Мәдениеттің реттеуші функциясы. Бұдан бұрын айтылғандай, әлеуметтену барысында құндылық, идеалдар, нормалар мен жүріс-тұрыс үлгілері тұлғаның өзін-өзі тану бөлігіне айналады. Олар оның жүріс-тұрысын қалыптастырады және реттейді. Мәдениет жалпы алғанда адам әрекет ете алатын және әрекет етуі тиіс шекараларын анықтайды. Мәдениет нұсқаулар және тыйымдар жүйесін ұсынып, адамның отбасындағы, мектептегі, өндірістегі, тұрмыстағы және т.с.с. жүріс-тұрысын реттейді. Осы нұсқаулар мен тыйымдарды бұзу қауымдастықпен белгіленген және қоғамдық пікірлер және институциялық мәжбүрлеудің әртүрлі нысандармен қолдау табатын белгілі бір санкцияларға әкеледі.
Әлеуметтік тәжірибені беру (тапсыру) функциясын тарихи сабақтастық немесе ақпараттық функция деп жиі атайды. Мәдениет күрделі таңбалық жүйе түрінде болады, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге жеткізеді. Мәдениеттен басқа қоғамда адамдармен жинақталған тәжірибенің бүкіл байлығын шоғырландырудың тетіктері жоқ. Сондықтан да мәдениетті адамзаттың әлеуметтік жадысы деп санайтыны тегін емес.