Бақылау сұрақтары: 1. Талдаудың анықтамасы
2. Тексеру (бақылау) жұмысын қалай талдайды?
3. Тексеру (бақылау) жұмысы кезінде мүмкін болатын қиындық түрлері
4. Талдау жұмысының қарастыратын мәселелері
Ұсынылатын әдебиеттер: Бобков Н.Е., Контроль за усвоением учебного материала//Советская педагогика. – 1984. - №9. - С.53-56.
Громова Т.Г. Не оценивать, а мотивировать// Управление школой. –2005. – 16-30 ноября (№22). – С. 23-25.
Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентстностый подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно–методическое пособие. – М.: АПК и ПРО, 2003. – 101с.
Портфолио - бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді.
Кілтті (түйіндік) кезеңдер:
• Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.
• Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.
• Ойластырылған бағалау белгiлерi.
• Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.
Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.
Портфолио нелiктен қолданылады?
Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың негізгі пәндерден алған білімі мен дағдысының деңгейі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан портфолионың маңыздылығы:
бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді;
Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну.
Тиiмдi портфолио қандай сипаттамаларға лайық болу керек?
Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:
Үздiксiз процесс болып табылады да, формативті және суммативті бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқа жету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi.
Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, атқарған әр түрлі іс-әрекеттерін кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.
Бірлескен рефлексияны ескереді, оқушылардың ойлау процесі мен өзін-өзі талдауын, өзінің қабылдауы мен түсінуін қадағалайды; мәселені шешу жолын ой елегінен өткізіп, шешімді қабылдау мен өзінің өсуін бақылайды, пәннің мазмұны мен дағдыларын жетілдіреді .
Барлық зерттеушiлер портфолионы өңдеу жолдарындағы түрлернулерді мақұлдайды да, портфолио:
Оқу бағдарламасына қойылған бiлiм беретiн мақсаттарды ашық қамтып көрсетедi.
Жеке - бағдарланған оқытуға, негізгі білім алуға, біліктіліктер мен ұстанымдарына зейінін жинақтау.
Бағалау мерзiміндегі жиналған жұмыстардың үлгiлерi болады.
Бағалаудың әр түрлi техникаларының қолдануымен бағаланған оқушылардың жұмысы болады.
Өздерiнiң оқушылары, басқа оқушылар, мұғалiмдермен және ата-аналармен бағаланған жұмыстың үлгiлерiнiң жиыны болады.
Портфолионы қалай бағалайды?
Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет:
саналылық (рефлексияның және шығармашылық) ойлаудың болуы;
оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі және дамуы;
негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;
аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi;
түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету).
Бағалау барысында мұғалiм мен оқушының бiрге жұмыс iстеуі маңызды. Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалім мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.
Портфолио толтыру кезеңдерi
1-шi кезең
Ұйымдастыру және жоспарлау – бұл портфолионы толтырудың бастапқы кезеңі. Бұған оқушы мен мұғалім портфолионың қандай болуы керек екендігін және оған қандай жұмыстар кiруi керектігін бірге шешеді. Оқушылар толық іріктеп алған мәселелеріне жауап бергенде портфолионың негізгі мақсатын және оның мәнін түсіне алады (барлау құралы ретінде және өзінің дамуын бағалауда).
Мұғалiм және оқушы келесi сұрақтарға жауап беруi керек:
Осы пән бойынша нені үйренгенімді көрсету үшін мен материалдарды қанша және қалай іріктеуді жоспарлаймын?
Мен жинағандарымды қалай ұйымдастыруды және нәрселерді, материалдарды көрсетуді қалай жоспарлаймын?
Портфолионың толтырылуы, мазмұны және сақталуы қалай жоспарланады?
2-шi кезең
Жиын – бұл жинақталған мағыналы жұмыстардан тұратын, оқудың мақсаттары мен оқушылардың табыстарын қамтып көрсететiн жұмыстар. Портфолионың мазмұны туралы шешім әдейі осыған бағытталған, осы кезеңде қабылдануы тиіс болып табылатын мақсаттар мен міндеттерге негізделген.
Ірiктеп алынған жұмыстар және материалдардың әр түрлi факторларға негiзделуi керек. Оларға жататындары:
Портфолиоға іріктеп алынған барлық материалдар бағалаудың стандарттары мен белгілерін ашық қамтып көрсету тиiс.
3-шi кезең
Рефлексия – оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiм мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рефлексия күнделікті ойлаудың және басқа формалардағы тапсырмалардың орындалуын талдаудағы ойлау процесстерінде, сонымен қатар оқушылардың нақты уақыт аралығындағы мәселелерді шешу үшін қолданылып, идеяларды жазудың формасына айналады.
Оқушылардың портфолиосында көрсетiлгендей мұғалiмнiң рефлексиясымен ата-аналардың түпкi мақсатты процесі біріктірілуі тиiстi.
Көрсетiлген тiзiм межелік бағалау емес. Қазіргі уақытта мұғалімдер қандай да бір қалыптасқан бағалау жүйесін қолданып жүр. Мұғалім қалыптасқан бағалау жүйесін пайдаланғанда ең жоғары әсер (эффект) беру үшін мақсаттылық пен жүйелiлікті қолдану керек.
Оқытудың және бағалаудың әр түрлi жүйесі мұғалiмге кез келген сыныпта оқушының танымын дамытудың және жетiлдiрудің көптеген әдiстерін қолдануға үлкен мүмкiндiк береді. Әр түрлі бағалау жүйесін қолдану - әр түрлі оқыту стильдеріне бағытталған және оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, олардың даралығын есепке алуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың білімін, білгірлігін және дағдысын тексеру үшін мұғалім оқушыларға бір тақырыптан әр қилы формадағы тапсырмалар беру арқылы олардың даралығын, әр түрлі парасаттылығын тексереді.
Портфолионың түрлері
Портфолионың әр түрі бар, олардың әрқайсысы оқытуда және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио мынандай түрлері ғылыми әдебиетте жиi берiледi:
Құжаттық немесе «жұмыс» портфолиосы: Ол нақтылы мерзiм iшiндегі iрiктеп алынған жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжаттық портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, эссе тағы сол сияқтылар). Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады.
Процестің портфолиосы: Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Портфолионың бұл түрі барлық оқу процесін құжаттауға өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге алға басуын көрсете алады. «Процестің портфолиосы» оқушының оқу процесі туралы рефлексиясын күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау күнделiгін жүргізуді , жазылған идеялардың және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi.
Демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио. Бұл портфолио түрі суммативті бағалауда өте көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың таңдап алған жақсы жұмыстарынан тұрады. Тек қана толық аяқталған жұмыстар осы портфолиоға кiредi. Бұл портфолионы көбінесе көрнекiлiк құралдарымен толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, компьютер арқылы есептелген нәтижелермен, т.с. Демонстрациялық портфолио оқушының қандай жұмыстарды осы портфолиоға енгізетіні туралы шешім қабылдауда жазған ойларынан тұрады.