10-практикалық жұмыс Ауызша, жазбаша тіл дамыту. Тіл дамытуға байланысты зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау



бет2/2
Дата23.03.2023
өлшемі37,38 Kb.
#75755
түріМазмұндама
1   2
Байланысты:
Чалгымбаева А.С .2ж.2к.10-практика Әдебиет

Ақ қошақан
Ақ қошақан енесімен бірге өріске шығатын. Ол өрістін дәмді шөбіне тойып, секіріп ойнақтайтын.
Бір күні ақ қошақанның екі алдыңғы аяғы ақсап қалды. Ол енді жүре алмайтын болды.
Серік оған шөп жұлып әкеліп берді, нан берді, су берді. ІІІүберекпен аяқтарын таңып қойды. Көп кешікпей-ақ қошақанның аяқтары жазылды. Ол өріске кетті.
Сұрақтар:
1 Ақ қошақан не істеуші еді?
2 Ақ қошақан неліктен өріске шыға алмады?
Ақ қошақанды Серік қалай күтті?
Серіктің ісіне қандай баға берер едіңдер?
Сендер мұндай жағдайда не істер едіндер?
Сонымен бірге бар сюжетке салынған, не оқылған мәтінді бейнелейтін бірнеше суреттің орнын ауыстырып беріп, мәтін бойынша түзеттіруге, соңында мәтіннің де, суреттердің де орнын ауыстырып беріп түзеттіруге болады. Бұл жұмыс балаларға оқиға желісін аңғаруға, әңгіменің мазмұнын жүйелеп айтуға көмек етеді. Мұндай жұмысты орындауда балалар ойланады, өз пікірін белгілі бір тәртіпке, жүйеге түсіріп үйренеді, сөйтіп, олар кез келген оқыған әңгімелеріне жоспар жасауға дағдыланады. Мысалы: Д.Әміровтың «Сүзеген ешкі» сүретін алуға болады. Бұл сурет бойынша алдын-ала мынадай мәтін құрастырады.
Балалар мектепке бара жатыр еді. Жолда көпір бар болатын. Көпірдің аузында ешкі тұр екен. Ешкі сүзеген еді. Балалар қорықты. Жапар ешкіге шөп көрсетті, шөпті жолдың шетіне қойды. Ешкі шөпке қарай жүрді. Балалар сол кезде көпірден өтіп кетті.
Дайын мәтінді мұғалім алдын-ала қағазға үлкен етіп жазып алып келіп, іліп қояды.
Мұнда алдымен, суретті көрсете отырып, мәтінді мұғалім оқып шығады. Содан соң балаларға оқытып, жауып қояды. Енді балалар суретке сүйеніп, түсінгендерін 1-2 рет айтады.
Мәтін оқылады. «Енесімен, ойнақтайтын, таңып қойды, ақсап қалды» сөздері тақтаға жазылады, мағынасы түсіндіріледі. Сонан соң сыныпқа әкелген ойыншық, құралдарды пайдалана отырып, мәтінді мазмұндайды. Мәтіннің мазмұнын 1-2 көрнекі құралдар мен тақтадағы сұрақтар арқылы ауызша баяндап бердім. Балалар әр сұраққа тағы да жауап қайтарды, онда олар бір сұраққа 2-3 сөйлеммен жауап қайтаруы тиіс. Осыдан кейін текстегі оқиғаның реті (қошақанның өрісте жүргені, сонан соң ақсап қалуы, оның жазылуы) тағы сұралып, ол реттерді ауыстырып, араластыруға болатын-болмайтыны анықталды. Міне, осындай жұмыстардан кейін мазмұндама жазды.
Мұндай көрнекі құралдар қолдану арқылы мазмұндама жүргізу әсіресе II сыныптың басында өз деңгейіне жетеді. Өйткені, әлі де болса балалар әлі толық мазмұндауға қиналады.
Бастауыш сыныпта сурет бойынша мазмұндама:
а) дайын сурет бойынша;
ә) оқылған мәтінді бейнелейтін сурет бойынша жаздырылады.
Дайын сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Сурет арқылы жүргізілетін мазмұндаманы бір сюжетке салынған бір сурет немесе бір сюжетке салынған бірнеше сурет арқылы ұйымдастыруға болады.
Бір peт сурет бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеуге қиналатындар үшін суретті көрсете отырып, сұрақ қойдым:
Балалар қайда бара жатты?
Жолда не бар екен?
Көпірдің аузында не тұр?
Балалар ешкіден неге қорықты?
Жапар ешкіге не берді?
Балалар көпірден қалай өтіп кетті?
Сурет бойынша талқыланып болған соң «аузында, тұр екен, өтіп кетті» сөздері тақтаға жазылып, мағыналарын мұғалім түсіндіреді. Балалар суретке қарап отырып түсінгендерін жазады.
Келесі бір түрі – оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндама.
Мұғалім мәтінді оқып шығады да, мәтіннің жеке бөлімдерін ажыратып, мән-жайын түсіндіреді. Мәтіннің оқиға желісі мен одан шығатын қорытындыны сұрақ-жауап арқылы бір-екі балаға айтқызады. Содан кейін әңгіме бойынша қандай-қандай сурет салуға болатыны сұралады. Ойлануға уақыт береді. Оқушылардың жауаптарының ішінен дұрысы таңдалып алынады.
Мәтінді бейнелейтін суретті мұғалім күні бұрын әзірлеп, салып қояды. Мәтін бойынша салуға болатын сурет түрі анықталғаннан кейін, мұғалім дайын суретті тақтаға іледі.
Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Түлкі мен ешкі» әңгімесі бойынша дайындалған мынандай мәтінді ұсынамыз. «Бір түлкі далада жортып келе жатты. Ол абайсызда апанға түсіп кетті. Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады. Сіз іздеген ешкі апанға келді. Апанның ішінде түлкі тұр. Ешкі түлкімен сөйлесіп, оның неге апанда тұрғанын сұрады. Түлкі апанның ішін сая, түбінде суы бар екенін айтты.
Бұл сөзге сенген ешкі апанға түсті. Осыны күткен түлкі ешкінің үстімен апаннан қарғып шыға жөнелді.
Мәтін оқылғаннан кейін, мынандай сұрақтар қойылады:
1 – Түлкі қайда түсіп кетті?
2 – Ол апаннан неліктен шыға алмады?
3 – Ешкі қайда келді?
4 – Ол түлкіден не сұрады?
5 – Түлкі ешкіге не деді?
6 – Түлкі апаннан қалай шықты?
Мәтіндегі «жорытып, абайсызда, сая, түсіп кетті, қарғып шыға жөнелді» сөздерін тақтаға жазып, түсіндіріледі.
Осыдан сон сыныпқа: – Бұл әңгіме бойынша сендер қандай-қандай сурет салар едіндер?, – деген сұрақ беріледі.
Ойлануға уақыт беріледі. Олар жеке топқа бірігіп ойланады. Олар әртүрлі суреттер ұсынылады. Мәтін бойынша 4 сурет салуға болатыны анықталады:
1 Апанда тұрған түлкі;
2 Түлкі апанда, ешкі апанның қасында, сыртта тұр;
3 Апанға түскен ешкі мен түлкі;
4 Апаннан шыққан түлкі;
Ол суреттер тақтаға ілінеді, өйткені оны балалар шығарма жазуда басшылыққа алады.
Мектепте шығармаға қарағанда мазмұндама жазу балалардың аса қызығушылығын тудыра қоймайды.
Неліктен балалар мазмұндама жасауды аса ұната қоймайды?
– Мұғалімнің мазмұндаманы өткізуіне байланысты (бір сарынды, қызықсыз қылып өткізсе, әрине, балалар қызықпайды).
Мазмұндама негізі мағынасын сақтай отырып, жоспар бойынша басқа біреудің ойын жеткізу қиын;
– Мұғалімнің айтқанымен, дайын оймен, ұсынылған бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бұл оқушы үшін қызықсыз және баланың ешқандай шығармашылығы дамымайды, мазмұндаманы құлықсыз жазады.
Сонда: «Оқушыны мазмұндама жазуға қалай құлшындыруға болады?», -деген сұрақ туады. Ол үшін мұғалім:
1) мазмұндама жазудың басқаша жолын қарастыру керек:
2) бұрынғы жаздырып жүрген үлгіден (классикалық) бас тартудың қажеті жоқ, қайта оны жаңа әдістемемен байланыстырып өткізген жөн.
Ана тілі сабақтарында «Бағытталған оқу» стратегиясын қолданғанда, оқушылар жанданып, сабаққа белсенді қатысады. Оқушыға әңгімедегі жағымды не жағымсыз кейіпкердің образына еніп ішкі жан-дүниесін сипаттатып, бейнесін жасатқанда, олар өздерін серіктес автор (жазушының көмекшісі) есебінде сезінеді. Бұл оқушылардың оқу әрекетін, зейінін, ойлауын арттырады. Осындай сабақтардан кейін маған ой келді: «Неге «Бағытталған оқу» стратегиясын мазмұндама жазуда қолданбасқа?».
Тіл дамыту сабағында осы стратегияны қабылдауға дайындалғанда мұғалім мәтінді бірнеше бөліктерге бөледі. Биюмнің сұрақ қою өлшемі бойынша әр бөлімге сұрақтар әзірленеді. Негізінен оқушылардың талдау, жинақтау, түсіну, қолдану, бағалау дағдыларын арттыратын сұрақтарды қойған дұрыс.
Мұндай сабақты бастамас бұрын ең алдымен сыныпта шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасын жасау керек, яғни RWCT бойынша қолайлы орта туғызу қажет. Ол үшін оқушылардың өздері жасап шығарған ережесін жұмыс барысында жақсылыққа аламыз (тақтаға көрнекті жерге іліп те қоюға болады).
Жұмыс жасаудың ережелері;
Жұмысқа белсенді қатысу:
Бір – бірімізді болмай тыңдау;
Бір – бірімізді мұқатпау;
Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу;
Бағытталған мазмұндамаға байланысты өткізілген сабақ жоспары:
«Жаман жолдас».
Мәтінді алдын-ала 5 бөлікке бөліп, сұрақтары дайындалып қойылады. 1-қадам. Балалардың «жолдас» сөзін қалай түсінетінін, осы сөзге мағыналас (синоним) сөздерді табуын сұраймыз. Балалар әртүрлі жауап береді: «Бірге оқитын», «Құрбы», «Дос», «Серік» т.б. әр оқушы өз жауаптарын жобаға жазады.
Мәтіннің аты оқылады: «Балалар әңгіме кім (не) жайлы болады?
Балалар:  Екі дос жайлы; Достық, жолдастық жайлы, Жаман адам туралы; т.б. 3-қадам. Оқушылардан әңгіменің басын тыңдау сұралады. Мәтінді белгіленген жерге дейін 1-бөлім оқылады: «Екі дос жігіт жол үстінде келе жатып, бір аюға ұшырасыпты. Дұл екі жігіттің біреуі әлсіз, ауру екен де, екіншісі мықты екен».
Балалар өздерінің болжаған, айтқан ойларымен салыстыра отыра, мұқият тыңдайды. Мәтіннің бірінші бөлігін мұғалім белгіленген жерге дейін оқып болған соң, оқушыларға сұрақ қойылады. (Ескерту: Әңгімелесу, пікірлесу әр бөліктен кейін төмендегі сызба бойынша жүргізіледі: мұғалімнің сұрағы – жеке ойлау – жұппен талдау – жобаға жазу – топта талқылау).
– Аю деген не?
– Ол қайда өмір сүреді?
– Екі достың түр-пішінін жазушы қалай сипаттайды? («Біреуін-ауру, әлсіз; екіншісін-мықты»).
Мәтіннің бұл бөліміне қандай ат қоюға болады? (Әрбір оқушы өз жобасына өзінің бөлімге қойған атын жобасына өзінің бөлімге қойған атын жазады, жұппен талқылайды, топта талқылайды) «Жолда», «Жол үстінде», «Орманда».
Ескерту: Мұғалімге тақтаға әр бөлімнің шартты атауын жазудың қажеті жоқ. Себебі тақтада жазылған жоспарды балалар үлгі есебінде пайдалануы мүмкін. Онда жұмыстың мұндай түрі оқушылардың ешқандай шығармашылығын, өз бетімен жұмыс жасауын дамытпайды. Олар тек мұғалімнің шешімін ғана күтіп отыратын болады.
– Балалар, қалай ойлайсыңдар тақырыптың бастамасы бойынша мәтіннің не жайлы болатынын айтуға бола ма? («Болады, меніңше, екі дос туралы, «Қиындау, міндетті түрде бірдеңе болатын шығар»)
Мәтіннің 2-бөлігі оқылады: «Аюды көрген кезде, әлгі мықты жігіт ауру жолдасын кейін тастап, өзі жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді».
Әңгімелесу ары қарай жүргізіледі:
– Неліктен мықты жігіт ағаш басына шығып кетті?
– Ауру жігіт не істейді?
– Бұл бөлікке қандай ат қоюға болатынын жазыңдар. (Қорқақ,Қашу
2-қадам. Мәтіннің 3-бөлігі оқылады: «Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені болмай, жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен».
– Неліктен ауру жігіт жата қалды? (Амалсыздан, Қаша алмайды,
– Автор ауру жігіттің жата қалуын қалай сипаттайды? (Әлпетінен, Өлген кісідей, Дем алмастан).
– Шынымен аю өлген кісіге тимей ме? («Тимейді», «Тиісейін деп жатқанда аңшылар келіп қалды да, аюды атып түсірді» т.б.)
– Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? (Айла, Табылған ақыл. Амалсыздық
Мәтіннің 4-бөлімі оқылады: «Аю бұл жатқан жігіттің қасына келіп, иіскелеп, дыбысы мен демі білінбеген соң жөніне тартып кетті. Аю кеткен соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, ауру жігіттен сұрапты:
– Достым, аю құлағына не деп сыбырлап кетті?»
– Аю жатқан жігітке неліктен тиіспеді?(Аш емес шығар, Өліп қалған
– Аю жігіттің құлағына не деп сыбырлады деп ойлайсыңдар? («Әттең аш емеспін – бір, сен тірі емессің – екі», «Жаманмен дос болма»
– Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Қуаныш», «Тірі қалуы» Соңғы бөлігі оқылады: Сонда жігіт тұрып:
– Аю құлағыма ақыл сыбырлады: екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын, өзінің ғана басын қорғайтын «доспен» жолдас болма деді, – депті
– Әңгіме қалай аяқталды?
– Аюдың берген ақылын сендер қалай қабылдайсыңдар?
– Бөлімге қандай ат коюға болады? («Аюдың ақылы», «Кеңес» т.б).
Бөлімдер бойынша мәтінді талқылап болған соң, мәтін үзіліссіз екінші рет оқылады.
– Оқушылар жоспарларын таза қағаздарына көшіреді. Әркім өз жобасына өз қалауы бойынша өзгерістер енгізе, әңгімеден алған әсерін негізге ала отырып жазады.
– Содан кейін оқушыларға тапсырма беріледі.
Мазмұндаманың соның талқылаумен аяқта: «Мықты жігіттің әрекетіне баға бер».
Әркім өз жобасына сүйене отырып, мазмұндама жазады.
Мәтінді кезеңдеп, бөліктерге бөліп оқу, оқушыларды ойландыратын, ынталандыратын сұрақтар қою, әр баланың өзіндік қабылдауын байқататын жоспардын әртүрлілігі, мәтінді бөлімдер бойынша талқылау – оқушылардың мазмұндаманы қызығушылықпен жазуына, жұмыстың жемісті болуына көп әсерін тигізді. Бұл жұмысты балалардың барлығы зор қызуғышылықпен орындады. Қиындықтарға да кездестік. Ойткені бағытталған мазмұндама жазу өте күрделі де қызықты процесс.
Тиімді жағы: Әр оқушы әңгімеге, оқиғаға деген жеке дара өз көзқарасын, ой-пікірін жазғандары мазмұндамаларынан айқын байқалып тұрды. Көп оқушылар мазмұндама аяғына өз пікірлерін, ойларын қорытып жаза алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет