№ 8 дәріс. Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғ. басы) Жер мәселесі. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы
ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы - 1822 және 1824 жылдары патша үкіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды. Хан билігін жоюдың себептері мен алғышарттары XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.
Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен,1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.
Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
1797 жылы қарт Айшуақты хан етіп бекіту арқылы үкімет ықпалды сұлтандардың билікке жету әрекеттерін тоқтатты.
Эссен Кіші жүздің ханы Арғынғазының күшеюінен қорқып, оны хан деп есептемеді.
1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті.
1824 жылғы қабылданған «Орынбор қазақтарының Жарғысы» бойынша кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті.
Кіші жүздің Әкімшілік құрылымы
1. Бөліктер
Басшылары: аға сұлтандар
3.Ауыл
Басшысы ауыл старшины
2. Дистанция
54-дистанция болды
Басшылары: Ру шонжорлары