10. Білім және әлеуметтік теңсіздік Тапсырма


Тапсырма:Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындау.Мысалдар келтіре отырып,Қазақстанның ерекшелігін көрсету Урбанизация



бет4/4
Дата25.11.2023
өлшемі29,37 Kb.
#127628
1   2   3   4
Байланысты:
10. Білім және әлеуметтік теңсіздік Тапсырма-emirsaba.org

Тапсырма:Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындау.Мысалдар келтіре отырып,Қазақстанның ерекшелігін көрсету
Урбанизация(лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) — еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді.
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады. Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады.Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады.Мысалы үшін 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрап отыр.
Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді.
Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны . Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және тағы да басқалары жатады.
Миграция латынша - көші-қон, қоныс аудару деген мағынан білдіреді. Адамдардың , яғни мигранттардың қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту . Олар мемлекет, аудан, аймақ, қала және де тағы да басқалары . Осы негізде ең алдымен, халықаралық немесе мемлекетаралық және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді , халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады.
Демографиялық аxуалды еске алған сәтте қозғалар бір мәселе бар. Ол – миграция процесі. Миграция негізінен екіге бөлінеді. Біріншісі – осы Қазақстан аумағында бір жерден екінші жерге қоныс аудару болса, екіншісі – шетелден қандастарымыздың өз еліне, яғни Қазақстанға қоныс аударуы. Бізге алғашқысынан аса қатты өзгеріс байқала қоймас. Өйткені, дәл қазір ауылды мекенде тұрып жатқан xалық қалаға қарай ауысып жатыр. Бұрын ауылда тұратын xалық саны басым болатын. Қазір ауылда тұратындардың қатары сиреді. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында көрші елдерден атамекеніне оралған 10,7 мың қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды. Олардың ішінде 48,5%-ы Өзбекстаннан келгендер болса, Қытай Халық Республикасынан көшіп келген этностық қазақтар 36%-ды құрайды. Мемлекеттің экономикалық дамуы урбанизациялану процесімен қатар, миграция үрдісті қамтамасыз ете алатындай бағытта құрылуы тиіс.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет