Кіріспе қазақстан республикасының банк жүйесі



Дата05.04.2022
өлшемі449,5 Kb.
#29941



МАЗМҰНЫ:


КІРІСПЕ ……………………………………………………................…3-8

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі ……………………......8-21

1.2 Банктік несиелеуді құқықтық реттеу ………………………....…21-26

1.3 Шетелдік банктік қызметінің тәжрибелері …………………...…26-29
2 БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Банк ісін құқықтық ұйымдастыру …………………………....….30-41

2.2 Банк қызметін қадағалау және бақылау ……………………...…41-49

2.3 2004-2006 жж. Банктік есептеу және

есеп беруді талқылау …………………………………………......49-55


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
3.1 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары ……....……56-69

3.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері

және оны құқықтық түрде ұйымдастыруы ………………....….69-82
ҚОРТЫНДЫ …………………………………………………….....…..83-88

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………….......… 89-94

КІРІСПЕ

Банк қызметiн жүзеге асыруға құқылғы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi. Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы: а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң; б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.  Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi. 


Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым – уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:

а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;


б) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк қызметіне аудитті жүзеге асыруға;

в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай не банк қызметіне аудит жүргiзетiндей әсер қалдыратын сөздi (ұйымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.


Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады. Банкiлер мемлекеттi мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.  Мемлекет өзiнiң мемлекеттiк банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттiк банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.  

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі әсер етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардыңжалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы. Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналамының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді. Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субьектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді. Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін. Жоғарыда түсіндіргенімдей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі. Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылық қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жуйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке, меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді. Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады. Мұндағы басты міндеттерінің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдану.


1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ

ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



1.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор. Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категория мәселелеріне банктердің «сапасыз» (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршен (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді. Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады. 1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың І тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің – 11,3% –ын құраса, ал ІV тоқсанда – 29,8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың І тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы – 6,7%-ды құраса, ІV тоқсанда – 17,8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады. 1993 жылы Ұлттық банктен 7,5 милиард теңге сомасында орталықтандырылған несие берілді, 5,6 милиард теңгесі – үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 милион теңгеге немесе 3,9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылады. Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор – бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді. Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін жоғарылағанда, ал инфляция 1000%-ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға қоймады. Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді. Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіруі – мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады. 1993 жылдың қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершіәлік жүктелді. Ұлттық валютаның енгізілуі сәтіне бастап, 1995 жылға дейін орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 жылы 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 жылға арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды. Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:

  • Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай-несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банктің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді;

  • Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;

  • Банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;

  • Республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;

  • Шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында төлемдердің қауіпсіз, уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;

  • Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.

Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды. Ең алдымен ақша-несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті. Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 жылдың қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субьектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден қойды, оларға: банктердің өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады. 1995 жылдың І жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге берілсе, екінші жартысында операциялардың барлық ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың екінші нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығы дамыды.

Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Барлық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару жолымен ақша массасының өсімін стерилизациялап отырды. 1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995 жылы айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1млрд теңгені құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер – 0,8 млрд теңге көлемінде айналысқа шығарылды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4 млрд теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар – 2,2 млрд теңгені құраған. 1995 жылы алтын валюталық резервтерді басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылы сәуірде Ұлттық банктің басқармасы алтын валюта резервтерін басқару тұжырымдамасын бекітті.

Ұлттық банк алтын валюта резервтерін көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргізді. Сонымен қатар әр түрлі елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен операциялар жүргізді. Мұндай ақша-несие саясатын жүргізу нәтижесі 1995 жылы монетарлық бағдарламаға жүктелген параметрлер негізінен орындалды. Ол инфляцияның орташа айлық қарқынын (1994ж.) 24,1%-дан (1995ж.) 4,8%-ға дейін төмендетуге әкелді, әрі шетел валюталары бойынша теңгенің бағамы тұрақтанды. Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты экономикалық тұрақтануына жақсы жағдай туғызды. Жалпы ішкі өнімнің құлдырауы (1994ж. 23,7%) 9%-ға дейін төмендеді. 1997 жылмен салыстырғанда экономикалық бірқатар салаларда өндірістің өсуі байқалды.

Сауда балансының қалдығын жақсарту тенденциялары анықталды. Ұлттық банк тәжірибеге жаңа шоттар жоспарын біртұтас баланс пен негізгі және көмекші бухгалтерия бойынша нормативті құжаттар, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесіндегі қажетті бухгалтерлік және статистикалық есеп беруді еңгізді. 1995 жылы екінші деңгейдегі банктер жүйесінде өзгерістер болды. Банктерді тарату немесе біріктіру процесі жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюі әсер етті. Нәтижесінде бір жыл ішінде банктердің саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ, олардың құрылымы да өзгерді. Мемлекетаралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейін), шетелдік және бірлескен банктердің саны (6-дан 7-ге дейін) өсті. 1995 жылы Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасын жүзеге асыру орта мерзімді бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды. Оның мақсаты мен міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздің орталық банк ретінде атқарған қызметі кезінде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің дамуы барысында мынадай қызметтер атқарды: 1. Ақша-несиелік реттеуді тереңдету.

Ол үшін: банк беретін қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен де, бағалы қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша-несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану. Республикамыздағы директивті несиелерді беру жөніндегі жинақталған тәжірибе көрсеткендей, оның қайтарылуы 24%-ды құрағаны белгілі, сондықтан келесіде мұндай несиелерді беру көзделмейді. Бұл тұрғыда орталықтандырылған несиелер тек банктердің қысқа мерзімді өтімділігіндегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана несиелік ресурстар аукциондары, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, «репо» операциялары және вексельдерді қайта есепке алу арқылы берілетін болады.

Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін теңгенің валюталық бағамына және экономиканың бәсекелестік қабілеттілігіне, баға деңгейінің өзгеруі мен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайын. Орта мерзімді уақыт аралығында алтын валюта резервтерін басқару жөніндегі жасалған тұжырымдама негізінде оларды әртараптандырылған басқаруға көшуі байқалды, яғни стратегиялық инвестициялық порфель мен тиімділіктің тактикалық портфельдерін құруды білдіреді. Стратегиялық портфельдің құрамы Ұлттық банктің орта мерзімді (3 айдан 3 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (3-10 жылға дейін) міндеттемелерімен анықталады.

Банк қызметін реттеу қағидалары мен банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсарту. Ұлттық банктің Қазақстандік банктерге қоятын талаптары банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарына сай келтірілген болады. Ондай халықаралық танылған стандарттарды қолдану банктердің капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге бейімделуіне нақты баға береді, ал бұл өз кезегінде банктердің акционерлері мен жетекшілік және екінші деңгейдегі банктермен қарым-қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда негізделген шешімдер қабылдануына мүмкіндік беріледі.

Банк жүйесінің бухгалтерлік есебі мен статистикасын реформалауды аяқтау. 1995 жылы орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасының банктері мен басқа да несиелік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен есп беру жөніндегі біртұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есептің реформалануы аяқталды.

Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқарламаларының мақсаттары. Орта мерзімдік кезеңде банктің облыстық (аумақтық) басқарламаларына айрықша мән беріледі. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық банктің облыстық басқармалары арқылы жүзеге асырылады. Облыстық басқарламалар қарыз алушы банкке орталықтандырылған несиелік ресурстарды жеткізу – олардың мақсатты пайдалануына бақылау жүргізуді жүзеге асыруды қоса алғанда, бекітілген жоспарлы шаралар негізінде облыс аумағы бойынша Ұлттық банктің ақша несие саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Ұлттық банктің облыстық басқарламалары төлем жүйесін жетілдіру жөнінде күрделі жауапты міндеттемелерді шешетін болады.

Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерізтері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі – ломбардтар, несиелік бірлестіктер, трасталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, клиринтік палаталар, тағы басқа түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады.

Ұлттық банк еліміздің қаржылық нарықтарының дамуына қатысуы. Несиелік нарық. Нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар мен операциялардың әрдайым өсу тенденциясын және бюджет тапшылығын тікелей несиелеу аясының қысқаруын ескере отырып, Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктердің несиеге деген қысқа мерзімді қажеттілігін өтеуге баса назар аударады. Банкаралық ақша нарығы. Банктерді капиталдандырудың күшеюі, Ұлттық банктің несие беру мүмкіндігінің азаюыжәне онкольдық қарыздар нарығындағы банктердің қызметін реттейтін ережелерді бекіту – банкаралық ақша нарығында операциялардың көбеюі мен белсенділік танытуына әкелді. Валюталық нарық. Биржадан тыс валюталық нарықтың белсенді дамуын ескергенде атаулы айырбас бағамы белгілі бір шамада нарықтық жағдайлармен анықталады. Қымбат металдар нарығы. 1995 жылы қымбат металдармен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарын қабылдауға байланысты республикамызда бұл қатынастарды мемлекеттік монополиядан мемлекеттік реттеуге көшу жүзеге асырыла бастады.

Төлем жүйесінің жетілдірілуі. Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жетілдірілуі мен дамуы – Ұлттық банк пен Халықаралық валюталық қор және Дүниежүзілік банктің бірігіп анықтаған стратегиясымен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіне жатады. Ұлттық банк өзінің құзіреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық банктің реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның даму банкін қоспағанда, өзге банкілердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Шетелдер қатысушы банк – орналастырылған акцияларының үштен біріне астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерінің үштен бірінен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының иелігінде, меншігінде және басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің – заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің не заңды тұлғалардың қаражаттарына билік етушілер (сенім білдірілген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің иелігінде, меншігінде және басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.



Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз берушіге жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады. Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады. Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін. К.Маркс келесідей «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі. Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады. Экономиканы басқару процесінде банктер негізіне басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды. Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функцоиналдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтаноның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі. Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады.Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және тағы басқаны білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда.Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады. Қоғамда белгілі бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер бар. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық рөлі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік әдістердің орнын – экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі. Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі рөлі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты – несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз – төл теңгемізді еңгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыны 1994 жылы шілде айында 46% жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға) төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5%-ға, қыркүйекте – 10,9%-ға тең болды. Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы пайыздық мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады. Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.
1.2 Банктік несиелеуді құқықтық реттеу

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі әсер етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардыңжалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін арқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған. Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылындырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды құраған. Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналамының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субьектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін. Жоғарыда түсіндіргенімдей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі. Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді.

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне – шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылық қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жуйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері. Экономиканың әр бір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәкес келеді. Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егерде несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:



  • Орталық (эмиссиялық) банк;

  • Коммециялық банктер;

  • Мамандандырылған несиелік мекемелер (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және тағы басқалары).

Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады. Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк. Сондай-ақ кез-келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай ақ үкімет ұйымдары жатады. Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әртүрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез-келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады. Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала берді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.Мамандандырылған несие мекемелері нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді. Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады. Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды. Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады. Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге «банк» және «банктік қызмет» ұғымын білу қажет.
1.3 Шетелдік банктік қызметтерінің тәжірибелері.
Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және басқа елдердің банктер туралы заңдарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда – саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және тағы басқа заңмен тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады. Кез-келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса «банк» деп аталуға тиіс емес. Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді. Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 жылы жүзеге асырылған.(1;130бет) Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы – 15%-ға дейін төмендейді. Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды. 1995 жылы банктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айыппұл санкциялары қолданылды. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады. АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің федералды резерв жүйесінің басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді. Федералды резерв жүйесі экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі төмендетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандыруға тырысты. Керісінше, 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді тежеу мақсатында федералды резервтер жүйесі міндетті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды. Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады. Несие операциялары Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы министрлер кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Директивті несиелердің айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд теңгеден 1994 жылы 1,8 млрд теңгесі ғана қайтарылды. Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты. Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды – бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешугу мүмкіндік береді. Үкіметтің несиелеу көлемі әр қашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эмиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады. Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционын өткізгенде Қаржы министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,5-2,3 миллион теңгеден, 1994 жылы желтоқсан айында – 171,7 миллион, ал 1996 жылдың маусымында – 3 млрд теңгеге дейін көтерді. Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға дейін берілді. 1995 жылғы қаржы жаналығының – Банкаралық қаржы палатасы ұйымдастырған банкаралық несиелерді сату болды. 1995 жылы Ұлттық банк арқылы ломбардтық негізінде несие беру тәжірибесі басталды. Аталған несиелердің көлемі үлкен емес, бұлай болуы олардың экономикалық мәнімен байланысты. Банктер бұл несиелерді өте қажетті жағдайларда ғана қолданады. 1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жылдарда берілген қарыздары бойынша айыппұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді.

2 БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Банк ісін ұйымдастыру және реттеу.

Банктердің банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады. Банк операцияларына: 1. депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 2. депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 3. банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; 4. жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі; 5. кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтау және кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету; 6. аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;


7. есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт); 8. банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және мемлекет бірден-бір акционері болып табылатын заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; 9. шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; 10. банкаралық клиринг: 11.төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг қатысушылары - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау; 12. банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;13. төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
14. аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; 15. банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі; 16. банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.

Банк операциялары Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Банктерге банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді. Банктерге банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің өз қорытындысы талап етіледі. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы болған жағдайда банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларын жүргізуге лицензияны, уәкілетті орган береді. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру кезінде операцияларды жүргізуге Ұлттық Банктің өз қорытындысы талап етіледі. Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзге де банк операцияларымен банк операцияларын жүргізу мүмкіндігі көзделген болса, онда лицензияны Ұлттық Банктің өз қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган береді. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға операцияларды жүргізуге және айрықша қызмет түрі операциялар болып табылатын заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк береді. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. Лицензиялау тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін жағдайларды қоспағанда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Банктер банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату; 2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату; 3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу; 4)лизинг қызметін жүзеге асыру; 5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару; 6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу; 7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу; 8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару; 9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен - брокерлік; 2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік; 3) кастодиандық; 4) трансфер-агенттік.

Банктерді бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді. Рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды. Банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекiтуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс: а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi; б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi; в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары; г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi; е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi; ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер. Банкінің iшкi ережелерi: а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн; б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн; в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;г) банкінің атынан және оның есебінен мәмәле жасаған кездегі лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігін белгілеуге тиіс. Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке, меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың жаңа банкке деген қажеттілігі болашақта табыс алу мүмкіндігі, жетекшілер құрамының өкілеттілігі, тағы басқа факторлар ескеріледі. Банкті ашудың осыған ұқсас тәртібі – Германия, Англия, Швейцария, Жапония және басқа елдерге де тән. Банктер және банктік қызметтер туралы заңға сәйкес, банкті ашуға рұқсат беруде бас тартуды санамағанда, банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензия келесідей жағдайларда қайта қайтарылып алынуы мүмкін:



  • рұқсат берген күннен бастап, 6 айдан аса уақыт ішінде банк өз қызметін бастамаса;

  • Ұлттық банк белгілеген пруденциялық нормативтерді, Қазақстан Республикасының жұмыс істеп отырған банктік заңдарды жүйелі түрде бұзу, Ұлттық банк белгілеген нормативтік актілерді бұзу жағдайлары анықталған кезде;

  • Заңмен белгіленген мәліметтер мен есеп берулерді жүйелі түрде бұрмалау;

  • Осы заңмен және банк жарғысы, тағы басқа қарастырылған тыс операцияларды жүргізу кезінде.

Банкті ашуға берілетін рұқсатты қайта қайтарып алу, оның таратылуы туралы шешімге сай келеді. Банк акционерлері, құрылтайшылары бекіткен жарғы негізінде қызмет істейді. Банк жарғысында төмендегідей мәліметтер болуы қажет:

  • банк аты және оның орналасқан жері;

  • банкпен жүргізілетін банктік операциялар тізімі;

  • жарғы қорының мөлшері және банкпен құрылатын басқа да қорлардың тізімі;

  • банктің басқарма органдары, оның бақылау органы, олардың құрылымы, құрылуы және қызмет ету тәртібі жайлы ереже;

  • банкті тарату тәртібі;

Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және басқа да қорлар құрылады. Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып табылады да, ол акция шығару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылады. Алғашқы жарғылық және резервтік қорлардың ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк бекітеді. Жарғылық қор жаңа акционерлерді тарту, құрылтайшылардың қосымша акция сатып алуы, мүлік құнын қайта бағалауда, дивидендтерді қайта инвестициялау жолдары арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін көбейту не азайту акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады. Жарғылық қордың өзгеруі Ұлттық банкте тіркеледі. Алдын ала белгіленбеген шығындар мен залалдарды жабу үшін банкте резервтік қор құрылады. Ол – банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар есебіне, жарғылық капиталының сомасының 25% көлеміне дейінгі мөлшерде құрылады және банктің басқармасының шешімі бойынша жұмсалады. Сақтандыру және басқа да арнайы мақсаттағы қорлар банктің табысынан аударымдар жасау арқылы құрылады, олар басқарма және жалпы акционерлер жиналысының шешімі бойынша жұмсалады. Республикамызда мемлекет пен банктің жауапкершіліктері заң негізінде шектеледі. Банк мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет те банктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Банктер өкілетті және атқарушы билік органдарына тәуелсіз түрде банктің қызметімен байланысты жедел шешімдерді қабылдайды. Банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкпен қарым-қатынастары «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңның 41-45 баптармен анықталған қағидалар негізінде қалыптасады. Ұлттық банк өз қызметінде республиканың ақша-несие жүйесінің дамуы мен нығая түсу мүддесінде – барлық банктік жүйенің қалыпты қызмет етуіне ықпал етеді; банктерді банктік қызмет бойынша керекті нормативтік құжаттармен өз уақытында қамтамасыз етеді; банктік жүйе үшін қажет кадрларды дайындауға қатысады, банктердің жұмысына қажетті әдістемелік көмек көрсетеді. Ұлттық банктің заңмен қарастырылғаннан басқа жағдайларда банктердің жедел қызметіне араласу құқығы жоқ. Оның реттеушілік және бақылау қызметтері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңымен шектеледі. Банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың кредиторлары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау және де ақша айналымын нығайту мақсатында Ұлттық банк, дербес балансы бар, олардың филиалдарының міндетті түрде орындалуы тиіс экономикалық нормативтерді бекітеді. Бұл нормативтер сонымен бірге еншілес банктер және банктік бірлестіктер үшін де қолданылады. Ұлттық банк банктердің міндетті нормативтерді сақтауын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңмен анықталған өкілеттіктерге сәйкес, олармен шығарылатын нормативтік актілердің дұрыс қолдануына қадағалау жүргізеді. Банктер Ұлттық банкке баланстарды ұсыну, есеп беру және банктік қызметпен байланысты басқа құжаттарды беруге міндетті. Бірақ та алынған мәліметтер жариялануға жатпайды. Ұлттық банк өз өкілеттігіне сәйкес кез келген уақытта банктерге барып өзіне қажетті сұрақтар бойынша тексеру жүргізе алады. Банктердің пруденциялық нормативтерді бұзғандығы анықталатын жағдайда, Ұлттық банк бұл кемшіліктерді жою үшін белгілі бір мерзімде шара қолдану немесе басқадай шарттарды бекітеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңға сәйкес банктік операцияларды жүргізу үшін мерзімдер мен шарттарға қатысты оның жазғандарының орындалмауы, есеп берулерді бермеуі немесе олардың толық емес болуы, жылдың қортындыларын шығынмен аяқтағанды анықтаған жағдайларында Ұлттық банк – банк құрылтайшылары алдында банкті қаржылық жағынан сауықтандыру шараларын жүргізу, оның жетекшілерінің ауысуы, банкті қайта ұйымдастыру немесе тарату жайлы сұрақ қоя алады және де мынадай санкциялар қолданады:

  • заңдармен бекітілген, ақшалай айыппұлдарды өндіріп алу;

  • банк дебиторларының қарыздарын Ұлттық банкте орналастырылған резервтік қордан беру;

  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» заңында қарастырылған жағдайларда өзіне уақытша банкті басқаруды қабылдау;

  • Банктік операцияның кейбір түрлерін жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу;

  • Банктің заңсыз қызметінің нәтижесінде алынған табыстарды бюджетке алу;

Банктердегі бухгалтерлік есеп ережелері, есептік және басқа да материалдардың сипаты мен көлемі Ұлттық банкпен бекітіледі. Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңның 33-бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығып, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді. Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдайлар, банктік қызметтердің әлде қайда кең спектрін көрсете отырып, бір-бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты. Банктің клиентпен экономикалық жұмысы – банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтін барлық жақтарын қамтиды. Кленттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін ендіруді жетілдіру бойынша, келіссөздер жүргізу, қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісім шарттарды дайындау және тағы басқалары бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктің активтері мен пассивтерін басқару қызметімен тығыз байланысты. Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсету, бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды ашу және жүргізу, тағы басқа әр түрлі келісім-шарттар жасасу негізінде құрылады. Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар бойынша операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету туралы келісім шарт негізінде жасалады. Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім-шарттарында есеп аырысу немесе ағымдағы шотты ашу және олар бойынша операция жүргізу шарттары көрсетіледі. Есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы келісім шартта бұдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу тәртібі реттеледі. Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімде өтуі кепілдемесін қамтамасыз етуі керек. Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезіндегі банктің материалдық жауапкершілігі осы келісім шартта қарастырылады. Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағдайында банк пен клиенттер Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке тартылады. Банк пен клиенттің бірлескен қызметін жүзеге асырғанда, екі жақтың құқығы мен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен олардың арасында табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім шарт жасалады. Клиентті несиелендіру банк пен клиент арасындағы жасалған несиелік келісім шарт негізінде жүргізіледі және де ол қарыздың мерзімі, шарты мен беру тәртібін және оны өтеуін, сондай-ақ екі жақтың құқықтары мен міндеттемелерін қарыз бойынша кепілдеме мен пайыздық мөлшерлемелерді реттейді. Кейбір банктерде несиелік келісім шартпен бірге, несиелік хаттамада қолданылады. Соңғысы – ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер нақтыланады, мысалға, несиенің жеке түрлерін берудің шарттары мен тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері. Депозиттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісім шартта депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер қарастырылады. Барлық айтылған келісім шарттар банктің клиентпен қарым-қатынасының сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір-бірінің қызметін алдын-ала, жан-жақты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт тобына негізделеді: өтімділік, айналымдылық, қаражаттар тарту және табыстылық. Жоғарыда айтылған келісім-шарттардың барлығы банк шешімі сияқты, клиенттің шешімі негізінде де бұзылуы мүмкін. Келісім-шарттың жүргізілу тәртібі мен шарттары алдын-ала қарастырылады. Келісім шарттың бұзылу себебі мынада болуы мүмкін: екі жақтың біреуінің міндеттерін орындамауы, өз міндеттерін орындау кезінде екі жақтың біреуінің зиян келтіруі. Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс – бұл пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер мен төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Ондай мәліметтер банкке осындай кленттерге несие керек болған жағдайда, оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады. Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып – клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын анықтау мен есеп айырысудың формаларын жетілдіруі жатады. Банк клиентпен келісуі бойынша несиелік бөлімге қарыз алушының балансы мен басқа да есеп беру формалардың есеп беру тәртібі мен мерзімін, қаржылық жағдайы мен оның несиелік қабілеттілігін талдайды. Банк несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз етуі ретінде кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылданған формадағы міндеттемелерді қабылдайды. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңның 36-бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтару бойынша міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты келесідей шараларды қолдануға құқығы бар:

  • қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;

  • осы клиенттердің шоттарында бар кез келген қаражаттар есебінен қарыз мөлшерін өтеу;

  • кепілге алынған мүлікті сату;

Қазақстан Республикасының заңдарына сай, мұндай жағдайда олар төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялануы мүмкін. Банктің өз клиенттеріне берген несиелер мен пайыздар бойынша кінәлары ескерусіз қалмайды. Банктер өз клиенттері мен корреспонденттердің операциялары , шоттары және салымдары бойынша құпияны сақтауға кепілдеме береді. Банктің барлық қызметкерлері банк клиенттері мен корреспонденттерінің операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға міндетті.

Банктің заңды тұлғаларының шоттары мен салымдары, операциялары бойынша анықтамаларды соттарға, арбитражды соттарға, тергеу жүргізу және прокуратура органдарына және салық салу сұрақтары бойынша салық органдарына береді. Жеке тұлғалардың шоты мен салымдары бойынша анықтамалар өз клиенттері мен олардың басқа соттар мен тергеуші органдарға да беріледі. Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады. Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді. Банктер мен олардың құрылтайшылары, басқадай клиенттері арасындағы барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттың тәртібімен шешіледі.(1;203бет)


2.2 Банк қызметін қадағалау.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады. Мұндағы басты міндеттерінің бірі - бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдану. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады. Бұл қашықтан ( дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі. Қашықтан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі. Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктердің операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінінің мамандану мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді. Қаржылық талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан ( басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынандай міндеттерді шешеді:

  1. Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лиметтерді, резервтік талаптар және күмәнді қараыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.

  2. Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалаптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынандай маңызды сұрақтарды қамтиды:

  1. капитал;

  2. активтердің сапасы;

  3. пайдалылық пен рентабельділік;

  4. өтімділік.

Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындау тиіс. Капиталды талдау. Капитал банктің қаржылық жағдайынының маңызды көрсеткіші болып табылады. Капитал жеткіліктігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктердің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді. Жалпы капитал жеткіліктігі туралы өзінің ойын қалаптастыратын талдаушы мынандай сұрақтарды ескертуі қажет:

    • Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?

    • Ең төменгі капитал мөлшерінен асқанжағдай болды ма?

    • Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәекеоге қатынасы қандай?

    • Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз есептесуге алынған тәуекелдер бар ма?

    • Банк капиталының сапасы қандай?

Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін тұрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма? Активтердің сапасын банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын қайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеліп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұщырауы мүмкіндігі туындайды. Активтердің сапасын қашықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмнің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосылуы мүмкін. Бірақ қашықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтрдің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық ссудаларды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болуы қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа несиелерге байланысты болады. Жалпы активтердің сапасын қашықтан талдау кезінде тексеруші мынадай сұрақтарды көрсетуі керек:

- Өткен тоқсанда банктің несие тәуекелі жағдайында ерекше өзгерістер болды ма?

- Жалпы банк активтеріндегі кешіктірілген және аударылмаған активтердің үлесі қандай?

- Банктің капиталына қатысты сапасыз активтердің деңгейі қандай?

- Өткен тоқсанда немесе алдыңғы жылда сапасыз активтер сомасының жоғарылуы немесе төмендеуі қалай болуы мүмкін? Банктің сапасыз несиелерінің құрылымы қандай?

- Үмітсіз несиелерді баланстан шығару. Шығарылған несиелердің негізгі түрлері және олардың өсуі немесе төмендеуі?

- Банктік несиелік қызметінің шығының жабу үшін құрылған резервтерінің ( провизиялар) сомасы. Банктің құрған резервтерінің жоғарылауы немесе төмендеуі?

-Ұлттық банктің нормативті талаптарының сақталуы?

Табыстар мен шысыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емесе. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып отырады. Акционерлер банктің одан әрі дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, соның салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан банктің табыстарын үздіксіз қашықтан бақылау қажет. Банктің табысын талдау барысында талдаушы мынадай негізгі үш сұраққа жауап береді:

- Банктің табысының деңгейі қандай? Оның деңгейі банк капиталын құруға және қолдауға жеткілікті ме?

- Табыстардың тенденциясы қандай? Қазіргі экономикалық жағдайда оның келесі жылда жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін бе?

- Табыстардың тұрақтылығы қандай? Егер нарықтық пайыз мөлшерлемелердің жлғарылаған немесе төмендеген жағдайда ол тұрақты болып қалуы мүмкін бе?



Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді. Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындары болады. Банк оыс операцияларды жүргізуге арналған ғимараттар, құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан, оның әкімшілік шығындары да болады. Ал осы шығындарды жабу көзі банктің табысы болып табылады. Сондықтан банк өзіні табысын тиімді болу саясатына негіздеп, бос шығындарды қысқартып, табыстың көп бөлігін банктің дамуына, өсуіне және капиталдануына жұмсау керек. Осы орайда банктің шығындарын талдау қашықтан талдауда маңызды орын алады. Банктің шығындарын талдауда қарастыратын негізгі мәселелер мыналар:

    • шығындардың құрылымы;

    • пайыздық шығындардың көлемі;

    • пайыздық емес шығындар мен басқа да шығындардың көлемі;

    • әкімшілік шығындар.

Өтімділікті талдау. Банктің өтімділік жағдайы оның барлық қызметінің көрсеткіштеріне әсер етеді. Банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере алмауы банкке деген сенімінің жоғалуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан өтімділікті қашықтан талдау мен қадағалауда өтімділікке әсер ететін банктің барлық көрсеткіштері мен жағдайлары ескеріліп, өтімді активтердің сомасы мен міндеттемелердің құрамы сияқты банктің өтімділігі бойынша объективті көрсеткіштерге көңіл аударылады. Сондай-ақ банктің өтімділігін кең түрде талдау қарастырылады. Жалпы қашықтан қадағалаудың талдаушысы банктің өтімділігі бойынша жағдайын бағалаған кезде төмендегідей сұрақтарды қарастыру керек:

    • Банктің өтімді активтерінің көбеюі немесе азаюы?

    • Банктің ірі депозиттер, басқа банктердің депозиттері немесе мемлекеттік органдардың депозиттері сияқты тұрақсыз қаражат көздеріне деген тәуелділігін азайтып жатар ма немесе көбеюде ме? Және тәуелділік деңгейі қандай?

    • Банктің активтерінен асатын, жақын арада қайтаратын банктің қарыз сомасы бар ма?

Екінші деңгейдегі банктердің жағдайы туралы ақпараттарды сақтайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің алдында мынандай міндеттер болады:

    • банк басшылығымен үнемі және тиімді байланыста болу;

    • өз бақылауындағы банктердің жағдайы туралы банктік қадағалау департаментінің директорына жедел түрде ақпараттар беру:

    • банк басшылығы мен директорлар кеңесінің кемшіліктеріді түзетуге қабілеті мен ықыласына байланыста мәселелерді шешуде өздерінің шаралар жоспарын Ұлттық банк басшылығына қарастыруға беру;

    • өзіне бекітілген банкке қатысты әсер ету шараларының орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау.

Банктердің кураторлары жаңа шарттар жоспары бойынша берілетін күнделікті баланстарға талдау жүргізеді. Апта сайын ашық валюта позициясының лимиттері және валюталық нетто-позициясы орындалу туралы есептерін тексереді. Жалпы пруденциялық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерді сақтаумен бірге сенімді ішкі аудит жүйесін және дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық қадағалау департаментіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы нақты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады. Сонымен банктер мен әр түрлі есеп берулердің негізінде қашықтан қадағалаудың қызметкерлері тоқсан сайын Статус-Репорт деп аталатын қысқаша қорытынды жасайды. Статус - Репорт - банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат. Берілген баға тек қана ішкі арналымдарға ғана қолданылады және банкке санкцияларды қолдануға негіз бола алмайды. Бұл құжат қарастыру қорытындылары банк бойынша сәйкес ұсыныстар берумен қатар соңғы шешім қабылдау үшін Қаржылық қадағалау депертаментінің басшылығына беріледі. Статус-Репортта көсетілген негізгі қаржылық көрсеткіштер мен басқа да мәліметтерге мыналар жатады:



  1. Банк туралы жалпы мәліметтер.

  2. Меншікті капиталының көлемі мен құрылымы.

  3. Банктің активтері.

  4. Банктің міндеттемелері.

  5. Банктің табысы мен шығысы.

  6. Өтімділігі және ең төмеңгі резервтік талаптар.

  7. Қосымша ақпараттар.

Сонымен қашықтан қадағалаудың талдаушысы екінші деңгейдегі банктердің банктік қадағалау депертаментіне әр түрлі есеп беруін қарастырып, талдау жасау барысында банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін Статус-Репорт деген қысқаша қорытынды құжат жасайды. Қысқаша қадағалау қызметкерлері сондай-ақ жыл соңында төрт тоқсан бойынша қорытынды жасап, жылдық Статус-Репортты жасайды. Есеп берулер макроэкономикалық талдауға қажетті мәліметтерді керек еткенімен пруденциялық қадағалау жүйесінде есеп берулер капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы сен өтімділік деңгейі сияқты негізгі қаржылық көрсеткіштер мен коэффициенттердің көмегімен талдау жасау арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтау қолданылады. Қашықтан қадағалаудың жетістіктері есеп және есеп берудің нақты нұсқаулары мен нормативтеріне сәйкес берілетін мәліметтердің дұрыстығына байланысты болады, сонымен қатар берілген ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамысыз етуге көңіл бөлу керек. Тиімді қашықтан қадағалау үшін жоғарыда аталған негізгі көрсеткіштеріне қаржылық талдау жүргізудің жоғары деңгейдегі кәсіптілігі қажет. Есеп беру мәліметтерін қаржылық талдау, топтар бойынша коэффициенттердің деңгейін, тенденцияларын салыстыру талдау жүргізу үшін қолданылады. Қашықтан қадағалау жеке бір банктің қаржылық жағдайында мәселелерінің пайда болғаны туралы қадағалау қызметкерлерін ескертетін « алдын ала ескерту жүйесі » ретінде қызмет етеді. Өз кезегінде қашықтан қадағалау банктің алдында тұрған тәуекелді жиі айқындай бермейді және барлық субъективтік негізгі аспектілерін жарыққа шығармайды. Қашықтан қадағалау мен инспекциялау жалпы қабылданған әдістер болып саналғанмен, пруденциялық қадағалау осы екі әдісті қатар жүргізуді қажет етеді. Қашықтан қадағалаудың артықшылығы - онда банктердің жағдайы туралы мәліметтер, әсіресе капитал жеткіліктігі, өтімділігі және табыстылығы бойынша жиі жаңартылып тұрады. Соның өзінде тәуекелдің аспектілеріне жеткілікті көңіл аударуға мүмкіндік болмайды және кейбір берілген мәліметтердің дұрыстығына, оның тексеруден өтпегеніне толық сенуге болмайды. Инспекциялық қадағалау - банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі. Инспекциялау әдісінің артықшылығы - банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек - кейбір жағдайда бірнеше жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау қызметін жасай алмайды. Инспекциялауды жүзеге асыру үшін қадағалау органдары банктік операциялар мен банктік тәуекелді білетін жоғары білікті мамандардан тұратын топ немесе топтарды құру қажет. Инспекциялық тексерулерді жүргізу үлкен еңбек көлемін қажет ететінін ескере отырып, қадағалау органдары тексерулердің өткізілуінің кезеңділігін ( әрбір банк кемінде жылына бір рет тексеріледі) және жүргізілетін тексерулердің көлемін жалпы және шектелген түрде анықтау қажет. Банктерді инспекциялау банктің тәуекелінің жалпы тексеру мен банктің жалпы қаржылық жағдайын айқындау, сондай-ақ кемшіліктерді жоюды қажет ететін жақтарын айқындайға негізделеді.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмі қазіргі кезде көптеген елдерде қолданылатын осындай әдісті бірге қамтиды. Соның ішінде қашықтан қадағалау әдісі жедел тексеруді қажет ететін банктерді анықтаудың негізі болып табылатын көрсеткіштерді айқындау үшін қолданылады және тексеруді ерекше алаңдататын қызметтердің бағытын дұрыс тексеруді ұйымдастыруды қамтмасыз етеді. Қашықтан қадағалау, инспекциялау барысында анықталған мәселелерді юою бойынша жұмыстардың нәтижесіне бақылау жасау мүмкін. Осымен бірге қадағалау орындары қызметкерлерінің есеп берулерді тексеру, инспекциялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігі болу керек.




    1. 2004-2006 жж. Банктік есептеу және есеп беруді талқылау.

2004 жылғы мәліметтерге сүйенсек, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша жалпы жоспарланған сома 93 697 мың теңге, нақты орындалғаны 92 764 мың теңгені, яғни 99,0 % құрады. Бұл дегеніміз 2004 жылы бұл төлем тіпті толығымен орындалды деуге болады. Заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым жоспар бойынша жергілікті бюджетке 2 800 мың теңге түсу керек болса, нақты орындалғаны 3 911 мың теңге, яғни орындалуға қажетті жоспардың 139,7 % құрады. Тұрғылықты жерді тіркегені үшін төленген мемлекеттік баж 2003 жылы 850 мың теңге деп жоспарланып, 1 966 мың теңге орындалып, 231,3 % құрады. Ал осы көрсеткіштер бойынша 2004 жылғы мәліметтерге сүйенсек, жоспарланғаны 125 089 мың теңге, ал нақты орындалғаны 137 877 мың теңге, яғни 110,2 % құрады. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 11,2 % артық соманы көрсетеді. Заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым жоспарда 3 912 мың теңгені көрсетсе, орындалғаны 4 442 мың теңгені көрсетіп, 113,3 % құрады.

2004 жылға қарағанда 2004 жылы түскен түсімдер 26,4 % кемігенін көрсетеді. Ал тұрғылықты жерді тіркегені үшін мемлекеттік баждың жоспардағы түсімі 1 587 мың теңге, ал нақты орындалғаны 1 795 мың теңге, яғни 113,1 % құрады. Бұл мемлекеттік баж түсімінің 118,2 % кемігендігін көрсетеді.

Соңғы жылдағы мәліметтерге сүйенсек, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы бойынша жоспарланғаны 161 474 мың теңге, нақты орындалғаны 162 327 мың теңгені құрады. Бұл 100,5 % орындалғаны. Бұл жоспардың толық орындалғандығын көрсетіп отыр. Заңды тұлғаны тіркегені үшін алым 4 150 мың теңге жоспарланып, оның 4 919 мың теңгесі орындалып, 118,5 % құрады. Бұл көрсеткіш түсімнің артқанын көрсетіп отыр. Ал мемлекеттік баж жоспарланғаны 1 684 мың теңге болса, орындалғаны 2 222 мың теңге болып, 131,9% құрады. Бұл тағы мемлекеттік баж бойынша бюджетке түсетін түсімнің көлемінің артқанын көрсетеді. Басқа да алым, төлемақы және баждың соңғы үш жылдағы, яғни 2004-2006 жылдарындағы толық мәліметтерді «Форма 1Н» көруге болады.

Акциз төлеушілер болып: ҚР аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын; акцизделген тауарларды ҚР-ң кедендік аумағына импорттайтын; бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын; тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарлар өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, олардың бөлімшелері және резидент емес тұлғалар табылады.

Акциздер жанама салықтың бір түрі болып табылады. Ол бағаға немесе тарифке белгілі бір үстемақы ретінде белгіленеді, сондықтан салық төлеушінің табысымен байланысты болмайды. Акциз салығының негізгі тағайындалуы ол әлеуметтік қоғамға зиянды тауарлардың өндірісін шектеу және табысы жоғары адамдардың бір бөлігін бюджетке жұмылдыру.

Акциз салығымен салынатын объектілердің қатарына:


  1. бензинді көтерме және бөлшек өткізуі;

  2. жарға капиталының жарнасы;

  3. акцизделетін тауарларды қайта өңдеуге ұсыну;

  4. тауар нысанында төлеу үшін акцизделетін тауарларды қолдану;

  5. өзінің өндірістік қажеттілігіне акцизделетін тауарларды қолдану; ойын бизнесі бойынша ойын столы, ақша ұтысы мен ойын автоматтары, тотализатор кассасы.

Акциз салығы бойынша салық төлеушілер спирттің және мұнайдың барлық түрлерін қоспағанда сатып алудың немесе импорттаған кезде төленген акциздің сомасын шегерімге жатқыза алады. Сонымен қатар кейбір тауарларға мүлдем салық салынбайды. Мысалы: акцизделетін тауардың импорты кезінде емдеу және фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді жасауға қолданылатын этил спирті, ҚР Үкіметінің бекіткен нормалары бойынша жеке тұлғамен импортталатын тауар апаттардың негізінде акциз маркаларының жойылуы, транзит арқылы транспорт үшін, күрделі жөндеу үшін қажетті тауарлар.

Акциз салығының ставкаларына келетін болсақ, оларды ҚР Үкіметі бекітеді. Олар екі түрге бөлінеді:



  1. адволорды, яғни тауар құнына процентпен бекітілген ставка;

  2. нақты, яғни заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолютті сомада белгіленген ставка.

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен болуы мүмкін. Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгілеген базалық ставка сол аумақта қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бірдей ставка белгіленеді. Мысалы: 1т бензинге 500 теңге мөлшерінде ставка қолданылады. Егер 100 т бензин болса, онда ол бойынша акциз салығын анықтау былай жүзеге асады: 100 * 500=50 000 теңге.

Дизель отыны бойынша 1тоннаға 60 теңге, яғни егер 100 т дизель отыны болса: 100 * 60 = 6 000 теңге. Ал егер 40 % алкоголь өнімі болса, оған 100 теңге, яғни 20 бутулка 0,5л есептегенде 10л болады, сондықтан:

10 * 100 = 1 000 теңге. Әрбір өнімге әртүрлі ставка белгіленген .

Акциз бойынша салық кезеңі болып күнтізбелік ай табылады. Осы мерзімде акциз салығының төленуі жүзеге асырылады: бірінші он күн ішінде жасалған операциялар бойынша сол айдың он үшінші күнінен, ал салық кезеңінің екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша жиырма үшінен, сондай-ақ салық кезеңінің қалған күндері бойынша келесі айдың үшінші күнінен кешіктірмей салық төленеді. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.

Одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады. Акциздік маркалар жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізде алынып жүргізіледі. Маркада сауыттың (ыдыстың) көлемі белгіленбеген жағдайда бүлінген немесе жоғалған акциздік маркалары бойынша акцизді есептеу маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдыңдағы салық кезеңі ішінде өнім құю (орау) жүргізілген сауыттың (ыдыстың) неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

Акциз маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:



  1. акциз маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

  2. бүлінген акциз маркаларын салық қызмет органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.


Кесте 1-Қазақстан Республикасының территориясында жеке және заңды тұлғалармен өндіретін, көтерме, сондай-ақ бөлшек саудада өткізетін бензин (авиациялық отынды қоспағанда) және дизель отынының акциз салығының ставкасы.

 Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың бензин (авиациялық отын түрін қоспағанда) және дизель отынын өнірушілердің көтерме сатып алушылар туралы арнайы мәліметтер жазылып толтырылатын кесте бар. Ол кестеде реттік номер сатып алушының толық атауы, сатып алушының тұрғылықты жері, яғни мекен-жайы, салық төлеушінің тіркелген номері, сатып алушымен жасалған келісімшарттың күні, номері, шикі мұнайдың пинкоды, мөлшері, өлшем бірлігі тонна (Қосымша 2 ).

Семей қаласы бойынша Салық комитетінде жанама салықтар бөлімі бар. Бұл бөлім екі сектор арқылы қызметін жүзеге асырады, яғни қосымша құн салығын әкімшіліктендіру секторы; акциздерді әкімшіліктендіру секторлары арқылы. Акциз салығымен айналысатын сектор болып акциздерді әкімшіліктендіру секторы табылады. Бұл бөлімнің негізгі міндеті болып-бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша түсімдердің, негізінен жанама салықтар бойынша түсімдер толықтығын қамтамасыз ету; алкоголь өнімдерінің өндірісі және айналымына бақылауды жүзеге асыру, акцизделетін тауарлар және акцизделетін қызмет түрлерін өндіру және өткізуге бақылауды қамтамасыз ету табылады.

Семей қаласы салық комитетінің 2003-2005 жылдар аралығындағы мәліметтерге сүйенсек, ҚР территориясында өндірілген барлық спирт түрінен жергілікті бюджетке түскен соманы көрсетуге болады. Облыс бойынша 2003 жылы 74 086 мың теңге жоспарланған соның ішінде орындалғаны 16 857 мың теңге. 2004 жылғы жоспар бойынша 49 100 мың теңге түсу керек болса, нақты түскені 77 267 мың теңге, яғни 157,4% құрады. 2005 жылы 44 220 мың теңге жоспарланса, оның орындалғаны 10 295 мың теңгесі болды. Акциз салығы бойынша жергілікті бюджетке 2003 жылы 5 976 мың теңге түсімі түсті, ал жоспарланған негізгі сома 3 392 мың теңге, яғни жоспардың 176,2 % жүзеге асқанын көрсетеді. 2004 жылы жоспардағы сома 8 607 мың теңге болса, орындалғаны 8 719 мың теңге, бұл алдыңғы жылға қарағанда 74,9 % кемігендігін көрсетеді, яғни жоспардың 101,3% орындалғанын көрсетіп отыр. 2005 жылы 8 026 мың теңге жоспарланып, 17 675 мың теңгесі орындалып, 220,2 % құрады. Көріп отырғандай бұл 100 % артық орындалғанын білдіреді. Басқа акцизделетін тауар түрлері бойынша соңғы үш жылдағы, яғни 2003-2005 жылдарындағы толық мәліметтерді «Форма 1Н» көруге болады (Қосымша 3).



Семей қаласы бойынша 2005 жылы акциздерден түскен салық түсімін келесі кестеден көруге болады (Кесте 2).
Кесте 2003- 2006 жылғы Семей қаласының акциздік түсімдері, мың тенге


Төлемнің атауы

Мемлекеттік бюджет

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

жосп

факт

%

жосп

факт

%

жоспар

факт

%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Спирттің барлық түрлері

44220

10295

-

0

0

0,0

44220

10295

-

Арақ

333013

-6914

-2,1

0

0

0,0

333013

-6914

-2,1

Сыра

4170

4461

107,0

0

0

0,0

4170

4461

107,0

Ойын бизнесі

8026

17675

220,2

0

0

0,0

8026

17675

220,2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жеңіл авто көліктер

3594

4488

124,9

3594

4488

124,9

0

0

0,0

Бензин

22000

22090

100,4

0

0

0,0

22 000

22 090

100,4

Кесте мәліметтері 2006 жылдың наурыз айы бойынша құрылған.

Бұл кестеден көріп отырғандай, 2005 жылы акциз салықтары бойынша бюджет түсімдерінің басты көзін арақ сусындары бойынша салық түсімдері алады, яғни бұл салық түрінен мемлекеттік бюджетке 333013 мың тенге салық түскен. Бірақ ойын бизнесі бойынша акциз түсімдері осы кездегі мәліметтер бойынша орындалуы 220,2 процентті құрайды. Осы мәліметтерге қарағанда жеңілавтокөліктер бойынша, бензин (авиабензинді қоспағанда), дизель отын және сыраға салынатын акциз салықтары бойынша салық түсімдерінің түсімдері орындалады деп болжамдауға болады.

3 ҰЛТТЫҚ БАНК - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ОРТАЛЫҚ БАНКІ

3.1 Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Ќазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады. Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi: 1) мемлекетiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу; 2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру; 4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Қазақстанның Ұлттық банкi: а) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады. ә) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi; б) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады; Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы; в) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшері көрсетіледі; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша міндеттемелерді орындау, сондай-ақ чек кітапшаларын шығару тәртібін айқындайды; г) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға (бұдан әрi – уәкiлетті орган) банк операцияларының және банктер үшін сейф операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды; ғ) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады. Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке, меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді. Банктердің банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады. Банк операцияларына: 1. депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 2. депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;3. банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;4. жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;5. кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтау және кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету; 6. аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;7. есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);8. банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және мемлекет бірден-бір акционері болып табылатын заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; 9.шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; 10. банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг Банктердің банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады. Банк операцияларына: 1. депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; 2. депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3. банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4. жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
5. кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтау және кейіннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнінде қызметтер көрсету;
6. аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
7. есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
8. банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және мемлекет бірден-бір акционері болып табылатын заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;9. шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;10. банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг асырады; д) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазасқтан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi; е) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi; ж) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы; з) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi; и) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi; к) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi; қ) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi; л) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;  м) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; н) операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады; ң) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi; о) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді; ө) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi; п) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi; р) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi; с) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы; т) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуєа құқылы; у) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды; ұ) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады; ү) елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады; ф) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады; һ) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы; х) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады; ц) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi; ц-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы; ц-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады; ц-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады; ц-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады; ц-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi; ц-6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; ц-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi; ц-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады; ц-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады; ц-10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады; ц-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi; ц-12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; ч) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады. Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басты ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады. Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді. Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі обьектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компаненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.(4; 3бет) Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады. Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар. Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

  • оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);

  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі;

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы федералды резервтік жүйенің мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады. Негізі Ұлттық банк унитарлы орган болып табылады. Мемлекет- жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа корлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және олардың мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;

  • Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

  • Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау;

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;

  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;

  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;

  • банк ісін бақылау және қадағалау;

  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;

  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және тағы басқа.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;

  • басқа банктермен тартылған және келісім – шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

  • Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.(1; 233бет)

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады. Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармаларымен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 1-сызбада көрсетілген.Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасы Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;

  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;

  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;

  • Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтердің типтерін бекітеді;

  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;

  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;

  • Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді;

Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады. Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі. Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі. Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады. Ұлттық банк төрағасы ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім – шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді. Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады. Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады. Директорат, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төраға және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқарламалары арқылы жүзеге асырылады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
3.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері

және оны құқықтық түрде ұйымдастыруы.


Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

  • кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;

  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;

  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;

  • Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;

  • Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

  • Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;

  • Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша – несие реттеуі әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;

  • Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;

  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы.

  • Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне оындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;

  • Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;

  • Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субьектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;

  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;

  • Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;

  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;

  • Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;

  • Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің немесе банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқығына ие;

  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;

Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік – есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады. Ақша айналысын басқару. Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады. Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады. Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен байланысты, қолма—қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды. Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін. Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды. Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады. Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды. Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құруы үшін қажет потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссисы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банк арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл – сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады. Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді. Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі. Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді. Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді. Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады. Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультиплткацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффиценттік жылдамдығы азаяды. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субьектілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударуменен бірге жүреді. Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монитаризация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монитаризация деңгейі жоғарылайды. Ақша – несие саясатының құралдары: Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді. Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек. Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді. Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерешеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі. Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандайда бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек. Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болады. Бұл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады. 1993 жылы 1 қаңтарда еңгізілген «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылдың мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді. Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша - несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігінің бағалуына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейін сақталынды. Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы – 15%-ға дейін төмендейді. Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды. 1995 жылы банктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айыппұл санкциялары қолданылды. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады. АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің федералды резерв жүйесінің басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді. Федералды резерв жүйесі экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі төмендетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандыруға тырысты. Керісінше, 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді тежеу мақсатында федералды резервтер жүйесі міндетті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды. Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады. Несие операциялары Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы министрлер кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Директивті несиелердің айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд теңгеден 1994 жылы 1,8 млрд теңгесі ғана қайтарылды. Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты. Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды – бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешугу мүмкіндік береді. Үкіметтің несиелеу көлемі әр қашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эмиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады. Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционын өткізгенде Қаржы министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,5-2,3 миллион теңгеден, 1994 жылы желтоқсан айында – 171,7 миллион, ал 1996 жылдың маусымында – 3 млрд теңгеге дейін көтерді. Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға дейін берілді. 1995 жылғы қаржы жаналығының – Банкаралық қаржы палатасы ұйымдастырған банкаралық несиелерді сату болды. 1995 жылы Ұлттық банк арқылы ломбардтық негізінде несие беру тәжірибесі басталды. Аталған несиелердің көлемі үлкен емес, бұлай болуы олардың экономикалық мәнімен байланысты. Банктер бұл несиелерді өте қажетті жағдайларда ғана қолданады. 1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта құру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жылдарда берілген қарыздары бойынша айыппұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айырысу тәртібіне ықпал етті. Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банк пен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманыесептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді – бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен орталық банк ашық нарықтағы операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарылату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді. Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді.Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді. Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша: тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банк пен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін, міндетті түрде алдын ала белгіленген бағам бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек. Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күні мен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады. Бұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қарыздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше. Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссиясы көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді. 1995 жылдың ортасынан бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай, ол – 386,6 миллион теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әртүрлі қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында болған жалпы сомадағы үлесі 6,8% құрады. Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз «портфелі» жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату – сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негізінен мүмкін болады. Ақша массасын шұғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.

Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 жылғы жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.


ҚОРЫТЫНДЫ



Осы дипломдық жұмысты зерттей келе, келесі мәселелерді қарастырдық. ҚР өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз берушіге жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады. Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік әдістердің орнын – экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі. Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі рөлі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты – несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор. Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор – бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді. Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланды. Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін ескермей, тікелей несиелендіруі – мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады. Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады. Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан қорғайтын ең басты құрал болып табылады. Салымдар үшін төлейтін банк пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орнын жаппады. Мекемелер мен жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне байланысты несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге несие беруге мүмкіндік бермейді. Несиелік ресурстарды үлестіру сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялық және жеңілдетілген несиелерді беру тәжірибесі кері ықпалын тигізді. Субсидиялық несиелер деп – кәсіпорындардың өздеріне тән шығындарының орнын толтыруы әлеуметтік қорғауға арналған, сонымен бірге, кәсіпорынның дәстүрлі тиімсіз жұмыстарын көрсететін шығындар, тағы басқалары. Олар Ұлттық банктің қайта қаржыландыратын несиелерге қарағанда, төменгі пайыздық (1992 жылдың IV тоқсанында 65% төмен) мөлшерлеме бойынша берілді. Қаражаттандырылған несиелер саясаты кәдімгі несие мен мемлекеттік дотация арасындағы айырмашылықты мүлде жойды. Бұл қарыздарды кәсіпорындар өтемеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарға және есеп айырысуда өзара есептесуді жүргізу үшін жеңілдікті несиелерді беру тәжірибесі кеңінен қолданылады.

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі әсер етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардыңжалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы. Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналамының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді. Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субьектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді. Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін. Жоғарыда түсіндіргенімдей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі. Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне – шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды. несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Конституция Республики Казахстан. 30 августа 1995 г.

  2. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Общая часть), 268-ХIII от 27

декабря 1994 года

  1. Закон РК «О Банках и банковской деятельности». № 2444 от 31.08.95 г.

  2. Ақша, несие, банктер: Оқулық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2006. – 466 бет.

  3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңы.

  4. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. –Алматы: ИздатМаркет, 2006. – 272 бет.

  5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңы

  6. Закон РК «Об акционерных обществах», № 281-1 от 10 июля 1998 г.

  7. Положение НБ РК «О пруденциальных нормативах №219 от23.05.1997г.»

  8. Положение НБ РК «О классификации ссудного портфеля и порядке формирования резервов (провизии) для покрытия убытков от кредитной деятельности.

  9. Положение НБК «О классификации активов и вне балансовых требований и расчете провизии по ним банками второго уровня Республики Казахстан» от 12 февраля 2006 года № 218.

  10. Постановление Правительства Республики Казахстан «О кредитовании развития малого бизнеса, фермерских хозяйств, создание рабочих мест» от 12 февраля 2006 года № 104.

  11. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.

  12. Программа долгосрочного финансирования жилищного строительства и развития системы ипотечного кредитования, утвержденная постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года № 1774.

  13. Акулич И.Л. Математическое программирование примерах и задачах: учебное пособие для студентов эконом. спец. Вузов .- М:Высш.шк.,2006 г.

  14. Алякин А.А. «Организация учетной работы банка» //М.: «Инфра-М», 2006 г.

  15. Антов М.Г., Пессель М.А. « Денежные отношения, кредит и банки» // М.: АО «Финстатинформ», 2006 г., с 271

  16. Банковский портфель 1– 2, 3 // М.: «СОМИНТЕК», 2006 г. с. 275

  17. Банковское Право РК, 2003г. авт. Бекмуратов А.С. с. 275

  18. Банковское право. Учебник. // Под ред. О.И. Лаврушина. – М.: 2005 г.

  19. Белых Л.П. «Устойчивость коммерческих банков. Как избежать банкротства» //М.: Банки и биржи, 2006 г. с. 192

  20. Долан Э.Дж., Колин Д. Кэмпбелл, Розмари Дж. Кэмпбел. «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» / Пер. с англ. В.Лукашевича и др.; Под общей редакцией В.Лукашевича.-Л.-1991.- 448 с.

  21. Ефремова Л.Г. «Банковское право» // Учебное и практическое пособие, М.:- 2005 г.

  22. Ж.Матук. Финансовые системы Франции и других стран. М.; Финстатинформ, 2006 г Т1.

  23. Жуков Е.Ф. «Банки и банковские операции» // М. Банки и биржи ., ИО «ЮНИТИ» 2006 г. с.472.

  24. Иоффе М.Я., Фатыхов Д.Ф. Охрана труда и техника безопасности в Финансово-банковских учреждениях. – М.: Высш.шк., 2005 – 144 с.

  25. Коммерческие право / Рид Э., Коттер Р., Гилл Э. И др.; пер с англ. Под ред. В.М. Усоскина. – 2-е изд. – М.: СП «Космополис», 2005. – 480 с.

  26. Курс экономическое право: учебник / Под ред. Б.А.Райзберга – М.: «ИНФРА-М, 2005.- 720 с.

  27. Лексис В. «Кредит и банки» // М.: «Перспектива» – 2006 г. с.120

  28. Луковников А.В. Охрана труд. Изд-е 3-е, перераб. И доп., М.: «Колос».1973 г.

  29. Мадия ров Д.М., Марчевский В.С. «Основы современного банковского дела» // Учебное пособие, Алматы, «Экономика» 2005 г., с.135

  30. Маркова О.М. и др. «Коммерческие банки и их операции» // Учебное пособие для вузов, М.: Банки и биржи, «ЮНИТИ», 2006 г. с. 288.

  31. «ЮНИТИ», 2004 г. с. 288.

  32. Нурлыбаева А.А., Авров А.П. «Финансово-банковская статистика» // Учебное пособие, Алматы 2004 г., с. 150.

  33. Сейткасимов Г.С., Шаяхметова Г.О. Абдраимова Г.Т. Бухгалтерский учет и отчетность в банках / Под ред. Сейткасимова Г.С. – Алматы: Каржы-Каражат; Раритет, 2003. – 456 с.

  34. Сейткасымов Г.С. «Деньги,кредит,банки» // Учебник, Алматы, «Экономика», 2005 г., с.364.

  35. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: Управление и операции. – М.: «ВСЕ ДЛЯ ВАС», 2006. – 320 с.

  36. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и операции – М.: «ВСЕ ДЛЯ ВАС», 2005 г.

  37. Шарп У., Александер Г., Бэйли Дж. Инвестиции: Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М,1998. – ХII,1028 с.

  38. Шелобаев С.И. Математические методы и модели в экономике, финансах, бизнесе: Учебное пособие для Вузов.- М.:ЮНИТИ – ДАНА, 2006. – 367 с.

  39. Абенов К. Бизнес малый – проблемы большие. Транзитные эконмика-2006. - №4. – с.50-51.

  40. Агальцова С. К вопросу об организационных формах предпринимательства. Транзитная эконоимка. – 2005. - № 6. – с. 55-59.

  41. Ауэзов О. Чужой среди своих. Деловая неделя. – 23 июня. с. 3.

  42. Встреча с предпринимателями: День предпринимателя. Знамя труда.-2001-21 апреля – с. 2.

  43. Дабаев А. Вопросы в толпе восклицательных знаков. Континент. – 2006. – 27 декабря. – с.32-33.

  44. Дауранов И., Рудецких А. Кредитование субъектов малого предпринимательства. Банки Казахстана. – 2006. - № 11. – с. 13-16.

  45. Дауранов И., Шишкина А. Малый бизнес: Проблемы оформления кредита. Аль Пари. – 2005. - № 5 с. –79-84.

  46. Иванов М. Кастодиальная деятельность банков в Республике Казахстан: Основные факторы и перспективы развития.

  47. Имашев Б. Становление малого предпринимательства. Транзитная экономика. – 2006. - № 9. – с. 5-13.

  48. Какимжанов З. НСБК – групп: Ожидание и перспективы. Казахстанская правда.-2005 г. – 15 января.- с. 5- 6.

  49. Лисак Б. Межбанковские заимствования – как инструмент финансовой политики коммерческих банков. Банки Казахстана. – 2005. - №5. – с.21-25.

  50. Махмутова М., Святов С. Эволюция банковской системы. Банки Казахстана. – 2006. - № 5. – с. 16-20.

  51. В.А. Нарский, А.О. Краев, И.Н. Коньков. Привлечение иностранного капитала в акционерное общество. Финансы и кредит. – 2003. - № 9. – с. 25-28.

  52. Ниязов Б.О некоторых вопросах создания в Казахстане полноценной системы ипотечного кредитования. РЦБК.-2000.-№12. – с. 15-20.

  53. Нурсеит Н. Текущее состояние и проблемы кредитования малого бизнеса в Республике Казахстан. Банки Казахстана.-2005. № 12. – с. 11-16.

  54. Оливер де Байер. Анализ банковского кредита и рейтинга. Банки Казахстана. – 2006.-№9.-с.42-44.

  55. Организационные структуры и культура предпринимательства. Вопросы экономики.-2000.-№8.-с.15.

  56. Олег Хе. Нацбанк подвел итоги 2002 года. Панорама. – 2001.- №1.с.4.

  57. Пудовкина О., Чабровский В. Проблемы риска в бизнесе. Транзитная экономика.-2005. -№4.-с.-42-47.

  58. Программа кредитования малого бизнеса по кредитной линии ЕБРР. Банки Казахстана.-2006.-№3.-с.-9-10.

  59. Сайденова В.Х., Бейсенова М.У. Развитие малого и среднего бизнеса как залог экономической стабильности Казахстана. Наука и образование Южного Казахстана.-2001.-№7-с.133.

  60. Садыков А. Кредиты «удлинились». Деловая неделя.-2000.-14 января. –с.4.

  61. Семенов А. Борьба без правил. Кто в нокауте? Мир. – 2001 № 2 с. 2-5

  62. Спектр М. Научное обеспечение развития малого бизнеса в Казахстане. Вестник предпринимателя 2006.- № 3 с. – 18-23.

  63. Темиргалиев Ж. Тенденции развития малого бизнеса в Казахстане. Вестник предпринимателя. 2000. - № 3 с. 18-23.

  64. Темирханов Е. Малый и средний бизнес. Надо действовать! Транзитная экономика 2006 № 10 с. 116-119.

  65. Токсанова А. Многоуровневый подход к проектированию систем управления малым предпринимательством в Казахстане. Транзитная экономика 2000 № 4 стр 25-41.

  66. Тураев А. Анализ развития малого бизнеса в Казахстане. Аль-Пари – 2006 № 2 с.69-74.

  67. Умбетов А. Кредитование малого бизнеса и банки. Аль-Пари 2005 № 2 с.27-31

  68. Е. Шарыгин. Повышение ликвидности активов банка путем секьюритизации их кредитных портфелей. РЦБК. 2000. - №5 с. 56-59.

  69. Шарипбаев К. Малый бизнес: Проблемы и перспективы. Жамбыл-Тараз-2000-12 мая с. 3.

  70. Челекбай А. Определение рейтинга кредитной работы филиалов банка. Аль-Пари. – 1998 № 2 с. 50-59.

  71. Вестник Национального банка РК, № 1 – 52, 2005 г.

  72. Статистический бюллетень Национального банка РК 2005 г № 1-11.

  73. Статистический бюллетень Национального банка РК 2006 г № 12.

БАЯНДАМА


Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі әсер етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардыңжалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін арқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланған. Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылындырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд долларды құраған. Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналамының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.

Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субьектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін. Жоғарыда түсіндіргенімдей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі. Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді.



Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне – шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылық қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жуйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері. Экономиканың әр бір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәкес келеді. Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егерде несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;

  • Коммециялық банктер;

  • Мамандандырылған несиелік мекемелер (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және тағы басқалары).

Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады. Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк. Сондай-ақ кез-келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай ақ үкімет ұйымдары жатады. Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әртүрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез-келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады. Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала берді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.Мамандандырылған несие мекемелері нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді. Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады. Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды. Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады. Несиелік мекемелер түрлерін қазіргі уақытта дамыту қажет және банктер несиенің пайызын төмендету қажет сонда барлық азаматтарға қол жетімді болады.


1 СЫЗБА: БАНК КЕПІЛДІК ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМЫ








2 СЫЗБА: НЕСИЕ АЛУШЫМЕН НЕСИЕ БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН МІНДЕТТЕРІ















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет