10-ДӘріс. Буын (силлабизм) Мақсаты: Буынның табиғаты, түрлері туралы пікірлер мен зерттеулерге талдау жасау. Кілт сөздері



бет2/4
Дата11.11.2022
өлшемі19,68 Kb.
#49371
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Д 10 Буын

1.Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:
1) А: а, а-на, ә-ке, ү-кі, ә-же;
2) ВА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, же-лі;
3) ВВА: ста-нок, пра-во, гра-нат, ста-кан;
4) ВВВА: стра-тосфера, стра-тегия;
2. Тұйық буын- соңы дауыссызға аяқталатын буын.
Дыбыстық құрамы:
1) АВ: ат, ай, үй, ақ;
2) АВВ: ант,өрт, ұлт, акт;
3) ВАВ: бас-тық, бас-тау, бұл-бұл, тақ-тақ;
4) ВАВВ: қант, жалт-жұлт, қарт, сарт;
5) ВАВВВ: пункт, центр, текст;
6) ВВАВ: шкаф, шлем, крем, штаб;
7) ВВАВВ: спорт, штамп, крест;
8) ВВАВВВ: спектр;
9) ВВВАВ: штраф, шприц, штрих.
Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Академик Ә.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір барын анықтады. Құрылымына қарай солардың 1053-і ВАВ, 158-і АВ, 117-сі ВАВВ, қалған үш түрі жиналып қырықтан әрең асады.
Соңғы кездері қазақтың байырғы сөздері де қос дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Сөздердің қос дауыссыздан басталатынына күмәнданған А.Айғабылов сөз емес, қос дауыссыздан сөз ішіндегі буын басталады дейтін жаңа пікірге жан берді. Бұл екі пікір де айналып келгенде бір жерге тоғысады: қазақ тілінде сөз де, буын да қос дауыссыздан басталмайды дейтін ғасыр бойғы айтылып келген пікірлер сыңаржақ болып шығады: Қ.Жұбановтың сөздің жігін ажырату жөніндегі қағидасы далада қалады, қатаңдардан соң да (кл, кр, қр), ұяңдардан соң да үнділер (бл, бр, др) тұратын болады.
«Адам аты-жөндеріне келгенде, оларды екі дауыссыз дыбыстан бастап жазу атақты жазушы Ғабдол Сылановтың фамилиясын Сланов деп жазудан басталып, бұл күнде Смаханов, Смайылов, Спатаев деп жазу етек алып кетті, дағдыға айналып бара жатыр, бірақ ол дағды нормаға ауыспауға тиіс, өйткені емле ережесі мұны мүлде көтермейді », дейді белгілі ғалым Р.Сыздық. Дұрысы, емле ережесі емес, дыбыстық заң көтермейді.
2. Буынның дыбыстық құрамы мынадай:
а)Бір дыбыстық буын: ә-ке, а-на ә-же;
б) Екі дыбыстан тұратын буын: ба-ла, жа-ла, ша-ла;
в) Үш буыннан тұратын буын: бас, қас, өрт, көш;
г) Төрт дыбыстан тұратын буын: қант, төрт, сарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет