Экономикалық-әлеуметтік адамның моделі: - Адам – тәуелсіз. Ол жеке қалаулары бойынша өз бетінше шешімдер қабылдай алады.
- Адам – менмен, эгоист. Ол тек өз мүддесін ойлап, өз пайдасын көбейтуге ұмтылады.
- Адам - рационалды. Ол қойған мақсатына ретімен жетеді, жету құралдарын есептеп алады.
- Адам - хабардар. Ол өз қажеттіліктерін және оларды қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жолдарды да жақсы біледі, онан хабардар.
Экономикалық жүйелердің типтері: - Дәстүрлі жүйе – барлық әрекеттер рулық дәстүрлерге сүйеніп, құндылықтар туыстық принциппен бөлінеді;
- Жоспарлы жүйе (Әкімшіл-әміршіл жүйе) – әрекеттердің барлығы жоғарыда нұсқалып, құндылықтар жоспарлы түрде бөлінеді;
- Нарықтық жүйе – еркін бәсекеге, сұраныс пен ұсыныстарға негізделген жүйе;
- Аралас жүйе – нарық заңдарына сүйенетін, бірақ, мемлекеттік реттеуді қажет ететін жүйе.
Экономика және өндіріс - әлеуметтік институт ретінде: - Қызметтері:
- Экономикалық, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру;
- Әлеуметтік стратификацияның негізін қалау;
- Қондырма моделін анықтау;
- Яғни, қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, құқықтық сала салалары мен әрекеттері экономикалық БАЗИСКЕ қондырылған ҚОНДЫРМА ретінде құрылады.
- Экономикалық жүйенің тиімді моделін анықтау;
- Оның мүшелерінің экономикалық мінез-құлқын анықтау;
МЕКЕМЕЛЕРІ: - Өндіріс мекемелері (завод, фабрика, цех, мануфактуры және т.б.);
- Бөлу мекемелері (рынок, магазиндер, сауда орындары);
- Қаржы мекемелері (банктер, кассалар);
Тұрақты мүшелері: - Басқарушылар;
- Өндірушілер;
- Бөлушілер;
- Тұтынушылар;
- Еңбек бөлінісіне сай басқа да мүшелері
- Символика:
- Валюта;
- Логотип, эмблема
- Өнім маркасы, сапа белгісі және т.б.
Нормативтік негіздері: - Дәстүрлі нормалар;
- Мемлекет заңдары;
- Мекеме жарғылары мен ережелері;
Достарыңызбен бөлісу: |