Литература
1 Цветаева М. Сочинения: том первый. – М.: Изд-во «Художественная
литература», 1988.
2 Цветаева М. Стихотворения. Поэмы. – М.: Изд-во «Правда», 1991.
3 Цветаева М. За всех – против у всех! – М.: Изд-во «Высшая школа», 1992.
4 Цветаева М. Сочинения: том второй. – М.: Изд-во «Художественная
литература», 1988.
5 Песнь о Нибелунгах. Перевод со средневерхненемецкого. Ю. Корнеев //
Западноевропейский эпос. – Л.: Изд-во «Лениздат», 1977.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
166
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ШЫҒАРМАЛАР
КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ЗИЯБЕК Бақдәулет Бахтайұлы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының 4 «А» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: НҮСІПЖАНОВА Сәуле Айдарқанқызы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын
Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәнінің мұғалімі, Алмалыбақ ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы,
Қазақстан Республикасы
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІЛЕРІМ
...Өлең, мақал, жаңылтпаш, жыр
– мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.
І. Жансүгіров
Мақсатым: Ертегілердің халық ауыз әдебиетіндегі алатын рөлі, халықтың
армандаған ой-тілек түйінінен шығуы, ондағы әдет-ғұрпы, мұң-шерінің баяндалуы
туралы айту.
Зерттеу тәсілі: Халық ертегілерін оқи отырып, бір-бірімен салыстыра талдау,
зерттеу, ертегілердің құпия сырларын білу, жақсы қасиеттерді ашу.
Тақырыптың маңыздылығы: Заман болмысы шындығының қиялдан
туындауы, болашақтағы бақытты тұрмыс үшін күрестегі халықтың таптық
санасының оянуы.
Жұмыстың ғылымилығы: Ертегідегі өмір көріністерін дәл орнымен өмірге
керектісін алу, оларды ғылыми түрде іске асыру, өмірді тануға үйрету.
Жұмыстың идеясы: Ертегілердегі адамзат бойындағы кездесетін түрлі
қасиеттер, мінез-құлықтарды, халықтың армандауынан туған іс-әрекеттерді
өздерінің жүзеге асыра білуі туралы зерттеу, табиғат сырларын білсем деген ой-
түйіндерін саралау.
Жұмыс бұрын зерттелмеген жаңа тақырып болып табылады.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
167
Ертегілер – халық ауыз әдебиетінен мол орын алатын күрделі шығармалардың
бір түрі. Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте
замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.
Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек
кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой-арманы, әдет-
ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты баяндалады.
Қазақ ертегілерін үш жікке бөліп қарастыруға болады. Олар: қиял-ғажайып
ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілері. Олардың ішіндегі
ең көне түрі – қиял-ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі халықтың сана-сезімі
табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып-білмей тұрған сәбилік кезінде пайда
болған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой-тілек түйінінен
шыққан.
Қиял-ғажайып ертегілерінде өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер
қозғалады. «Ұшқыш кілем», «Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік» т.б. қиял-
ғажайып ертегілерінің мәні үлкен. Қиял-ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға
құрылады. Қаhармандары «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ай астындағы Айсұлуды»
іздеп, жеті қат көк, жеті қат жер астын шарлайды, жан баспаған қиянға барады.
Олардың алысатын жаулары қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтырнақ,
мыстан кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос, күштер де
болады. «Ер Төстіктегі» Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар – батырлар.
Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара құс, самұрық, алты айшылықты
алты-ақ аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар – адамның өршіл қиялы туғызған бейнелер.
Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді жеңеді. Халық
қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Қиял-ғажайып
ертегілерінің кейбіреуінде әдеттегі өмір мен қиял дүниесі араласып жатады.
Ертегінің кейіпкері – қарапайым адамдар. Бірақ ол небір айдаhарға не самұрыққа
кездесіп, фантазиялық істер істейді.
Ертегілердің тағы бір үлкен бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және
хайуанаттар туралы ертегілер. «Ертегі» деген сөздің өзінде осы ұғым бар. Мысалы,
«Әңгүдік аю» (парсы ертегісі) ертегісінде аю мен түйенің адамша ойлап, тіл
білетіндіктері болмаса, басқа жақтары дәл өмірдегі адамдардың іс-әрекеті болып
көрінеді. Ертегідегі түсіне семіз ет кіріп, соны жеуге жолға шыққан аюдың
аңқаулығы, әңгүдіктігі көрінеді. Лақтың алдауына түсіп, аңшыдан таяқ жеуі,
иттердің оны тістей бастауы – аюдың есін әрең жидырады. Содан соң екі қошқардың
сүзгені – аюды есінен тандырды. Аюдың семіз түйенің етін жеймін деп армандауы –
түйенің тепкісінен таяқ жеуімен тынады. Сөйтіп, ақымақ аю семіз ет жеймін деп,
әбден есінен айрылады. Көрген түсін жариялап, өзі әңгүдік болып шығады. Ертегі
осылай қызықты болып аяқталады. Әсіресе, түйенің: «Сенің әкең саған хат жазып
жіберген», - деген сөзіне иланып қалуы оның аңқаулығын көрсетеді. Әлін білмеген
әлек деген осы.
Келесі талдайтыным – «Сиқырлы құм» ертегісі. Ертегіні оқып отырып, еңбек
етуді, еріншек болмауды үйренуге болады. Ертегінің балалар үшін маңызы зор.
Мазмұны – ауыр еңбекті жеңілдетіп, жақсы өмір сүрсек деген халықтың тура ойы.
Шешесінің пысық қызды үйден қуып жіберу себебі – өз бетімен еңбек етсін дегені
еді.
Бұған қоса, «Еңбек етпеген ішіп жемейді» атты серб ертегісін талдағым келіп
отыр. Бұл ертегідегі король Матидың сұлу қызы жалқау болады. Еріншек қыз өз
бетімен еңбек ете алмайды. Күндердің бір күнінде король Мати жарлық етеді.
Жарлығында өзінің қызын еңбек етуге үйреткен адамға қызын қалыңдыққа бермекші
болады. Жолда жер жыртып жүрген балаға алып келеді. Король қызын сол балаға
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
168
береді. Жігіт жұмыстан келген соң, апасынан кімнің еңбек еткенін сұрайды. Анасы
екеуінің еңбек еткенін айтады. Үшінші күні қыз отын жармақшы болады. Баласына
анасы тағы да үшеуінің еңбек еткенін айтады. Үш жылдан соң король қызының
қалін білуге келеді. Қызы әкесінің сұрағына еңбек етуді үйренгенін айтып береді.
Қыз әкесінен бірге ас ішкісі келсе, отын жаруын өтінеді. Сөйтіп, король қызын
жаңағы балаға береді. Король Мати баланы өз ұлындай жақсы көріп, тату-тәтті өмір
сүреді.
Мінеки, ертегі осылай аяқталады. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші,
корольдің қызы өзі үйреніп, еңбек ете білді. Халық еңбекті әр уақытта ардақтап,
бүкіл игіліктің көзі деп білген.
Ендігі кезектегі талдайтыным – «Павиант көзін неге адырайтады» деген
Манджак ертегісі. Ертегіде теңізге жиналып шыққан аңдардың басынан өткен
қиыншылығы айтылады. Олар теңіз айдынына шыққан кезде, күшті дауыл
көтеріледі. Сол кезде жетекші қайыққа су толып кеткен соң, біреуін суға лақтырып
жіберуін талап етеді. Жолаушылардың арасында павиан Кон болатын. Павиан
қайықтан лақтырады екен деп шошып кетеді, өзінің ұсқынсыз ит тұмсығын жоғары
көтеріп, көзін алайта жетекшіден өзін шын лақтыратынын сұрайды. Алайда, жетекші
оны лақтыруға батпа»ды. Сол сәтте жабайы шошқаны көріп, суға соны лақтырып
жібереді. Сөйтіп, Павиан Кон аман қалады.
Жетекші ұсқынсыз деп Павиан Конды лақтырғысы келіп еді, оның ақсиған
тістерінен қорықты. Павиан Кон ұсқынсыз болса да айбат шекті. Мұнан мынандай
қорытынды шығардым: адам әр нәрседен қорқақ болмауы керек. Павиан Кон
ұсқынсыз болса да, жолаушыларды да, өзін де қорғап қалды. «Досы көпті жау
алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Бірлік болмай, тірлік болмас», «Ынтымақ
жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген мақалдарда үлкен түйін жатыр.
Тағы да «Ақымақ бала» деген Хаус ертегісін оқыдым. Бұл ертегіде ақылсыз,
есерсоқтық туралы уағыздайды. Анасы сатып әкел деген инені ұлы қайда салатынын
білмей, жейдеге тағудың орнына танысының себетіне салып қояды. Шешесі инені
сұрағанда, ұлы қайда қойғанын ұмытып қалады. Екінші жолы ұлын майға жұмсайды.
Бала майды сатып алып, құмыраға құюдың орнына жейдесіне тағып қояды. Май
жол-жөнекей еріп, болар-болмасы ғана қалады. Ұлының бұл қылығына анасы қатты
ашуланады. Үшінші жолы анасы көршінің үйінен күшікті алып келуін өтінеді.
Баласы күшіктің мойнына жіп тағудың орнына оны құмыраның ішіне салып қояды.
Үйге келген соң, құмыраның ішіндегі күшікті көріп, анасы шошып кетеді.
Келесі жолы баласын ет әкелуге жұмсайды. Ұлы етті сатып алып, жіпке
байлап, сүйретіп жүреді. Еттің иісін сезген иттер баланың артынан қалмай, бәрін
жеп қояды. Анасы оған ақымақтығын айтып, қатты ұрсады. Содан бері анасы ұлын
ешқайда жібермейтін болады.
Менің ойымша, баласы бұл ертегіде өте ақымақ, үлкендердің сөз астарын
түсінбеді. Керекті заттарды дұрыс әкеле алмады. Себебі, ол дайын нәрсеге үйренген,
еңбектенгісі келмейді. Әр бала кішкене кезінен тіл алып, үйдің жұмысына
көмектесуі керек. Бұл ертегіден мынадай пікір түюге болады: «Болар бала басынан»,
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Ақыл жастан шығады», «Асыл тастан
шығады».
Әлем халықтары ертегісінің ішіндегі ең қызықтысы – «Алтын балық». Ертегіде
тұрмыстары нашар, күнін әрең көріп жүрген бір шал мен кемпір туралы айтылады.
Тұрағы – лашық. Азығы – балық. Сол өзенде су иесі күн келбетті құдірет Джала
Камани мекендепті. Шалдың ауына бір күні алтын балық ілінеді. Балық одан
жіберуін өтінеді, қалағанын орындауды уәде етеді. Үйіне келсе, жаңа орындықтар,
киімдер, дастарқанда табақ-табақ күріш т.б.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
169
Кемпірі оған риза болмай, жаңа үй, алтын, дүние т.б. нәрселерді талап етеді.
Шал алтын балыққа келіп, тілегін айтады. Үйіне келсе, кең сарай, безендірілген
дүниеге лық толып тұр. Кемпірі бір айдан кейін тағы да шалын жібереді. Ол өзін
әмірі жаhанға жүретін патша етуін сұрайды. Бірақ, балық оның тілегін орындамады.
Шал күте-күте үйіне келсе, баяғы лашығының жанында кемпірі отыр екен. Кемпір
зар илеп, жылай беріпті. Шал оған: «Мен саған дәніккеннен құныққан жаман,
қанағат тұт демеп пе едім. Сөзіме құлақ аспадың. Енді неменеге зар илейсің?» -
депті. Сөйтіп, ертегі аяқталады.
Ертегіде адамдардың бойындағы түрлі мінез-құлықтар анық айтылған.
Кемпірдің тойымсыздығы, аз нәрсені қанағат тұтпауы, ақылсыздығы осыған әкеліп
ұрындырады. Еңбек еткісі келмей, дайын байлықты басып алғысы келді. Оған алтын
балық көнбеді. Меніңше, адамдардың арасында жоқшылық пен тоқшылықты
салыстырып, тең ұстайтындарды кездестіруге болады.
Бұл екеуі де халықтың басынан өткен. Халық бақытты тұрмысты аңсайды. Ал,
кемпір байлықты көріп, бақыттан басы айналды. Оның араны ашылып, шалын
менсінбей қалды. Бұл жерде әлеуметтік тартыс көрсетілген. Кедейлердің ішерге
тамақ таба алмай, балықпен күн көруі де өмірден алынған. Ертегі сонау көне
заманнан келе жатса да, әлі күнге дейін құнын жоймаған. Ертегінің біз үшін
тәрбиелік мәні өте зор.
Сонымен, қорыта келе айтайын дегенім, ертегілердің асыл қасиеттерінің бірі –
оның бай тілі. Осы асыл дүниесінің кілтін қолға ала отырып, оның ішкі әлеміне үңіле
білеміз. Халықтың сап алтындай сақтаған және бізге табыс еткен тілін меңгереміз,
оның бояуы мен әсерлі үнін, сөйлеу, баяндау мәнеріне құлақ асамыз. Сонда ғана
ертегілерден халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша
қиялдарын білумен қоса, өзің де ойлай, қиялдай, армандай білуге үйренесің. Олар
біздің қиялымызға қанат бітіріп, арманыңды асқақтатады, өмірге құлшындырып,
жаңалық ашуға жігерлендіреді. Сондықтан да халық ертегілерін сүйе білейік, одан
тіл үйреніп, мазмұнын түсіне білейік, тағылымын бойымызға сіңірейік.
Ертегілер – ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған заңды мұрагері.
Әр халықтың арманы, мақсат-мүддесі бір-біріне ұқсас, ортақ.
Мен әлем халықтарының ертегілерін оқи отыра, осыған көзім жетті. Өз басым
ертегідегі халық қиялы, даналығы, өмір тәжірибесі – барлығы олардың жақсы өмірді
армандауынан туғандығын сездім. Себебі, ертегілер кітаптан бұрын пайда болған.
Ауыздан-ауызға ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа келе жатыр.
Менің сүйікті ертегілерім мені батыл, адал, еңбексүйгіш, қанағатшыл болуға
баулиды.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
170
МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ
1. «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific
messenger of the capital» ғылыми журналының «Білім», «Журналистика»,
«Қоғамдық байланыс» және «Саясаттану» сериялары бойынша
редакциялық алқасы........................................................................................4
2. Редакционная коллегия научного журнала «Елорда ғылыми
хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific messenger of the
capital» по сериям «Образование», «Журналистика», «Связь с
общественностью» и «Политология»............................................................5
3. The editorial board of the scientific journal «Elorda ġylymi habaršysy –
Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital» on the series
«Education»,
«Journalism»,
«Public
Relations»
and
«Political
Science».............................................................................................................6
Ұстаздық – Ұлы қызмет! Ұлы қызметке – үлкен құрмет!
4. Биманов Д. Сырдың саңылақ қызы...........................................................7
Білім және жаратылыстану ғылымдары –
Образование и естественные науки
5. Байсалхан Г., Тасболатова Р.Б. Болашақ математика мұғалімінің
құзырлылығын
қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық
негіздері..........................................................................................................10
Әлеуметтік ғылымдар – Социальные науки
6. Есенбекова Ұ. Ақпараттық коммуникация және қоғамдық
сана..................................................................................................................14
7. Жақып М.Қ. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың «жасыл
экономиканы» дамытуға бағытталған бастамаларына кеңінен жол ашу
мәселелері.......................................................................................................16
8. Жақып М.Қ. «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша білім беру
саласындағы үздік әлемдік үлгілеріне сай келетін ғылыми кадрлар,
магистрлер мен PhD докторларын даярлау мәселелері.............................24
9. Хауасбаева Қ., Жақып М.Қ. Франция елі сатирасының ерекшеліктері
туралы.............................................................................................................34
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми, ғылыми-
әдістемелік және әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен
жұмыстар
10. Егдірова Ж. Жергілікті жер материалдарын пайдалана оқытудың
тиімділігі........................................................................................................37
11. Пралиева Ш.Ә. Шетел тілін бастауыш сыныпта оқытудың
ерекшеліктері.................................................................................................45
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
171
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар
конкурсына түскен жұмыстар
Жаратылыстану ғылымдары
12. Амангелдинова А., Жаксылыкова А.Ж. Тармақталу алгоритмін
қолдана отырып, программалау тілдерін оқыту.........................................49
13. Базарбаева Н., Абдуалиева М. Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті...........61
14. Байманова Д.Н., Жанабекова Г.Т. Ешкі сүтінің ерекше
қасиеті.............................................................................................................68
15. Кеңесханова А.Д., Нурсафина А.Н. Сиыр және оның адам өміріндегі
маңызы............................................................................................................73
16. Қазбек Ә., Райымжанова Н.Е. Қазақтағы бақсылық............................76
17. Қуандық Т.Р., Бекниязова Ж.Қ. Сексеуілдің өсу жолдары мен
түрлері............................................................................................................85
18. Қыдырбаев Н.Қ., Шадиева Т.Б. Математикалық «7» санын қазақ
халқының тұрмыс-тіршілігінде қолданылуы.............................................91
19. Тауан А.Қ., Сарусунбаева Э.А. Қазақтың ұлттық өлшем бірліктерінің
мағынасы........................................................................................................97
20. Тоқташова А., Өсербаева А.А. Сиыр сүтінде сансыз сыр бар..........101
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
21.
Абишева
Ж.Ж.,
Мейрманова
Д.К.
Қазақ
ертегілерінің
ерекшеліктері...............................................................................................108
22. Бияхмет А.Б., Бейсебаева А.Т. Ақылды ой, жақсы сөз – адамның ең
жоғары қасиеті.............................................................................................113
23. Бугумбаева Б.С., Боровикова И.А. Хип-хоп культура и её влияние на
молодежный сленг.......................................................................................117
24. Жиенай Д.А., Шынтаева О.К. Әлемнің сегізінші таңғажайыбы –
«Пирамида»..................................................................................................124
25. Кенжебек Ә., Тыныбек Н., Баянбаева К.Т. Қазақтың баспанасы – киіз
үй...................................................................................................................127
26. Кусманов Б.Қ., Алтаева К.М. Асық – халқының ұлттық ойыны......134
27.
Нұрманова А.Н., Сағитжанова Э.Н. Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы қызылордалықтар.............................................................139
28. Сайлаухан А., Маженова Л.О. Жетісу жерін мекендейтін құс
атауларының жасалу жолдары...................................................................148
29. Саттарқұлова Ж.Ғ., Досанова Д.А. Оңтүстік Қазақстанның
археологиялық ескерткіштері....................................................................152
30. Узбек А.М., Алдабергенова Л.М. «Моим стихам всегда будет
хорошо!».......................................................................................................159
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы
ұйымдастырған «Үздік жас қаламгер» атты шығармалар конкурсына
түскен жұмыстар
31. Зиябек Б.Б., Нүсіпжанова С.А. Менің сүйікті ертегілерім................166
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
172
Елорда ғылыми хабаршысы • ғылыми журнал
Научный вестник столицы • научный журнал
Scientific messenger of
the capital • scientific journal
Жазылу индексі: 74643
Қолжазбалар әдеби өңделеді және қайтарылмайды.
Авторлардың көзқарасы, ұстанымы сақталады.
Жарияланымдағы деректердің нақтылығына авторлар жауапты.
Олардың байлам-тұжырымдары редакция көзқарасымен
сәйкеспеуі де мүмкін. Басылымда жарияланған материалдар
көшіріліп басылған немесе пайдаланылған жағдайда
«Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы
– Scientific messenger of the capital»
ғылыми журналына сілтеме жасалуы тиіс.
Біздің банктегі есепшоттарымыз:
KZT: «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы,
БИН 081240014093, ағымдағы банктік шот KZ47 9261 5011 5395 6000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, «Казкоммерцбанк» АҚ,
«Журналда ғылыми мақала жариялау».
Наши банковские реквизиты:
KZT: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»,
БИН 081240014093, текущий счет KZ47 9261 5011 5395 6000,
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, АО «Казкоммерцбанк»,
«Опубликование в научном журнале статьи».
Директор Жақып М.Қ.
Журнал «Зерттеуші» РҒБО қарасты
баспа орталығында беттеліп, басылды.
Басуға 27.12.2014ж. қол қойылды.
Пішімі 60х84/16. Қаріп түрі Times New Roman.
Ризографиялық басылыс. Көлемі 10,75 шартты баспа табақ.
Таралымы 300 дана. Тапсырыс №2712.
010000, ҚР, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, №4 үй, №213 бөлме.
Достарыңызбен бөлісу: |