Заң психологиясының өзіндік категориялар жүйесі бар. Бірнеше бөлімдерін ажырата аламыз: методологиялық бөлім – заң психологиясы мен даму тарихымен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.
құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі- құқық негіздерін жүзеге асыруды; жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді.
криминалдық психология (қылмыстық) қылмыскердің жекебасының психикалық ерекшеліктерін; қылмыстық тәртіптің мотивін; басқа қылымстардың мотивін зерттейді.
ізденістік –оперативтік психология – заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зерттеу әшкерелудің психологиялық аспектілерін зерттейді.
соттық талдау мен соттық экспертиза мәселелеріндегі Сот психологиясы психологиялық аспектілерін зерттейді.
әрекетті түзету психологиясы- заң психологиясының бөлімі. Қылмыстық жазалаудың психикалық тиімдіжолдарын; қылмысты жазалауды өтеу мәселелері; айыпталғандардың психикасы мен жазаны өтеу орындарындағы психикалық негіздерді зерттейді.
Заң психологиясының салалары. Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеупәні бар. Заң психологиясында адамның құқықтық реттеулогикасына сай келетін меншікті категориялар бар. Ол бес бөлімнене тұрады, әрбір бөлімнің қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.
Құқықтық психология-құқықты мінез-құлықтың әлеуметік реттеуші, тиімдізаң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктері. Құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясынқарастырады
Қылмыстық психология-қылымыстық мінезқұлықтың таралуынапсихологиялық факторлардың ролінің мәселесін, жекебастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жекебасы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивтіжәне жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.