10. Білім және әлеуметтік теңсіздік Тапсырма



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі29,37 Kb.
#127628
  1   2   3   4
Байланысты:
10. Білім және әлеуметтік теңсіздік Тапсырма-emirsaba.org


10. Білім және әлеуметтік теңсіздік Тапсырма

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті


Бөж
Пәні: Әлеуметтану
Тексерген:Игисинова.Н.Б

Орындаған:Амангелдина Ақділдә


Мамандық:Екі шет тілі;екі шет тілі
Курс:1(Е)
10. Білім және әлеуметтік теңсіздік

Тапсырма: Қазақстанда тегін білім беру қолжетімділігінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында салыстырмалы кестені құру.
11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам

Тапсырма: Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы эссе жазу
Әлеуметтану саласында мәдениет дамуының бірнеше негізгі заңдылықтары бар. Соның бірі қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері.Техникамен қарулану алғашқыда ең қуанышты үміт отын тұтандырды. Қуатты техникалық құралдар арқасында мәдениет адамды әлдеқайда ертерек тиімді әлеуметтендіруі керек еді. Алайда, мәдениеттің шарықтауынан күткеніміз іске аспады. Қатардағы адамның әлем бейнесін түсінуінде бүгінде оның жарнамадан оқығаны, кинодан немесе теледидардан көргені, газеттен оқығаны немесе қызметтес әріптестерімен, көршілерімен әңгімесі бәрінен де үлкен рөл атқарады. Ғылыми-техникалық төңкеріс бұқара мәдениетін кеңінен таратуда ынталандырды. Бұқаралық мәдениет тапсырыс негізінде өмір сүру мен дамудың ішкі қайнар көздерінен айырылған.Ол адамдарды қамтуы мен уақыт мөлшеріне қарай бұқаралық болып саналады.Бұқаралық мәдениетте мәдениеттің жеңілдетілген түрі-бейімделушілік орын алады. Нәтижесінде бұқаралық мәдениет бизнестің ерекше түріне айналады, оны адамның тұтынуынан гөрі, оған өзге мәдениет қабаттарын ауыстырып, есінен шығаратын етті. Теледидарда бас аяғы бітпейтін сериалдар деп аталатындардың үздіксіз берілуі осыған мысал бола алады. Бүгінгі таңда БАҚ - бұл адамдардың психологиялық және әлеуметтік жағдайына әсер етудің қуатты факторы, жастарға - өзін-өзі тану қабілеті нашар, тұрақсыз дүниетанымы бар аудиторияға әсер ету деңгейі - ең үлкені. Медиа ықпалының аспектілері сан алуан, біз оң және теріс факторларды көрсете отырып, ең көп таралған пікірлерді ғана ұсынамыз. Жастар өкілі туралы ақпарат құралдары. бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында қоғамдық пікір қалыптасуда - әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың проблемалар мен оқиғаларға жасырын немесе айқын көзқарасын білдіретін бұқаралық сана жағдайы. Мысалы, экологиялық апаттың алдын алу, термоядролық, биологиялық соғыс және т.б. сиякты адамзаттың ғаламдық проблемаларына қатысты нақты тұжырым бар. Қоғамдық пікір бақылау, кеңес беру функцияларын орындайды. Қорыта келгенде, бұқаралық мәдениет – адам баласының көзқарасын өзгерте алатын өте мықты күш. Қазіргі заман адамдары үшін ол өте маңызды рөлге ие. Тіпті кейбіреулер бұқаралық ақпараттар құралдарына толығымен сеніп, өзінің ойын еш жерде ашып айта алмайды. Яғни бүгінгі қоғам үшін де, келешек үшін де бұқаралық мәдениеттің әсері адамзатты жаппай қырып жою құралы іспетті көрініс табады.
12. Экономика, жаһандану және еңбек


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет