10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар



бет5/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Зоология 10 лекция

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы.

  2. Тақтажелбезектілер.

  3. Акулалар.

  4. Скаттар.

  5. Тұтас бастылар немесе химералар.

11 дәріс: Сүйекті балықтар тобы (Оstеісһthуеs).
Жоспар.

  1. Сүйекті балықтар тобына жалпы сипаттама.

  2. Сүйекті балықтарға морфо-физиологиялық шолу (алабұға-сүйекті балықтар өкілі).



1. Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндегі газдың көлемінің өзгеруі балықтың меншікті салмағынын, өзгеруіне әсер етеді. Жүзу торсылдағындағы газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік алады. Ұрықтанулары әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ, мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады. Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
1-класс тармағы. ШЕМІРШЕК-СҮЙЕКТІЛЕР (Сһопdгоstеі)
Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумының болуы сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің,
артериялды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет