Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы ашаршылық Орындаған:ЗинуроваҰлпан
1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нəубетін əкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, əсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі жəне жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті.
Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына əкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа жəне басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
Ашыққан адамдарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Əуезовтың мəліметінше, сол жылдары 1 млн 700 мың адам аштықтан көз жұмған
Ашыққан адамдарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Əуезовтың мəліметінше, сол жылдары 1 млн 700 мың адам аштықтан көз жұмған
1921-1922 жылдары Өлкелік партия комитетінің БКП(б) Орталық комитетіне жолдаған ресми ақпараты бойынша, аштыққа ұшырағандардың саны 2 миллион 286 мың 591 адам болып, соның 68,2%-і, яғни 1,5 миллион жан өлген. Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мəннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сəкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уəлитхан Танашев жəне тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде əділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар білдірді. Мəселен, У. Танашев салық салуда егін шықпай қалған аудандарды ескеру қажеттігін көтерді. Ұлт зиялыларынан аштықты ауыздықтауға белсенді кіріскен азаматтың бірі – Мұхтар Əуезов болды Əуезов «Қазақ тілі» газетіне ең бірінші болып, қазақ жерінде аштық басталғандығы жөнінде дабыл қаққан. Ол аштықтан құтылудың бірден бір жолы егін салу деп көрсетеді Ел басына түскен қиын заманда Қазақ өлкелік Орталық Атқару Комитеті 1921 ж. 15 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінің салғыртты салықпен алмастыру жөніндегі қарарын негізе ала отырып, осы жылдың 11-18 маусымында болған конференция барысында азық-түлік салғыртын салықпен алмастыруды бірауыздан мақұлдады Қазақстандағы 1921-22 ж.ж. ашаршылықтың шығуына екі себеп, яғни Ресейдегі азамат соғысының кесірінен қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы жəне табиғи апат, қолайсыз ауа-райының салдарынан туған жұт əсер етті. Тарихшы Т. Омарбеков Қазақстандағы бұл ашаршылықтың шығуына ауа-райының қолайсыздығы емес, азамат соғысының тұтануынан шаруашылықтың күйзелуі, яғни большевиктердің біржақты саясат жүргізуінен деп тұжырымдаған
«Бір уыс бидай» — Мұхтар Мағауиннің «Бір уыс бидай» атты сюжеті негізінде түсірілген Серік Əбікенұлы, Данияр Мұстафаевтың қысқаметражды фильмі