Саяси Экономия– қоғам дамуының түрлі сатыларында тұрмыстық игіліктерді өндіруде, бөлуде, айырбастауда және тұтынуда адамдар арасындағы өндірістік қатынастардың жұмыс істеу және даму заңдарын зерделейтін ғылым; мемлекеттің экономикалық шаралар жүйесі. Саяси экономиканың заманауи қосымшалары Карл Маркс сияқты қазіргі заманғы философтар мен экономистердің еңбектерін зерттейді.Маркс тұтастай алғанда капитализмнен алшақтап кетті.Ол жекелеген адамдар байлықтың үлкен үлесін бақылайтын полктік әлеуметтік таптардың астында зардап шегеді деп санады.Коммунистік теориялар бойынша бұл жойылып, экономика әр қатысушының қабілеті мен қажеттіліктеріне негізделген экономика жұмыс істейтін кезде барлығына бірдей өмір сүруге мүмкіндік береді.Коммунистік режимдер кезінде ресурстарды үкімет басқарады және бөледі.Адамдардың көпшілігі социализм мен коммунизмді шатастырады.Кейбір ұқсастықтар бар екендігі рас, атап айтқанда, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты көбейтетін стресс және қоғам барлық азаматтар арасындағы тепе-теңдікті төмендетуі керек.Бірақ екеуінің арасында табиғи айырмашылықтар бар.Коммунистік қоғамдағы ресурстар үкіметтің меншігінде болса және оны бақылайтын болса, социалистік қоғамдағы жеке адамдар меншікті иеленеді.Адамдар әлі де социализм кезінде тауарлар мен қызметтерді сатып ала алады, ал коммунистік қоғамда өмір сүретіндерді үкімет өзінің негізгі қажеттіліктерімен қамтамасыз етеді.
№13. Денсаулық және медицина
Тапсырма: Дәрігерлер мен медбикелердің әлеуметтік жағдайы мен әлеуметтік мәртебесін талқылау
Әлеуметтік позиция –бұл жеке тұлғаның, яғни адамның осы жеке тұлға иеленетін мамандығының беделімен, оның жалпы мінез-құлық белгілерімен және табысымен анықталатын әлеуметтік жағдайы. Және, әрине, бұл адамның айналасындағы адамдар. Осындай мәртебелі мамандықтардың бірі –медицина қызметкері, яғни дәрігер немесе медбике мамандығы. Дәрігерлер мен медбикелер өте ақылды адамдар болып саналады. Өйкені олар өте көп,ұзақ уақыт білім алып,қоғам денсаулығын сақтау үшін көп еңбектенеді.Денсаулық сақтау жүйесі – мемлекеттің негізгі құрылымының бірі. Мемлекеттің демографиялық көрсеткішінен бастап, адам капиталының сапасы, жалпы халықтың өмір сапасы аталған құрылымның жұмысымен байланысты екені анық. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатындағы маңызды мәселелерінің бірі. Әртүрлі елдерде, әрине, медицина қызметкерлеріне деген көзқарас әртүрлі. Сонымен, Ресейде олар мардымсыз ақша алады ал АҚШ сияқты елдерде ол жоғары төленеді. Ал соңғы уақытта Қазақстанда дәрігерлер жұмысының құқықтық саласына және жауапкершілікті орнатуға үлкен қызығушылық пайда болды, әлеуметтік желілерде және баспасөзде дәрігерлердің және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің қоғам алдындағы жауапкершілігі шаралары туралы елордамызда жуырда қызу талқылау болып өтті. Сөздің шыны керек, бүгінгі таңда елімізде медицина қызметкерлерінің құқықтары қорғалмаған. Жалпы бұл әлемдік тәжірибеде де мемлекеттің негізгі функциясына жатпайды. Шетелде дәрігерлердің құқығы мемлекеттік емес ұйымдарға жүктелген. Яғни медицина қызметкерлері дәрігерлер ассоциациясы сияқты ұйымдарға жыл сайынғы жарнасын төлеп, көмекке жүгінеді. Аталған ұйым қажет жағдайда адвокатпен де қамтамасыз етеді. Оған қоса басқа мемлекеттерде кәсіподақтардың да орны ерекше. Ал бізде кейбір ұйымдарда кәсіподақ мүлде жоқ. Осыған орай дәрігердің мәртебесін көтеру, құқығын қорғау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі басқа да медицина қызметкерлерімен бірлесіп, жаңа кодекс әзірлеп жатыр. Оның Парламенттегі кезекті талқылауы тамыз айына жоспарланған. Егер бәрі дұрыс болса, заң келесі жылы күшіне енеді. Жаңа кодексте «Медицина қызметкерінің мәртебесі» деген бөлек тарау болады. Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту – олардың құқығын қорғаудағы маңызды алғышарттың бірі. Осылайша медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау қолға алынбақ Жалпы денсаулық сақтау саласында өзекті мәселе көп. Кадр тапшылығы, дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, материалдық-техникалық жарақтандыру сынды түйткілдер уақыт өте шешіледі деп ойлаймын. Меніңше, ең басты мәселенің бірі – салада жастарға үлгі болатын, оларды бастап жүре алатын білімді де білікті тұлғалар шоғырын қалыптастыру. Қазір «дәрігерлердің санаты емес, сертификаты маңызды» деген желеумен санаттар алынып тасталды. Бұл дұрыс емес. Санат ақ желеңділерді алға талпындыратын,ізденісті арттыратын жайттың бірі емес пе. Тағы бір мысалды қағазбастылыққа қатысты айтқым келеді. Толған есеп, түрлі құжаттар толтыру дәрігерлерді шаршатып жіберді. Соған орай біраз әріптесіміз өздерінің ем-дом кабинеттерін ашуда, жеке клиникалардың шақыртуын қабылдауда. Сөйтіп, мемлекеттік емдеу мекемелерінен мықты мамандар кетіп жатыр. Мәселен, Батыс Қазақстан облыстық ауруханасына осыдан бес-алты жыл бұрын еліміздің басқа өңірлерінің, Ресейдің тұрғындары келіп осында емделетін. Қазір олай емес. Себебі білімді де білікті мамандар азайды. Қорытындылай келе, біз айта аламыз, әрине, әртүрлі мамандық өкілдерінің өзіндік әлеуметтік мәртебесі бар, өз кезегінде, дәрігерлердің деңгейі өте жоғары, бірақ ол бәрібір адамның жан дүниесі мен ішкі құрамдастығына байланысты. Біз тек осыған сүйеніп қана қоймай, осыны есте ұстауымыз керек.
№14. Халық,урбанизация және қоғамдық қозғалыстар