10.Каталаун даласындағы ұрыс
450 жылы Аттила Римге жорыққа дайындалады. Ол Рим императоры ІІІ Ва- лентинианнан империяның байлығы мен билігінің жартысын беруді талап етеді. Валентинианның қарындасы Гонория Аттиланың көмегімен билікке араласу үмі- тімен ғұн билеушісіне жасырын хат жолдап, көмек сұрайды. Аттиланың Римге қарсы жинаған əскерінің құрамында ғұндардан басқа, остготтар, гепидтер, ругий- лер болды. Аттила əскері Шығыс Рим империясының Дунайға дейінгі қалаларын қиратып, Солтүстік Италия мен Грекияны қаңыратып кетеді. Ғұндар Византия жерінде жеңістен-жеңіске жетіп отырды. Прискінің хабарлауынша Шығыс Рим империясының əскері Херсонесте жеңіліп, император ІІ Феодосий (408-450) шұ- ғыл түрде Аттилаға сенатор Анатолийдің басқаруымен бітім сұрап, елші жібереді. Константинопольді басып алмақ болған Аттила оған көніп, «алтын жұмыртқа туа- тын тауықты өлтіруге болмайды», – дейді. Византия оған 6000 пұт алтын беріп, жыл сайын 2100 пұт алтын төлеп тұратын болды. Енді Аттилаға бағынбаған Рим ғана қалды.
451 жылы Рейннен өткен ғұн əскерлері Римге аттанады. Оған қарсы Рим əс- керін бұрын ғұн тəрбиесінде болған, ғұндарды жақсы білетін, Аттиланың қасында жүрген əскербасы Аэций бастаған вестготтар, аландар, алемандар, бургундтар, франктердің біріккен қолы шықты. 451 жылы маусымда екі жақтың əскері Труа қаласының маңындағы Каталаун даласында кездесіп, бұрын болмаған, қиян-кескі соғыс болды. Екі жақтан да көп шығын болды, шайқас барысында екі жақ бір-бі- ріне беріспеді. Римдіктер арасында өзара алауыздық басталды. Каталаун даласын- дағы шайқас бұрын-соңды болмаған ерекше шайқас болды, шайқастың маңыз- дылығы туралы қазақстандық ғұн тарихын зерттеушілер төмендегідей жазады: «Каталаун даласындағы шайқас Канны (б.э.д. 216) мен Ватерлоо (1815) шайқас- тарымен бірге Еуропа тарихындағы атақты шайқастар қатарына жатады». Ката- лаун даласындағы болған ұрысқа баға берген кезде батыстың бірқатар жаңа жəне қазіргі заман тарихшылары мəліметтерді ерте орта ғасырлық хронистерден ала отырып, оны сыни електен өткізбей пайдаланғаны белгілі. Батыс тарихнамасы- ның ғұндар тарихын бағалаудағы дəстүрі көбінесе орыс, кеңес тарихнамасында, соның ішінде, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тарихнамаға да ықпал етті. Қа- зіргі кезде ғұндардың Каталаун даласындағы ұрысына, жалпы ғұндар тарихына объективті көзқараспен қарап, шынайы баға беру кезеңі туды.
29.Қайта өркендеу идеологиясын сипаттау
ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ ДӘУІРІ, Ренессанс - Батыс және Орта Европа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі (Италияда шамамен 14-16 ғасырлар, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өркендеу дәуірі мәдениетінің негізгі ерекшеліктері - шынайылық, гуманистік дүние таным (Гуманизм), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту»). Қайта өркендеу дәуірі мәдениеті феодалдық ескі қатынастар ыдырап, Европаның әкономикалық жағынан неғұрлым дамыған елдері мен аудандарында (ең алдымен Солтүстік және Орта Италия қалаларында) алғашқы капиталистік қатынастар бүршік жара бастаған және қала халқының орта ғасырлық сословиесінен буржуазия элементтері қалыптаса бастаған дәуірде туды. Адамдарға сословиелік-феодалдық қатынастар, корпоративтік байланыстылық, шіркеулік-аскеттік мораль, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Ол өзін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, өзін қоршаған шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әр түрлі мамандықтағы, әр турлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар - сол дәуірдегі қала интеллигенциясы - ақындар, философтар, филологтар, суретшілер, адам және адамзат дүниесін өздерінің зерттеу объектісі еткен білім салаларының өкілдері үлес қосты. Олардың - гуманистер, ал жаңа дүниетанымның - гуманизм болып аталуы да осыдан. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральга сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми-зерттеу еркіндігіне жол ашылды. Соның нәтижесінде шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды. Гуманистер өздерінің жаңа дүниетанымын баянды ету жолында орта ғасырда өрескел бұрмаланған көне мәдениетпен табысты. Қайта өркендеу дәуірі одан өзіне тумалас, аскеттіктен ада гуманистік (адамгершілік) рух, табиғат пен адамды зерттеуге негізделген мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты. Бірақ Қайта өркендеу дәуірі жай ғана көне мәдениетке оралу емес. Қайта өркендеу дәуірі мәдениетінің дамуына оның ұлттық дәстүрмен тығыз байланыста болуы көне мәдениеттен кем әсер еткен жоқ. Ол ұлттық дәстүрді ілгері дамытып, тарихи жаңа жағдайларға сай жаңаша түсіндірді. Олар өз творчестволарына ауқатты қала ақсүйектерінің, буржуазияның мақсаттарынан гөрі тарихи маңызды да анағұрлым ауқымды мәселелерді арқау етті. Қайта өркендеу дәуірі мәдениетінде буржуазиялық дүниетаным шеңберіне әсте сыймайтын ағымдар да болды. Утопиялық социализм (Т.Мор, Т. Кампанелла) тап осы уақытта туды, әдебиет пен бейнелеу өнерінде шынайы демократиялық құбылыстар дами бастады. Ал екінші жағынан мәдениеттің жаңа ренессанстық формаларын феодалдық ақсүйектер мен католик шіркеуі де қабылдап, оны өз мақсаттарына дайдаланды.
Қайта өркендеу дәуірі мәдениетінің хронологиялық шекарасы, оның территориялың таралуы, ұлттық ерекшеліктері туралы пікірлер әлі күнге даулы, аса күрделі мәселе болып отыр. Ренессанстық мәдениет әр елде әр түрлі дамыды. Феодалдардың экономикалық және саяси ықпалы ерте жойылып, 13-14 ғасырлардың өзінде-ақ капиталистік алғашқы өндіріс нышандары көріне бастаған, қала өмірі мейлінше дамыған ел - Италияда пайда болды да, оның анағұрлым тиянақталған классикалық белгілері осында туды. Оның үстіне бұл ел көне мәдениет орталығы еді. Сөйтіп мұнда көненің ықпалы мен ұлттық дәстүр тез жақындасты. Өнер зерттеушілері бейнелеу өнері мен архитектура материалдарын негізге ала отырып, Италиядағы Қайта өркендеу дәуірі мәдениетін 13-14 ғасырлардағы ренессанс қарсаңындағы құбылыстарды қоспай, мынадай кезеңдерге бөледі: Алғашқы Қайта өркендеу дәуірі (бейнелеу өнері мен архитектурада 15 ғасырда, бірақ итальян гуманистік әдебиетінде 14 ғасырдан бастап), Жоғары Қайта өркендеу дәуірі (15 ғасырдың ақыры - 16 ғасырдың 1-ширегі), кейінгі Қайта өркендеу дәуірі (16 ғ.). Италия Европадағы гуманизмнің нағыз «мектебіне» айналды, бірсыпыра Европа елдерінің (әсіресе Францияның) Италиядағы гуманистік мәдениетпен танысуына 1494-1559 жылдардағы Итальян соғыстары қолайлы жағдай жасады. Негізінен тек 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың бас кезінде альпіден солтүстікке қарай тарап, әр елде өзінше сипат алған Қайта өркендеу дәуірінің мәдениеті әр елдің тарихи дамуы мен ұлттық дәстүрлерінің ерекшеліктерімен қоса, Европаның даму тарихындағы жаңа кезеңді бейнеледі. Бірақ бұл елдерде Қайта өркендеу дәуірі Европаның басқа елдеріне қарағанда анағұрлым қысқа болды.