Тапсырмалар:
1. Таңдап алынған жеке тапсырма бойынша көпшілік алдындағы баяндаманы даярлаңыз. Өз тапсырмаңыз бойынша сабақ үзіндісінің көрсетілімін жасаңыз.
Информатика бойынша өз бетімен жұмысты жүргізу әдістемесі, олардың түрлері мен ерекшеліктері.
Өз бетімен жұмыстардың тапсырмаларын құрастыру.
Сынақты өткізу әдістемесі.
Бақылау жұмысы, информатика сабақтарында бақылау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері.
Сауалнамалардың алуан түрлері.
Тестілеу (компьютерлік және компьютерлік емес) жүргізу.
Үй тапсырмаларының түрлері, оны тексеру әдістері.
Диктанттар.
2. Информатика бойынша пайдаланылған оқулықтың атауы мен авторларын және тапсырма дайындалатын тақырыпты көрсете отырып, тапсырманы орындаңдар.
Тексеру жұмысын жасау.
Тестіні жасау.
Диктантты жасау.
Бақылау жұмысын жасау.
3. Бақылаудың дәстүрлі емес формасының сипаттамасын дайындаңыз және сабақтың сәйкес үзіндісін жасаңыз.
Білім мен біліктіліктерді тексерудің және есептеудің дәстүрлі емес сабақтары: сабақ-викторина, сабақ-сынақ, сабақ-ойын (КВН, «Не? Қайда? Қашан?», «Ғажайыптар даласы», «Бақытты сәт»), сабақ-конкурс, сабақ-конференция, зерттеу туралы есеп, сабақ – білім байқауы, сабақ- жарыс, сабақ – шығармашылық есеп, сабақ-эстафета
Сабақтың дәстүрлі емес элементтері: ғаламтор-тестілеу, ақпараттық лабиринт, кроссвордтар мен басқатырғыштарды шешу және т.т.
Оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі емес формалары: шығармашылық жұмыстар мен жобаларды қорғау, портфолио оқушының білім беру өнімдерінің (жүзеге асқан жобаларының) жиынтығы ретінде.
4. Оқушылардың білімін тексеру мен бақылауды классификаттау формалары мен әдістерінің сұлбасын құрастырыңыз.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 2 негізгі]
№5 зертханалық жұмыс. Информатика бойынша оқу процесін жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |