Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата27.02.2023
өлшемі260,51 Kb.
#70299
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қашықтықтан оқытудың қағидалары



Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша 
 оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 
 
1-тарау. Жалпы ережелер 
1.1. Осы Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу 
процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан 
Республикасының 
«Білім 
туралы» 
Заңына, 
Қазақстан 
Республикасының «Ғылым туралы» Заңына, 2018 жылғы 31 қазандағы 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 604 
бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 
Мемлекеттік білім беру стандартына, 2015 жылғы 20 наурыздағы 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 
«Қашықтан оқыту технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру 
ережесін бекіту туралы» № 137 бұйрығына (өзгертілген), Әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің академиялық саясатына (бұдан 
әрі - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, университет), Әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ студенттерінің оқу жетістіктерін бақылаудың түрлері мен 
формалары туралы ережесіне, қорытынды бақылауды (емтихан 
сессиясын) өткізу ережесіне сәйкес әзірленген, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінде (бұдан әрі - университет, ҚазҰУ) 
қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісін 
ұйымдастыру ережесін анықтайды. 
1.2. Ережелер мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы білім 
беру қызметтерін көрсету келісім-шарт негізінде қаржыландырылатын, 
қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып ҚазҰУ-де кредиттік 
технология аясында, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің 
оқу бағдарламаларының міндетті талаптарын және енгізу тәртібін 
анықтайды.
1.3. Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚОТ) 
пайдалану арқылы оқу процесін ұйымдастыру білім алушыларға 
академиялық күнтізбеге сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеру 
үшін жүзеге асырылады. 
1.4. ҚОТ іске асыру теледидарлық, желілік және кейс-технологиялар 
бойынша жүзеге асырылады. 
1.5. ҚОТ 
пайдалана отырып, оқу процесін жоспарлау мен 
ұйымдастыруда, оқу түрлері бойынша уақыт нормалары педагогикалық 
жүктемені есептеу үшін бекітілген нормативтерге сәйкес анықталады. 
1.6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар 
пайдаланылады: 
1) білім беру порталы – ҚОТ бойынша білім беру процесін 
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-
әдістемелік ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет 
сервистерінің желілік түрде ұйымдастырылған өзара байланысқан 
жиынтығы; 


2) DBA бағдарламасы – басқарушы кадрларды, практикалық 
тәжірибесі бар, сондай-ақ менеджменттің заманауи тұжырымдамалары 
мен модельдерін меңгеру және дамыту үшін қолданбалы зерттеулер 
жүргізуге мүдделі жоғары буын менеджерлерді бейіні бойынша доктор 
дәрежесін бере отырып даярлауға арналған бағдарлама; 
3) executive MBA бағдарламасы (бұдан әрі – ЕМВА 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет