1 Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Қарахан ата туралы баяндаңыз



бет16/47
Дата11.02.2023
өлшемі203,3 Kb.
#67111
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
47

Қарахан ата туралы баяндаңыз



Тараз қаласының орталық бөлігінде, Төле би және Байзақ батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. Кесене ортағасырлық Тараз аумағында құрылған қасиетті-мемориалды кешенеге жатады.
Қарахан кесенесі өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның құрылысы Айша бибі мен Бабджа қатын кесенесімен тікелей байланысты. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан.

48







49

Есім хан туралы баяндаңыз



Сәмеке ханның кіші ұлы Тәуке ханның немересі Есім хан – XVIII ғасырдың екінші жартысында билік құрған қазақ хандарының бірі. Есім Сәмекеұлының туған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Оның ұлдарының арасында тарихта есімдері белгілілері Шаңхай, Айшуақ, Қодайменде сұлтандар. Ол 1756–1798 жылдары билік құрды. Түркістан айналасындағы шағын елдімекендер және осылардың айналасындағы көшпелі қазақ ауылдары басшыларының қолдауымен Әбілмәмбет ханға қарсы әрекет ретінде хан етіп сайланған. XVIII ғасырдың 50–60 жылдары Әбілмәмбет ханмен Түркістан үшін таласып 1758 жылы күзде өз қарсыласын қалаға кіргізбейді. 1762 жылы Абылай сұлтанмен Орта жүздің әйгілі биі Қаз дауысты Қазыбектің ара-ағайындығы арасында бәсекелес жақтар арасында келісім жасалып Түркістан қаласы мен оның аймағындағы басқа да қалашықтарға Әбілмәмбет пен Есімнің билігі жүретін болды. Бейбіт келісімге сай екі ханға Түркістан қаласы және оған қарасты елдімекендер екіге бөлініп берілді. Түркістан қаласының бір бөлігі белгілі бір қақпаларымен және осы бағытта орналасқан елдімекендер Әбілмәмбет ханға тиесілі болды. Қаланың екінші бөлігі және оған тиесілі қақпалар, сыртқы қалашықтар Есімге қарады. Әбілмәмбет 1769 жылы қайтыс болған соң, оның бөлігін баласы Болат иеленгенде Есім Түркістан қаласын сонымен бөлісіп басқарды (Қазақ хандары, 2015: 176). 1798 жылы Ташкент билеушісі Жүнісқожаның Оңтүстік Қазақстан аймағын өзіне бағындыруына орай Есім ханның Түркістан қаласы мен оның айналасындағы отырықшы елдімекендерге жүргізген билігі тоқтайды (История Казахстана в русских источниках, 2005: 161).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет