9. Экспериментальды психолингвистика. Билингвизм



Дата27.11.2022
өлшемі150,97 Kb.
#53101
Байланысты:
9апта

9. Экспериментальды психолингвистика. Билингвизм

  • Сөздік қор (лексикон) белгілі бір тәртіпке келтірілген жүйе, онда алынған ақпарат сұрыпталып, екшеліп, орын-орнымен орналасқан. Сондықтан қажетті ақпарат өте оңай алынады. Тілші-ғалым Е.С.Кубрякованың айтуына қарағанда бұл жүйенің негізінде ассоциациялар жатыр. Бірақ ассоциациялар бір сөзде әртүрлі болуы мүмкін. Ассоциациялық байланыстарды лексиконның қалыптасуының негізі ретінде түсініп, жеке тұлғаның жеке сөйлеу тәжірибесіне сүйене отырып қарастыруды ұсынады. Ғалым ассоциациялардың пайда болу процесі адамның когнитивтік қызметін қамтамасыз етеді дейді.
  • Сөздер сөйлеушілердің санасында семантикалық өріс болып, тақырыптық-мазмұндық жақындығының негізінде топтасады. Абстракцияның арасындағы мәндік байланыстар таңбаланушылар арасындағы ассоциативті байланыстармен анықталады. Бұл анақтамада зерттеуші семантикалық өрісті жүйедегі сөздердің әр түрлі деңгейлерінің өзара мәндік қиылысуы, байланыстары негізінде пайда болған сөздердің топтасуы деп ұғады. Сөз адамның шындық дүниедегі заттар мен құбылыстармен қарым-қатынас жасаудағы таным-тәжірибесін танытады. Соған орай сөздердің табиғатын тек қана тіл бірліктері ретінде ғана емес, сонымен бірге психологиялық үдерістер: қабылдау, ес, ойлау және т.б. деңгейде алып қарастыру қажет. Есте адамның барлық білім деңгейінің құрылымы мен қоймасы т.б. жұмыс тәртібі туралы ақпарат сақталады.
  • Психолингвистика – бұл экспериментальды ғылым, дәстүрлі лингвистика байқау әдісі арқылы дайын мәтінді тексерсе, психолингвистика сол мәтіндердің құрылымдық жағынан түзілу үдерісін тәжірибе жүргізу арқылы анықтайды. Мұнда ең бастысы, тілді адамнан бөліп қарау емес, керісінше, тілдің адамның сөйлеу қызметінде қолданылуы. Психолингвистика дәстүрлі тілтанымда жинақталған теориялық материалдарды жоққа шығармайды, керісінше, оны өз тәжірибесінде пайдаланады. Ол қарастыратын басты, маңызды мәселелердің бірі - адамның сөздік қорының түзілуі. Ең алдымен, адамның тілді қолданудағы психологиялық іс-әрекеттердің жұмысын қарастыру, яғни адам не себепті сөзді түсінеді, неліктен кез келген сөзді айту арқылы оған сол мезетте жауап бере алады - міне, осы сұрақтардың жауабын сөздік қордың реттелуі, тәртібі, жүйесінен іздеу керек.
  • Әлі күнге шейін ғасырлар бойы қордаланған, жинақталған таным-тәжірибенің - «білімнің» тілдегі берілуі, адамның миында осы «білімнің» қалай жинақталып тұрғандығы, белгілі бір айтылған сөзді қабылдау мен түсіну арқылы адамның дәл осы сөзге мағыналық-мазмұндық жағынан сәйкес келетін сөзді өз жадынан тауып бере алатын мүмкіншіліктері бүге-шігесіне шейін зерттеле қойған жоқ. Бұл проблемаға қалам тартқан тілші және психолог ғалымдар: А.А.Уфимцева, Л.М.Васильева, Г.С.Щур, А.А.Залевская, Ю.Н.Караулов, А.А.Леонтьев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия және т.б. дегенмен, бұл ғалымдардың еңбектерінде де барлық мәселелер толық қарастырылды деп айтуға болмайды.
  • Ассоциациялық өріс деп, психолингвистика мен психология шеңберінде қарастырылатын сөз-стимулдардың айналасына сөз-ассоциаттар тобы жинақталған ассоциацияның түрлерін айтамыз. Ассоциациялық өрісте мағыналық жағынан жақын, төркіндес сөздер жинақталады.
  • Сонымен, ассоциациялық өріс әрбір адамда әр түрлі, яғни адамның дүниетанымы, оның тіл қолданысындағы атаулар құрылымы мен олардың арасындағы қарым-қатынастарға байланысты жеке, ерекше болады. Ассоциация сипатына сол адамның жасы, жеке басындағы ерекшеліктері, географиялық жағдайлары, мамандығы, және т.б. әсер етеді. Ал ұлттық ұжымдық сана немесе этностық санада ассоциация тұрақты болады, өйткені сөздер арасындағы байланыс ұдайы қайталанып отырады. Жоғарыда айтылғандай, әр халықтың мәдени, тілдік әлем бейнесі әртүрлі, себебі халықтың тарихы, тілі, өмір сүру салты, санасы әр түрлі. Сөз-ассоциат – бұл тек қана заттардың, құбылыстардың атауы ғана емес, сонымен қатар олар адамды қоршаған әлемнің бір бөлігі, адам санасында сәулеленуі арқылы олар сол халыққа ғана тән, сол халықтың мәдениетімен шектелген ерекше қасиеттерге ие бола бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет