10. Білім және әлеуметтік теңсіздік Тапсырма


Тапсырма: Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың ерекшеліктерін талдау. Капитализм



бет2/4
Дата28.11.2022
өлшемі38,81 Kb.
#53235
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ 2 (1)

Тапсырма: Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың ерекшеліктерін талдау.
Капитализм – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Қазақстанда 20 ғасырдың 90-жылдары басталған саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар экономикада нарықтық қатынастардың кең ауқымда дамуына жол ашты. Бұл қатынастардың негізінде капитализм жатыр. Бірақ капитализм, жоғарыда айтылғандай, өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтеді. Қазақстан бұл сатылардың алғашқы кезеңінде тұр. Бұл – капиталдың алғашқы қорлануының сатысы. Оны “анайы” капитализм деп те атайды. Халықтың тез арада бай мен кедейге жіктелуі, жұмыссыздықтың, жемқорлықтың, қылмыстың кең өріс алуы осы кезеңге тән құбылыстар. Қазақстан Конституциясында әлеуметке бағдарланған нарықтық қатынастарды дамытып, аралас экономикаға негізделген қоғам құру көзделген. Бұл қоғамда жоғарыда айтылған кемшіліктерге орын болмайды. Қоғамның мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеріп, жеке адамның жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Коммунистік құрылыстың бірінші сатысы. Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:
а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылы коммунизмді және оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік теориясына ұласты;
ә) марксизммен генетикалық тұрғыдан байланысты әлеуметтік-демократиялық ілімдер;
б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік құрылысының үлгілері жасалды.
Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Қазіргі әлемде Аралас экономиканың бірнеше типі қалыптасқан:
1.өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ, Жапония, Франция сияқты елдер постиндустриалдық Аралас экономикаға ауысуда;
2.Шығыс Еуропа және ТМД елдері мемл. қоғамдық құрылыстан постсоциалистік аралас қоғамға ауысуда. Бұл елдердегі түрлі нұсқадағы нарықтық экономикаға ауысу оның даму дәрежесін әр түрлі қалыптастырып отыр;
3.Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жаңа индустриялық Аралас экономиканың даму процесі жүруде және олардағы капитал нарығында мемл. бақылаудың икемді формалары, өнеркәсіптің жаңа салалары дамып өркендеуде;
4.Үндістандағы нарықтық өзгерістер Аралас экономикада өзіндік ұлттық ерекшеліктер болатындығын көрсетті. Бұл елде инвестициялық жоспарлау мен оны ұтымды орналастыру арқылы мемл. меншіктің алуан түрлі нысандары пайда болуда. Бірақ капитал нарығы мен мемл. кәсіпорындар бәсекелестігінің нашар дамуы ойдағыдай тиімділікке жеткізе қойған жоқ.
5.Латын Америкасы елдерінде жекешелендіру қарқынына қарамастан мемлекеттік экономикаға араласуы, макротұрақтандыру тиімділігін өсіріп, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үстемдік алуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет