Физиологиясы



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата20.01.2017
өлшемі5,31 Mb.
#2300
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2300

Қ .  Д Ү Й С Е М Б И Н
ОРТАЛЫҚ  ЖҮЙКЕ  ЖҮЙЕСІ 
ЖӘНЕ  ЖОҒАРЫ  ЖҮЙКЕ  ӘРЕКЕТІНІҢ 
ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Алматы  2001

УДК  612.8,821+612  (075.8)+159.9
Дүйсем бин  Қ.  Орталық жұйке  жүйесі және жоғары
жүйке  әрекетінің  физиологиясы.  -  Алматы:
КазмемҒАҒЗИ,  2001.  -  217  бет.
ISBN 9965-466-33-5
Орталық  жүйке  жүйесі  және  жоғары  жүйке  әрекетінің 
психофизиологиялық  мәселелері  ғылымның  соңғы  жаңа- 
лықтарына  негізделіп  жазылды.  Ми  қыртысының  функ- 
циялық  ерекшелігі  және  оның  ми  бағанасы  мен  жүлынның 
қызметтерін  үйлесімді  басқаруы  толық  баяндалды.  Миды 
зерттеудің жаңа  ғылыми  әдістемелері  берілді.
Проблемы центральной  нервной системы  и высшей  нерв­
ной деятельности  написаны  на  основе  последних достижений 
науки.  Изложены  функциональные  особенности  коры  голов­
ного  мозга  и  ее  интегративное  управление  функциями  моз­
гового  ствола  и  спинного  мозга.  Приведены  научные  методы 
исследования мозга.
The  issues  of  central  nervous  systeme  and  integrative 
function  of nervous  system based on the last scientific  achivement 
are  described  in  the  book.  The  author  overvies  the  functional 
peculiarities  of  brain  cortex  and  brain’s  integrative  coordination 
over  the  functions  of  the  brainstem  and  spinal  cord.  Scientific 
methods of research of brain are introducers in the book.
Пікір жазгандар:  F.  T.  Тәшенов  —  Үлттық ғылым 
академиясының  академигі.
С.  Т.  Төлеуханов  —  Әл-Фараби  атындағы  ҚМҮУ-нің 
адам  мен  жануарлар  жэне  биофизика  кафедрасының 
меңгерушісі,  б.ғ.  д.,  профессор.
ISBN 9965-466-33-5
©  Дүйсембин  Қ.,  2001

МАЗМҮНЫ
Алғы  с ө з .........................................................................   5
К ІР ІС П Е ........................................................................  7
1-лекция.
  Орталық жүйке  жүйесі және  жоғары 
жүйке  әрекеті  физиологиясы,  оның  ғылыми 
о р н ы  
  7
I  ТАРАУ.  Қозғыш  ткандер  физиологиясы....   22
2-лекция.
  Нейрондағы  козу және  оның таралуы..  22
3-лекция.
  Нерв-ет қозғалтқыш  бірлігі және
оның  ерікті-еріксіз  қимылдағы  м а ң ы зы ...............   40
II  ТАРАУ.  Орталық жүйке  жүйесінің 
физиологиясы  ....................................................   45
4-лекция.
  Орталық жүйке  жүйесінін 
психофизиологиясы  және  рефлекторлы 
әрекетінің жалпы  занды лы қтары ......................  
45
5-лекция.
  Жүлынның  қүрылысы  мен  қызметі  ... 
52
6-лекция.
  Ми  баганасының  ф изиологиясы .........  
61
7-лекция.
  Мишықтың  кы зм еті................................   77
8-лекция.
  Аралық мидың  кы зм еті...........................  82
9-лекция.
  Вегетативтік жүйке  ж ү й есі.....................   93
III  ТАРАУ.  Алдыңғы  мидың 
психофизиологиясы  ........................................ 
97
10-лекция.
  Алдыңгы  ми,  лимбиялық жүйе, 
базальдік түйіндер................................................. 
97
11-лекция.
  Үлкен  ми  сыңарларының  қыртысы.... 
102
12-лекция.
  Ми  қыртысының  биотогы.................... 
106
13-лекция.
  Орталық жүйке  жүйесінің  барлык 
бөлімдерінің  бірлесіп  іс-қимыл  рефлекстерін 
үйлестірудегі  мәні  және  кейбір  өзекті 
мәселелер  мен  алдағы  міндеттер........................   110
IV-  ТАРАУ.  Талдағыштар  физиологиясы.........   115
14-лекция.
  Талдагыштардың жалпы  сипаттамасы  115
15-лекция.
  Көру талдагышынын  қүрылысы  мен 
қы зм еті..................................................................... 
122
16-лекция.
  Есту  және  тепе-тендік 
талдагыштарының  қызметі  мен  маңызы...........   135
17-лекция.
  Тері,  иіс  сезу,  дәм  сезу 
талдагыштары  ...............................................................   144
3

V.  ТАРАУ.  Ж оғары  жүйке  жүйесі  әрекетін ің  
психоф изиогиясы   ................................................  156
18-лекция.
  Жоғары  жүйке  жүйесі  әрекетінін 
жалпы  м әселелері................................................... 156
19-лекция.
  Шартты  рефлекс  және  оньщ  мидағы 
м еханизм і.................................................................   164
20-лекция.
  Жоғары  жүйке  әрекетінін типтері
және  екі  сигналдык ж ү й е ....................................   173
VI.  ТАРАУ.  Күрделі  психикалы қ 
қүбылыстардың  ф и зи о л о г и я с ы ...................... 182
21-лекция.
Үйқы,  түс  көру жэне  г и п н о з ..............   182
22-лекция.
.Стресс  жэне  э м о ц и я .............................  191
23-лекция.
  Есте  сақгау  және  үмыту........................   199
24-лекция.
  Адамның  психофизиологиялық 
ерекш еліктері..........................................................207
Окулықтар  мен  оқу  қүралдары ................................   216

Қазақстанның т әуелсіздігінің 
10 жылдығына 
арналады
Алғы  сөз
Әл-Фараби  атындағы  Қазақгың  мемлекеттік  үлттық 
университетінің  биология  факультеті  мен  саясаттану 
жэне  психология  факультетінің  психология  бөлімінің 
студенттеріне 
1973—2000  жылдары  оқылган  лекция 
материалдарын  топтастырып,  бір  жүйеге  келтіруді  жөн 
көрдім.  Сонгы  жылдары  бүл  мамандык  бойынша  сту- 
денттер  көптеп  кабылдануда,  бірақ  мемлекеттік  тілде 
жазылган  окулык  пен  оку  күралдары  әлі  жоқ.  Семинар 
сабақтарына  дайындалганда  және  емтиханға  әзірлен- 
генде  киналгандықтан  “Неге  казак  тілінде  жазылған 
кітаптар  жок?  —  деген  студенттердің  заңды  сүрактары 
туады. 
Сон-дыктан 
осы  лекция 
курсын 
баспадан 
шыгарып,  студенттерге  әзірше  көмек  болар  ма  екен 
деген  ниетпен  жаздым.
Лекцияның  бастамасында,  әдетімше,  тыңдаушының 
ықыласын  тарту  үшін  әуелі  жалпы  белгілі  мәліметтерден 
бастаймын.  Айталык,  “Ми  туралы  не  білеміз?”  —  деп 
бастап,  адам  миының  салмағының,  күрылысының,  кыз- 
метінің  жануарлардың  миынан  айырмашылығын  кыска- 
ша  айтса,  тындаушылар  еріксіз  көңіл  аударады.  Одан 
соң  мига,  жүйке  торшаларынын  тіршілігіне  не  кажет? 
Оттегі,  амин  кышқылдары,  т.  б.  коректік  заттардың 
жеткіліксіз  болуы  мидың  жүмыс  істеуіне  зиян  келтіре  ме, 
жоқ па?  Міне,  осындай  мәселелерді түсіндірген  жөн.
Орталык  жүйкенің  шеткі  жүйкемен  байланысты- 
лығын  айта  келіп,  жүрек,  сезім  мүшелері,  адамның  ішкі 
Дүниесі  туралы  жалпы  маглүмат  берілді.  Дүние  тануда, 
сана-сезімнің  дамуында,  ой  ойлауда,  есте  сактауда  т.  б. 
психикалық  күрделі  қүбылыстарда  мидын,  жалпы  жүйке 
жҮйесінін.  сезім  мүшелерінің  маңызы  гылыми  каги- 
Даларға негізделіп  толық баяндалды.
Үсыныгі  отырган  кітапта  өзінің  мазмүны,  мәні 
жағы-нан  орталық  жүйке  жүйесі  мен  жоғары  жүйке
5

әрекеті 
мәселелерін, 
психологияның 
физиологиялык 
негізін 
ғылымдағы 
жаналықгарға 
сүйене 
отырып, 
мүмкіншілігінше  толық  және  түсінікті  түрде  баяндалады. 
Лекцияның  материалдары  физиология  пәнінің  казіргі 
бағдарламаларына  сәйкес.  Соңғы  лекцияларда  адамның 
мақсатты 
іс-әрекетінің 
физиологиялық 
механизмі 
талқыланған.
Кітапты  жазу  барысында  жүйелік,  үйлесімділік,  нақ- 
тылық  және  студенттерге  түсінікті  болу  жақтары  еске- 
рілді.  Психофизиологиялык  термин  атаулардың  казак 
тіліндегі  балама  сөздерін  ізденіс  жолындағы  көп  киын- 
дықтар  болғанын  ескерте  кеткеніміз де  жөн  болар.
Кітапты  баспага  дайындау  кезінде  пікір  айткан  және 
кемшіліктерді түзетуге  ат салысқан  академик F.T.  Тәшенов, 
профессорлар 
Қ.С.  Рымжанов, 
С.Т.Төлеуханов 
және 
доцент З.М.Әлиәкбароваға алғысымды  айтамын.
Автордан
6

КІРІСПЕ
1-лекция.  Орталық жүйке  жүйесі  және  жоғары 
жүйке  әрекеті  физиологиясы,  оның  ғылымдағы
орны
Орталык  жүйке  жүйесі  және  жоғары  жүйке  әрекеті 
физиология  ғылымының  маңызды  және  үлкен  бір  бөлімі. 
физиология
  —  ағзаның  тіршілігін,  оның  барлык  мүше- 
лері  мен  торшаларының  қызметін  зерттейтін  ғылым. 
Сонымен  катар,  олардың  функцияларын  реттеу  жолда- 
рын  анықтайды.Өмір  сүру,  коршаған  орта  (яғни  эколо­
гия),  басқа  да  сыртқы  және  ішкі  жағдайларға  байланыс- 
ты  өтіп  жататын  ағзадағы  күбылыстарды  бакылайды. 
Бүған  коса,  физиологияның  мәселелері  органикалық 
дүниенін  эволюциялык дамуына  байланысты  қаралады.
Физиологияньщ  зандылықтары  студенттерге  таныс 
анатомия,  гистология,  цитология,  биохимия,  биофизика 
жэне 
микробиологияның 
мәліметтеріне 
негізделген. 
Ағзанын  жеке  мүшелерін  белгілі  бір  жүйеге  келтіріп, 
олардын  кызметін  сол  түргыдан  қарайды. 
Мүндай 
көзқарас  торшалардын,  тканьдердің,  мүшелердің  бір- 
бірімен  коян-колтық үйлесіп  жаткан  ішкі  байланыстарын 
ашып,  олардың  орындайтын  кызметтерін  толық  білуге 
мүмкіндік  береді.
Жоғарыда  көрсеткен  қарым-қатынас  механикалық 
қатынастан  өзгеше  және  виталистік  пікірге  де  жатпайды, 
өйткені 
физиологиялық 
қүбылыстар 
диалектиканың 
зандылыгымен  өтеді.  Демек,  диалектикалык  материа­
лизм  физиология  ғылымының,  әсіресе  жогары  жүйке 
жүйесі  кызметінің,  нақтылы  деректеріне  сүйенеді.
Сайып  келгенде,  физиология  ғылымы  мен  диалек- 
тиканын  арасында  өте  тығыз  байланыс  бар.
Адамның  денсаулығын  бақылау  үшін  медицина 
оның  физиологиялык  деректерін  пайдаланады.  Егер  бүл 
деректер  калыпты  мөлшерден  өзгерсе,  адам  ауруга 
шалдығады.  Айталык,  дененің  қызуы  көтерілсе  немесе 
баска  бір  өзгерістер  туса,  физиологиялык  функциялар- 
Дың  көрсеткіштері  (температура,  қанның  қүрамы  т.б.)

қалыпты  мөлшерден  не  азайып,  не  көбейеді.  Мүндай 
жагдайда  калыпты  физиология  патологиялық  физио- 
логияга  ауысады.
Ауруды  емдегенде  дәрігер  сол  адамның  сау  күніндегі 
қалпына  келтіруге  тырысып,  физиологиялык  зандылық- 
тарды  білу  аркылы  әрі  оларды  пайдалана  отырып,  емдеу 
әдістерін  қолданады.  Мысалы,  жасанды  бүйрек  жасау, 
бір  адамның  жүрегін  немесе  басқа  бір  мүшесін  екінші 
адамға хирургиялық жолмен  көшіру т.  б.
Физиология  эксперименттік  ғылым.  Оның  негізгі 
әдістемелері: 
вивисекция,  созылмалы  тәжірибе  жасау, 
яғни  табиғи  жағдайда  үзак  бакылау.
  Бүл  негізгі  екі  әдіс 
бірін-бірі  толықтырады.  Бүган  дәлел  —  физиологиялық 
оталау  (хирургия)  әдістері  —  фистула  немесе  электрод 
қою  арқылы  жүргізілетін  тәжірибелер.
Қажетті  әдістемені  үкыпты  дайындау  және  тандап 
алу  гылыми  ізденістің  нәтижелі  болуының  негізгі  шарты, 
өйткені  дүрыс  гылыми  мәлімет  алу  алгашқы  көрсет- 
кіштерге  тікелей  байланысты.  Әдістеменің  маңызы  аса 
зор,  сондықтан  атақты  физиолог  И.П.  Павлов  гылыми 
зерттеулердегі  әдістемені  дүрыс  таңдап  алудың  маңызына 
көңіл  аударып, 
былай  деген: 
“гылымның  жетістігі 
әдістемеге  байланысты.  Әдістеменің  алга  басқан  әр 
кадамы,  бір  баспалдақ  жоғары  көтерілгені  сияқты,  бізге 
бүрын  көрінбеген  заттарды  көрсететін 
мүмкіндіктің 
горизонтын  кенейтеді  ”.
Онын  мәні  мынада,  жас  маман  жоғары  оку  орынын 
бітіргенімен  еш  жерде  ғылыми  зерттеу  әдістерін  арнайы 
оқып,  үйрене  алмайды.  Жогары  оқу  орындарында  соңгы 
кезге  дейін  ондай  пән  болган  емес.  Менінше,  жас 
мамандарды  дайындау  барысында,  әсіресе  универси- 
теттерде,  жалпылама  және  арнайы  әдістеме  саласынан 
білім  берген  жөн.  Зерттеу  барысында  жас  ғалым  түрлі 
әдістерді  қолданган  ғылыми  еңбектермен  танысады.  Ол 
өзінің 
мақсатына 
жетіп, 
міндетін 
орындау 
үшін 
адекватты  әдістемені  тандап  алуга  мәжбүр  болады.  Ад  өз 
мамандыгы 
бойынша 
зерттеулердін 
негізін 
біліп, 
әдістерін  үйренген 
болса, 
ол  тәжірибелерін  дүрыс 
үйымдастырып,  заманның  талабына  сай  нәтижелі  жұмыс

істей  алады.  Тәжірибелерді  ұйымдастырудын  негізгі 
ережелері  мынадай:
1. 
Тәжірибе кездейсок болмауы керек.
  Тек  қана  жаңа 
аспап  сатып  алғандыктан  немесе  басқа  бір  лаборато- 
риялардың  зерттеулерінде  ашылмаған  мәселе  қалғандық- 
тан  ғана  зерттеуге  кіріспеу  керек.  Әрбір  ғалым  өз 
зерттеулерінде  фактілерге  сүйене  отырып,  өзінің  теория- 
лык  көз  қарасын  үнемі  дамытуға  тиісті.  Әрбір  тәжірибе 
мәселені  шеше  алатындай  нақгылы  анықгалып,  соған  бай- 
ланысты  жүргізілуге  тиісті.  Осындай  жағдайда  ғана  зерттеу 
толык мағыналы  болып,  өзекгі мәселені  шеше  алады.
2.  Зерттеу  барысында 
тәжірибвнің  багытын  және 
оның  жске  бөлшектерінің  сәйкестілігін  мүкият  сактау 
қажет.
  Маңызды  себеп  болмаса,  жеке  тәжірибеге  қарап, 
негізгі  зерттеу  бағытынан  алшақ  кетуге  болмайды, 
өйткені  ол  мәселені  шешуге  кедергі  болады.
3. 
Жалпы  мәселені  зерттеу  жоспарына  гана  көңіл 
аударыл,  жеке  тәжірибенің  мағынасына  катаң  карамау 
керек;
  бүл  зерттеу  барысында  баска  лабораторияларда 
жүргізілген  тәжірибенің  немесе  бірнеше  тәжірибелердін 
нәтижесіне  байланысты  зерттеудін  бағыты  мен  мағы- 
насын  анықтап  отырған  дұрыс дегенді  білдіреді.
4. 
Зерттеуге  кажетті  жағдайлардың  бәрін  дайындап 
алмай,  тәжірибені  бастауға  болмайды;
  ең  алдымен 
ғылыми  болжамы,  яғни  зерттелетін  мәселенің  даму 
тарихы,  әдістері,  қажет  аспаптар  мен  заттары,  зерттеуге 
катысатын  адамдары  дайын  болу  керек.  Бүлардың  бірі 
кем  болса,  тәжірибенің  нәтижесіне  эсер  етуі,  тіпті  олкы- 
лық келтіруі  ықгимал.Әдістемені  дүрыс  үйреніп,  қолдана- 
тын  аспаптармен  жүмыс  істеуді  меңгерудің  маңызы  зор, 
яғни  шеберлікпен  пайдаланатындай  үйрену  керек.
Н.  Г.Чернышевский  “Зерттейтін  мәселенің  тарихын 
білмесе,  ілім  болмайды,  ал  ілімсіз  оның  тарихы  жайында 
ой  тумайды,  өйткені  ол  туралы  түсінік  болмайды  да, 
оның  маңызы  мен  шегі  түсініксіз  болады,”  —  деп  дәл 
жазған. 
Егер 
мәселенің 
тарихын 
елемесе, 
зерттеу 
сонында  оның  нәтижесі  қажетсіз  болып  қалуы  мүмкін, 
себебі  бүл  мәселе  әлдекашан  шешілген.
5. 
Тәжірибені  бастасымен  зерттеуші  үкыпты  түрде
9

бакылап,  барлык  фактілерді  тізіп  жазып  отыруы  керек. 
Өзінің  ойынша  манызды  дегендерін  ғана  таңдап  жазып, 
ойына  қарсы  келетін  немесе  жаңа  мағына  тудыратын 
фактілерді  елемеуге  мүлде  болмайды.  А.Д.  Сперанский 
“Жұмысқа  кіріссімен  өзінді  басқа  түсініктерден  аулак 
болып,  тек  кана  мүкият  бакылауға  көндіру  керек.  Мүн- 
дай  қылықка  икемді  болуды  И.П.  Павлов  майда  тілмен 
“акикат  көрегенділігі”  деп  атаған  касиетінді  дамыта  білуің 
керек.  Әйтпесе  шын  мәнісінде  жок  өзіңнің  күткенінді  ғана 
көріп,  бақылаушы  үшін  кенеттен  болғандықган,  нақтылы 
көріністі  байкамай  қалуың  мүмкін  немесе,  одан  да  жаманы
—  олар  алғашқы  жоспарында  болмағандықган  көрмеуің  де 
мүмкін”,  — деп жазған  болатын.
6. 
Тәжірибе  жасаган  кезде  зерттеуші  қол  жүмысы 
мен  ойлау әрекетінің  тендігін  сактауы  кажет.
  Сондықтан 
тәжірибедегі  жануардың  тіркелген  көрсеткіштерін  ғана 
ойлап  коймай,  мүмкіншілігінше  оның  өмірінің  барлык 
бай  көріністерін жанжакты  қамтыған  өте  маңызды.
Бірак  тәжірибенің  нәтижелерін  ойластыруды  неғүр- 
лым  кейінгіге  каДдырса,  созған  сайын  тікелей  бакыланған 
фактілер  соғұрлым  үмытылады  да,  эсер  еткен  материал 
тарылып,  жалпы  көрініс  күңгірттенеді.  Бүған  қоса,  тәжіри- 
бе  барысында  кейбір  жануарларда  ғана  пайда  болған  және 
бакыланған  көріністерді  ойлау  басқа-  жағдайда  аңғарыл- 
маған  көріністерді  ауыстыруға  мүмкіндік  береді.  Өйткені 
тәжірибеде  байқалган  көріністер  неғүрлым  көп  ойландырса 
және  нақгылы  бір  түсініктер  мен  пайымдауларды  тудырса, 
соғүрлым  біздің  ойлап  бақылау  кабілетіміз  одан  әрі  дами 
түседі.  Тәжірибелер  нәтижесі  казіргі  заманның  талабына 
сай  сынақган  өтеді.  Сондықтан  ол  әдебиеттегі  көрсеткіш- 
термен  салыстырылады.  Бүл жағдайда  өз  нәтижеңізді келесі 
екі түрғыдан  карауға мәжбүр  боласыз:
а) 
жасалған 
тәжірибелердің 
нәтижесі 
ғылымда 
белгілі  жәйттерді  растайды,  бірақ  оларды  нақтылы 
дәлелдермен  толықтырады;
б)  алынған  нәтижелер  ғылымда  бүрыннан  белгілі 
мәселелерге  сәйкес  келмейді,  яғни  бүл  саладағы  өзіндік 
жаңа  мәлімет  болады.
Бірінші  жағдайда  осы  мәселеге  байланысты  әдебиет-
10

терді  тағы  кайталап  мүқият  қарап  шығып,  мәтіннін 
талдау  бөлімінде  жүйелі  түрде  және  тәптіштеп  жазып, 
әдебиеттегі  фактілермен  салыстырып,  сынау  керек.
Екінші  жағдайда  пайдаланған  зерттеу  әдістемесіне 
тікелей 
байланысты 
болатын 
сан 
көрсеткіштерінін 
дүрыстығына  көңіл  аударған  жөн.  Сондықган  бүрынғы 
немесе  қосымша  әдістемені  пайдаланып,  лаборатория- 
лык  тәжірибені  тиянақты  түрде  қайталап  шығуды  қажет 
етеді.  Егер  кайта  қойылған  тәжірибе  онын  жаңа  мәлімет 
екенін  дәлелдесе, 
сөзсіз, 
ғылым  жүзінде 
маңызды 
болады.  Бірак  жаңа  фактілердің  манызын  асыра  бағала- 
мау  үшін  алынған  нәтиженің  физиология  ғылымының 
дамуына  кандай  үлес  қосатынын  болашак  сыншы 
түрғысынан 
сын 
көзбен 
карап, 
қандай 
мәселені 
шешетінін  анықтаған  жон  болады.  Талдау  кезінде  алдын 
ала  корытындылап,  болжам  жасап,  карсы  мәселе  көтеріп, 
күмәнді  жағын,  т.  б.  ескереді,  бірақ  сонғы  шешімді 
жасамайды.  Тәжірибенін  нәтижесіне  қисынды  талдау 
жасағаннан  кейін  ғана  корытынды  шығарған  дүрыс 
болады,  бірак  жас  ғалымдар  бүған  лайыкты  көніл  бөле 
коймайды.  Олардың  ойынша,  тәжірибедегі  ен  негіздісі  — 
сан  көрсеткіштері,  ал  корытынды  зерттеуші  күш  жүмсап, 
ат салыспаса  да  өзінен  өзі  шығады.  Ал  тәжірибені  койған 
себептің  негізі,  ғылыми  мағынаны  беретіні  — 
корытын­
ды.
 
Өндіріске 
жіберілетін 
үсыныс 
қорытындыға 
негізделеді. 
Қорытынды
 дегеніміз  тәжірибенің  нәтижесін 
көрсететін  жеке  көрсеткіштерге  сүйенген  ой  түжыры- 
мының  бір  түрі.  Оны  қисынды  занға  сүйене  отырып 
және  ғылыми  жүйелі  түрде  пайымдайды.  Қорытындынын 
негізгі  қасиеті  —  дүрыс  және  зандылықтар  бойынша 
жасалған  нақтылы  пікір  болғандығы.
Ғылыми 
тәжірибелерден 
туған 
корытындыларға 
Қойылатын  талаптарды  былайша түжырымдауға  болады:

.Қорытынды  жасалған 
тәжірибенің  нәтижесіне 
негізделеді.
  Көріне  көзге  бүл  айқын  және  қарапайым 
секілді  болғанымен,  ылғи  орындала  бермейді.  Ондай 
жағдайда  автор  өте  дөрекі  және  ауыр  кателік  жібереді,  ол 
тәжірибенің  негізінде  түжырымдалған  корытынды  жаса­
майды,  керісінше,  алдын  ала  өзі  ойластырған  болжамға
11

негіздейді.  Жасалған  жүмыстын  нәтижесін  шығарғанда 
жеткілікті  мөлшерде  тәжірибемен  дәлелденбеген  коры­
тынды  жасамау  керек.  Кей  жағдайда  қорытынды  тәжіри- 
белердің 
нәтижесіне 
кайшы 
келмегенімен 
алынған 
көрсеткіштер  қандай  да  болмасын  корытынды  жасауға 
жеткіліксіз 
болады. 
Айталык, 
тәжірибе 
жасалған 
топтардағы  жануарлар  саны  тым  аз  болғанда  немесе 
салыстыратын  бақылаудағы  топтардың  корсеткіштері 
айғақты  дәлелге  жарамаған  жағдайда,  т.б. 
Мүндай 
тәжірибе  корсеткіштерінің  күші  айғакты  дәлелдеуге 
жеткіліксіз  болғанда  алғашқы  түжырым  ғана  жасауға 
болады.  Ал  оньщ  мағынасын  толық баяндайды.
2. 
Қорытындыға  тәжірибелерден алынған қарапайым 
көрсеткіштерді  беріп  қана  коймай,  кағидальщ  түрғыдан 
м әні  түсінікті жәйттер жазылады.
  Қарапайым  көрсеткіш- 
терді  ғана  беру  —  зерттеушінің  ең  негізгі  жүмысқа  шама- 
сы 
келмегенін 
білдіреді: 
ол 
тәжірибелерден 
алған 
көрсеткіштерін  талдай  алмады,  ойша  пайымдай  алмады. 
Дайын  әдістемелерді  пайдаланып  тәжірибе  жасау  онша 
қиын  емес.  Ал  алған  материалды  ойша  пайымдап, 
корытындыны  дүрыс  шығару  —  жоғары  дәрежелі  гылы­
ми  мамандануды  қажет  етеді.
3. 
Түсініктер  мен  корытындының  көлемі  тәжірибе 
көрсеткіштерінвн  артық  болмауы  керек.
 
Мейлінше 
аумақты  корытынды  жасалған  еңбектер  жиі  кездеседі. 
Мүндайда  тәжірибенің  материалы  қорытындыға  қайшы 
болмағанымен,  тым  кең  көлемде  түжырымдауға  түрмай- 
ды.  Бүлай  жасайтын  зерттеуші  өзінің  ғылыми  дамуының 
басқа  жолдарын  жауып  тастайды,  өйткені  ол  табиғи 
жағдайлардың  толық  бір  саласын  дәлелдендімыс  деген 
түжырымымен  әрі  карай  зерттеуге *озінеөзі  тиым  салады. 
Шындығына  келгенде,  ол  ғылыми  корытындылау  емес, 
не  бәрі  әрі  қарай  зерттеуді  кажет  ететін  алғашқы  болжау 
түжырымдау  ғана.
4. 
Корытындының   ғылым  мен  тәжірибвге  заманына 
сай  белгілі  мөлшерде  беретін  жаңалығы  болуы  керек. 
Кейде  автор  бүл  саладағы  ғылыми  жетістіктерді  толық 
білмегендіктен,  қорытындысы  дүрыс  болғанымен,  күн- 
сыз  болатын  жағдайлар  да  кездеседі.  Ондай  жағдайда
12

зерггеуші  алдын  ала  белгілі  болған,  тәжірибемен  дәлел- 
денген  жайтты  дәлелдеуге  тырысады.

К,орытынды  тәжірибе  арқылы  тексеруге  мүмкіндік 
беретіндей  болуы  керек.
  Сондыктан  ол  мүмкіншілігінше 
анык,  кыска  және  айқын,  дәлелді  фактілерге  сүйеніп 
жазылуы  тиіс.  Егер  автор  мүмкін  жэне  кажет  деп 
есептесе, 
корытындының 
сонында 
қандай 
әдіспен, 
аспаппен,  кай  бағытта  осы  мәселені  зерттеуді  жалғасты- 
руға  болатынын  қысқаша  жазып  кетуі  керек.  Іс  жүзінде 
калай  пайдалануға  болатыны  жеке  баппен 
немесе 
такырыпшамен  жазылады.  Оның  мәтінінде  кай  өндірісте 
(шаруашылыкта),  табиғи-шаруашылық  аймағында  және 
өндірістің  технологиялық  жүйесінде  пайдалануға  жарай- 
тыны  жазылады.
П әннің кыскаша  тарихы.
  Бүдан  үш  жарым  ғасырдай 
бүрын  ағылшын  дәрігері  Уильям  Гарвей  (1578-1657) 
денедегі  қан  айналысын  ашты.  Бүл  ең  алғашқы  шынайы 
физиологиялык  жаңалык  болды.  Міне,  сондықтан  оны 
дүние  жүзілік  ғалымдар  физиологияның  атасы  деп 
атайды.  Расында,  физиологиялык  эксперименттің  (тәжі- 
рибенің)  негізін • салған  осы  кіс*.  Алайда  Уильям  Гарвей 
тек  бақылау  денгейінен  аса  адмай,  айғакты  тәжірибе 
жолына  шыга  алмады.
Ең  алғаш  нақтылы  эксперименттік  әдісті  физио- 
логияда  колданган  неміс  окымыстысы  Карл  Людвиг.  Ол 
1843  ж.  жүректің  соғуын,  каннын  кысымын,  тыныс 
мүшелерінің  қозгалысын  графикалык  сызу  әдісімен 
зерттеп,  айгақты  тәжірибе  әдісін  үсынды.  Өзінің  тапқыр- 
лығымен  кимографты  жэне  баска  аспаптарды  жасап 
шығарды.  Сол  кездерде  Энгельман  жүректің  еттерінін, 
бүлшық еттердің  жиырылуын  жазып  алатын  әдісін  тапты, 
ал  Марей  мембраналы  капсуланы  графикалық  жазуда 
пайдалануды  үсынды.
Италия  ғалымы  Гальвани  бақага  тәжірибе  жасап, 
Денеде  туатын  электр  тоғын  тапты.  Бүл  физиология 
•ьілымына  енгізілгдн  үлкен  жаңалык  кейіннен  онын 
ЭДектрофизиологиялық  тарауына  айналды. 
Бүл  әдіс 
аРкылы  нервте,  бүлшық  еттерде  туатын  биоэлектрлік 
потенциалдың  заңдылықтарын  зерттеуге  жол  ашылды.
13

Осы  салада  орыс  галымы  Н.Е.  Введенский  (1852-1922) 
көптеген  ғылыми  зерттеулер  жүргізіп,  телефон  аспабы 
аркылы  нерв  талшығындағы  электр  тоғынын  козгалы- 
сынын  заңдылыктарын  ашты.  Кейіннен  Нидерландалык 
физиолог  Эйнтховен  сымды  гальванометр  жасап,  жүрек- 
тің  электр  потенциалын  (ЭКГ)  фото  кағазға  жазу  әдісін 
үсынды.  Қазір  бүл  аспаптың  жаңа  түрлерінің  шығуына 
байланысты  оны  жай  кағазға  және  алыстан  жазуға 
болады.  Қазіргі  кезде  мидың  биотоғы  электроэнце­
фалограф  (ЭЭГ)  деген  аспап  аркылы  жазып  алынады.
Электрофизиологияньщ  сонғы  жетістіктерінің  бірі  — 
микроэлектрод  техникасы.  Өте  жінішке  микроэлектрод- 
ты  мидын  калаған  бөліміне,  тіпті  нейроннын  ішіне 
микроманипулятор  аркылы  енгізіп,  сол  аркылы  әрі 
тітіркендіріп,  әрі  оның  электропотенци  алын  жазып 
алуға  болады.
Физиология  ғылымының дамуындагы  үлкен  белестің 
бірі  —  рефлекс  туралы  ілім.  Бүл  терминді  гылымга  ең 
алгаш  енгізген  француз  окымыстысы  Рене  Декарт.  Ол 
жүйке  жүйесінің  рефлекторлық  әрекетінің  негіздерін 
ашты.  Тітіркендіргіш  терідегі  рецепторга  эсер  етеді.  Онда 
туған  козу  афференттік  (ортальткка  тепкіш)  нервпен 
орталық  жүйке  жүйесіне  беріледі,  жүлындагы  какпакша- 
лар  ашылып  ондағы  жан  эфференттік  (орталыктан 
тепкіш)  нерв  арқылы  бүлшық  етке  өткізіледі,  сондыктан 
ет  бүлшықтанып  ісінеді,  —  деп  түсіндірген.  Осы  жолды 
Декарт  рефлекс  доғасы  деп  атады.  Бүл  ілімнің  багыты 
дүрыс  болғанымен,  қатесі  де  бар,  өйткені  рефлекс 
мидагы  жанның  күшімен  орындалады  деген  кате  үгым 
туады. 
Декарттың 
бүл 
катесін 
орыс 
физиологі 
И.М.  Сеченов  (1829-1905)  ашып,  рефлекс  жүлындагы 
жаннын  күшімен  емес,  қозудың  әсерімен  туатынын 
дәлелдеді.  Ол  рефлекстердін  тууына  жүлынмен  бірге 
бастагы  мидың  қатысы  барын  көрсетті.  Осы  пікірін  “Ми 
рефлекстері”  деген  кітабында түжырымдап  жазды.
И.М.  Сеченов  орталық  тежеуді  ашты.  Аралык  мида­
гы  нерв  орталықтары  жүлын  рефлекстерін  тежеп  отыра- 
тынын 
тәжірибемен 
дәлелдеп 
берді. 
Кейіннен 
И.М.  Сеченовтың 
шәкірті  И.П.  Павлов 
(1849-1936)
14

бастағы  мидың,  әсіресе  үлкен  ми  қабығынын,  қызметін 
тәжірибе  әдістерімен  толық  және  терең  зерттеп,  орталык 
жүйке  жүйесінің  негізгі  зандылықтарын  ашты.  Шартты 
рефлексті  ашып,  барлық  рефлекстерді  шартты  және 
шартсыз  рефлекстер  деп  үлкен  екі  топқа  бөліп,  олардың 
классификациясын  үсынды.  ПІартты  рефлекстің  мидағы 
механизмін  схемаға  салып  ғылыми  түрде  түсіндірді. 
Мидағы  козу  мен  тежелудің  өзара  карым-қатынасын 
зерттеп,  олардьін  индукциялық  катынаста  болатынын 
дәлелдеді.  Орталык жүйке  жүйесінде  бірінші  және  екінші 
сигналдык  жүйелер  болатынын  көрсетті.  Оның  біріншісі 
адамда  да  жануарларда  да  болады,  ал  екіншісі  тек  кана 
адамға  тән.  Бүл  —  дүниежүзілік  ғылыми  жаңалық  болып 
танылды.  И.ГТ.  Павловтың  шәкірті  J1.A  Орбели  физиоло- 
гияны  эволюциялык  түрғыдан  дамытты,  симпатикалык 
нервтердін  трофикалык  функциясын  ашты.  К.М.  Быков 
үлкен  ми  қабығы  мен  ішкі  мүшелердің  өзара  қарым- 
катынасын  зерттеді.  И.С.  Бериташвили  козғыш  ткан- 
дердін  орталық  жүйке  жүйесімен  байланыс  механизм- 
дерін  әдістемелік  шеберлікпен  терен  талқылап,  нервет 
жүйесінің  қызметіндегі  зандылыктарды  ашты.  П.К.  Анох­
ин  функция  жүйесінің  кағидасын  жасап  шығарды.
В.В.  Парин  космос  физиологиясынын  негізін  салды. 
Н.П.  Бехтерева  алтын  электродтар  аркылы  мидың  диа- 
гностикасын  және  емдеу  әдістерін  үсынды.  П.Г.  Костюк 
нейрондағы  қозудың  иондық  механизмін  терең  зерттеп, 
натрий  мен  калий  насосынын  рөлін  көрсетті.
Қазақстанда 
физиология 
ғылымының 
өркендеп 
Дамуына  көптеген  ғалымдар  ат  салысты.  Академик 
А.П.  Полосухин  лимфология  саласын  жанжақты  зерттеп, 
өзінің  үлкен  үлесін  қосты.  Оның  бүл  ілімін  А.М.  Беке- 
таев,  JI.E.  Бөлекбаева,  И.А.  Бірімжанова,  Р.А.  Гареев,  И. 
С- 
Көлбай, 
Х.Қ. 
Сәтпаева, 
Е.Г.  Скипина 
және 
А  Д- 
Соколов  жалғастырды.
Академиктер  Н.О.  Базанова,  З.К.Қожабеков  пен  F.T. 
әшенов  ас  корыту,  зат  алмасу  жэне  олардың  орталык 
жҮике  жүйесімен  реттелу жолын  зерттеді.
Жүрек,  кан  айналымы,  тыныс  алу,  сүттің  пайда 
°луы  мен  шығуы  т.б.  функциялардың  жүйке  жүйесімен
15

және  гормондық  реттелу  мәселелерін  КР  ҮҒА-ның 
корреспондент  мүшесі  Қ.Д.  Дүйсембин,  профессор- 
лар  М.Ф.  Авазбакиева,  Р.С.  Аюпова,  А.Ә.Әбілқасымов, 
Е.Ғ.Зәркешов,Т.О.  Измаилов,И.Я.Клейнбок,  Т.Н.Несіп- 
баев,  Б.Н.  Никитин,  Қ.  С.  Рымжанов,  С.Т.Төлеуханов,
С.Т.  Тілеулин  тәжірибе  жүзінде  зерттеп  физиология 
ғылымына жаңалықтар  енгізді.
Жүйке  жүйесінің  эволюциясы.
  Жабайы  жәндіктерде 
(амеба,  т.  б.)  арнайы  нерв  торшасы  жоқ.  Оларда  тек  кана 
торшаның  ішіндегі  өзгерісті,  сырткы  дүниенің  ықпалын 
сезетін  сүйық күрылым  болады.  Көп  торшалы  жәндіктер- 
де,  ішекқуыстыларда  (мысалы,  гидрада)  нерв  торшалары 
бір-бірімен  қатынастык  байланыс  жасап,  ағзанын  кызме- 
тін  реттеп,  жөнге  келтіріп,  сыртқы  ортаға  бейімдейді, 
бірақ  олардың  нерв  торшалары  бөлек  жүйе  емес,  сондық 
тан 
диффуздьщ нерв  торшалары
 деуге  болады.
Тіршілікке  қолайлы  жерге  бару,  тамақ  іздеу  қажет- 
тілігі  қозғалып  жүруді  дамытты.  Сонын  нәтижесінде 
ағзанын  алдыңғы  бөлігінде  нерв  торшалары  шоғыр- 
ланды  және  жетіле  бастады:  қабылдағыш  күрылым, 
сезгіш  және  қозғалткыш  нервтер  пайда  болды.  Эволю- 
цияның  осы  кезінде 
түйіндік  не  тізбектік  жүйке  жүйесі 
қалыптасты.  Мүндай  жүйе  жалпақ  күрттарда,  моллюс- 
каларда  кездеседі.
Үшінші  кезең  — 
буданды  (сегментті)  жүйке  жүйесі 
жауын  қүртында,  шегіртке,  араларда дамыған.
Жүйке 
жүйесінің 
ең 
жоғары 
сатщда 
дамыған 
төртінші  кезеңі  — 
түтікті  (хордалы) жүйке жүйесі
 жогары 
сатылы  жануарлар  мен  адамда  калыптаскан.  Дененін 
арқа  жағында  омыртка  куысында,  алдынғы  бөлімінде, 
бас  сүйегінің  ми  сауыты  куысында  орналасқан,  яғни 
түтікті  жүйке  жүйесі  жүлыннан  және  мидан  түрады. 
Омыртқасыз  жануарлардың  жүйке  жүйесінің  дамуы  нерв 
ткандерінің шығу тегі  әр  жақты  болғанын  көрсетеді,  олай 
болса,  олардын  басталуы  көп  түрлі  болғаны.  Омырткасыз 
жануарлардың  жүйке  жүйесінің  эволюциялық  дамуы  әрі 
нерв 
күрылымдарының 
шоғырлануы 
арқылы, 
әрі 
олардың  күрылысынын  бір-бірімен  карым-катынасының 
ганглиялык  күрделенуі  аркылы  болған.  Төменгі  сатыда
16

дамыған  омырткалы  жануарлардың  нерв  торшаларының 
өсінділері 
синцитийлер 
арқылы 
іске 
асқан. 
Ондай 
синцитийлер 
нейропильдер
  деп 
аталады. 
Нейропиль 
тітіркенуді диффузды түрде  және  барлық бағытга өткізеді.
филогенездің 
алғашқы 
даму 
сатысында 
нерв 
тұтікшесі  пайда  болған.  Бұл  жоғары  сатыдағы  омырт- 
касыздардын  ганглиялық  немесе  түйіндік  жүйке  жүйесі- 
нен  мүлде  басқаша.  Омыртқалы  жануарлардың  жалпыла- 
ма  нерв  түтікшесі  даму  барысында  арнайы  кызметті 
бөлімдерге  айналады  да  симпатикалық  және  парасимпа- 
тикалык  нерв  түйіндерінің  негізін  қалайды.  Ал  көне 
хордалыларда  ми  жок,  нерв  түтігі  аз  шамада  диффе- 
ренциацияланған.
Л.А.  Орбели, 
С.  Херрик 
жэне  А.И.  Карамянның 
зерттеулерінің  нәтижесіне  қарағанда  орталық  жүйке 
жүйесінің  даму  шыңы  —  жүлынның  пайда  болуы.  Лан- 
цетниктердің  нерв  түтігі, 
жоғары 
сатыда  дамыған 
омыртқалылардың  жүлыны  тәрізді  сегменттерден  күрыл- 
ған.  Әр  сегменттен  козғаушы  және  сезгіш  түбірлер  нерв 
түрінде емес,  жеке  талшық ретінде  шығады.
Эволюциялық  даму  барысында  ми  пайда  болады  да 
жүлынның  кейбір  кызметтері  миға  ауысады.  Түрлі 
күрделі  қызметтер  орындауға  байланысты  мидын  бөлім- 
дері  калыптасады.  Ең  алғашында  арткы  ми,  одан  кейін 
алдыңғы  ми  қалыптасып,  басында  әлсіз  болса  да,  аралық 
ми  пайда  болады.  Мүнымен  қатар,  жүлын  да  дамиды. 
Оның  төменгі  (артқы)  жағын  мимен  жалғастыратын 
нервтер  мен  нерв  жолдары  калыптаса  бастайды.
Жануарлардың  күрылықта  өмір  сүруге  бейімделуіне 
байланысты  орталық  жүйке  жүйесінде  күшті  өзгерістер 
пайда  болады.  Айталық,  амфибиялардың  жүлынының 
кей  жерлері  жуандап,  биполярлы  сезгіш  нейрондардың 
°рнына  униполярлы  тармақталған  өсінділер  пайда  бола­
ды.  Бүлар  нерв  импульстерінің  өткізгіштігін  күшейтеді.
ауырымен  жорғалаушылардың  терісінде  сезім  ажырат- 
қыш  рецепторлық  аймақтар  мен  арнайы  қызметті 
Рецепторлар  пайда  болады.
Әр  бөлімнің  қызмет  ерекшеленуіне  байланысты  ми 
ағанасында  да  қүрылымдык  өзгерістер  туады.  Әсіресе
17

амфибияның  аралық  миында  көзге  түсерлік  өзгеріс 
байқалады.  Мүнда  көру  төмпешігі  —  таламус  ерекше- 
ленеді.  Алдыңғы  мидың  жарты  шарларында  ескі  және 
көне  қыртыстары  одан  әрі  дифференциацияланады.  Ескі 
қыртыста  (архикортекс)  жүлдызша  және  пирамидалы 
торшалар  пайда  болады.  Кейіннен  жаңа  қыртыстын 
(неокортекс)  негізі  болған  сопақша  алқап  пайда  болады. 
Бауырымен  жорғалаушылардың  жүлынында  температура 
жэне  ауру  сезімдерінің  мәлімет  жолы  қалыптасады.  Сезу 
қабілеттерінің  дамуына  байланысты  рептилиялардын  ми 
бағанасында  көптеген  қүрылымдык  өзгерістер  пайда 
болады.  Сүтқоректілердің  алдыңғы  миының  дамуы  жаңа 
қыртыстың  күшті  дамуымен  айқындалады.
Жалпы  алғанда  омыртқалы  жануарлардың  миының 
дамуы  тек  қана  физикалық  (мидың  көлемінің  үлғаюы, 
салмағының  артуы,  қүрылысының  өзгеруі)  даму  болып 
койған  жоқ,  оның  кызметі  де  дамығанын  көруге  болады. 
Орта  ми  мен  мишыктың  кызметі  алдыңғы  миға  карай 
ауыткуға  бейім  болғаны  байқалады.  Дегенмен,  мүны 
жеке  кызмет  ретінде  ғана  карастыруға  болмайды.  Себебі 
қашан  да  болса,  жүйке  жүйесінін  қызметі  бір-бірімен 
байланысты  ми  бөлімдерінің  біртүтас  функциялы  жүйе 
екенін  үмытпаған  жөн.  Және  де  эволюциялық  дамудың 
алғашкы  сатыларынан  бастап  ми  бағанында  мінез- 
күлықты  басқаруға  катысатын  сезгіш  қүрылымдардын 
болғаны  анықталған.
Адамның  негізгі  ерекшелігі  —  ми.  Ендеше  адам 
миының тарихи дамуына  көбірек  көніл  бөлейік.
Ч. 
Дарвин,  Т.  Гекели  жэне  Э.  Геккель  адамның 
жоғары  сатылы  маймылдардан  эволюциялық  даму  нәти- 
жесінде  пайда  болғанын  ғылым  жүзінде  дәлелдеген. 
Мүнан  да  басқа  үсынысілімдер  бар.  Әсіресе  қазір  мүндай 
ілімдер 
көп, 
бірақ 
олар 
әзірше 
ғылыми 
толык 
дәлелденбеген.  Ф.  Энгельстің  айтуы  бойынша  адамды 
қолдаушы  күш  —  әлеуметтік  еңбек.
Эволюциялык  биология  тарапынан  карасақ,  адам 
әуелі  примат,  содан  сон  адам  тәрізді  жануар,  кейін 
жоғары  сатылы  антропоидтардың  өкілі.  Homo  sapiens 
деңгейіне  жеткенде  адам  органикалык  дамудың  ғана
18


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет