10-дәріс. Мәдениеттің анықтамасы, оның элементтері және функциялары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
11.3.2.1 Мәдениеттің негізгі элементтерін және функцияларын атау
ҚОҒАМДАҒЫ МӘДЕНИЕТ
"Мәдениет" термині латын тілінен шыққан және бастапқы мағынасы жерді баптау, оны өңдеу дегенді білдірген. Бұдан әрі "мәдениет" сөзі жалпыланған мағынаға ие болып, онымен адаммен жасалғанның барлығын атай бастайды. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Әлеуметтануда мәдениет дегенде осы сөздің кең мағынасында қызметтің және қарым-қатынастың белгілі бір құрылымдарын ұстау үшін бірлескен өмірді қалыптастыратын тіршілік ету ортасы бар адамдардың өзара әрекеттесуі құралдарының, тәсілдердің, нысандардың, үлгілердің және бағдарларының айрықша, генетикалық мұрагерлікке берілетін жиынтығы деп түсінеді. Тар мағынасында мәдениет әлеуметтануда ұжымдық бөлінетін, адамдардың белгілі бір тобына тән құндылықтардың, наным-сенімдердің, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормаларының жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Мәдениет адамдарға өзінің ортасында тұруға, басқа қауымдастықтармен өзара әрекеттескенде қауымдастықтың бірлігін және тұтастығын сақтауға септігін тигізетін адами өзара әрекеттесудің маңызды тетігі ретінде қалыптасады. Әрбір нақты қауымдастық (өркениет, мемлекет, халық және т.с.с) бірнеше ғасыр бойы өзінің орасан зор супермәдениетін қалыптастырады, ол индивидті оның бүкіл өмір бойы сүйемелдейді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Нәтижесінде тарихи үдерісте көптеген мәдениеттер туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |