10 Дәріс. Бостандық философиясы.
Жоспар:
1.Философиядағы еркіндік пен жауапкершілік
2.Тәуелсіздік философия.
1.Адам о баста табиғатпен туылса да, оған берілген еркіндік пен жауапкершілік, оны айналадағы болмысты зерттеп, тануға қызықтырады. Сондықтан бұларды иеленгендер қашанда белсенді позицияда тұрады. Таңдау еркіндігі арқылы әрекеттене отырып, адам тәжірибесін байытады, өзін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Олар өз еркімен әрекет етіп, ойлай алатын мүмкіндіктен тұрады.
Объективті әлемде біз өзімізден басқа бар нәрсені көрмейміз, тек, өзіміздің еркін әрекетіміздің ішкі шектелуін ғана байқаймыз. Еркіндік үшін алғышарт қажет, адам өз әрекетінде еркін, соңғы нәтижесінде қажеттілікке тәуелді. Адам еркіндігі мәселесі қазіргі таңда саяси және рухани өмірдің орталығында тұр, оған жету деңгейі қазіргі қоғаммен, оның жалпы мәдени дамуы демократиялығымен анықталады және өркениеттілігінің негізгі критерийі болып табылады.
Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті ұғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итерме-лейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды. Еркіндік пен жауапкершілік мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропо-логия, саясаттану, заң ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану пәндерінің орталық мәселесі ретінде көреміз.
Бұл категориялар адамзат дамуының әрбір кезеңінде, әр дәуірдің философтары, әлеуметтанушылары болсын, тіпті христиандық, ислам және буддизм дінінің өзі еркіндік мәселесіне өзінше қарап, өздігінше тұжырым жасаған, алайда мәселе күрделілігінің салдарынан толық шешілмеген және бұл ұғымдардың өзара байланысының әлеуметтік-философиялық, діни-этикалық аспектілері жайлы зерттеу жоқ, сондықтан біз осы мәселені көтеріп отырмыз.
Қаншалықты абстрактілі ұғым болса да, еркіндіктің нақты, тарихи және әлеуметтік жағдайда мазмұны бар. Еркіндік пен жауапкершіліктің байланысы адам болмысының әмбебаптық сипаттамасы. Қарапайым түсінікте еркіндік біреудің үстемдігінсіз өмір сүру, қалаған әрекетін іске асыра алу қабілеті болып саналады. Еркін таңдау, ерікті адам, ерікті ерік, азамат еркіндігі, еркін ойлар, еркін махаббат міне қарап тұрсаңыз, қоғамдық сана мен бұқаралық мәдениетте еркіндіктей анағұрлым қажетті де, лайықты ұғым жоқ та шығар. Сондықтан, адамзат үшін еркіндік пен жауапкершілік – мемлекет қайраткер-лерінің, жастар субмәдениетінің риторикалық атрибуты болып саналады. Еркіндік пен жауапкершіліктің философиялық интерпретациясы әртүрлі түсіндірулермен байланысқан. Мұнда орталық мәселе ретінде, еркіндік пен қажеттілік арақатынасын алуға болады. «Краткий словарь философии права» кітабында жауапкершілікке мынадай анықтама берілген: «Жауапкершілік – тұлғаның әлеуметтік ортадан қоғам мен мемлекеттен нормативтік үлгіге сәйкестікті талап ететін этикалық-құқықтық категория». Жауапкершілік ұғымында әлеуметтік нормаларды ұстану үшін моралді-құқықтық санаға шақыратын мәжбүрлік сипат бар. Бұл біздің жоғарыда айтып кеткен анықтамамызға ұқсас болып тұр. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысы адамзат дамуының ажырамас бөлігі, олар материалды игіліктер мен ақпаратқа өзара айырбас жасаумен байланысты.
Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше анықталып жүр. Анықтамасы бойынша: «Жауапкершілік – этика және құқық саласымен байланысқан, ерекше, әлеуметтік және моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын білдіреді, ол өнегелік парыз атқарумен сипатталына-ды». Анықтамада көрсетілгендей, шындығында, қазіргі кезде жауапкершілік этика мен құқық саласында ең көп қолданыс тапқан, өнегелік парыз сезімімен байланысқан. Дегенмен, бұл анықтаманы толық, жан-жақты деп айту қиын, себебі, адам онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі маңызды көрінісі – еркіндікпен байланыссыз қарастырған. Жауапкершілік – еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады.
Философиялық әдебиетте: жауапкершілікке қоғам алдында адамның өз міндеті мен парызын сезінуінің моралдік-психологиялық категориясы деген анықтама беріліп жүр. Бұл тұрғыдан қарағанда, жауапкершілік – адамдардың өз әрекетінің нәтижесін көре білу мүмкіндігі, оның қоғамға әкелер пайдасы, не зияны бар ма, осыны анықтау болып табылады. Қалай десек те, бұл екі ұғым философиялық қана емес, антропологиялық, онтологиялық, діни, этикалық, құқықтық ұғымдар ретінде күнделікті тұрмысымызда көп кездесетінін байқаймыз. Этикалық тұрғыдан жауапкершілік ұғымына жақын ұғымның бірі әдеп болып табылады, ол туралы саралап көрсек: әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады.
Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал «еркіндік дегеніміз – ерікті күй». Ар-ождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік сезімі. Ар «өз қылығы үшін адамдардың қоғам алдындағы моралді жауапкершілікті сезінуі мен сезімі» – деп анықтауға келеді [4, 917 б.]. Егер еркіндік шындықты адекватты түрде тануда болса, онда адам таным объектісіне тәуелдікте, оның еркін ерігі басылып қалған. Объективті қажеттілікті тани отырып, адам өзін қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік үрдістерге, өз табиғатына әсер етуге қабілетті. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысын гносеологиялық тұрғыдан қарастырғанда, мәселе өте күрделенеді. Еркіндік пен жауапкершілік ұғымдарын түсіну диапозоны өте кең. Ол еркін таңдау мүмкіндігін толық терістейтін – бихевиоризм концепциясынан басталып, қазіргі өркениеттік қоғам жағдайындағы Э.Фроммның «Еркіндіктен қашуына» дейін жалғасып жатыр. Еркіндікке келсек, ол адамдардың қылыққа қабілеттілігі, «саналы қажеттілік» арқылы жауапкершілікпен байланысқан. Еркіндік еріктілік ретінде тұлға мен қоршаған орта адамдарының алдында шектеледі. Ол адам болмысының әмбебапты сипаты. Адамдардың жауапкершілігі таңдау еркіндігі арқылы өсіп, немесе төмендеп отырады. Біреулерге еркіндік – рәміз, біреулерге идеал, біреулерге мақсат емес, құрал, енді басқаларға өнегесіз, саяси ойында қалқа болып табылады. Таңдаулылар үшін еркіндік пен жауапкершіліктің элитарлы концепциясы мен ұжымдық теориялары бар. Бұл мәселенің онтологиялық-антропологиялық мәні де бар, қоғамда әлеуметтік өмірге саналы бастама ендіру, қоғамға өз бетімен басқаруды әкелу жеке еркіндік өлшемін арттырады. Бұл сонымен қатар, әлеуметтік және моралдік жауапкершілік тудырады. Жауапкершілік қашанда – тұлға әрекетінің өзін реттеуші, тұлғаның өнегелі кемелдігін көрсетуші феномен. Жауапкершілік адамдарға ар мен парыз сезімін, өзін басқара білуді жүзеге асыруда көмек-теседі. Антропологиялық философияда еркіндік пен жауапкершілікті түсіну қалыптасқан стереотиптермен, теориялық әдетпен ерекшеленеді.
К. Маркс еркіндік туралы біршама ой-көзқарастарын өзінің «Капитал» еңбегінде қалдырады. Ол адам еркіндігінің адамдық қатынастағы үш тарихи кезеңі немесе сатысын көрсетті. Бұларға жеке тәуелділік қатынас, ерікті индивидуалдылық және жеке тәуелділік жатады. Жеке тәуелділік қатынас жүздеген жылдарға созылған. Алғашында, алғашқы қауымдық қоғам кезінде саяси-экономикалық тәуелдікке тап болды. Екінші кезең, ерекше адым кезеңі – еңбектің өндіргіш күшінің прогресімен, нарықтың өсуімен байланысты. Жұмысшы күші, еңбекке қабілеттілік еркін, тәуелсіз сипатта. Экономикалық еркіндікке қоғамның саяси жүйесі сай келді, басқа адамдармен материалдық, заттық тәуелділікті сақтаудағы адамдардың жеке, саяси, заңдық тәуелсіздігі шынайы еркіндікке қадам болып есептелінеді. Бірақ, бұл шынайы адам еркіндігі емес. Капитализм де, социализм де, адам еркіндігінің дамуындағы ассиметрияны, заттық және рухани дуализмін жеңуге қабілетсіз. Еркіндік дамуындағы үшінші сатыға жету үшін үйлесімді дамыған тұлға және жан-жақты, ерікті, жатталынбаған немесе еркін индивидуалдылық деп аталатын, қазіргі қоғам эволюциясындағылардан басқа өлшеусіз нәрсе қажет. Бұндай толық еркін индивидуалдылық өзінің ішкі потенциясының дамуының әмбебапты өсуімен ерекшеленеді.
2.Дүниеде бүкіл тірі жан, тіршілік иесі тәуелсіздікті іздейді, соған ұмтылады. Ол саналы да, санасыз да тіршілікке тән. Бұл түсінікті, өйткені әрбір тіршілік иесі бостандықта, еркіндікте өмір сүреді. Еркіндік, бостандық деген не? Ол тіршілікте ешқандай кедергінің, қыспақтың, болмауы, қыспақ кедергі жоқ жерде еркіндік бар. Әлемдегі барлық жан-жануар, құс-құтан бәрі де сол бостандықта, еркіндікте өмір сүреді. Өміріне тұрған ортасы қолайсыз болса, олар одан басқа жаққа орын ауыстырады. Ондай мүмкіндік жоқ болса, онда еркіндік те жоқ. Сонда тәуелсіздік, еркіндік деген не? Не істеймін, не жасаймын, қайда барамын деп басқа да ынталылыққа ешқандай кедергі болмаса, міне, сол еркіндік.
Дүниеде бүкіл тірі жан, тіршілік иесі тәуелсіздікті іздейді, соған ұмтылады. Ол саналы да, санасыз да тіршілікке тән. Бұл түсінікті, өйткені әрбір тіршілік иесі бостандықта, еркіндікте өмір сүреді. Еркіндік, бостандық деген не? Ол тіршілікте ешқандай кедергінің, қыспақтың, болмауы, қыспақ кедергі жоқ жерде еркіндік бар. Әлемдегі барлық жан-жануар, құс-құтан бәрі де сол бостандықта, еркіндікте өмір сүреді. Өміріне тұрған ортасы қолайсыз болса, олар одан басқа жаққа орын ауыстырады. Ондай мүмкіндік жоқ болса, онда еркіндік те жоқ. Сонда тәуелсіздік, еркіндік деген не? Не істеймін, не жасаймын, қайда барамын деп басқа да ынталылыққа ешқандай кедергі болмаса, міне, сол еркіндік.
Ал тәуелсіздік ше? Ол да еркіндіктен туындайды. Тәуелсіздік ол ешкімнен қаймықпау, ешкімге бағынышты болмау, ойыңа келген алғашқы ісіңе еркін кірісу, жалтақтамау. Бұл, әрине, табиғи құбылыс. Бірақ, XVIII ғасырдағы француз философтарының көшбасшысы Дени Дидроның пікірінше, еркіндік жансыз дүниеге де тән көрінеді. Оның пікірінше, әлемде қозғалмайтын зат жоқ. Бәрі де қозғалыста, егер кейбір қозғалмайтын зат болса, онда оны ұстап тұрған кедергі бар болғаны. Егер сол қозғалмай тұрған заттың кедергісін алып тастаса болды, ол қозғалысқа түседі деген болатын. Олай болса, сол қозғалыстың өзі де еркіндік көрінеді. Ал енді әлемде ешбір кедергісіз, абсолютті тәуелсіздік, еркіндік бар ма деген сұрақ туындайды. Абстрактілі түрде ондай тәуелсіздік болады деуге келеді. Бірақ, нақты өмірде мұндай, абсолюттік тәуелсіздік жоқ, болмайды да. Барлық тәуелсіздік нақты жағдайда, белгілі дәрежеде, қатынаста ғана кездеседі деп түсіну керек.
Өмірде барлық іс-әрекет, құбылыс бір жағынан алсаң тәуелсіз, ал екінші жағынан тәуелді, кейде бағынышты болып келеді. Тәуелсіздікті абсолютті түсіну - ол өрескелдік, табиғатқа қарсы келу.
Әлемде жаратушы Алладан басқа, абсолютті тәуелсіз ешнәрсе жоқ. Мейлі ол саналы не санасыз, жанды не жансыз болсын. Қалған дүниеде тәуелсіздік пен тәуелділік тығыз байланыста кездеседі. Сонда тәуелсіз дегеніміз не? Ол белгілі жағдайда тәуелсіздіктің жалпы алғанда тәуелділіктен басым болуы. Оны абсолютті деп түсіну - ол да тіршілікке қайшы. Ал енді түрлі жағдайда тәуелділіктің тәуелсіздіктен басым болған кездері де кездеседі. Мәселен, тұтқында отырған адам, бодандықта өмір сүрген ел - тәуелді. Торда ұсталған құс, байлаулы мал, зообақтағы аңдар - тәуелді, оларда еркіндік жоқ, сана да жоқ, бірақ сезім бар. Тұтқындықтан босаса болды, ұшып, еркін кетеді. Өйткені, еркіндік бәріне керек. Табиғи өмір, тіршілік заңы.
Ал адам - қоғамдық саналы, тіршілік иесі. Ол қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймайды, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі, тіпті жанын пида етуге дейін барады. Адам баласына тұтқында болудан немесе еріксіздіктен қиын нәрсе жоқ. Мәселен, көшпелі болып, кең даланы жайлаған халық өмір бойы бостандықта, еркіндікте өмір сүрді. Ол басқа отырықшы елдер сияқты бостандық үшін күреске шыққан жоқ. Өйткені, өмірі бостандықтан тұрды. Оның сол еркіндіктің не екенін сезбеуі де мүмкін, егер де өзінде бар әлгі еркіндікке қауіп төнбесе. Көшпелі халық еліне сырттан жау келгенде жанын салып аянбай, ерлікпен жерін қорғаған, сол үшін өмірін пида етуге дейін барған. Бірақ, қорқатыны бір ғана нәрсе болған. Ол - жау қолына түсіп, тірідей қапаста қамалмау, еркіндіктен айрылмау. Олар үшін кіріптар болу, еркінен айрылу өлімнен де ауыр жаза ретінде есептелген. Мәселен, сол көшпелілер өкілін патша үкіметі түрлі айып тағып, «итжеккенге» жер аударғанда, сол жерден жолда аштан, не басқадан өлемін демей, мыңдаған шақырым жерден ай мен күн, «құс жолы» мен «темірқазықты» нысанаға алып, еліне жаяу қашып жететін болған.
Қоғамдық тарих дәлелдегендей, адам баласы қашанда бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен. Тәуелділіктің ең жоғары шегі абақтыға салу, жер аудару, құлдықта ұстаумен қатар, бүкіл ел көлемінде қарасақ, ол бодандыққа айналдыру. Бодан болған ел - еріксіз, бас бостандығы, еркі жоқ ел. Ол басқа үстем елге қызмет етеді. Еті тірі, санасы оянған, еркіндікті ойлап, сол бодан елден шыққан зиялы азаматтар болса, үстем ел, олардың еңсесін басып, көзін жойған. Дегенмен өмір бір қалыпта тұрмайды, жаңа ел ойшылдары дүниеге келіп, қозғау салған. Сөйтіп бостандық үшін күрес еш толастамаған. Бұл да өмір шындығы.
Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік - асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы, түрліше. Негізгісі екеу. Бірі - күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Осы екеуінің ең белгілі, ертеден келе жатқан сара ұстанымы - ол ұлт-азаттық күрес жолы. Бұл жолда қан төгіледі, шығын болады. Осыған қарамастан ел басын өлім мен өмір текетіресіне тігіп күреске шыққан. Мәселен, орыс халқы ұзақ жылдардағы күрес нәтижесінде бодандықтан құтылды. Өз алдына тәуелсіз ел бола алды. Орыс халқы, еркіндігі үшін екі жақты қауіпті күшпен айқасып, күреске шықты. Бірі - Батыстан шығып орыс жерін жауламақ болған швед, неміс - тевтондықтар болатын. Бұл да орыс халқына оңайлыққа түспеді. Алдымен, түрлі ұсақ княздіктерге бөлінген орыстардың ауызбірлігі болмады. Содан өздері талай опық жеді. Ақырында 1242 жылы сәуір айында Чуд көлі мұз айдынында болған тевтондықтарға қарсы жүргізілген қанды шайқаста орыс жасақтарын бастаған Новгород - Север княздігінен шыққан 22 жасар Александр Ярославич (1120-1263) (сол шайқастан кейін Невский атанған) жауды талқандап жеңіп, орыс халқының рухын көтерді. Бірақ, орыс халқы отанына Шығыстан да қаптап келген моңғол-татар басқыншылығына душар болған еді. 1223 жылы мамырда Қалқа өзені бойындағы шайқаста орыстар тас-талқан болып жеңіліп, бодандыққа айналды. Алтын Орда хандығына бағынып, түрлі салық төлеп түруға мәжбүр болды.
Осы жерде еске алатын жәйт, ол Батыстан келген жауға орыс жері керек болды. Шығыстан келген жауға салық төлейтін бағынышты ел керектігі. Екеуі де тәуелділік, бірақ соңғысы сәл де болса жеңілдеу еді. Сондықтан Александр Невский қай жақты бетке алу дилеммасы туғанда, ол Рим Папасы уәкілдерінің ұсынысын қабылдамай, бетін шығысқа аударып, Батый хан жағында болды. Бүл үлкен көрегендік еді. Ол кезде орыс халқының жағдайы кейінгі жылдарға қарағанда әжептәуір жеңілдеу болды. Александр Невский, оның әкесі Ярослав Батыймен тіл табысты, дұрыс қарым-қатынаста болды.
Әлемде қандай күшті император, хан, король, әмір болса да елде көреген адам бар деп естісе, оны қасына алдырған. Ондайлардан Гитлер де, Сталин де қашпаған. Мәселен, Вольф Мессингті екеуі де білген. Пікірін тыңдаған. Екеуі де Тибет данышпандары құпиясын білмекке ұмтылған. Өйткені, бәрі белгісіз және бағынышты емес. Болашақ күңгірт. Сондықтан ойлы ел басшылары тәуелсіздік пен тәуелділікті байланыстырып ұстай білген. Табиғатта мәуелі ағаш иіліп, мәуесіз ағаш бой тіреген, таласып өскен. Бірақ, жоғарыда айтылғандай иіліп, тәуелділік көрсету негізгі мақсат емес, тәуелсіздікке жетудің әрекеті болуы керек. Өйткені, бәрі сенің қолыңда емес. Қазақта қандай адам болсын, бір іске кірісіп оны бастар алдында, тіпті ол іс емес-ау, ой түрінде болса да: «Құдай қаласа», дейді. Неге? Өйткені, әрбір істің орындалуы көптеген факторларға байланысты. Қазақ соны білген.
Сонымен, тәуелсіздік пен тәуелділік арасында диалектикалық байланыс, қатынас бар. Дүниеде абсолютті тәуелсіздік те, тәуелділік те жоқ. Бірақ, солардың қайсысы басым? Мәселе сонда. Біз тәуелділіктің бір көрінісі, құлдық не тұтқын болу дедік. Ондайлардың ойы ішінде, тәуелсіздікті армандайды. Қолынан келсе құтылу жолын іздейді. Тәуелсізбін деген жанда кім болса сол болсын, бәрібір екінші жағынан тәуелді. Осынын бәрі өмір диалектикасы. Білгір басшы осылардың бәріне мән берген, ретімен қолданған, дегеніне жеткен.
Сонымен, Қалқа өзені бойындағы жеңіліс ізсіз қалмады. Орыс халқының санасын оятты. Ақырында 1380 жылы Куликов даласында болған шайқаста Мәскеу князі Дмитрий Донской Алтын Орда ханы Мамайды жеңіп, орыс халқының бодандықтан құтылуына тарихи бастау жасады. Сөйтіп, бір жағынан моңғол-татар шабуылы орыстарды бодандыққа әкелсе, екінші жағынан олардың намысына тиіп, санасын оятты, алауыздықты тоқтатып, Мәскеу княздігі төңірегінде бірігіп ұйымдасуына негіз болды. Бұл орыс мақалы: «Нет худа, без добра» (қиындықсыз рахат жоқ) дегеніне ұқсас ой.
Осындай қиындықтар Украина халқы басына да түсті. Олар да талай рет поляк шабуылдарына қарсы күресіп, ақыр соңында Ресеймен бірігіп, тәуелсіз елге айналды.
Тәуелсіздік американ халқына да күреспен келді. Оны бастаған Джордж Вашингтон 1781 жылдың 1 қазанында Йорктаунда болған қатты шайқаста ағылшын күштерін талқандап, Америка тәуелсіздікке жетті. Кейін осындай еркіндікті Канада, Австралия сияқты елдер одан әрі жалғастырды. Соңғы екеуі қантөгіссіз, келісім арқылы бостандық алды. Англиядан ұзаққа созылған тартыс, ақырында келісім арқылы жеткен елдің ең бір айқын көрсеткіші - бұл Үндістан. 1947 жылы Джавахарлал Неру кезінде Үндістан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тәуелсіздікке келісім арқылы қол жеткізу ол да жай бола қоймайды, оны ұзақ күрестің нәтижесі деп ұғу керек. Екінші жағынан, үстем болған отаршыл ел мұндай келісімге, еркімен емес, амалсыздан көнеді. Сондықтан да Үндістанда ол үшін бір оқ атылмады. Бір адам шығын болмады. Бұл күрестің бастауын Махатма Ганди жүргізген еді.
Отырықшы халық бір жерде коныстанып, бірігіп өмір сүруге дағдыланған болса, көшпелі халық мал шаруашылығы жағдайына байланысты мыңдаған жылдар дараланып өмір сүруге, ұдайы қоныс аударуға бейімделген. Көшпелілерге жаңа жер малға жайлы болса, жерсінген. Сондықтан олардың тарихи өмірінде жан-жаққа тарап, тарыдай шашылып, түрлі себептерге байланысты бірінен-бірі қол үзіп, кете беру онша қиындық әкелмеген. Бірақ олар қайда жүрсе де өздерінің әдет-ғұрпын, салт-санасын, тілін, діни сенімін сақтай білген. Бұл дағдыны сол алыстағы көшпелілердің тікелей ұрпағы қазақтардан айқын байқаймыз. Отырықшы халық үйренген жерден зорлық болмаса, қоныс аудармаған, өмір сүре алмаймын деп қорыққан, ал көшпелілерде ондай үрей болмаған. Бұл олардың тұрмыстық тәуелсіздігінің бір көрінісі болса керек.
Қазіргі дәуірде заман күрт өзгерді. Көшпелі тұрмыс тарих сахнасынан біржола кетті, ел отырықшылыққа көшті. Ал ұлттық сезім сақталып қана қойған жоқ, ол басқа елдерде жүрген қазақ бауырлыстарда жылдан-жылға күшейіп, олардың санасын билеуде. Біз кімбіз, бабаларымыздың тарихы қайдан басталады, еліміз қайда, жеріміз қайда деген терең ішкі сезім оларды толқытып толғандырып, өздерінің рухани темірқазығы енді Тәуелсіз Қазақстан екендігі жан-дүниесіне шымырлап еніп, тамырына бойлап, тарихи Отаным мен жерім бар деген сана олардың өмірлік қағидасына айналуда. Олар отанымызға көшіп келер, не келмес, бірақ тәуелсіз Қазақстан тұрған кезде қазақтығын жоғалтпайды.
Қазақ халқы сыртқы шабуылдардан әбден шаршаған кезінде Ресейге бодан болды. Мәселен, Қоқан хандығының шексіз тепкісін көрген Сыр елі 1853 жылы Орынбор губернаторы, генерал В.А. Перовский әскерін қуанышпен қарсы алды.
Кейін Кеңес өкіметі сол жүйені сақтап қалды. Осылайша бұрын көшпелі тұрмыс құрған қазақ халқы отырықшылыққа айналды. Колхоз, совхоздар пайда болды. Елде ірі өндірістер салынып, Қазақстан индустриялы-аграрлы елге айналды. Халықтың сауатсыздығы жойылды. Мектеп, техникум, жоғары оқу орындары, мәдениет ошақтары ашылды. Қазақстан өзінің аумағы, Конституциясы, мемлекеттік рәміздері бар одақтас республикаға айналды. Осының бәрі бұрынғы дағдылы тұрмыспен салыстырғанда айқын даму болатын. Дегенмен, қазақ тәуелсіз мемлекет бола алды ма? Әрине, жоқ. Әйтпесе Созақ, Адай, Қарақұм сияқты Кеңес өкіметі кезіндегі азаттық көтерілістер болар ма еді?
Кеңес жылдарында Қазақстан өз жеріндегі жерасты байлықтарына, егін мен мал шаруашылығына егемен бола алмады. Сондай-ақ жер, өзен-су, орман-тоғай, жан-жануарларға билігі болмады. Оның бәрі мемлекет меншігі аталып, Мәскеу басқарған болатын. Қазақстан Мәскеу келісімінсіз ешнәрсеге кірісе алмайтын. Сондықтан да кеңес жылдарында колхоз-совхоздар көптеген азық-түлік өндіргенімен, сол шаруашылықтарда еңбек еткен колхозшылар мен жұмысшылар бүкіл ел сияқты нанға, етке, майға кіріптар болды. Өйткені, ол байлықтар мемлекет қорына кетіп жатты.
Қазақстандағы ірі өндірістер негізінде дайын зат емес, шикізат шығаратын. Айталық, мұнай, көмір, мыс, темір, хром, глинозем және сирек кездесетін металдар өндіретін. Оларды өндіру үшін рудниктер, шахталар, жер қабатынан мұнай тартатын құбырлар жасалып, алынған заттарды тазарту, байыту Қазақстанға тапсырылып, ал олардан түрлі құрал-жабдықтар жасау Ресейге жүктелетін немесе шет елдерге кетіп жататын. Мысалы, Жезқазған мен Балқаштың үш тоғыздан тұратын таза мысы сыртқа кетіп, оларды өндіру кезіндегі қалдық заттар, түрлі қоқыстар қазақ жерінде қалатын. Мұны социалистік еңбек бөлісі деп түсіндіретін. Сол өндірістердің басшыларын да Қазақстан үкіметі емес, Мәскеу тағайындайтын. Өз жеріміздегі байлыққа өзіміз ие боламыз дегендер қуғындалатын.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан түрлі бұғаулардан босап, тәуелсіз мемлекетке айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Әлемге Қазақстан Республикасы бар екенін Ресми түрде көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған көп векторлы саясаты мен екі жақты тиімді дипломатиялық қатынас орнатуы еліміздің болашағына кең жол ашты, қарқынды дамудың үлгісін көрсетті.
Тәуелсіз болу - бақыт. Бірақ өмірде абсолюттік тәуелсіздік бар ма? Абсолюттік тәуелсіздік бір Аллаға ғана тән дедік. Басқа жаратылған дүние бәрі біріне-бірі байланысты, тәуелді. Әлгі айтылған диалектика тұрғысынан тәуелсіздікті сыңаржақты түсіну - менмендікке, тәкаппарлыққа, эгоизмге, өркөкіректікке әкеледі. Ол жеке адамды да, мемлекетті де басқаларға қарсы қояды, оның соңы жарға соқтырады. Ал енді өзін тек тәуелді ұстау - ердің де, елдің де қанатын қияды, жігерін жасытады, басқаның шылауында қалдырады, мүсәпір етеді. Сондықтан елді ел етемін дегендер екеуін де ақылмен ұстай білуі керек. Ең алдымен тәуелділік тек әрекет ретінде қаралып, ол тек тәуелсіздікті нығайтуға жұмыс істеуі тиіс. Егер тәуелсіздік - стратегиялық мақсат болса, тәуелділік соған жетудің тактикасы. Әдіс, әрекет өзгереді, ал стратегия - нысана. Ол басты бағдар. Ол оған жеткенше құбылмауы, өзгермеуі тиіс.
Қазақстан жер көлемі жағынан аса үлкен ел. Еліміздің аумағы арқылы өтетін өзендер, мысалы, Іле Қытаймен, Жайық пен Есіл Ресеймен, Сырдария Өзбекстанмен, Талас Қырғызстанмен байланысып жатыр. Сондай-ақ Қазақстан жерін басып өтетін темір жолдар мен автокөлік жолдары да жетерлік. Оларды пайдалану сол мемлекеттердің бір-бірімен байланыста болғанды қажет етеді. Мұндай мәселелерді кез келген ел жеке өзі шеше алмайды. Әлемде мұндай мәселелер өте көп. Тәуелсіздік философиясы дегеніміз, осындай жағдайды басқалармен келісе отырып, оның тиімді жолын табу. Бүгінде еліміз осы қағиданы берік ұстанып келеді. Бұл - үлкен даналықтың белгісі.
Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігін айқындайтын мысалдар өте көп. Бір ғана мысал, Қазақстанның жаңа орталығы - Астананың бой көтергенін алайық. Ол әлемге әйгілі. Бұрын орталық қала болған Алматы қандай еді, бүгін қандай? Ғажап өзгерді. Әйнектен жасалған көп қабатты биік үйлер, салтанатты мекемелер, сарайлар, жолайырықтар қала көркін түбегейлі өзгертті. Осындай құрылыстар Қазақстанның басқа қаларында да бой көтереді. Кеңес дәуірінде бұл мүмкін бе еді? Ойға да келмейтін. Тіпті студенттерге жатақхана, асхана салу үшін рұқсатты Мәскеуден әрең дегенде алатын. Оның үстіне салынып жатқан ірі жолдарды, табиғатты қорғап, аялауды алыңыз. Осылардың бәрі Қазақстанның тәуелсіз ел екенін айтпай аңғартады.
Міне, тәуелсіздік пен тәуелдіктің көрінісін осындай мысалдардан айқын байқаймыз. Олай болса, біздің қол жеткен тәуелсіздігіміз зор байлық, шексіз бақыт. Тәуелсіздікке қолы жеткен елдер алдында одан да биік мақсаттар туындайды. Ол - қол жеткен тәуелсіздіктің баянды болуы. Ол үшін тәуелсіздікті нығайту, еліміздің еркіндігін еңбекпен еселеу. Біз осыны ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздікке қолы жеткен дамыған елдер бұл терминді қайталай бермейді. Елді нығайтудың, күшейтудің жолын іздейді. Бұл дұрыс үлгі. Біз соны ойға алуымыз қажет. Әйтпесе, тәуелсіздік деп айта беру біздің назарымызды алдағы мақсаттарға аударудың орнына, болған іске бетімізді аударып, басты мәселені айтудан аулақтатады.
Тәуелсіздікті бағалай да, нығайта да білуіміз керек. Біздің мақсатымыз даурықпа сөз емес, тиянақты, нәтижелі атқарылатын іс болуы қажет. Тәуелсіздік пен тәуелділік қашанда бірге жүреді. Бірінсіз бірі жоқ. Ал арақатынасы - есеп. Содан жаңылмау керек. Ұтатын жағдай - тәуелділіктің тәуелсіздікке қызмет етуі. Онсыз мақсатқа жету жоқ. Бұл екеуін мақсатқа жетуде қатар ұстай білу дүниедегі күрделі мәселелерге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |