10. Әлеуметтік қызмет жұмыстарын реттеу технологиясы. Жоспар: Қр заңдарынын қолданудағы әлеуметік жұмыс технологиясы. Әлеуметтік көмекті қолдану технологиясы



бет8/9
Дата06.01.2022
өлшемі23,94 Kb.
#14215
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 лекция Ср техн

АӘК жаңа шарттары қандай

Атаулы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс.

Біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару және тиісінше, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл  АӘК алушылардың өз табысын жасыруын төмендетеді.

Екіншіден, көмекті тағайындау тәртібі әділ болады. Себебі отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп жатады. Яғни, АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін.

Үшіншіден, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысы мен кедейшілік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады.

Төртіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылады.

Бесіншіден, бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады. АӘК үміткер отбасылардың санының артуы қоғамдық негізде жұмыс істейтін учаскелік комиссиялардың жұмысына әсер ететіні рас. Заңда учаскелік комиссияларға отбасының материалдық жағдайына қорытынды жасау үшін мерзім үш күннен жеті күнге дейін арттыру ұсынылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет