ЭОП-66 пирометрінің әрекет принципі мен оптикалық сұлбасы
Денелердің жарықтық температураларын оптикалық немесе жарықтық пирометрлермен өлшейді. Зертханалық оптикалық пирометр, шоқтану жібі жоғалатын, спектрдің көрінетін аймағында денелердің жылулық сәулеленуі бойынша, олардың жарықтық температураларын өлшеумен монохроматикалық пирометрдің сұлбасы бойынша құрастырылған, жарықтағы толқынның тиімді ұзындығы λ = (0,65 ± 0,01) мкм.
Пирометр әрекеті қыздырылатын объектінің сәулелену жарықтығын эталон жарықтығымен салыстыру жолымен монохроматикалық жарықты өлшеуге негізделген. Эталон ретінде арнайы пирометриялық лампа қолданылады, онда температуралық жіптің сонда ағып өтетін токке тәуелділігі беріледі.
Пирометрдің оптикалық сұлбасында (1 сурет) үш линзалы объектив 5, пирометр окуляры болып табылатын микроскоп 1, жәнеде пирометриялық лампа 3.
1 сурет. ЭОП-66 пирометрінің оптикалық сұлбасы
Объектив 240 мм фокустық қашықтықты болады және жарық күші 1:3. Окулярлы 30-еселік микроскоп ± 5Д шектерінде диоптриялық туралауды қамтамасыз етеді. Шыны 4 өлшенетін температуралар диапазонын кеңейту үшін қызмет атқарады, ал қызыл жарықсүзгіштер 2 – жарық ағынын монохроматизациялау үшін қолданылады.
Пирометр құрлысы
ЭОП - 66 пирометр объективтен 2 және жиектеме (оправа) кронштейнге бекітілген, окулярлы микроскоптан 8 тұратын телескопты көрсетеді (2 сурет). Кронштейнге лампалар блогі 4 бекітіледі, онда лампалары бар үш патрон орналасады 6. Кронштейн іргеге орнықтырылған 7. Червяк тұтқасының көмегімен 15 майысқан стопор кезінде 13 пирометр телескопы горизонталь жазықтықта 25о дейін бұрышқа бұрылады, ал тұтқамен 14 таңдалған жайғасымда тіркеледі.
2 сурет. ЭОП-66 оптикалық пирометр
Объектив, тұтқаның 3 көмегімен оптикалық ось бойлығымен қозғалады. Микроскоп 8 окулярының оптикалық ось бойлығымен қозғалуы диоптриялық түсіруді қамтамасыздандырады.
Пирометр, патрондарға бекітілген пирометриялық лампалармен жабдықталған 6. Тұтқаны бұру арқылы 9 лампалар кезекпен-кезек пирометр окулярының көру өрісіне енгізіледі. Реттеуші винттер 11 лампалардың тік бойлықта қозғалуын қамтамасыз етеді. Стопорлық винт 10 лампалардың таңдалған бағытта тіркелуі үшін қызмет атқарады. Температуралық шкаланы кеңейту үшін пирометр сіңіру шынылары бар және шығарылатын жұтқышты 18 кассетамен 12 жабдықталған. Кассета лампалар блогінен 4 итергіш 20 көмегімен алынады. Жарықсүзгішті кассета 5 жарық ағынын монохроматизациялау үшін қолданылады. Кассеталар 12 және 5 жайғасымы кассета дөңгелектігі бойынша индекстермен (нүктелермен) белгіленеді. Пирометрмен өлшенетін температуралар диапазоны (900 - ден 10000 °С дейін) 5 шектерге бөлінеді:
1 шек – 900-ден 1400 °С дейін, салыстырмалы қателік ± 0,2
2 шек – 1400-ден 2000 °С дейін, салыстырмалы қателік ± 0,2
3 шек – 2000-нан 3000 °С дейін, салыстырмалы қателік ± 0,4
4 шек – 3000-нан 6000 °С дейін, салыстырмалы қателік ± 2,0
5 шек – 6000-нан 10000 °С дейін, салыстырмалы қателік ± 3,0
Температурасы өлшенетін объект мөлшері - 1x1 мм кем емес. Блок қорегі - кернеуі 6 В.
Достарыңызбен бөлісу: |