1 web-сайттың қазіргі заманғы қоғамдағы ролі



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата28.11.2023
өлшемі3,79 Mb.
#131058
түріДипломная работа
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Sadyrbekov AUES (1)

 
2.2
 
Сайтты құру құралдары 
Интернеттің дамуына орай жасалынған web-беттердің бет-бейнесі 
өзгере түсуде. Бастапқыда HTML беттер тек белгілі бір ақпаратты бере отыра, 
ешқандай қосымша қызметтерді атқармайтын. Бірте-бірте сұраныстар 
күрделене түсті, енді сайтты құруда тек HTML тілін білу жеткіліксіз. Түрлі 
технологиялар икемді сайт жасауға ықпалын тигізеді. Қазіргі заманауи 
сайттарды құру үшін: HTML, CSS, JavaScript (немесе VBScript), Flash, PHP 
(немесе Perl) және MySQL реляциялық мәліметтер қоры пайдаланылады. 
Технологиялардың қолданысқа енуіне байланысты web-сайттардың оңтайлы 
өзгеруін байқауға болады (2.2-сурет).


25 
2.2 cурет - Web-технологиялардың қолданысқа енуі 
Клиенттік орта (браузер, мысалы Opera) бағдарламаның сыртқы келбеті 
(бір бөлігі) болады. Осы ортада HTML беттер мен қызмет көрсету сеанстары, 
ағымдағы сессиялар көрсетіледі. Бетте орналасқан нысандар терезелерді, 
оқиғаларды және HTML беттерін (манипуляциялауға) басқаруға мүмкіндігі 
болуы міндетті. Ол үшін JavaScript клиенттік тілі керек. 
Сервермен жұмыс істеуде PHP тілі (немесе Perl) және MySQL 
мәліметтер қоры қажет. 
HTML. 
HTML- бұл бағдарламалау да, құжаттарды басқару тілі де емес. 
Бұл ең алдымен гипермәтінді белгілеу тілі. Оның басты мақсаты- мәтінді 
орналастыру, құрылымын тегтер арқылы сипаттау: параграф, цитата, тізім, 
бөлім. 
HTML тілінде көптеген құрамдас элементтері бар. Олар құжатты кез 
келген қалау бойынша безендіруге көмектеседі. Браузердің үнсіздік кейпіндегі 
қаріп стильдерінің көрінісі ұнамаса, қосымша тегтер арқылы оңай өзгертуге 
болады. Егер бұл да көңілден шықпаса CSS стильдер кестесін пайдалануға 
болады. 
XHTML

XHTML тілі XML және HTML тілдерінің қоспасы, біртіндеп 
HTML-ды ығыстырып келеді. 
CSS

CSS (Cascading Style Sheets) – каскадты стильдер кестесінің тілі. Ол 
web-беттердің мүмкіндіктерін арттыру үшін құрастырылған. 
Web - құрастырушыларға беттің сырт келбетін жақсартуға мүмкіндік 
береді (қаріптер, түстер, шегіністер, орналасуы, т.б.). CSS құжаттың негізгі 
ішкі құрылымын (мысалы, HTML тілінде жазылған) және оны безендіруінен 
(CSS-те жазылғанынан) айыру үшін жасалған. Мұндай әрекет құжаттың 
сырты көрінісі мен қайталанатын элементтерін безендіруге септігін тигізеді. 
HTML мен CSS-ті пайдаланғанда келесілерді ескеру қажет: 


26 
- HTML-код мәтінді логикалық тұрғыда жазады, яғни web-беттің 
құрылымын береді: абзацтардың, графикалық суреттердің, жолдар мен 
ұяшықтардың орналасуы мен кезегі; 
- CSS стильдер кестесі мәтіндерді физикалық тұрғыда орналастырады, 
яғни web-беттің көрінісін береді: абзац мәтәндері қандай қаріппен 
терілетіндігі, атаулары қандай түспен көрінетіндігі, кестелердің қалыңдығын 
және т.б. 
Сонымен қатар, стильдерімен толтырылмаған HTML бет оқылуға 
ыңғайлы. Себебі, HTML бетте бір уақытта web-беттерді (форматтаудың) 
өңдеудің логикалық және физикалық тегтері болады. Қаріпті қоюл+0атып 
ерекшелейтін және тегтері, сонымен қатар курсивті және
тегтері бар. Бірақ және физикалық өңдеу тегтері мәтінді тек 
ерекшелеп қояды (сондықтан олар ескірген және қолданылмайтын тегтер 
қатарына жатқызылады), ал  және  логикалық өңдеу тегтері тек 
ерекшелеп қана қоймай, мәтінге маңыздылық дәрежесін береді. Егер web-
бетті мүмкіндігі шектеулі адамдар арнайы браузер арқылы оған дауыстап 
оқып берсе, және тегтер арасындағы сөздерге өзге интонация 
беріледі. 
Flash

Flash бір уақытта бағдарлама (Flash, Adobe Inc.) және файлдық 
формат 
(.swf 
кеңейтілімде).Adobe 
Flash- 
Adobe 
компаниясының 
мультимедиялық платформасы. Ол мультимедиялық презентацияларды, 
web

беттерді, жарнамалық баннерлерді, анимациялық ойындарды, 
web
- беттерде 
водео және аудио жазбаларды ойнауда қолданылады. Adobe Flash векторлы, 
растрлы және үш өлшемді графикалық суреттермен жұмыс жасайды. 
Компиляцияланған flash файлдар .swf кеңейтілімімен сақталады. Flash 
файлында видеороликтер .flv кеңейтілімінде болады да, ал swf роликтер тек 
контейнер рөлін атқарады. Файлдық жұмыс форматы .fla кеңейтіліміне сәйкес 
келеді. 
Flash ерекшеліктері: 
- платформалық тәуелсіздік, яғни flash арқылы құрылған сайттар түрлі 
операциялық жүйелер мен браузерлерде бірдей көрінеді; 
- үлестірілген және дизайнерлерге үлкен көлемді құралдардың берілуі; 
- дұрыс жасалынған flash сайттар аз орын алып, тез жүктеледі; 
Flash кемшіліктері: 
- интернет 
пайдаланушылардың flash ойнатқыштарын жаңарту 
ниеттерінің болмауы, сол себепті жаңа flash модульдері жұмыс істемейді; 
- интерфейсі мен стандартталуының қиындығы; 
-ұзақ жүктелуі – графикалық объектілердің көлемді болуына 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет