Тақырып: Мәдениет және өнер. Театржәнекино өнері. Қазақтың танымал өнер қайраткерлері. Театрға саяхат. Сан есімдер.
Мәтінмен жұмыс
21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Оны Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.
Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.
Бүгінде өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп. Олар – ақындар, жазушылар, режиссерлер, сазгерлер, суретшілер, актерлер, т.б.
Мәдениет – ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет – адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды.
Тапсырмалар: Мәтінді түсініп оқыңыз, сөздік жасаңыз
«Қазақ вальсінің королі» атанған танымал сазгер Ш. Қалдаяқов туралы не білесіз?
Қазақтың кино өнері туралы не айта аласыз?
Ең алғашқы режиссер кім деп ойлайсыз? Ол туралы не білесіз?
Мәтінмен жұмыс
Қазақтың ерекше өнерлерінің бірі – күй өнері. Күй өнері – шексіз өнер. Домбыраның сырлы әуенімен күй шертілгенде, тұла-бойды тебірентпей қоюы мүмкін емес. Күй – қазақ халқының бар рухани бітім-болмысының, өмірі мен мәдениетінің асыл мұрасы. Қазақ даласын әсем күйімен күмбірлеткен күйшілер аз емес. Олар: Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей, ал қазіргі заманда Айгүл Үлкенбаева мен Секен Тұрысбеков сияқты танымал күйшілер бар.
Танымал күйшілердің бірі – Құрманғазы. Күй атасы Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ атты күйшіден тәлім алған. Құрманғазы әрдайым орындаушылық шеберлігін шыңдап отырған. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды. Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтіп, бірнеше рет абақтыға да қамалады. Құрманғазы күйлері қазақтың мәдениетін, өнерін дамытуға үлкен үлес қосты. Оның тамаша күйлерін әлі күнге дейін тыңдап келеміз.
Тапсырмалар: 1. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Құрманғазы күй тартуды кімнен үйренеді?
- Оның қандай күйлерін білесің?
- Құрманғазы неге қарсы күресті?
4. «Қазақ киносы: кеше және бүгін» тақырыбына пікірсайыс жүргізіңіздер Сұрақтар:
Болжалдық сан есім (приблизительное числительное) – қанша? неше? (сколько?) -даған, -деген, -таған, -теген, -дай, -дей, -тай, -тей. М: Он шақты (около десяти), жүздеген (около ста) Топтау сан есім (группирующиеся имена числительные) нешеден?
(по сколько?) -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен М: үштен, оннан Бөлшектік сан есім (дробное числительное) қанша? неше?