10-дәріс Тақырыбы


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет3/11
Дата13.04.2023
өлшемі59,42 Kb.
#81949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-д ріс Та ырыбы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



  1. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы: Оқу-әдістемелік құралы / О.И.Можаева, А.С. Шилибекова, Д.Б. Зиеденова – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017. - 38 б.

  2. Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау: оқу-əдістемелік құрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.

  3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.

  4. Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.

  5. Руководство по критериальному оцениванию для учителей основной и общей средней школ: Учебно-метод. пособие. / Под ред. О.И. Можаевой, А.С. Шилибековой, Д.Б. Зиеденовой. – Астана: АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2016. - 55 с.

Топтық жұмысты бағалау әдістемесі

Оқытудың белсенді әдістерінің бірі топпен жұмыс екені белгілі. Сабақ барысында осы әдісті жиі қолданғанмен, мұғалімдер мынадай сұрақтарды жиі қояды:


- Топтық жұмыс әдісімен оқушылардың жетістіктерін қалай бағалауға болады?
- Топтық жұмыс әдісін бағалауда нені формативті бағалауға жатқызуға болады?
Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандай да бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлігі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып кері байланыс жасайды. Осы арада мұғалімнің топтық жұмыс кезінде тапсырманы міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.
Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар:
- мұғалімнің әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;
- мұғалімнің белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;
- өзін-өзі бағалау/ өзара бағалау, мұғалім мен оқушылардың топтық жұмысты бірлесе отырып бағалауы;
Топтық жұмысты ұйымдастырудың алдында мұғалім төменде берілген шарттармен оқушыларды алдын-ала таныстырып өтуі керек:
• Топтық жұмыстың мақсатын және оның өтілетін тақырыптың білімділік мақсатымен сәйкестілігін хабарлау;
• Тапсырмаларды бағалаудың критерийлерін анықтау;
• Кім бағалайтынын хабарлау; (мұғалім; мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып; тек оқушылар ғана; арнайы сайланған әділқазылар)
• Топтық жұмыстың уақыты мен өткізілу түрін анықтау;
• Бағалаудың ұстанымдарын хабарлау
Мұғалімнің топтық жұмысты бағалау кезінде топтағылардың әрқайсысына әр түрлі баға қоюы ұсынылмайды, себебі ол топтық жұмыстың белсенділігіне кері әсерін тигізеді. Бірақ мұндай жағдайда да мұғалімнің топтық жұмысқа қатысып отырған және мүлдем белсенділік танытпай отырған оқушылар жайлы айта кетуі жөн.
Топтық жұмыстың бағалануы.
Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.
Топтық жұмысты бағалау



Топ нөмірі

Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)

Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)

Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы

Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.

Барлық ұпайы

І

+

+

+++

+




ІІ

+

+










ІІІ

+

-

++

+




ІV

-

-

+

++++




V
















Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде мұғалім қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.


• Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?
• Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды?
• Оларды қалай жеңуге болады?
Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.
Ал екінші және үшінші сұрақтар оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.
Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.
• Егер де оң нәтижелер көрсетсе, онда мұғалім тақырыпты ары қарай жалғастыра береді;
• Ал егер нәтижелер жоғары болмаған жағдайда, онда ол оқушыларға қосымша тапсырмалар, жаттығулар беріп, тағы да басқа әдістерді қолдана отырып, тақырыпты тереңірек түсіндіре түсуі қажет.

Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiм талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының даму деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.


Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:
1) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;
2) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет