1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар


Адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің, түрлі-түстік көресткішін анықтау және гемин кристалдарын алу



бет15/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

6.4 Адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің, түрлі-түстік көресткішін анықтау және гемин кристалдарын алу


Гемоглобин (грекше – haima, haimatos – қан және латынша globus -шар) – адамның, омыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлардың қанының қызыл пигменті. Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады. Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120–150г/л,ер адамдарда 130–160 г/л. Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса, қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады. Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер: бауыр, ет т.б. Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады. Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып,өкпеге апарады. Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады. Гемге оттегі молекуласы қосылады ,ол -гемоглобин бөлігі. Жалпы гемоглобин 96 %-ы нәруыз – глобиннен, 4 %-ы темір атомы бар гемнен тұрады.
Гемоглобиннің мөлшеріне қарап қанның тотығу мүмкіндігін анықтауға болады.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Гемоглобин, оның құрылысы және атқаратын қызметтері?
2. Гемоглобинді анықтау әдістерінің негізі?
3. Қанның түстік көрсеткіші деген не және оны қалай және не үшін анықтайды?
4. Гемоглобин құрамын анықтау қандай принципке негізделген және оны қандай бірліктермен көрсетеді?
5. Адамдағы және әр түрлі жануарлардағы гемин кристалдарының пішіні қандай?
Сабақтың мақсаты: гемоглобин мөлшерін анықтау, Тейхман гемин кристалдарын алу және қанның реңдік көрсеткішін анықтау тәсілдерін үйрену.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: сали гемометрі, ине, тұз қышқылы ерітіндісі, дистилденген су, мақта, спирт, эфир, йод, төсеніш шыны, көз пипеткасы, ас тұзы, мұзды сірке қышқылы.
Тәжірибеде қандағы гемоглобин мөлшері қосымша калориметрлік әдіс-Сали гемометрімен анықталады (сурет).

Қандағы гемоглобин пробиркадағы қосындының түсін гемометрдегі стандартты ерітінділердің түсімен теңестіреді. Сали гемометрі штативке орнатылған диаметрі бірдей үш пробиркадан тұрады, артқы жағынан шынымен жабылған. Екі шеткі пробирка тұзқышқылды геминнің стандартты ерітіндісімен (16,67 %-ін гемоглобин құрайды) толтырылады.
Ортадағы пробирка градустарға бөлінген, ол қанды зерттеуге арналған. Бұл пробиркада екі шкала бар: бірі Сали бірлігі (100 бірлік 16,67 % тең) бойынша гемоглобин санын, екіншісі қанның 100 мл-дегі гемоглобин мөлшерін (грамм) көрсетеді. Гемометрге зерттелінетін қан алынатын 20 мм3 капиллярлық пипетка бекітілген.
1 зертханалық жұмыс. қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.

Жұмыстын барысы: гемометрдегі градусталған пробирканың төменгі бөлігіндегі 12 (200 мм3-ге тең) сақинасына дейін тұз қышқылының 0,1 %-тік ерітіндісін құяды. Арнайы капиллярлық пипетканың 0,02 мл белгісіне дейін қан алып, оны Гемометр Сали приборының түтікшесіне құяды. Пипетканы ерітіндінің ішінде бірнеше рет шаяды. Сонан соң пробиркадағы сұйықтықты жақсылап араластырады да, эритроциттер толық гемолизденгенше 5 минутқа қойып қояды.
Гемоглобин тұз қышқылымен реакцияға түскенде тұзқышқылды гематин түзіледі, ол қоңыр рең береді. 5 минуттан соң ерітіндінің түсі стандартпен сәйкес келгенше пробиркаға тамшылатып дистилденген суды қосады. Шкалалы пробиркадағы ерітіндінің деңгейі қандағы гемоглобиннің мөлшерін көрсетеді. Стандартты ерітіндідегі гемоглобиннің абсолюттік құрамы қандағы гемоглобиннің 16,67 % тең.
Гемоглобиннің санын абсолютті цифрмен анықтау үшін санақ жүргізіледі. Мысалы, гемометр шкаласында гемоглобиннің 80 бірлігі белгіленсе, онда оның қандағы абсолюттік құрамы тең:

Егер пробиркадағы ерітіндінің деңгейі 100 белгісінде тұрса, ондағы гемоглобин мөлшері 16,67 %-ті құрайды, ал көрсеткіш 100-ден көп не аз болса, жоғарыда көрсетілгендей саналады (кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет