1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы


Ойлау. Адам санасының физиологиялық негізі, ырықты сезім, сананың жоғарғы мәні



бет16/26
Дата21.09.2023
өлшемі85,63 Kb.
#109535
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
физиология рк 5

19. Ойлау. Адам санасының физиологиялық негізі, ырықты сезім, сананың жоғарғы мәні.
Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі –адамның санасы пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің “Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға.” атты еңбегінде берген болатын. П.К. Анохин 1968 жылы салалы іс-қимылды түсіндіру үшін арнайы функциялық жүйе сызбасын ұсынды. Ол функциялық жүйені белгілі бірнақты бейімді пайдалы нәтижеге қолжеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімдері менат қарушы мүшелер бірлес тігіретінде қарастырды.
Сана- психика дамуының сапалы ерекше түрі. Адамның саналы іс-әрекеті айырмашылығы негізігі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі – адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда адамның саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олар мен қарама- қарсылықта болады және оларды басып тастайды.
Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі - адамның білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Сана қоғамның жемісі ретінде тек адамға ғана тән. Жануарларда сана болмайды.
Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынасында қоғамдық еңбңек үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.
Сана - болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасымақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу , түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады.
Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық санаментығыз байланысты. Сондықтан саналылық - адам өзін-өзі түсінгеннен гөрі кең ұғым. Өйткені, өзін сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы, адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары түрі жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қоршағанәлемнің нәрселерін сезіну мен адамныңөзін-өзі және өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады.
Адам санасы әлеуметтік түрткілердің ықпалынан- еңбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыптасады. Сана-сезім бір жағынан танымдық, екінші жағынан әпекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін-өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез-құлқын реттейді, тәрбиелейді. Саналы істер психиканың 10%-ын құрайды.
Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі (90%-ы ) оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П:В:Симонов екі топқа бөледі.
Бірінші топ–шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардыңсыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласана немесе бейсана (бессознательное ) бірінші деңгейі-адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыз дықпен бақылауы. Екінші деңгейі - адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын үрдістер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін көркемдік ғылыми және басқа сезімталдық психикалықүрдістерден көрініс табады.
Екінші топ – асқынсана (сверхсознание ) немесе интуиция. Асқынсана жаңа ақпараттың, тұжырымдамалардың, жаңалықтардың көзі ретінде жоғарғы шығармашылық үрдісін қалыптастырады. Оның нейрофизиологиялық механизмі жақын бейнелер мен ұғымдардың, естегі іздердің трансформациясы, олардың негізінде жаңа комбинациялық ассоциациялары, логика бойынша жаңа уақытша байланыстар құру. Ол санабақыламайтын шығармашылық нұрлану (инсайт ), болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын тетіктерден тұрады.
И.П.Павловтың айтуынша шала сана денгейінде пайда болатын әлсіз тітіркенудің сергітетін ықпалы ми қыртысының қызметін, жұмыскерлігін күшейтеді. Жаңа, көп ақпарат мидың шала саналық сатысы сананың бүкіл пәрменін қосатын бағдарлама жасайды. Егер шеле сананы ақпараттық талдау мен өңдеудун айырса, саналық әрекет болмай қалады. Сол себептен психикалық ауытқулар немесе жағымсыз өзіндік әсерленушілер тууы мүмкін.
Адам санасының пайда болуы – психика дамуының жоғарғы сатысы. Жалпы, өз ойымды қорытындыласам, адамның санасы- жалпақтілмен айтқанда – оның өміріндегі жолдасы. Бүкіл адамға ғана сәйкес іс-қимылдардың көбі дерлік ми қыртысындағы сана орталығында таразыға өлшеніп, мөлшерімен шеткі қозғалғыш мүшелерге беріледі. Адам санасының жоғарғы мәні дегеніміз оның адам үшін ерекше қызметі деп түсіндірсек те болады.
20. Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет