1 заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді



Дата06.04.2022
өлшемі17,5 Kb.
#30101
Байланысты:
Жарғы


Жарғы
Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін сондай – ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым – қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы.

Жарғы


1) заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі. Жарғы заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, ішкі басқарылуын, құрылымын, қаржыландырылуын, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін және өзге заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайды.

2) заңмен және басқадай құқықтық актімен белгіленген ережелер жинағы. Ол белгілі бір сала бойынша мемл. басқару органдары мен шаруашылық саласындағы заңды тұлғалардың міндеттері мен құқықтарын белгілейді (мысалы, белгілі бір сала қызметкерлерінің тәртібі туралы Жарғы;

3) мемлекеттің Қарулы Күштері құрамалары мен бөлімдеріндегі ішкі тәртіп ережелері мен әскери іс-қимыл жүргізу ретін айқындайтын құжаттардың жалпылама атауы (қ. Әскери жарғы);

4) Ресей империясының қазақ даласын әкімш. тұрғыдан басқаруға арналған құқықтық ережелерінің жалпылама атауы. Мысалы, “Сібір қазақтары туралы жарғы” (1822) Орта жүзде хандық билікті жойып, әкімшілік басқару жүйесін Ресей үкіметінің басқаруына тікелей көшірді.

Жарғы — дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі “иар” (“жар”) сөзінен шыққан. Мағынасы — әмір, әмір беру, билік айту. Ал “Кодекс Куманикусте” бұл сөз — jar түрінде жазылған, мәні — шешім, берілген әмір. Қазақ хандығын билеген Тәуке хан заманында ұлы билер Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысуымен ел ішіндегі құқықтық қарым-қатынастарды реттейтін заңдар жинағы — “Жеті жарғы” құрастырылды. Жарғы, негізінен, хан тарапынан бекітілген шешім болғандықтан, ол бүкіл хандық аумағында орындалуға тиіс болды. “ Жарғы ” термині қазіргі кезде “устав” сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр.

Жарғы-күрделі құжат. Оның құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша белгіленеді.

Мемлекет заңына сәйкес жарғы мен құрылтай шарты, құрылтай құжаттары болып танылады. Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары ретінде міндетті нотариалық куәландырады, талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

Екі құжат мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият өңделуі тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Жарғы жазылғаннан кейін басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын құрылтайшылар жиналыста қабылдайды және бекітеді.

Жарғылар типтік сипаттағы және дара сипаттағы жарғы болып екіге бөлінеді.

Мемлекеттік ұйымдардың жарғыларын жоғары тұрған мемлекеттік органдар бекітеді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың жарғыларын жергілікті атқару органдары бекітеді. Мемлекеттік емес ұйымдардың жарғыларын сол ұйымның иелері, ұжымы бекітеді. Жарғыны бекіту оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізбес бұрын сол ұйым иелері немесе ұжымы тарапынан жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестікер жарғыларын сол бірлестіктердің құрылтайлары бекітеді. Заң құжаттары; жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы, қажетті деректемелер, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір – біріне ұқсас келеді.

Жарғының деректемелері:


  1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.

  2. Мемлекеттік тіркеу белгісі.

  3. Мәтіннің атауы.

  4. Жарғының мәтіні.

  5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.

Жарғылық қор — заңды тұлғаның жарғысында көрсетілетін қаражат көлемі. Оның ең төмемгі мөлшері тиісті заң актілерімен белгіленеді. Жарғылық қордың сомасына үлес қосушы жеке және заңды тұлғалар акцияға жазылған кезде жарғылық капиталдың жалпы сомасын бірден төлей алмауы да мүмкін. Мысалы, құнды қағаздардың белгілі бір көлемі тиісті заңға сай біртіндеп төленеді. Нарықтық экономикада Жарғылық қорды акционерлік капитал деп те атайды. Жарғылық қор— кәсіпорын жарғысымен анықталатын және, негізінен, акцияларды сату түсімдерінен (акционерлік қоғамдарда) немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың салымдарынан (шаруашылық серіктестіктерінің барлық түрлерінде) қалыптасатын кәсіпорын капиталының бастапқы мөлшері. Жарғылық қорға аударылған қаржы мөлшері жаңадан құрылған кәсіпорын қызметінің бастамасын қамтамасыз етуі тиіс. Жарғылық қорды қалыптастыру үшін өз үлесін қосқан заңды не жеке тұлға салынған қаражатқа сәйкес акция қағазын алуы керек. Жарғылық қорға үлес қосушы барлық тұлғалар жаңадан құрылған компанияның меншігіне өздерінің қосқан үлестерінің көлеміне қарай иелік ете алады. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен кезде оның Жарғылық қоры құрылтай құжаттарында көрініс табады. Жарғылық қорға салымдар есебінде ақша қаржылары, материалдық емес активтер, негізгі құралдар, жерді пайдалану құқығы және басқа да активтер қабылданады. Құрылтайшылар (қатысушылар) осы салымдар ауқымында кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауап береді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жарғылық қордың шамасы реттелініп отырады. Жарғылық қор шаруашылық жүргізуші субъектілер балансында оқшау есептеледі.

Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес, түрлі қуқықтық ө ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз,, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тірлеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:



  • Тіркеу туралы арыз;

  • Құрылтайшылар бекіткен жарғы;

  • Құрылтай шарты (құрылтайшы біреуден көп болса);

  • Құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама ( ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдама керек болады);

  • Санақ карточкасы;

  • Егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;

  • Заңды тұлғаның мекен - жайын растайтын құжат;

  • Тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.

  • Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалған болуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарпынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескеретін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді. Жарғының негізгі деректемесі - мәтін - ол саны мен рет тәртібі қатан белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер берілуі тиіс:

  • жалпы ережелер: ұйымдық - құқықтық нысаны, атауы,мекен – жайы;

  • қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық және делдалдық қызмет т.б.);

  • серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі;

  • мүлкі, қорлары,табысы;

  • басқару және бақылау органдары;

  • жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер;

  • есепке алу және есеп беру; дауларды шешу қызметін тоқтату.

Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса,жарғы бас ұйымның бланкісіне толтырылып, «Келісілді» деген арнайы белгі қойылады .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет