1 зертханалық ЖҰмыс тақырыбы: Java тілінің негізгі компоненттері. Сызықтық алгоритмдер, формулалар бойынша есептеу. Тапсырма



Дата05.03.2023
өлшемі85,1 Kb.
#71565
түріПрограмма
Байланысты:
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Java тілінің негізгі компоненттері. Сызықтық алгоритмдер, формулалар бойынша есептеу.
Тапсырма: Берілген формула бойынша өрнектер мәнін есептейтін алгоритм схемасын және соған сәйкес программа жазып шығу керек.
Нәтижесі: Орындалған жұмыс бойынша есеп беру:
• алгоритм блок-схемасынан;
• Jaava тілінде құрылған программадан;
• әртүрлі бастапқы мәндер бойынша компьютерден алынған программа нәтижелерінен тұрады (бастапқы мәліметтер теріс, оң, нөл, бір мәндері болуы тиіс).
Ескерту: Формулалар бойынша есептеу барысында Java тілінің математикалық функциялары (тақырып файлы –) қажет болуы мүмкін. Олар:



Экранға шығарылатын символдар түсін өзгерту – textcolor (n); Символдар шығару кезінде экран фоны түсін өзгерту – textbackground(n); Экранды тазалау операторы – clrscr(); n – кез келген бір түске сәйкес келетін таңбасыз бүтін сан немесе түстің ағылшын тіліндегі атауы; – экранға арналған тақырып файлы; n(түс) параметрі төмендегі атаулы константалардың бірін пайдаланады.





Жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1. Программа, оператор ұғымдары.
2. Java тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?
3. Стандартты функциялар, өрнектер, мәліметтерді енгізу/шығару операторлары.
4. Бүтін және нақты типтегі айнымалыларды сипаттап, соларды енгізіп, мәндерін есептейтін операторлар.
Жұмысты орындауға арналған тапсырмалар
1. Кубтың қыры берілген. Кубтың көлемі мен бүйір бетінің ауданын анықтаңдар.
2. Екі санның арифметикалық және геометриялық ортасын есептеп, нәтижесін шығаратын операторлар тізбегін жазыңыздар (оң сандар берілген деп есептейміз).
х, у сандарының геометриялық ортасы: x ⋅ y , ал а1, а2, а3, ..., аnсандарының геометриялық ортасы: n a1 ⋅ a2 ⋅ a3 ⋅...⋅ an
3. Екі санның қосындысын, айырмасын және көбейтіндісін есептейтін программа жазыңыз.
4. Берілген екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен ауданын есептейтін программа жазыңыз.
5. Координаттары x1, y1 және x2, y2 болып келген екі нүкте ара қашықтығын
табыңдар.
6. x саны берілген. 2x4 – 3x3 + 4x2 – 5x + 6, 1 - 2x + 3x2 - 4x3 және 1 + 2x +3x2 + 4x3 өрнектерін есептейтін программа құрыңыздар. Мұнда көбейту, қосу және алу амалдарын ғана қолдануға болады. Орындалатын операциялар саны мүмкіндігінше аз болатын болсын.
7. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштың ауданын
табатын программа құрыңыздар.
8. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

9. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

10. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

11. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

12. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

13. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

14. x, y, z берілген. a, b-ны есептеу керек:

15. x және y сандары берілген, төмендегі мәнді табу керек.

16. Екі нақты сан берілген. Солардың арифметикалық ортасын және модульдерінің геометриялық ортасын табыңдар.
17. Үшбұрыш төбелерінің координаттары берілген.Сол үшбұрыштың периметрі
мен ауданын анықтаңдар.
18. Арифметикалық прогрессия мүшелерінің a, a + d, … , a + ( n – 1 )d қосындсын берілген a, d, n мәндері арқылы анықтаңдар.
19. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен бір катеті берілген. Соның екінші катеті мен іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.
20. Массалары m1 және m2, ара қашықтықтары r болып келген денелердің бір бірін тарту күшін F анықтаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет