Қазақстандағы энергия көздері



Дата01.05.2022
өлшемі2,93 Mb.
#33016
Байланысты:
Қазақстандағы энергия көздері

Қазақстандағы энергия көздері

Орындаған:Қуатбек Жансая


Энергия көзі- адамзат баласына тіршілік үшін қажетті энергия алуға мүмкіндік беретін заттар немесе табиғи үдеріс

Дәстүрлі энергия көздері Жылу электр станциялары {ЖЭС} Cу электр станциялары {СЭС} Атом электр станциялары {АЭС}


Жылу электр станциясы — жылу қозғалтқыштары көмегімен жылу энергиясын электр энергиясына айналдыратын энергетикалық өндіріс орны.

Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.

Атом электр станциясы (АЭС), ядролық электр станция — атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы.

Баламалы энергия көздері


Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios — күн, және энергетика) — күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары 

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы.

Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы.

Геотермалдық энергетика — энергияны Жердің ішкі жылуынан алу.

Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. 

Сутекті  энергетика – бұл термохимиялық және электролиттік әдістермен сонымен қатар билогиялық процесстермен энергия тасымалдағыш ретінде сутекті алу. 


Мен ұсынатын баламалы энергия


Дүние жүзіндегі жанды атаулының барлығы үшін өміршең маңызды Күн бүгінгі таңда балама энергия көзі ретінде де маңызды. Күн энергиясы су жылыту, салқындату, жылыжай сынды көптеген салада тікелей қолданылады. Осы энергия электр қуатына Күн панельдері арқылы айналдырылады. Баршаға мәлім, қалдық жағармайлардан шығатын энергия зиянды газ шығуына себеп болып, табиғатты ластайды. Осыған керісінше, шексіз энергия көзі Күн газ, тұман, күкірт немесе радиация сынды қалдық қалыптастырмайды. Күн энергиясы стансаларының салынуында алғашқыда құны жоғары болса да, энергияны жинау үшін арнайы жиһаз немесе операция қажет болмағандықтан, басқа шығын шықпайды. Дүние жүзінің көптеген жерінде қолдануға болатын Күн энергиясы табиғатты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі.

ЭКСПО-2017 «Болашақтың энергиясы»


Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырған Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты.

Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.


Мен қолданған ақпараттық ресурстар

  • Энергетикалық ресурстар — отынның барлық түрлерінің қорлары.
  • табиғат ресурстары — жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі түріндегі табиғи, экономикалық, өндірістік ресурстар;

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет