1 Зертханалық жұмыс Пәні: Басқару объектілерін модельдеу және идентификациялау Тақырыбы:«Жинақталған параметрлері бар объектілерді моделдеудің аналитикалық әдістері»


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі



бет3/5
Дата10.04.2023
өлшемі465,46 Kb.
#81394
1   2   3   4   5
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
1. MatLab ортаның бұйрық терезесінен File-New-Model меню немесе құралдар панелінен сәйкес батырманы басып Simulink пакетін жұмысқа қосыңыз
2. Пайда болған терезеде жаңа модел орынын – untitled терезесін жасаңыз. Қарастырылып отырған процесс моделінің блок-диаграммасын құрастыруын бастаңыз.
Ескерту - блок-диаграммалардағы блоктарға маңызды аттарды меншіктеңіз (процес пен теңдеулердегі айнымалылар аттарын). Сонда диаграмманы жеңіл түсінесіз және өзгерулерді жасағанда жаңылмайсыз.
3. Simulink библиотекасының Constant, Gain, Product, Sum және математикалық операциялар блоктары қолданып Φ0 кіріс ағынын құрастырыңыз (нұсқа бойынша). Алынған диаграмманы бөлек өзіндік ішкі жүйе - Subsystem ретінде ресімдеңіз. Ішкі және негізгі жүйелер арасындағы байланыс ішкі жүйеге In (Кіріс) және Out (Шығыс) стандартты блоктарды енгізу жолымен орнатылады. Ішкі жүйеде қолданылатын негізгі жүйеде ресімделетін шамалар ішкі жүйеге In блогы арқылы түседі, ал ішкі жүйеде қалыптасқан шамалар негізгі жүйеде қолданса, ішкі жүйеден Out блогы арқылы шығады.
Кірудегі ағын уақыттан нақты түрде тәуелді функция болғандықтан, тағы да Clock блогы қажет, оны құрастырылған ішкі жүйе кірісіне беру керек. Кіріс ағынның Subsystem блогының шығысын әзірше бос қалдырыңыз.
4. Моделдің бірінші теңдеуінің блок-диаграммасын жинаңыз: - диаграмма терезесіне Mux (айнымалылардың барлығын бір векторға біріктіру үшін), Subsystem (бұл теңдеудің оң жақтағы өрнегін құрастыру үшін жаңа блок), Integrator (теңдеудің оң жағын интегралдау үшін) және Scope (интегралдау нәтижесін қарап шығу үшін) блоктарын орнатыңыз;
- жасалған блоктарды аталған ретімен байланыстырыңыз;
- Mux блогының кіріс сандарын орнатыңыз; Mux блоктың бір кірісіне алдынғы тарауда жасалған Subsystem блогының сигналын беріңіз;
- кіріс айнымалылар ретінде кіріс ағынның Φ0 функциясы мен моделдеу нәтижесінде алынған M(t) мәндерін қолданып, Subsystem блогын қалпына келтіріңіз;
- Subsystem блоктың шығысын Integrator блогының кірісіне беріңіз;
- Integrator блогының шығысын Scope терезесіне шығарыңыз және кері байланыс арқылы Mux болгының кірісіне беріңіз.
5. Алдынғы 4 тарамағындай екінші теңдеу үшін диаграманы жинаңыз. Мұнда кіріс айнымалылар ретінде бірінші теңдеудің диаграммасында алынған M(t) мәндері және моделдеу нәтижесінде пайда болатын m(t) мәндері қолданылады; мұндада Subsystem блоктың шығысы Integrator блогына беріледі, ал соңғы блоктың шығысы ізделінетін m(t) шамасы болып табылады.
Нәтижесінде негізгі блок-диаграммада үш ішкі жүйе Subsystem бар, оларға мағналы атауларды беріңіз.
6. Екінші теңдеудің диаграммасының m(t) шығысын Gain блогымен байланыстырып, зерттелетін P = m(t) өнімділігін алыңыз, Р шамасын Scope терезесіне шығарыңыз.
7. Модель файлын сақтаңыз.
8. Диірменнің өнімділігін зерттеу үшін модел диаграммасын қолданып имитациялық тәжірибелерді өткізіңіз.
Тәжірибелер барысында кіріс ағынның a және b коэффициенттер мәндерін өзгертіп отырып (Constant блоктарында), диаграмманы орындалуға қосып, Р шығыс айнымалының графиктерін бақылап отыру қажет.
9. Шығыс айнымалының өзгеру тенденциясын зерттеңіз және өнімділіктің физикалық мағнасына қарай М+ параметрдің мәнін таңдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет