10 класс физика тестері



бет13/14
Дата09.05.2023
өлшемі366 Kb.
#91261
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Төменде көрсетілген графиктердің қайсысы вакуумдық диодтың вольт-амперлік сипаттамасына сәйкес келеді?

А) 5-график; В) 4- график; С) 3-график; Д) 2-график; Е) 1-график.
10. Электронды – сәулелі түтікшеде электрондық шоқты үдететін және фокустайтын қандай элемент? А) катод; В) катодтың оксидті қабаты; С) электронды шоқтың бағытын басқарушы пластиналар; Д) катод пен анод; Е) анодтық жүйе.
11. 5 сағат ішінде катодта 61,2 г цинк бөлініп шығу үшін ZnSO4 ерітіндісі арқылы қандай ток күшін жіберу керек? А) 10 А; В) 8 А; С) 6 А; Д) 5 А; Е) 4 А.
12. Жалпы 170 см2 металл бұйымды электролиз арқылы 1 А ток күші кезінде алтынмен қаптау үшін 2 сағатқа созылды. Алтын қабатының қалыңдығын анықтаңыз. Алтынның тығыздығы 19300 кг/м3, электрохимиялық эквиваленті 68*10-8 кг/ Кл.
А) 0,025 мм; В) 0,023 мм; С) 0,02 мм; Д) 0,17 мм; Е) 0,015 мм.
13. Газдардың электр тогын қткізудегі заряд тасымалдаушы бөлшектер:
А) Оң және теріс иондар; В) электрондар; С) оң иондар; Д)Электрондар және теріс иондар; Е) Электрондар және оң иондар.
14. Суреттегі газ разрядының графигінен тәуелсіз разрядқа сәйкес келетін бөлігін көрсетіңіз.
А)ОА; В) АВ; С) ОВ; Д)ВС; Е)ОС.
15. Плазма деген не?
А) Жоғары қысымдағы және температурадағы газ немесе бу; В) Жоғары температурада сұйыққа айналған қатты дене; С) Төменгі температурада немесе үлкен қысымда сұйықталған газ; Д)Не қатты, не сұйық денеге жатпайтын қоймалжың зат; Е) Жоғары температурада немесе жарық әсерінен газдармен қатты денелердің өте жоғары дәрежеде ионданған ерекше күйі.
Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

С

А

В

Е

В

Д

С

С

В




А

Е

Е

Д

Е

1.Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама:


А) жылдамдық; В) күш моменті; С) үдеу; Д) масса; Е) импульс.
2. Паскаль заңының тұжырымдамасы қалай аталады?
А) Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміндей сұйықты ығыстырып шығарады; В) Сұйыққа батырылған денеге өзінің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді; С) Құбырдың кез келген қимасы арқылы бір мезгілде бірдей көлемде сұйық ағып өтеді; Д) Сұйыққа (немесе газға) түсірілген қысым өзгеріссіз оның барлық нүктелеріне бірдей беріледі; Е) Құбырмен аққан сұйықтың статистикалық және динамикалық қысымдарының қосындысы тұрақты шама болып табылады.
3. Қаныққан будың қысымы қандай шамаға тәуелді?
А)сұйық бетінің ауданына; В) молекулалардың массасына; С) көлемге; Д) температураға; Е) будың тығыздығына.
4. Сұйықтың қайнау температурасы тікелей қандай шамаға байланысты өзгеруі мүмкін?
А) сұйықтың көлеміне; В) сұйықтың тығыздығына; С) сыртқы қысымға; Д) молекулалардың массасына; Е) жылу берілу ауданына.
5. Кризистік температура деген қандай температура?
А) сұйықтың қайнау температурасы; В) сұйықтың булану температурасы; С) сұйықтың қатаю температурасы; Д) конденсациялану кезіндегі температура; Е) сұйық пен қаныққан бу арасындағы физикалық қасиеттердің өзгешелігі жойылатын температура.
6. Су буының парциал қысымы деген қандай қысым?
А) қанықпаған бу қысымы; В) судың қайнау кезіндегі будың қысымы; С) қаныққан бу қысымы ; Д) ауадағы басқа қоспасыз таза су буының қысымы; Е) кризистік температура кезіндегі қысым.
7. Су буының конденсациялануы қандай жағдайда болады?
А) Бу молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы артуы кезінде;
В) кризистік температура кезінде; С) Температура төмендеп, су молекулаларының бірігу жағдайында; Д)Су бетінен ұшып шыққан молекулалар санының қалыпты жағдайдағыдан артып кетуі кезінде; Е) Бу температурасы мен қысымы бірдей жоғарылаған жағдайда.
8.Магнит өрісі қандай жағдайда пайда болмайды?
А) Зарядталған бөлшек қозғалыс болған кезде.
В) Тұрақты магнит тыныштықта тұрған жағдайда.
С) Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде.
Д) Металл атомдары бейтарап күйде болған кезде.
Е) Айнымалы электр өрісі болған жағдайда.
9.Магнит өрісін сипаттайтын шама:
А) Магниттік өтімділік
В) Индуктивтік
С) Магниттік индукция векторы
Д) Өткізгіш бойындағы ток шамасы
Е) Электр өрісінің кереулігі
10.Құйынды өрістерге жататын:
А) Индукция сызықтары радиал сырқа қарай бағытталған өрісте.
В) Индукция сызықтары радиал ішке қарай бағытталған өрістер
С) Индукция сызықтары паралель, шексіздікке бағытталған өрістер
Д) Индукция сызықтары едәуір тоғыз орналасқан өрістер
Е) Индукция сызықтары тұықталған өрістер
11.Біртекті магнит өрісіндеорналасқан тогы бар (сурете ток бізге бағытталған) түзу өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағытын көрсетіңіз.
А) Солға В) Оңға С) Жоғары Д) Төмен Е) Бізден әрі қарай
12.Кюри температурасы дегеніміз:
А) Суынуға байланысты белгілі бір температурада заттың магниттік ең жоғры мнге ие болатын температура
В) Суынуға байланысты заттың магниттік қасиеті мүлдем жойылатын температура
С) Қыздыруға байланысты заттың магниттік қасиеті ең жоғары мәнге ие болатын температура
Д) Қыздыруға байланысты заттың магниттік қаиеті мүлдем жойылатын температура
Е) Заттың магниттік қасиеті сақталатын температура
13.Лоренц күші мына келтірілген шамалардың қайсысы өзгерте алады?
А) Заряд жылдамдығының шамасын В) Заряд жылдамдығының бағытын С) Зарядтың кинематикалық энергиясын Д) Зарядтың шамасын Е) Өріс индукциясының шамасын
14.Ферромагниттердің магниттік өтімділігі төменде келтірілген мәндердің қайсысына сәйкес келеді?
А) μ=1 В) μ>1 C)μ>>1 Д)μ<1 Е)μ<<1
15.Индукциялық ток қандай жағдайда пайда болады?
А) Магниттік өзекшесі бар катушканы біртекті магнит өрісіне орналастырған кезде
В) Тұйықталмаған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде
С) Біртекті магнит өрісінде тыныштықта тұрған кез-келген өткізгіште
Д) Тұйықталған өткізгіштің контурын қиып өтетін магнит ағынының барлық өзгерісі кезінде
Е) Қышқылдар мен сілтілер ерітінділеріне металл электродтарды батырған жағдайда
16. Жартылай өткізгіштердің бір жақты өткізгіштігін қандай жағдайда қамтамасыз етуге болады?
А) Тек п – типтес жартылау өткізгішті пайдалану арқылы
В) Тек р – типтес жартылай өткізгішті пайдалану арқылы
С) п-типтес жартылай өткізгішті донарлық қоспа енгізу арқылы
Д) р- типтес жартылай өткізгішке донарлық қоспа енгізу арқылы
Е) п және р типтес жартылай өткізгіштерді бір-бірімен түйістіру арқылы.
17. Акцкпторлық қоспасы бар жартылай өткізгішті материалдарда электр өткізгіштіктің қандай түрі бар? А) электрондық; В) кемтіктік; С) электрондық және кемтіктік тең шамада; Д) ток өткізбейді; Е) иондық.
18. Жартылай өткізгішті диодтар қандай мақсатта қолданылады?
А)Тізбектегі ток шамасын күшейту үшін; В) Тізбектегі кернеуді күшейту үшін; С) Кез-келген электрлік тербелісті күшейту үшін; Д) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін; Е) Тұрақты кернеуді айнымалы кернеуге айналдыру үшін.
19. Транзисторлар қандай мақсатта пайдаланылады?
А) Айнымалы токты тұрақты токқа түзету үшін; В) Тұрақты токты айнымалы токқа айналдыру үшін; С)Кез-келген электрлік тербелісті күшейту үшін; Д)Тізбектегі токты тұрақты етіп ұстпа тұру үшін; Е) Жартылай өткізгіштің электрондық немесе кемтіктік өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін.
20. Термоэлектрлік эммиссия деп нені айтады?
А) Қыздыру нәтижесінде газдардың иондану құбылысын; В) Температураның жоғарылауына байланысты өткізгіштегі ток шамасының төмендеуін; С) Қызған металдардың бетінен электрондардың бөлініп шығу құбылысын; Д) Өткізгіштің қызуына байланысты кернеудің жоғарылауын; Е) Ток жүрген өткізгіштің қатты қызуынан оның жарық шығаруын.
21.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет