web-беттерді (форматтаудың)
өңдеудің логикалық және физикалық тегтері болады. Қаріпті қоюл+0атып
ерекшелейтін
және тегтері, сонымен қатар курсивті және
тегтері бар. Бірақ және физикалық өңдеу тегтері мәтінді тек
ерекшелеп қояды (сондықтан олар ескірген және қолданылмайтын тегтер
қатарына жатқызылады), ал және логикалық өңдеу тегтері тек
ерекшелеп қана қоймай, мәтінге маңыздылық дәрежесін береді. Егер web-
бетті мүмкіндігі шектеулі адамдар арнайы браузер арқылы оған дауыстап
оқып берсе, және тегтер арасындағы сөздерге өзге интонация
беріледі.
Flash
.
Flash бір уақытта бағдарлама (Flash, Adobe Inc.) және файлдық
формат
(.swf
кеңейтілімде).Adobe
Flash-
Adobe
компаниясының
мультимедиялық платформасы. Ол мультимедиялық презентацияларды,
web
-
беттерді, жарнамалық баннерлерді, анимациялық ойындарды,
web
- беттерде
водео және аудио жазбаларды ойнауда қолданылады. Adobe Flash векторлы,
растрлы және үш өлшемді графикалық суреттермен жұмыс жасайды.
Компиляцияланған flash файлдар .swf кеңейтілімімен сақталады. Flash
файлында видеороликтер .flv кеңейтілімінде болады да, ал swf роликтер тек
контейнер рөлін атқарады. Файлдық жұмыс форматы .fla кеңейтіліміне сәйкес
келеді.
Flash ерекшеліктері:
- платформалық тәуелсіздік, яғни flash арқылы құрылған сайттар түрлі
операциялық жүйелер мен браузерлерде бірдей көрінеді;
- үлестірілген және дизайнерлерге үлкен көлемді құралдардың берілуі;
- дұрыс жасалынған flash сайттар аз орын алып, тез жүктеледі;
Flash кемшіліктері:
- интернет
пайдаланушылардың flash ойнатқыштарын жаңарту
ниеттерінің болмауы, сол себепті жаңа flash модульдері жұмыс істемейді;
- интерфейсі мен стандартталуының қиындығы;
-ұзақ жүктелуі – графикалық объектілердің көлемді болуына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: