1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылды.
29
Кесенедегі шырағдандар туралы баяндаңыз?
ожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға тартылған қола шырағдандар ХIV ғасырдан сақталған құнды жәдігерлер болып табылады. ХХ ғасырдың басында кесенеде Әмір Темір бұйрығымен ̒Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани жасаған 6 шырағдан сақтаулы тұрған. 1905 жылы кесене ішінен ұрланған шырағданның бөліктері қазір Францияның Париж қаласындағы Лувр музейінде сақтаулы тұр. 1935 жылы кесенедегі екі шырағдан және үшіншісінің төменгі бөлігі Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитаж музейіне жіберілген. Қола шырағдандардағы өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулары бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы 17 маусымда Исфағандық Тадж-ет-Диннің баласы Из-ет-Дин шебердің жасағандығын баяндайды.
30
Кесенедегі есіктер туралы не білесіз?
Жамағатхана (Қазандық) бөлмесіне кіретін басты «Қақпа» есігінің көлемі — 3,7х2,1 метр. Сыртқы бетіндегі өрнегі бедерлі белдеумен үш бөлікке бөлінген.
Есіктің бетінде мынадай жазулар бар:
«Барлық жағдайда да Алла Тағалаға мадақ болсын! Барлық жағдайда да Алла Тағалаға шүкіршілік болсын!».
«Әулиелердің есігі-бақыттың кені, әулиелерді жақсы көру — бақыттың кілті».
«Астанаңдағы (қасиетті табалдырығыңдағы) қызметші дәулетті болғай!».
Есіктің орта бөлігінде қағуға арналған балғаша орналасқан. Екі қола алқа мен тік төрт бұрышты тақташаларда хадис, Сағдидің «Гүлстан» жырынан үзінді және шебердің есімі таңбаланған.