8-сынып. 4-тоқсан. «Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата20.05.2023
өлшемі20,65 Kb.
#95546

8-сынып. 4-тоқсан. «Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау






Оқу мақсаты

8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру:
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу.



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша детальді сұрақтарға дәлелді жауап береді

Қолдану










Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма.

Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалды. Алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендіктен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан жарияланып кетіпті. Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып:


«Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жатыр»,- дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды. Батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон пішкенге күйіп-пісіп, «Менің жеке өміріме, тағдырыма қол сұққандары қалай?» деп тұрғанда, Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады. Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:
– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін. Бұл сен я мен үшін емес, қазақ халқы үшін керек. Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар «Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?» деп армандаумен келеді. Туған халқыңның арманын орындаудан неге бас тартпақсың? Сен барлық жағынан дайын тұрсың... Тіпті Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.
Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Елбасының қолдауымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың ішінде бүкіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды

Қолдану, талдау







































  1. Мәтіннің ішіндегі негізгі ақпаратты табыңыз___________________________________________




  1. «Пирамидалық талқылау»

Негізгі кейіпкер ______________________________
Тақырып______________________
Кейіпкер _________________________________________________
Оқиға орны _________________________________________________
Бірінші оқиға _________________________________________________
Екінші оқиға________________________________________
Үшінші оқиға ______________________________________
Шешімі____________________________________________

Мәтіндегі ақпараттарды қолданып, «Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер» тақырыбында шағын мақала жазыңыз


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет