№1 зертханалық ЖҰмыс access 2010 МҚбж қолдану арқылы мәліметтер қорын құру Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата05.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#98920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС (1)

Бүтін ұзын болады.
3) Екі кесте де Microsoft Access бір мәліметтер қорына жатады. 
Кестесі бар мәліметтер қоры мәліметтерінің бүтіндігін орнату 
үшін ашық болуы қажет.
Мәліметтердің бүтіндігін орнату кезінде келесі ережелерді есте 
ұстау қажет:
1) Байланысқан кестенің сыртқы кілт өрісіне басты кестенің кілттік 
өрісінде болмайтын мәнді енгізу мүмкін емес.
2) Басты кестенің жазбаларын өшіруге жол берілмейді, егер 
бағыныңқы кестеде онымен байланысқан жазбалар бар болса.
3) Басты кестедегі алғашқы кілттің мәнін өзгерту мүмкін емес, 
егер осы жазбамен байланысқан жазбалар бар болса.
Нақты байланыстыру үшін мәліметтердің бүтіндігінің ережелерін 
беру үшін оны Microsoft Office Access-те құру кезінде Мәліметтердің 
бүтіндігін қамтамасыз ету белгісін орнату қажет. Егер бұл белгі


орнатылса, онда жоғарыда аталған ережелердің бірін бұзатын кез кел- 
ген әрекет орындалса, онда ескерту экранының шығуына алып келеді, 
ал әрекеттің өзі іске аспайды.
Мәліметтердің бүтіндігін сақтай отырып, байланысқан жазбаларды 
өшіруге немесе өзгертуге шектеулерден арылу үшін Байланысқан 
өрістерді каскадтық жаңарту және Байланысқан өрістерді 
каскадтық өшіру белгілерін таңдау қажет. Егер Байланысқан 
өрістерді каскадтық жаңарту белгісі таңдалса, онда басты кестенің 
кілттік өрісін өзгерту кезінде байланысқан жазбалардың сәйкес 
мәндері де автоматты түрде өзгереді. Егер Байланысқан өрістерді 
каскадтық өшіру белгісі орнатылса, онда басты кестеде жазба- 
ларды өшіру кезінде бағыныңқы кестедегі байланысқан жазбалар да 
өшіріледі.
Қажетті кестелерді, өрістерді және байланыстарды құрғаннан 
соң мәліметтер қорының құрылымын қайта қарау және мүмкін 
кемшіліктерді анықтау қажет. Мүмкіндігінше бұны кестелерді 
мәліметтермен толтырғанға дейін орындау қажет.
Microsoft Access-те мәліметтер қорының құрылымын жетідіруге 
көмектесетін екі құрал бар:
Кестелерді талдау шебері кестенің құрылымын таңдайды, 
қажетті жаңа құрылым мен байланыстарды ұсынады, сондай-ақ 
кестені жаңа байланысқан кестелерге бөледі.
Тез әрекет ету талдамасы бүкіл мәліметтер қорын зерттейді, 
оны жақсарту бойынша ұсыныстарды береді, сондай-ақ оларды 
жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет