Лактация (сүттену) дегеніміз – желінде сүттің пайда болуы мен жиналуы және сауған немесе емген кездегі сүттің шығуы. Бұл процесс ағзаның барлық жүйесі бірлесе жұмыс істегенде ғана іске асады. Сүт сүт безінің секреторлық эпителиінде түзіледі де жинағыш жүйеге түседі. Желіннің қай жерінде орналасуына байланысты сүт цистернальдық, альвеолярлық және қалдық сүт болып бөлінеді.
Бұл бөлімде сүт безінің секреторлық қызметін, сүттің құрамын, желіндегі қысымды, сүт бөлудің жылдамдығын зерттеу тәсілдері берілген.
Сабақтың мақсаты: сүттің әртүрлі үлесіндегі май түйіршіктерінің көлемі мен санын анықтау әдісімен танысу.
Зерттеу обьектісі мен материалдар мен құрал-жабдықтар: сиыр сүті, сүтке арналған ыдыс, өлшегіш цилиндрлер, микроскоп, шприц, инелер, төсеніш және жабын шынылары, тамызғыштар, питутрин, этил спирті, мақта, дәке.
1 зертханалық жұмыс. Сүттің құрамын анықтау және сүт майын зерттеу
Әр түрлі малдың сүтінің бір-бірінен айырмашылығы сүттің құрамындағы белок, май, қант және тағы да басқа заттардың мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар оған малдың тұқымы, азық құрамы, сүттену кезі де өз әсерін тигізеді.
2 Зертханалық жұмыс. Май түйіршіктерінің көлемің анықтау
Зерттеу обьектісі, материалдар мен құрал жабдықтар: желіннің әр түрлі бөлігінен сауып алынған сүт, окуляр-микрометрлі микроскоп, стакан, пробиркалар, тамызғыштар, төсеніш және жабын шынылары, дистилденген су.
Жұмыстын барысы: пробиркаларға 1 мл-ден цистернальды, альвеолярлы, қалдық сүтті құйып, әрқайысысының үстіне 5 мл-ден дистилденген су қосып, шайқайды. Сонан соң оның әрқайсысынан 1 тамшыдан төсеніш шыныға тамызады да, жабын шынымен жауып, препаратты микроскоп столына қояды. Окуляр-микрометр шкаласы аймағында орналасқан май түйіршіктерін зерттеп, олардың диаметрін анықтайды. Окуляр-микрометр шкаласының әрбір бөлігінің үлкендігі х40 обьективпен қарғанда 3 мкм-ге тең болатынын ескеру қажет. Сүттің түрлі үлесіндегі май түйіршіктерінің үлкендігін салыстырып, олардың пайыздық қатынасын есептейді де, қорытынды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |