1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы



бет1/26
Дата21.09.2023
өлшемі85,63 Kb.
#109535
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
физиология рк 5


1.Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы.
Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі үрдістен тұрады:
Ассимиляция – жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы зат тардың жаңадан түзілуі ( синтезделуі );
Диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.
Күрделі химиялык заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияга, механикалық, электр энергиясына, соңында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия жасушада жаңа заттар түзілуіне, жасушалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жүмсалады. Жасушалар қүрылысы мен энергия қорының бұрынғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп - дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт.
Тіршіліктің көзі тағам, оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады. Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, денеге сіңеді, жасушаларда ассимиляция және диссимиляция үрдістері өтеді, шығару ағзалары арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Физиология қоректік , минералды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың реттелуін қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат алмасуының көрсеткіштерін зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай-ақ тиімді тамақтану негізін зерттейді.
Энергетикалық алмасу - тағамның құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдыраған кезде едәуір мөлшерде энергия бөлінеді. Ферменттердің қатысуымен күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырауы кезінде энергия бөлінетін реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу дейді. Энергетикалық алмасу кезіндегі ағзалық қосылыстардың ыдырауы тамақтың қорытылуы және тынысалу арқылы жүзеге асады. Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі ағзалық қосылыстар қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тынысалу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшыкеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады. Энергетикалық алмасу кезінде ағзадағы барлық қимыл-әрекет, ой еңбегі және тағы басқа жұмыстар жүзеге асады.
Энергетикалық алмасу үш кезеңнен тұрады. Бірінші - дайындық, екінші - оттексіз, үшінші - оттекті кезең.
Энергетикалыц алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында (лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды. Бұл кезеңде аз мөлшерде бөлінген энергия қоршаған ортаға жылу күйінде таралады.
Энергетикалық алмасудың оттексіз (анаэробты) кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген карамайым ағзалық қосылыстардың одан әрі ыдырауына оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл сатысын кейде ашу кезеңі деп те атайды.
Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет