1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы


Энергетикалыц алмасудың дайындық кезеңі



бет5/26
Дата12.04.2023
өлшемі85,63 Kb.
#81931
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
физиология рк 5

Энергетикалыц алмасудың дайындық кезеңі адамның асқорыту мүшелеріндегі жасушалардың цитоплазмасында (лизосомаларда) жүреді. Бұл кезеңде күрделі ағзалық қосылыстар асқорыту ферменттерінің әсерінен қарапайым қосылыстарға ыдырайды. Бұл кезеңде аз мөлшерде бөлінген энергия қоршаған ортаға жылу күйінде таралады.
Энергетикалық алмасудың оттексіз (анаэробты) кезеңі жасушалардың цитоплазмасында жүреді. Дайындық кезеңде түзілген карамайым ағзалық қосылыстардың одан әрі ыдырауына оттегі қатыспайды. Энергетикалық алмасудың бұл сатысын кейде ашу кезеңі деп те атайды.
Энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі (аэробты) жасушалардағы митохондрияларда жүреді. Ферменттер мен оттектің қатысуымен өте күрделі химиялық реакциялар тізбегі жүреді де, энергия едәуір көп мөлшерде бөлінеді. Мысалы, энергетикалық алмасудың оттексіз кезеңінде қант молекулалары ыдыраған кезде 27 ккал, оттекті кезеңінде 674 ккал энергия бөлінеді. Сондықтан ағза үшін энергетикалық алмасудың оттекті кезеңі өте тиімді.
1 г көмірсулар және нәруыздар ыдыраған кезде 17,2 кДж энергия бөлінеді. Ал 1 г май ыдыраған кезде 39,1 кДж энергия бөлінеді. Адам қаншалықты көп энергия жұмсаса, оның ағзасында соншалықты ағзалық заттар көп ыдырайды. Сондықтан адам көп жұмыс атқарса, тынысалуы да жиілейді, көп тамақ ішеді. Адам жұмсаған энергиясының орнын осылай толықтырады
Адам тіршілігіне қажетті энергияның тәуліктік шығыны 3 мөлшермен өлшенеді; негізі алмасуға жұмсалған энергия; тағам қабылдап, оны қорытып, сіңіруге жұмсалатын энергия; адам ағзалары жұмысына шығатын энергия.
Орта жастағы дені сау адамның әр киллограмм салмағына шаққанда 1 килокалория энергия шығындауы тұрақты өлшем. Жалпы энергия шығыны мен организмге тағам қажеттілігі үлкен килокалорияме өлшенеді. Мәселе түсінікті болу үшін орта жастағы дене салмағы 70кг кісінің негізгі зат алмасуына жұмсалған тәуліктілік энергия шығынын есептеп көрелік. 1 ккал х 70 кг х 24 сағат 1680 ккал. Энергия шығыны еңбек түріне байланысты. Көп жылғы тәжірибе денеге күш түспейтін жеңіл уй шаруашылығымен айналысқан адамның тәуліктік энергия шығыны қосымша 1000-1300 ккал, біраз қол еңбегін талап еткен жағдайда 1300-1800 ккал, ауыр жұмыс атқарушылар мен спортшыларда қосымша 2300-2800 ккал болатынын көрсетті.
Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы. Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.
комфортты температурада – 18-20оС
Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні 1 ккал/кг/сағ тең.
Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-36 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні = 1700 ккал/тәул
Әйелдер үшін = 1500 ккал/тәул



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет