1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы


Көмірсу алмасуы.Май алмасу. Белок алмасу



бет2/26
Дата20.12.2023
өлшемі227,2 Kb.
#141437
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың м-emirsaba.org

2.Көмірсу алмасуы.Май алмасу. Белок алмасу.
Көмірсулар алмасуы – тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды. Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкоза, фруктоза және галактоза) қан тамырлары арқылы тіндерге тарайды.
Көмірсулар алмасуы - энергия көзі, денеге диполисахаридтер түрінде түседі, қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді. Қанға сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, онда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликоген арқылы глюкоза бауырдан босап шығады да, қанға өтеді.
Майдың алмасуы - ағзада май дене салмағына байланысты 10-20% тен. Майдың алмасуы бұзылып, адамды май басқанда оның мөлшері 50%-ке жетеді. Май негізінен ішектен лимфаға және өте аз мөлшерде қанға да араласып, сінеді. Араласып сіңген май тікелей май ұлпасына барады. Май алмасуда бауырдың қызметі күшті. Ағзаға май жетіспеген жағдайда ол көмір сутегін түзілу арқылы майға айналдырады. Май алмасуын реттейтін арнайы орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгі - ішкі ядросы зақымданса, адам семіріп кетеді, ал төменгі- сыртқы ядросы зақымданса, керісінше, азады. Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі денедегі май қорының жұмсалу және тотыру қарқынын күшейтеді.
Белок алмасуы. Белок - денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы. Ферменттер белоктардан тұрады. Дененің негізгі функцияларының орындалуына қатысады: тыныс алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қорғаныс қызметі, гормондар. Қозғалу қызметі (актин, миозин). Белок –қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі( олар орны толмас амин қышқылдары: лейцин, изолейцин, метионин, гистидин, аргигин, триптофан, лизин, треонин). Белок алмасуын реттейтін орталығы –гипоталамустың сұр затында. Гипоталамустың әсері вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездер арқылы реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі диссиммиляция, ал парасимпатикалық ж.ж. ассиммиляция үрдістерін күшейтеді. Белок синтезін соматотропин, тироксин гормондарда күшейтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет