Темірбай Алмас Қажыбайұлы мен Жүніс Ерлан Төсбайұлы өлеңдерін салыстыра қарағанда байқағанымыз – осы екі ақынның өлеңдерін туыстастырып тұрған - адамдарға уақыттың қадірін білдіру. Уақыт - қащан да адам баласы үшін қымбат ұғым. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз.Уақытты үнемдей білу үшін оны қадірлей білу ләзім. Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін білу, ауырмай турып денсаулықтың қадірін білу. Адам өз өміріндегі талай белестер мен асуларды бағындыра алады. Ол үшін уақытын ұтымды пайданала алуы керек.